5. континенттердің ҚҰрылымдық элементтері



бет2/12
Дата14.02.2023
өлшемі151,5 Kb.
#168748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8-9 лек

солтүстік-шығыс Гренландияға дейін Азия мен Солтүстік
Американың қазіргі таңдағы солтүстік жағалауларын бойлай
созыла отырып, Орал–Сібір жəне Солтүстік Америка
кратондарын солтүстіктегі Гиперборей (Арктида) кратонынан
оқшаулайды.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
132
Қатпарлы белдеулердің ішкі құрылысы мейлінше күрделі
болып келеді. Олардың ішкі құрылысы əртүрлі тектоникалық
жағдайларда түзілген, кейінірек қарқынды қатпарланған,
жыртылған, метаморфтық өзгерістерге ұшыраған, сол сияқты
əртүрлі құрамды жəне əртүрлі пішінді интрузия массивтерін
көптеп кіріктіретін таужыныс қатқабаттарының алуан түрлі
кешендерінен тұрады. Сөз болып отырған кешендер əртүрлі
геодинамикалық жағдайда түзілген, кейінірек бүйірлік
сығымдалу жағдайында қатпарланған жəне көлбеу
(горизонталь) бағытта жылжуы нəтижесінде бір-бірімен
тоғысқан геологиялық формациялардың жиынтықтарын
құрайды. Екінші сөзбен айтқанда, қатпарлы белдеулердің ішкі
құрылысы көне геологиялық кезеңдерде көлбеу (горизонталь)
бағытта жылжып соқтығысуы нəтижесінде тоғысып
жапсарласқан алуан түрлі құрылымдық элементтердің бір-
бірімен дəнекерлену нəтижесі болып табылады. Генетикалық
табиғаты жағынан əртүрлі құрылымдық элементтердің бұлайша
дəнекерленуін геология тілінде «коллаж» деп атайды
(француздың «col» – «желім» деген сөзінен).
Қатпарлы белдеулер, өз кезегінде, қатпарлы облыстарға,
ал соңғылары қатпарлы жүйелерге жіктеледі. Қатпарлы
жүйелер өздерін құрайтын таужыныс кешендерінің қатпарлану
уақыты тұрғысынан дараланады, бұлар каледонидтер,
герцинидтер, мезозоидтер (киммеридтер) жəне əлпидтер
түрінде көрініс беруі мүмкін. Қатпарлы жүйелер жеке-жеке
құрылымдық-формациялық белдемдерге жіктеледі, ал бұлар,
жоғарыда атап көрсеткеніміздей, алуан түрлі геологиялық
формациялардың жиынтығынан құралады. Жекелеген
құрылымдық-формациялық белдемдер аймақтық құрылым
болып табылады, көбінесе ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын,
бір-бірінен əдетте терең жарылымдар арқылы оқшауланған
мұндай құрылымдардың ұзыны жүздеген, ені ондаған км-ден
аспайды. Жекелеген құрылымдық-формациялық белдем
ауқымындағы негізгі зерттеу нысаны алуан түрлі геологиялық
формациялар болып табылады, осы формациялардың
генетикалық жəне геодинамикалық табиғатын саралау
Геотектоника жəне геодинамика
133
нəтижесінде зерттелген құрылымның геотектоникалық даму
тарихын сатылай отырып қадағалау мүмкіндігі жүзеге асады.
Қатпарлы белдеулердің ең кіші құрамдас бөлігі болып
табылатын жекелеген құрылымдық-формациялық белдемдерді
құрайтын алуан түрлі геологиялық формациялардың өздері де
коллаж процесіне ұшыраған, ал мұның өзі Жер планетасы
дамуының ерте кезеңдерінде де (кем дегенде, соңғы
протерозойдың рифей кезеңінен бері қарай) көлбеу
(горизонталь) бағытталған тектоникалық қозғалыстар шешуші
рөл атқарғандығын көрсетеді. Литосфералық тақталар
тектоникасы (ЛТТ) деп аталатын мобилизм идеяларының
қазіргі таңда геология ғылымының басты парадигмасы рөлін
атқару себебі сондықтан.
Қатпарлы белдеулердің ауқымында докембрийлік
жаралымдардан тұратын, яғни қоршаған ортасына мүлдем жат
көне платформалардың (кратондардың) ірілі-ұсақты
«сынықтары» болып табылатын блоктар жиі ұшырасады.
Фанерозойлық жаралымдардың (каледонидтердің,
герцинидтердің, киммеридтердің, тіпті əлпидтердің) арасында
ұшырасып қалатын мұндай платформа «сынықтарының»
мейлінше ірілері геосинклиндік тұжырымдама тұрғысынан
«орталық массив» деп аталса, кішігірім бөліктері докембрийлік
жаралымдардың «блоктары» деген атауларды иеленген болатын.
Тектоникалық құрылымдарды қалыптастыруда, дамытуда жəне
тұрақтандыруда көлбеу (горизонталь) бағытталған
тектоникалық қозғалыстардың шешуші рөлін дəріптейтін
мобилизм идеялары туындағаннан бері, яғни ЛТТ қағидаларына
сəйкес, қазіргі таңда докембрийлік жаралымдардың аталған
«сынықтары» «микрокониненттер» деп аталады. Бұл
терминдегі «микро» сөзі аталған блоктардың тұтас
континенттермен салыстырғанда шағын мөлшерлерді
иеленетіндігін білдірсе, «континент» сөзі аталған блоктардың
көне континент бөліктері екендігінен хабар береді, яғни
олардың докембрийде тұрақтанған континенттік қыртыс
бөлігі екендігін анықтайды.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
134
Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында «террейндер» деген
түсінік пайда болды. «Террейн» термині таужыныс
блоктарының өзін қоршаған ортаға мүлдем жат орындардан
көрініс беруі, яғни террейнді құрайтын таужыныстар кешенінің
қазіргі өзінің орналасу орнына өзге өңірлерден «жылжып жетуі»
нəтижесінде қоршаған орта таужыныстарымен дəнекерленіп
астасуы. «Террейн» түсінігі алғаш рет Солтүстік Американың
Кордильер тауларын зерттеу барысында туындады. Бұл өңірде
террейндер біршама жиі ұшырасатын болып шықты жəне де
олардың заттық құрамы тек докембрийлік таужыныстардан ғана
емес, өзге де таужыныс кешендерінен тұратындығы анықталды.
Екінші сөзбен айтқанда, бұл өңірдегі террейндер өзін құрайтын
таужыныстардың геологиялық көнелігі тұрғысынан емес,
олардың генетикалық табиғатының өзгешелігімен ерекше-
ленетіндігі белгілі болды. «Террейн» деген атауды иелену үшін
ең бастысы бір-бірінен терең жарылымдар арқылы дараланған
көршілес блоктардың əрбіреуі тек өзіне ғана тəн литологиялық-
стратиграфиялық қимамен, өзіндік геологиялық даму
тарихымен, жаралуының өзіндік геодинамикалық табиғатымен,
т.с.с. өзгешеліктерімен ерекшеленуі тиіс. Мəселен, Кордильер
тауларындағы террейндер микроконтиненттердің, аралды
доғалардың, мұхит алабында туындаған көтерілімдердің, ірі-ірі
гийоттардың алуан түрлі жəне алуан пішінді сынықтарын
құрайтындығы анықталған. Екінші сөзбен айтқанда, террейндер
жиынтығы өздерінің жаралу сəтінде бір-бірімен ешбір
кеңістіктік жəне генетикалық байланысы болмаған блоктардың
«жымдаса бірегейленуі» нəтижесінде бір аймақтан табылуымен
ерекшеленеді. Мұндай ерекшелікті мобилизм идеялары
тұрғысынан ешбір қиындықсыз түсіндіруге болады: террейндер
бір-бірінен алшақ кеңістіктерде, əртүрлі геотектоникалық
жəне геодинамикалық жағдайларда, əртүрлі геологиялық
кезеңдер мен дəуірлерде қалыптасқан алуан түрлі таужыныс
блоктарының көлбеу (горизонталь) бағытта жылжуы
нəтижесінде бір-бірімен соқтығыса отырып, қазіргі кезде терең
жарылымдар арқылы жымдаса дəнекерленуімен сипатталатын
тектоникалық құрылымдар жиынтығы.
Геотектоника жəне геодинамика
135
Террейндердің жоғарыда келтірілген анықтамасынан
байқалатыны – байырғы континенттер ауқымындағы фанерозойлық
жаралымдардан (каледонидтерден, герцинидтерден, киммерид-
терден т.с.с.) тұратын қатпарлы белдеу ауқымындағы
жоғарыда сөз болған докембрийлік орталық массивтер, яғни
докембрийлік микроконтиненттердің сынықтары да, белгілі
дəрежеде, террейндер рөлін атқаратындығы.
Көлбеу (горизонталь) бағыттағы тектоникалық
қозғалыстар нəтижесінде бұрынғы мұхиттық құрылымның
«жабылуы» сəтінде сол мұхиттың континенттік жағалаулары
рөлін атқарған аймақтардың алуан пішінді «сынықтары»
құрылым дамуының коллизиялық (орогендік) жəне
платформалық сатыларында жекелеген орталық массивтер
түрінде көрініс беретін болады. Мұндай орталық массивтер,
яғни қазіргі континенттер ауқымындағы көне континент
өкілдері өздерінің коллизиялық жəне платформалық даму
сатыларында «жоғары көтерілуі» немесе «төмен ойысуы»
мүмкін.
Көне континенттің белгілі бір бөлігі «жоғары көтерілу»
процесін иеленген жағдайда байырғы орталық массив
қалыптасатын болады (мəселен, Қазақстан аумағындағы
палеозойлық қатпарлы құрылымдар арасында «орын тепкен»
Көкшетау жəне Ұлытау–Қарсақпай орталық массивтері), ал
мұхит жағалауы рөлін атқарған континенттік қыртыс бөлігі
құрылымның коллизиялық (орогендік) жəне платформалық
даму сатыларында төмен ойысуы салдарынан тауаралық жəне
шеткі (ілгергі) ойысымдар қалыптасады. Тауаралық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет