5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


иман, оның ұрысы-азғырушы шайтан болады. Екінші асыл



бет27/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
иман, оның ұрысы-азғырушы шайтан болады. Екінші асыл-намаз. Оның ұрысы-күпірлік, яғни аяттарға теріс пәтуа жасау, ой жору, ортақ қосу. Үшінші асыл-ілім, оның ұрысы- тәкәпарлық, яғни өздерінен артық ілімді жоқ және тура жолдамыз деп өздеріне-өздері баға беру. Төртінші асыл-мейрімділік, оның ұрысы-бақылдық, мейрімсіздік, ата-ана аманатына, үмметтік салт дәстүріне қиянат жасау. Осындай аталарымыздың пәтуасынан, биғатарынан жоғарыдай мақал пайда болып және; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін.». «Бүлінген елден бүлдіргісін алма!» деп дін пәтуасын ортасын жол-жобасын алмай, діннің жібін ире білген елдерден, қызылбастардан келетін діни жолдан яғни заманға қарай келетін дін білімінен абай болыңдар деп біздерге аманаттапты. Ал енді Оңғар қажы Өмірбектің; Дат (09.11; 201, №38 2011.ж) басылымына берген аманат туралы сұхбатында; «Құранда қолынан да, ісінен де ешкімге залалы тимеген адам ғана мұсылман бола алады деп жазылған... Біз жетпіс жыл бойы мұсылмандықтан безген халықпыз. (Астапыралла! біздің әке-шешелеріміз, ұры, залым, зиянкес, 70-жыл кәпір болыпты.) Ал тәуелсіздік тұсында келген ислам жұрттың берекесін алды. (Тағы да астапыралла деңіз! Береке беретін ислам, берекетсіздікке әкелетін ислам болып бөлінеді екен.) Өйткені бізде діни сауат немесе негіз болмады. (Астапыралла! Аманат та, уәде де; жан, рух сияқты адамдық негіз мүлде болмаған.) кім айтса, соған ердік. Қазақтың өзінің ұлтық дәстүрі ислам қағидаттарына сай келеді.» Абай атамыз қазақтың әулиелерінің намаз оқу, дұға жасау дәстүрінің өзінің қызылбастар намазынан көп ерекшелігі бар екенін жазғанын, бірде-бір муфтият діншілерінен оқыған де айтқандарын естігенде емеспін. Сонда Оңғар қажымыз қай дәстүрді, қандай бесінші (мүмкін қызылбастан келген қажылық дәстүрді) мұсылмандық қарызды меңзеп отырғаны белгісіз. Діни және сөз сауатына өзіңіз баға беріңіз оқушым. Енді менің осы 10-жыл ішіндегі, талайының есігін қағып, осындай кісілерді пікір таласқа шақырып, зерттеңдер деген мақсатта жазылған, таратылған әлі жартысын да жазып, ең болмаса баспасөз, ақпарат қызметшілеріне жеткізуге мүмкіндік болмай жатқан басылымдар арқылы берген, әлі беріле беретін ақпараттардың бәрі менің ойымнан шығып жатқан жоқ. Қалай аруақтар тылсымнан аянмен аманаттап, батамен, түспенен уахи етілді, солай жеткізуге тырысып, бірақ әлі жартысын да орындай алмай жатқан жағдайым бар. Алдағы басылымдарда, аталарымыз меңгерген тура жол қағидасымен, масһаб ғылымының қате пәтуаларын дәлелдеу үшін ғана әлі жан сырынан хабардан екі кітап жазылу керек екен. Сонда маған 10-жыл бойы тылсымнан оқылған және пайғамбарымыз аманат еткен, намаздарының жартысын ғана түгелдей алады екенмін. Бұлар негізінен бұрын аталарымыз орындаған, меңгерген, уахимен көрген, аянмен білген ақпарттар. Көкпен екі аралықтағы жоқ нәрсе-кітап-кісі-нұр сөз болып оқылмайды да. Олай болса діншілер ойлағандай менен шыққан биғат, пәтуа, тұжырым, діни білім емес, жалпы қазақ халқының жаратқаннан алған аманаты, аталарымыздың жаратушыға берген серті деп қабылдаңыздар. Аятта; «Мұхаммед Алла Нұхқа нұсқау берген нәрселерді сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғисаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең мүшкіріктерге ауыр келді. Алла сен шақырған дінге кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолға салады.» (42-13) Діни жолымыз; Нұх, Ыбрайым, Мұса, Ғиса пайғамбарларымызға оқылған; 4-түрлі нұсқадан жіп болып иіріліп, 42-сүре арқылы бірленетінін және 13-санымен оқылатынын ескерте отыра, пайғамбар намазын 47-сүрені яғни 47-түрлі жер бетіндегі сүйген құлдары арқылы аруақ болып бейнеленген кітаптарға жалғанып, әрбір момын шамасына қарай 47-түрлі белгі алып, меңгергендер, пайғамбарымызбен кездескендер ғана тура жолға түскендер, құран насихатын түсіндіруге сайланғандар, пәтуа берушілер, кітап берілгендер болып есептеледі деген үкімді білдіреді. Осы аятпен-ақ енді исламдық шариғат білімі, масхабымыз дін істері болып, жол болмайтынын ашық түсіндірген. Ал, енді әрбір үметтік, ұлтық ерекшелік дәстүрлі діні, яғни аманатқа қиянат жасамаудың білімі туралы; «Қашан сертесеңдер, Аллаға береген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етеп, бекігенен кейін (араларыңнан әулие-әмилерге кітап берілгенен кейін) бұзбаңдар. Күдіксіз, Алла не істегендеріңді біледі. (91) Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, (уахи, аян, кітаптар) жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92) Бұл аятпен, қазақ елі ғана емес, ислам еліндегі қазіргі таңдағы діндердің топтарға бөлуінің себебін де, ғылымын да, сан арқылы көрсетіп, ақ-қарасын ажыратып беріп тұр. Қиямет күні өздеріңе түсірілген кітаптың құпиясы ашылады, деп ескертуімен, қазіргі қазақ еліндегі аруақтың батамен жетелеп, әулие-әмби даналарымыздың кітаптарының құпия насихаты ашылуымен де көрінеді. Және аяттың 92-санды мәні де пайғамбарымыздың намазын көрсетіп тұр. Енді 16-санды бұл сүренің діннің масһабтық білімін меңгеру; «Қожа насыр» яғни сөз құпиясын меңгерген сахабалық қасиет болып, ол 286-аятың; 16-санды «жұлдыздың» мәні, кітабы болып жазылуын білдіреді. Енді екінші жұлдыз мәні; «Әбу насыр» 285-аятың кітабы 15-санымен, маңдайдағы үш бұрышты сәзжденің ізін, жүректің толық зейнетелу құпиясын, адам жанының періштелік жоғары сипатына жеткенін көрсетеді. Бұл жан сырын Шәкәрім атамыз; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан Оған ем табылмапты тамам жұртан. Айтқаны қате кетпес бір балгерді Әкепті естіген соң даңқын сыртан.Ол айтты:-Бұл жараның емі бөлек, Табылса, алғызыңыз құнын төлеп. Майдайында қаз –қатар үш меңі бар Он бестегі баланың өзі керек...Ел жалынды ата-мен анасына, Көп мал ал деп баласының бағасына. Жүз мың ділдә алды да кедей сатты, Шыдадым деп баланың қазасына...Ардақтаған ата-анам малға сатты, Қазы бұзды ұялмай шариғатты. Хан мені өз жаны үшін құрбан қылды, Енді кімге айтайын мұң мен дәтті? Үшеуі де аямай оқпен атты. Маған да емес не екен жаным тәтті? «Адамда әділет пен мейрім бар» деп, Естілер мұны білмей неге шатты? Хан қайтты мұны естіген ескі беттен, Құшақтап сол баланы сүйді бетен: «Жазасыз қыршын жасты қинағанан, Жөн еді біздей залым өліп кеткен». Мұнан қандай гүл тердік, оқығандар, Құр жазуға қарама, сырын аңғар. Бірі өлтір деп баласын малға сатып, Бірі өлімге шыдаған неткен жандар?» Енді оқырмандар бұл өлең тәпсірдің жұбын, парын және Абай атамыз да қандай аманат бергенін және құрандағы қандай аяттармен сандық байланысатынын тауып, байқамай көкірегіне жара шыққан, ел басымызға таныстырып, маңдай сәзждесі қожалығы оянып, мүмкін жазықсыз құрбан болып жатқан қазақ елінің сертіміздің яғни жаратқанға қайтаруға тиісті аманат періштелеріміздің, әділетсіз заңның құрбан болып жатқанын қарсы шешім шығарып, құдайдың ризашылығын алуға қол созып биғат яғни серт беріңіз! Ал енді діни сауаттылық дегенің ғылымына тоқтала кетейік.

Алланың жібіне жалғану-діни сауаттылық туралы.

Абай атамыз; «Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жас қуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткенен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің Жасыл шөбі қуармай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалын жай, Жақсы өліпсің, япымай!» деген 92-санмен белгілеген астарлы насихатпен «Ж» таңбасына мән беріп, пайғамбар намазын толық орындаған қазақтың соңы ақ-өлімен аяқталатынын көрсетіп кетіпті. Бұл қасиетті меңгерудің кітабы 29-сүре болып, жұбы 92-ші сүремен араны жүріп өтумен, нәпсіні тазартып, тақуалық қасиетті меңгерумен, Раббысының ризалығына қауышумен және қажылықпен де байланысты, Алланың жібіне жалғану болып саналады. Қажы болу деген Мекке қаласына барып, қағаз алып қайту емес, Абай атамыз көрсеткен «Ж»-16 санды қажырлықты, Алла жолында соғысушы, жетілген адам бейнесін қалыптастырушы, тақуалық дәрежемен байланысты. Егер осы шарттарды орындамай-ақ қайта-қайта қажылыққа барып, қажы аталып, мақтанға айналдырғандар және оны міндетті, парыз деп дәріптегендер де; Алланың бекітіп берген жібін тарқатушы, ысырап жасауға азғырушы және аяттарға, үкімдерге серік қосып, пайғамбар намазын бөлуші, Аллаға ортақ қосуға азғырушы шайтан адамы болып шығады. Және 29-сүрені оңнан солға аудасақ; онда 69-санымен тұжырымдалып, кітаптар саны болып, ал 69-шы кітап Ясауи бамыздың жазған үш дәптердің бірі болған, хикметтерімен, зейнетелу қағидасымен тығыз байланысты. Ал, енді бұндай шытырман ну тоғайдан қалай шығамыз? Кім жол көрсетіп, жобаны-кітапты береді? Шәкәрім атамыз: «Ақыл құсы адаспай аспандаса, Әлемде нәрсе болмас көзден таса. Жеті көк жерден оңай басқыш болып Ғарышқа қол жетеді қармаласа, Жаның бәрі мендей жар табар еді, Терең ой, сау ақылмен шамаласа. Өлім маған өмірден мың есе артық, Жарға құрбан болуға жан жараса. Дозақ отын күл қылып сөндіремін, Жаралы жүрегімнен қан тараса...От арқылы жарыма бас ұрамын, Тыңдаман, кәпірсің деп, табаласа. Адамға періштелер сәзжде қылған, Адамнан жарым артық тым тамаша...Сау жүрек тесіле ме оқ батпаса, Оқ орнынан біздің ой-шыққан маса. Айық адам аңғармас ішкі сырды, Байқайды сол тесіктен мас қараса. Араққа ақыл, мастыққа ой билетпек,-Оңай емес ертерек ойланбаса. Тәкәпар өзімшілді құдай ұрар, Ақылына бас имей шалқаласа. Сопыларға біздің жар бір қараса, Жар нұрымен жүрегін араласа. Жанын жан, ескі иманын иман демей, Байғұстар қалар еді-ау таң-тамаша.» Шәкәрім атамыздың інжіл құндылықтары мен Ғиса пайғамбарымыздың, Ыбырайым, Мұса пайғамбарларға берілген нұсқаларды да (кітаптарды) меңгергенін және ата-жолында шырақ жағып, аруақ шақырып бата алу, жер көктің есіктеріне жер кезіп, киелі жерлерден шығатын нұр арқылы жалғанғанын ескертіп, насихаттайды. Қазіргі жүрек ашу хикметін, жын-шайтанан деп, серік қосуға санағандарды ақылға бас имеген тәкәппарлар деп, және олардың дін ғылымының пайғамбарымыздан кейін жетіліп, екінші сатысы тарихат, мағрипат білімін меңгеруге байланысты, ескі иманның жаңғыруын Ясауи бабамыздың көрсеткен 69-санды хикметтерін меңгергендігін де ескертеді. Діни сауаттылық дегенің өлімді жеңу, бағындыру арқылы аян, кітап алумен болатынын түсіндіреді. Бұл жағдайды пайғамбарымыз: «Алла кімге жақсылық қаласа дінді терең түсіндіреді. Расында, мен тек үлестірушімін, ал Алла береді. Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Аланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) Осындай 63,71-ші сандармен белгігеннің өзінде дін ғалымдарының мән бермеген, бірақ құран сандар тағлыммен байланысты құпия сыр бар екені де хақ. «Түсімде, маған бір қадақ сүт әкелді. Мен одан тырнақтарымының астынан сүт шықанша қанып іштім, сосын қалғанын Омар ибн Хатаббқа бердім» «Оны неге жорыдың уа, Алланың Елшісі?»,-деп сұрады. Ол: Білімге» (72/82-өсиет) Енді анық білім дегеніміздің өзі, жастық кезде аян көріп бағытыңды дұрыстай білсең, ал ержеткенде түс көру және оны жору білімін меңгерумен және құран білімін меңгеру арқылы иманның дәрежесінен қарай, уахилық анық білімге жалғанумен және 72;82 сандар тағлымымен жын қуатын толық меңгерумен, жанға құпия білім болған иманның зейнетелуін де ескертіп тұрғаны хақ. Сондықтан да аталарымыз осындай білімді меңгере алмаудан; «Ілімен білім, ортасын таба алмасаң бүлін!» деп ескертіпті. «..Тұр ей, пәлеше! Жаннатқа мүміннен басқаның кірмейтінін хабарла! Расында Алла дінді күнәкәр кісі арқылы да қолдай береді,-деді» (1571; 42203) «Заман жақындағанда мүміннің түсі түгелге жуық жалған болмайды, мүміннің түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі.» (2087; Әбу Хурайрадан) Жалпы уахилық нұсқау түстердің жанаттан болып, тек мүмін болған адам баласы ғана жанатқа жалғанып, тірі кезінде-ақ түс арқылы жаннатқа кіретінін де ескертеді. Және қандай күнәкар кісі болса да түс көріп, Алладан ескерту хабар алатынын да ескертеді. Сонымен бірге қиямет мезгілінде мүмін болған адамның түсі жалған болмайтынын және ондай адам баласының, аян және уахи көретінін ескертеді. Сондықтан дін ғалымдарымен, имамдардың «уахиды тек пайғамбарлар ғана көреді» деген пәтуаларын да жалғанға шығарған пайғамбар өсиеті; «Сендерден бұрын өмір сүрген Исрайлдықтардың арасында, пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмметімде сондайлардан біреу болса, ол Омар!» (1460; Әбу Хурайрадан) Сонымен бұл өсиеттерден; түс, аян және дін имамдарының және жалпы ислам қауымының діни сауатылығының нәтижесін; сенімге келу арқылы мұсылман болып, сонан кейін ілім мен білімдердің ортасын тауып момындық, мүміндік қасиеттерді меңгерумен, яғни пайғамбарлық дәреже 46 кітаптың ішіндегі «Бірге» айналатын, бір бөлімін меңгерумен нәтижелетінін ескертеді. Ал, енді бұл бірленудің сипаты яғни мүмін, момындық қасиеттерді меңгеруді, қай елдің әулиелері шеше алды, деген сұрақ қойыңыз? Сандар құпиясын және жан сырын зертеп, Әл-Фараби атамыздың жазған еңбектеріне, сол замандарда көптеген дін ғалымдары қарсы болған, және дін ғалымдары тарапынан қудаланған да еді. Өкініштісі де, ондай замандағы іргелі ғылымдардың толық жетілмеген уақыттары түгіл, қазіргі таңда да әулие, ғұлама бабамыздың көптеген жан ғылымының сырын баяндаған, бірақ зертеліп, сыры ашылмаған 9-дың 5-ке қатынысы, «терция» заңдылығы, тоғыз құмалақ сияқты да құпия сырлы еңбектері бар. Ал бұл сандар құпиясын, Абай атамыз, 4-ті 10-мен дәрежелеп, 5-қуатты қосып; 45-санды қара сөзінде пайғамбарымыздың өсиетін, және Әл-Фарби атамыздың жан сырының білім құпияларын шешіп, қазақтың салт-дәстүрінен, діл білімнің негізінен жүйелеп көрсеткенін, зертеп, білген бірде-бір Абай танушы ғалымдар қазақтан әзірге шыға қойған жоқ. Абай атамыздың көрсеткен мүміндікті меңгерудің, 45-қара сөзін, дінді бірлеу насихаты деп түсініп, сонан кейін сахабалық дәрежеге көтерілу үшін, 46-сүрені, кітаптарды меңгерумен пайғамбарлық қасиеттің 46 кітаптарды бірлеумен нәтижеленіп, 47-ші кітап Мұхаммед пайғамбар шапағаты екенін білгеніңіз де жөн. Ал, егер біздің Масһаб имамдарымыз түгіл, дін ғалымдарының аян, уахи алу, түс көру білімі болса, осы уақытқа дейін соңғы 4-5 жылдың ішінде, арнаулы талай хаттар, мақалар жазып, елдегі қазіргі болып жатқан дін сынақтарын ескерткен және көптеген қателіктерін көрсетіп, құран арқылы мысалдар келтірген жазбаларыма жауап бермек түгіл, қайта сондай әрекеттерден кейін міндетті түрде өздерінің белгілі басылымдары беттерінде, бірін-бірі мақтап, білімділігін дәріптеген мақалары жарық көретін еді. Жарайды, бұндай ақпараттардың еліміздің бұл топтарына қабылданбау себебі де, менің олар сияқты әлемдегі тозған білімдерді жинап алып, меңгеріп, халыққа керек болмаса да әйтеуір кітаптар жазып, арнаулы қорғап алған атағым да, және басқалай лауазымдылар алдында бас иіп, «жапарқұл» бола алмағандығымнан болар. Егер тура жолда болмай-ақ, тек мүміндік қасиетпен түс көру білімі маһаб білімде болған болса; онда дін хазіретіміздің Арыстан баба қасына; Сұлтан Бейбарыс атамыздың топырағы деп, Беріш Құрбан атамыздың топырағын әкелгенін қалай түсінеміз? Және Мансұр-Мақсұр ұрпағы Сунақ-Тохир атамызды неге Әбу-Бәкір сахабадан тікелей таратып, Мансұр атамыздың әкесі, Сунақ атамыздың бабасы Арыстан бап екенін, тарихта ашық дәлелдер, мұрағаттар бар екенін ескермейді де және халыққа жалған, өтірік ақпарат неге береді? Егер масһаб білімін жетік меңгергендер, діни сауатты яғни ілмен білімнің ортасы болған тіл білімдері болса, онда неге кітап берілген әулиелерден яғни өздерінен сұрап, аян алып, өз істерінің дұрыстығын, неге дәлелдемеді және бүкіл үкіметіміздегі дін ісін басқарушылары болашақта ақиқат анықталса, халық алдында надан атануымыз мүмкін деген ар-ұят сезімі, болмай және аян алып, тексеріп көретін иманы түгіл, қарапайым діни сауаттылығы және ондай әділетті істі туындататын ұлттық намысы, яғни ары да болмағаны ма? Қарапайым ғана және пайғамбар намазының негізі болып табылатын; ақиреттік тіл білімінің негізі болған, түс көру білімін меңгермеген имам, қалай пайғамбар ізбасарымыз,-деп өздерін-өзі дәрежелеп, «биғат» (пәтуа) беріп, Раббымыздың нұсқауына, пайғамбарымыз өсиетіне жала жабады? Бұндай дін исламда және қазіргі таңдағы қазақ еліндегі болып жатқан, көре алмастықтың, іштарлық, дүниеге шоқыну, салдарынан пайда болған тәкәппарлық пен надандықты пайғамбарымыз алдын-ала ескертіпті; «Расында, Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде бір ғұламаны тірі қалдырмаған кезде адамдар, білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа (биғат) шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады.» (85/100) Сонымен шариғатты жол қылып, яғни «42-13» аятқа ашық ортақ қосушы; «Білімсіз надан дін басшысы» болған және заман талабына қарай құдайдан келетін уахиға жалғана білмеген, қандай да бір білімді пендені ескертеді. Енді жоғарыдағы 15-санды жанға қожалық; насырды меңгеру үшін де, әуелі осы мысалдардағы түс, аян көру арқылы, Алла жолында нәпсіңмен соғысып, малыңды қуатандарып, тазартып және рухани қуат- балаға, таза қуатқа айналдырумен болатын сөз ғылымын меңгерген; Қожа насырлықтың және дін білімімен бірге, іргелі ғылымдарды меңгерген; төрелікті, билікті меңгерумен «Лама»-16 санды сүрені меңгерумен де анықталады. Ал, төреліктің, қожалықтың оның алғашқы белгісі болып; адам тағдырына жазылған төрт санды кітабын оқып, дәрежелеумен және басқа кітаптарға жалғануымен көрнісін береді. Бір қарапайым мысал келтіре кетейін; Қазақ елінде алғашқы дін сынағы Ясауи зікіршілер тобын, зікір-гипноз деген сияқты, басылым беттеріндегі мақаларымен, масһаб ғалымдары, имамдары тарапынан ашық қудалу болып жатқан кез еді. Оның алдында, бұл топтың арасына кейде өзім барып, сұхбатасып, істерін жасырын бақылап, және пайдаланытын кітаптарын да талқылап зертедім. Бірақ, олардың өздерін басқа діни топтардан жоғары ұстап, менің ата-жолын да зертеуге шақырған ұсынысымды қабылдамағасын, арасына бір туысқанымды да кіргізіп те зертеуге тура келді. Сонан муфтият пікіріне де қарсы, олардың жария айқай зікірімен, «Құран сыры» деген оқулықтарының қателіктерін сынап, мақала жазып, оны тек санаулы адамдарға ғана беріп, муфтият баспасына да ұсынып, нәтиже шықпағасын, үн парақ қылып таратпақ болып ниеттендім. Бірақ, Айша анамыздан аян алып; «Ертең 11,-30-да менімін кездесуге кел.»деген шақыру алып: Құран аяты: «Әй елім! Егер мен оларды қудалсам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?» (11-30) деген үкімді оқып, маған бұл жерге араласпа деген нұсқау деп жорып, бұл әрекетімнен бас тартқанмын. Сонан 3-жыл өткенде құран сандар құпиясын зертеу барысында өз туған күн, ат, ныспыңмен сана деген уахи келіп, тексеріп қарасам осы (11;30) саны шығып тұр. Бұл сан менің туғанда бірге өмірге келген аятым, тағдыр кітабымның құпиясы болып шықты. Енді, бүгін 2012 жылы қаңтардың 30-күні болса, осы күні туған баланың атын Мұрат деп қойып санап көрсек: 2012=23; Мұрат=5; 1+30=31; 1х30=30 сандары 31-ді қайта дәрежелеп, 4-сүренің саны, ал 30 аят саны және 35 тағы ныспысын (әке, ата) сан мәндерімен, тағдыр кітабының сандық мәндері шығады. Ал ай мен күнің қосындысы 31-санын қайта дәрежелгенімізде сүре мәні 19-санынан аспау шарт. Ал неге 19-саны шектік белгі болу керек десеңіз, бұл тұрғыда алдағы басылымдарда, арнаулы талқылаумен түсінік береміз. Сонда бұл күні туған бала; «Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай.» (4-30) және 35 т,б аяттармен тағдыр кітабы жазылып келген болып шығады. Бұл сүремен келгендер неке, отбасы, шаруаға бейім және зинқорлық т,б ағайындық шектерді, шариғат үкімін бұзса, өмірінде, тағдырында қиындықтар болып, қайғы қасіретке қалатынын ескертеді. Сондықтан мұндай сандық белгімен туылғандар рухани тазалықты сақтағанда ғана, бақытты өмір сүре алады. Негізінен, ел басқаруға құмар, билік адамдары көбіне 13-сүремен туылады. Енді қазақтағы діни сауатсыздықтың бірі; Мұрат Досбол деп әкесімен бірге жазылған, ақирет кітабына да аруаққа да кесірі тиетін, жан, рух несібесінің өзгеруіне соқтыратын 1000-жылғы ескі әдетімізге қайта оралуда тұр. Және Мұраттың біліп білмей істеген күнәсі, Досбол атты ақсақалдың да, жамандыққа ортақ болуына, көрінде тыныш жатқызбауына себепші болып, аруағының назына да қалатыны сөзсіз. Енді бұл есімді; Айгүл Досбол десек, түрлі алғыс алатында, қарғыс алатында, кейбір жағдайда жөзекшелікпен де айналысатын да, немесе күйеуіне боқтық естіген Айгүлдеріміздің, аруақ заңдылығына кесірі тиіп қана қоймай, тіптен әйел затының өлі түгіл, тірі кезінде де ерекекпен және үлкен кісімен қатар аталуының өзі қазақ халқында «Ат ататтырып сүйек сындырушы» болып есептеледі. Досбол-6 санын берсе; Досболов-ва=8,9 сандарын беріп, тағдыр кітабының өзгерісімен де ерекшеленеді. Егер рухани жалақыңыз; 6-күлше наның орнынына 9-күлше нан алып, сонымен өміріңіз сыналып, көбірек зейнет нұрын алған дұрыс па, әлде дәл сондай сынықпен 6-күлше нан алған дұрыспа, өздеріңіз шешіңіздер қазақтың филолог ғалымдары. Адам баласының рухы, жаны және тәніндегі ақпараттардың мысалға;Мұрат Досболов Мырзабай ұлы деп берілген ныспысының өзі, діл бақшасының үш сатысын; рух, жан, тән арасын бөліп тұрып, сырттан мезгілдік, мүшелдік, жер-көктік, дарындылық сияқты тағдыр несібесінің жыныс, кәсіп ерекшеліктенің өз орнын тауып, жын мен шайтанның арласпауына да жағдай жасайды. Ал әкесінің немесе атасының атымен Айгүл Досбол деп аталып жүрген әйел затының, егер Досбол марқұмның аруағы тозақтық болып және ақирет өмірінің, тағдырдың сынағына түсіп, меңгере алмай, бақи өмірінде азаптан толық босана алмаған болса, онда еркек жынының әйел затына жүктелумен, әйел қылығының өзгеріске ұшырап, түрлі теріс ықпалдарға түсуіне ғана себепші болады. Және Айгүлге қарсы айтылған түрлі өсек, жаман сөздермен ақпараттарда Досбол марқұмның тағдырына ортақ санға 5+6=11 екі аруақтық кітаптың орнына, бір кітапқа айналып, жанының тағдырлық өзгеріске ұшырауы мен, өз қауымнан тыс ақпараттардың пайда болуымен, ұрпақтардың, өмірге келетін баларының да түрлі сынақтармен, ауру, азаптарымен өмірге келуіне жағдай жасайды. Бұндай жан сырларының жеті ата шежіре ағашына қандай қатыстылығын келесі басылымда көрсетеміз. Әрбір табиғаттағы жартылыс нәрселерінің жанды, жансыз жаратылыстарының бәрі өлшеніп, саналып, жүз жыл сайын, қуаттық шамаларының түрленуі, соған байланысты адам тұтынатын азықтардың да ішкі тербелістік, сыртқы өрістік шамасы да өзгеріске түсуімен, соған байланысты ұлтық үніміз де, сөз ұғымдары да өзгеріске түсіп, заман, дәуір өзгерісіне қарай бейімделіп, үндердің, сөз қуатының сандық мәні де кеңістікте түрленіп, өзгертінін білген абзал. Сондықтан әрбір мүмін болған адам баласы түс көру, яғни ақиреттік тіл білімін меңгеру арқылы сандарға байланысты аяндар алумен, құран аяттары арқылы ақиреттік құпия кітабының үкімдеріне жалғану арқылы және өзіне тән жаратқанның рахмет кітабын көріп, сонымен бірге діл бақшасын, рухани егінін егіп өсіру үшін де; Неке, семья құрып, ұрпақ тәрбиелеп; 4х4=16 санды «жұлдызды» «Малын» түгелдеп, 10-күнде 100-қойын тауып, бағып, күтіп меңгергендер иманның 60-бұтақты ағашына, шежірге жалғанған және тарихатты меңгергендер болып, осындай жағдайдан кейін ғана, зікір зейнетін толық алуға, жүректің толық басқарылуына, мағрипатқа өтуге арналған, жоғарыдағы Шәкәрім атамыз насихаттаған 15-санды меңгергендер, енді сопылық жолға түскен болып, өзіне берілген белгілі сан, таңба бөлек кітабымен бірге; 106-кітапты «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген нақылдың ғылымын алуы сөзсіз. Және мұндай сопылық мақамдағылар; Екі «жұлдызы» (спутник) жарық болып жанған, иманның 70 бұтақты шежіре ағашын меңгеру жолында, түрлі дарындылық сатыларынан өтіп, пайғамбарымыздың 55 намазын толық орындаушылар болып саналады. «Рахман» сүресі, негізінен 78-аят бұтақтан тұрып, яғни 78-пайғамбарға, шежіре ағашына, Раббының көркем атына, мықты сөздерге, кісі нұрға аян арқылы жалғанумен ерекшеленеді. Енді бұл оқырманға онда да тек баспасөз, ақпарат жағында жүрген қауымға ғана ұсынылып отырған 5-ші кітапты, дәптер деп атамай, шағын болса да кітап дегеннің де мәнісі бар. Себебі дәптер болса, тек маған өзіме ғана берілген жаратқаның жеке кітабы болу керек. Ал, негізінен бұл берілген мағлұматтар, жалпы атамыз қазаққа жан дәптері болып жазылып, оқылған деректер болып, ал енді барлық әулиелер дәптерлерінің басын қосып, заман білімен жүйелсек, онда барлығын тұтастай алғанда, ұлттымыздың тура жолға бағыт беруші және нұрландырушы кітабымыз болып табылады. Бірақ, өкіншке орай, бұл басылымдар, қазіргі таңдағы дін жолының шайтан адамдарының жоғалтуға тырысып жатқан, үмметік ерекшелігімен әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан тура жолдың қағидасы нұрландырушы кітабымыздан, пайғамбар намаздарының насихаттарынан үзінділер ғана. Бұл басылымен «
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет