«5 әдістен» «50 әдіске»!!!



бет6/152
Дата01.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#107649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
колледж әдіскері

Харизма бойынша

(Н.Баринова)


Ой бөлісу

Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.

Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

ЖАДА, кері байланыс

43


«Ит па, мысық па?» ойыны

Сергіту сәті



Харизма бойынша

(А.Подгузов)

Ойын сергіту, тыңдалымды дамыту, шапшаңдыққа үйрету

Бұл жаттығу арқылы топта ЖАДА қалыптасады, тыңдалым мен зейін дамиды

Барлығы шеңберде тұрады, топ 2 шағын топқа бөлінеді. Жүргізуші сол жағына «Ит па?», ал оң жағына «Мысық па?» деп сұрақ жібереді. Жіберген сұрақ тез, жылдам келсе, жүргізуші растап, «Ия, ит» немесе «Ия, мысық» деп жауабын жібереді. Қай топтан тез жауап келсе, сол топ ұтады.

ЖАДА

44


«Эйлер шеңбері» әдісі

А.Ж.Егизбаев бойынша

Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау.

Идеялар жинақталып, сараланады

А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады.

ОүБ, кері байланыс, СТО

45


«МИКС» жаттығуы

А.Ж.Егизбаев бойынша


Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау.

Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас білдіреді.

Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.

ЖАДА, кері байланыс, ОүБ

46

«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі

Харизма бойынша

(Н.Баринова)

Ойды жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау.

Тақырып бойынша ойларды түйінделеді.

Шеңберде бірнеше бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.

ОүБ, кері байланыс

47

«Кувёртка» әдісі

Иен Майлс бойынша

Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру


Идеялар талқыланады, жинақталады


А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі.


Кері байланыс, Диалогтік оқыту



48

«Желпуіш» әдісі

(Веер)


Саймон Браунхилл бойынша

Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

Идеялар талқыланады, жинақталады

А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.

Кері байланыс,

Диалогтік оқыту



49

«Ұшақ» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

Идеялар талқыланады, жинақталады




Кері байланыс

50

«Жасырын сөздер» ойыны

Идеяларды қорытындылау және кері байланыс жасау үшін

Идеялар талқыланады, жинақталады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

1 адам ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек.

Кері байланыс

Жаңа тақырыпты оқуға арналған белсенді әдістер

1.«Интерактивті дәріс»

1. Орындалу барысы



А.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.  Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет. В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді. С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады.  Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.



2.  Фильмдерді көру және оны талдау 

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.

       Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес,  сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.

4.«Мозаика»

 Өткізу кезеңдері



А.  Үзінділерге  бөлінген,  тапсырмамен жұмыс істеу үшін  оқушылар 4-6  адамнан   құрылған  топтарға   ұйымдастырылады  (логикалық немесе  мағыналы блоктар).  Шағын топтың әр бір мүшесі  өз бөлімі бойынша материал табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет