5-9 сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктері бойынша



бет2/7
Дата16.10.2022
өлшемі94,06 Kb.
#153284
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КТЖ БАРЛЫК СЫНЫПТАР 2022-2023
Рунге-Кутта әдісі, 9 кл, 20.10.2022 5 сынып, 00068059-e9f9fca7, 9-ожсб, 1 тест Укажите правильную последовательность падежей
Сәндік-қолданбалы өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: сәндік қолданбалы өнерінің ерекшеліктері мен негізгі формалары, Қазақстанның және басқа ұлттардың қолданбалы өнері, СҚӨ материалдары, құралдары мен технологиялары; ұлттық ою-өрнек; интерьерді сәндік безендіру.
Дизайн және технология (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдар; тоқыма материлдарды өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар; тоқыма материалдарын өңдеудің әр түрлі тәсілдері; тоқыма материалдардан жасалған бұйымдардың дизайны; сән индустриясы, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясы.
Үй мәдениеті (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: жеке адам гигиенасы; тұрғын үй экологиясы; өсімдік өндіру негіздері, сәндік гүл өсіру, ландшафтық дизайн; киімді күту және сақтау.
Тамақтану мәдениеті тарауының мазмұнында: дұрыс тамақтану негіздері; дастарқан басында өзін-өзі ұстау тәртібі; ас мәзірін әзірлеу; тағам дайындау технологиясы; әлем халықтарының тағамдары.
Жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің бірі, оқу пәнінің мазмұнын анықтауға негіз болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелер болып табылады. Пәннің мазмұны пәндік білім және икемділікпен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Құрылған оқу мақсаттарының жүйесі келесі дағдыларды дамытуға негіз болып табылады: білімді функционалды және шығармашыл түрде пайдалану, сыни ойлау, зерттеушілік жұмыстарды орындау, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану, коммуникациялардың әртүрлі тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс істеу икемділігі, шығармашылық іс-әрекетінің барысын жоспарлау, ақпараттық кеңістікте бағдарлану икемділігі.
«Көркем еңбек» оқу пәні бойынша оқыту мақсаттары жүйесі шығармашылық іс-әрекет барысында негізгі білімдер мен практикалық икемділіктерін қалыптастыруға бағытталған үш тарау бойынша қарастырылған.
1-тарау «Идеяларды зерттеу және дамыту» қоршаған ортаны, әртүрлі материалдарды зерттеу, қазақ халқының және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрімен танысу, жеке шығармашылық идеяларын ұсыну барысында зерттеу икемділіктерін және шығармашылық қиялын дамытуға бағытталған.
2-тарау «Жасау және дайындау» оқушылар әр түрлі материалдармен эксперимент жүргізу, әр түрлі құралдармен жұмыс істеу икемділігі және жұмыстың әртүрлі техникаларын меңгеру барысында қоршаған болмысты бейнелеудің
практикалық икемділіктерін дамытуға бағытталған.
3-тарау «Презентация, талдау және бағалау» коммуникативтік дағдыларын дамытуға және оқушылардың
академиялық тілін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламада оқушылардың зерттеу дағдылары мен танымдық іс-әрекеттерін дамытуға ерекше назар аударылған. Педагогикалық тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер оқушы оқыту барысында танымдық белсенділік танытса, тиімді нәтижелерге қол жеткізе алады. Танымдық белсенділікті қолдаудың негізгі формалардың бірі – сабақта ұсынылатын іс-әрекеттердің алуан түрлілігі мен вариативтілігі. Бейресми ортаны ұйымдастыру, жұмысты ерекше түрде бастау, әдемі және әртүрлі материалдар, қызықты және бірін бірі қайталамайтын оқу тапсырмалары, шығармашылық идеяларды ұсыну материалдары және техникаларды таңдау мүмкіндігі оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру үшін мұғалім әр оқушыны жеке, жұптық және топтық жұмыс түрінде жүргізілетін белсенді мақсатты оқу-танымдық іс-әрекетке қатыстыру керек. Біркелкіліктен құтылу үшін және оқушылардың көркем еңбекке деген қызығушылығын қолдау үшін сабақ барысында жұмыстың әртүрлі формаларын жүргізіп отыру керек.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкінідік туғызады. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әртүрлі құралдарын қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың және кең ауқымды дағдыларды дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану және олардың көркем еңбек сабағындағы жан-жақты мүмкіндіктері:
• шығармашылық жұмыс жасауда компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды қолдану;
• зерттеу жүргізу, презентация мен жобалар жасау үшін интернет ресурстарын пайдалану;
• қауіпсіз әлеуметтік тораптары мен онлайн ортада қатынасу, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту;
• сандық камераны қолдану арқылы нақты ақпаратты жазу және тіркеу.
Қазіргі заманғы орта білім беруде жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әр түрлі әлеуметтік топтарда тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматарды тәрбиелеуге ерекше назар бөлінеді. Осы міндетке қол жеткізу үшін көркем еңбек сабақтарында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытатын және өз ойларын сенімді түрде айтуға мүмкіндік беретін жағымды орта ұйымдастыру және іс-әрекет түрлерін таңдау керек.
Коммуникацияны дамыту үшін оқу бағдарламасында шығармашылық жұмыстың презентациясын, пәннің академиялық тілін қолданып белгілі аудиторияның алдында сөз сөйлеуді қарастыратын оқытудың жеке мақсаттары анықталған. Пәнді меңгеру аясында оқушылар өз шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің және басқалардың жұмыстарын түсіндіру, талдау және нәтижелерін сауатты бағалау, жұмыс әдістерін және шығармашылық идеяларын ұсына білуі керек.
Оқушылардың идеяларын немесе шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көрсетуде (презентация) пікір алмасу, талдау, және бағалау барысында сөйлеу дағдылары мен коммуникацияны дамытып қана қоймай, сонымен қатар пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, оқушыны белсенді шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұны пәндік міндеттерді шешумен қатар, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған, эстетикалық тәрбиеге ерекше назар аударылады.


Бұл пәннің шеңберінде жүзеге асырылатын эстетикалық білім мен тәрбие беру шығармашыл тұлғаны дамытуға және

қалыптастыруға тиімді ықпал етеді, жалпы барлық оқу үдерісіне жағымды әсер етпек. Өнер сабағында эстетикалық білім беру мен тәрбиелеу шығармашылық іс-әрекет барысында жүзеге асырылады, соның негізінде оқушылардың өз ойын білдіруге және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін пәндік және пәнаралық білімдері, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.


Сонымен қатар пән Қазақстанның көркем-мәдени мұрасын сақтауға және оны келесі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосады, болашақта кәсіби іс-әрекетін анықтаудың негізі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет