5. Инфляция түрлері және салдары



Дата17.10.2022
өлшемі37,5 Kb.
#153423
Байланысты:
5- такырып
преп. Баймахан Р.М., тест Анализ Финансовой отчетности, СТАНДАРТ 3 (1), статья студент Жақып Ақнур РОЛЬ ЛИКВИДНОСТИ В АНАЛИЗЕ ФИНАНСОВОГО СОСТОЯНИЯ КОММЕРЧЕСКОГО БАНКА

5. Инфляция түрлері және салдары

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда, айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар:


- Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.
- Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ, ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
- Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:
- Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.
- Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.
- Құрылымдық инфляция – ол салааралық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.
Болжау арқылы инфляция бөлінеді: -
Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.
- Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі. Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:
- Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% - дан аз) өседі.
Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.
- Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ға дейін) өседі.
- Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000% дейін) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.
Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.


Баға = ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезеңдегі баға
индексі өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды. - Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы. - Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
- Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
- Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әртүрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі. Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы.
XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады. Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді.
Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады.
Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады;бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі.
Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады.
 мемлекет фискалдық саясат әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып
 ақша несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет