Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы



Дата05.06.2017
өлшемі225,77 Kb.
#17624
Ұлылардан ұлағат алайық!

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған. (Абай ата)

Ықылым замандарда Қырық қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһаннаның астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз (жаратушы нұрына бөленген) бабаларымыздың мекені болған қала. Сансыз бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары арабтан арнайы келгендердің қатарына қосып, ислам дінін таратушы деп, немесе сөз астарын ұқпайтындар саны жетпес дегендей өзгертіп жіберген. Сансыз деп жоқтан бар болуды, бірді атасақ немесе сол Алланың бірлігін, ерекше хикметті меңгеруді айтады. Құранда сендер білмейтін қаншама пайғамбарлар бар ескерткендей исламнан бұрынғы түскен кітаптардан «Ақиқат» негізін қалаған қазақ жерінде 63 пайғамбар және 28 елші жалғастырушы болып 91 кітаптың сөзін «Насят» деп ұрпақтарға аманат қалдырған. 92-ші кітаптың аты «шариғат» болып Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеті мен ізгі амалдары болып табылады. Сондықтан сол 92 кітаптың амалдарынан Құран түсіп тұратын, заманына қарай амалдар нәтижесіне, ел ішінен болған ерекше қасиет берген құлына, аянмен құран аяттарының құпияларын үйретіп отыру арқылы ғана адам баласы ақиқатқа қосылып бірігіп сансызға айналып отыру шарт. Сансыз болғандарды Бір Алла деп, жаратушының тәңірлік сипаттарының жоғарғы сатысын айтады. Шариғат амалдарын шежіреге, ғұрыпқа біріктіре отыра тарихатқа өтіп, тарихатта тылсымнан періштелерден, сабақ бата алу (уахи) арқылы ақиқаттың жаңа белесіне өтіп, өткен және болашақпен кездесіп, шежірені жалғап отыру керек. Бұндай діннің бірлену нәтижесінің адам парасаттылығын қалыптастырып оның көрнісі шабыт атты пыраққа мініп, сөз ғылымын меңгеріп, білімді жетілдіріп жоғарғы өркениетті меңгеру болып табылады. Діннің тарихы, ұлтық бейнесі ірге тасы немесе тамыры «Ғұрыпнама» ( елдің Құраны) болып төрт белгімен беріліп отырады;



  1. Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре».

  2. Айтсаң айнымас «Асыл шежіре»

  3. Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре»,

  4. Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре» (Асан Қайғы)

Бірінші белгісі; Әрбір пенденің, шабыт, шығармашылық өкілінің, діншінің айдың жүру жолдарымен, жыл өзгерістеріне, құс жолының қозғалысына байланысты түс, аян көру арқылы, әрбір адам баласына жеке берілетін оқиғаларды, халықтар шежіресімен, негізгі заман кезеңдерімен шындыққа шығарылған тарихи нақты деректер әр түрлі белгілермен, таңбалармен жазылып, құпия сақталып ұрпақтарынан аманатқа қалдырып отырады. Және киелі кітаптармен расталады. Екіншісі; ауыз әдебиетімен болған оқиғалардың жыраулармен, ақындардың, сыпыра шежірешілердің айтқан өсиеттерінен өткеннен үгіт алу арқылы беріледі, яғни халықтың жадында сақталған оқиғалар тізбегі. Үшіншісі; жазба, сызба, таңба түрінде қалдырған мұралар, жәдігерлер, таңбалар арқылы оқылады. Төртіншісі тарихи оқиғалардың аңыз арқылы әртүлі «әлқисаларды» сол жоғарғы деректермен салыстыра отыра ғалымдардың зертеулерінен шығармашылық өнермен, романдар, кино т.б туындылар арқылы толықтырылып жазылады.

Халықтың жүрегі кірлеп, есту қабілеті әлсірегенде сөздің құны жоғалып, ойлау жүйесі өзгеріп, басқа елдің сөз отарына ұшырау, тарихи оқиғалар жалғасы яғни сөз соғысы, ақыл ойдың соғысы, жер бетіндегі халықтар арасында алмасып, айналдырып отыру жаратушыдан тұрақты берілген сынақ деп біліңіз. Ондай соғыс ғасырларға созылып ақырында бір елді, екінші сөз үстемдігін алған ел, отарлау арқылы нәсілдік сипатын өзгертіп, сіңіріп тілін өзгеріске ұшырата білсе, ондай ұлтта тілімен бірге жоғалып отырады. Бұндай ақпараттық соғыс негізінен сақтардан басталып әлем түрленіп, қайта сақтардың негізгі ұрпағына тектілерге шабуыл жасап, қайта жұтылып, түрленіп отыру жер жүзіндегі тарихи оқиғалар шежіресі «Насият» болып жазылып, «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз «Із бөрі» деп ат қойып кетіпті.Ол кітапты аятта; «Рас білеміз. Өйткені олар: «Құранды Мұхаммедке бір адам үйретеді» дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде» (16-103) Құраннан басқа құпия тілде шариғат істерін көрсетуші басқа тілде кітаптың (Құранның- шариғат негізі) болғанын осы аят растайды. Және сол кітапты апарған Укаша сахабаның Михсан яғни Сансыз баба ұрпағынан тарап, басы пайғамбарымыздың аяқ жағында жерленуі жеткілікті дәлел емес пе? Сол «Бес таңбаның» төртіншісін аңызын, халық оқыпта көріп те баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Үшінші белгісі болып табылатын нақты таңбамен теріге жазылған кітапты аталар аманатын; Көрсең көз тоймас «Асыл шежірені» ұстайтын да уақыт келер. Әзірше екінші түрі, ауыз әдебиетімен таралған «Айтсаң айнымас асыл шежіреден» сыпыра шежіреші Алиасқар Байғұтұлының (1898-1981) қалдырған мұрасынан танысып көрейік;

Жұмыр жердің бетін дүр сілкіндірген және әр қашанда әділдіктің жолын ұстанған, қаһары мен қайрымдылығы тең болған тектілерден шыққан қаһандар, патшалар, Гүрхандар, Хандар, Баһадүрлер, Шешендер, Көсемдер;

1.Кер Сақ-аб сансыз Баба! –Данышпан.

2.Күрең Алаш Сақ-аб қаһан.-Баһаул!

3.Алаша қаһан баһаул!

4.Қазақ, Созақ қаһан-«Баһан-бастар»!

5.Қыпшақ «Атауұлы» (Атила) каһан Баһаул!

6.Тоны Көк білекті қаһан!

Бұл дерек шежіреден ұлағат алсақ; Сақтан шыққан қаһан, баһаулдер әлемді өзіне қаратып, сақ мәдениетінің жазу сызу үлгі өнегесін таратып, әділетті заңдарды шығарушы «Ғұрыпнама» негізін қалаған; Сақтың алты ұлынынан тараған ғұламаларды ел басқарушыларды «Сақ-аба» (қожалар-әмір иелері) яғни адамзатқа Адам атадан бастап түсірілген негізгі атаулар жүйесінде қалыптасқан «АБ» әліппені кейінгі жаратушы тарапынан берілген, түсірілген нұсқауларды «А» әліпбиіне жалғастырып таратушылар. Жер жүзіндегі барлық ғұламалар тегі «АБА»-лардан өсіп өніп араласып таралып отырады. Құран сөзі болашақта құпиясы шешілетін «ОВ» әліпбиі (Крилица) Адам атаға түсіндірілген «А» әліпбиінің жетілдірілген үнді түріне жатады. «Крилица» деген Кер атадан тараған; Кер-аб, Кер-шүк, Кер-ай бабаларымыздан қалған үш түрлі сызба таңбалар жиынтығы яғни Адам ата Нұх пайғамбар қауымынан хабар береді. Енді «Айтсаң айнымас асыл шежіре» өзгерту қиын өлеңмен берілген өсиеттерден мағлұмат іздеп көрейік!

Кер Сақ –аб Тұтқа Кербұлқа қаһан! Санның басы Кер Сақ-аб,

Елтеріс қаһан-Данышпан «Ертіс» Сансыз Баба Сайрамдағы,

«Керүкі Темір Құтылық» қаһан! Мұхаммедте іздеген Кер Сақ-абты!

Амур Дария Забур патша-«Тұрант»! Ол Алланың елшісі пайғамбары!

Сауран Дария Жамушын патша «Сурант»! Алты Алаш алтын тамыры жұмыр бастың

Сары –Оғлан Қарахан патша «Тараз» Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады?

(Жүсіп Баласағұн)
Енді Хасан Азаннуринни Омар Хаямның айтқандарынан:

Ия Алла, аян берші сұрағыма Қазығұрт қоңыраулы «Кемелі тау!»

Бас иемін Киелі Құраныңа! Киелі Анадай «Балбалым – ау»

Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта Осы айтқаным жете құлағыңа?!

Бір күні жәдігөйлер тұрады ма? Бес Ана, Көш Ана, Ду Ана бар!

Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағыңа!

Жөгіттерде тырмысып шығады ма? Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар.

Әділдікті бұрмалап жолын байлаған Бас иген ғалам жартысы Қыпшағыңа!

Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған, Меккеге қорған болған Бағдат едік,

Жәдігөй жөгіттерге жол бермеші! Бағдатқа бақ қондырған Қазақ еді!

Келмесін қос емердің бұлағына Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді

Қазығұрт тектілер шыққан киелі тау! Ер Қазақ, Мәулім Қазақ, мейрім Қазақ!

Дәулетің дәуіріңде тасығанда Өшпейтін өрнегі Нұр Өсиет бер!

Аузыңа Төрт Құбыла да қарап еді Мені де мәңгілікке жаратпаған

О, Тәңірім! Тектілердей қасиет бер! О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!-деп

Шайыр бабамыздың жаратқаннан сұраған Нұр Өсиетінің тарихын яғни шариғат негіздерінің қалай пайда болғанын Сырым Дат ұлының Бұхара әміршісіне айтқан ескертуінен іздеп көрейік;

Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан! Қожалар тектіміз деп ауып шыққанда,

Ақарыс, Бекарыс-ау, Жанарыс деп Кербалада Етүрейлер жолын тосқан.

Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан Қырылып арап, парсы Кербалада.

Қазақ Қаһанды айтуға дәтәң шыдымас Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан.

Жаһанның Машқұр-санат Бәйтерегі. Қол шыққан жер қайысқан Қазығұртан!

Қазақты қалай қосасың Әлімсақтан «Бестаңба» Кер Сақабтың «Ғасыр- табағын»

Қазақтың алты ұлына әлем қараған Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан!

Алаш- Қаһанды ұмытпа арын сатқан Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп,!

Құранда да Алты ұлының аты мәлім Өсиет қалған «Насият» деп Арыстан баптан. Жаһаннамға аттандырайын ба жанын сатқан? «Ізбөрі» бұрынғы аты «Бестаңбаның»



«Құрайыш» Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы Алланың құдіретімен ілім түскенде,

Мұхаммед анасынан туылғанда Бес- сақаба оқып шығып осы кітапты,



Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан. Құранға «Бестаңбаның» нұрын шашқан!

Жөгіттер «Етүрей» боп дінге кірді Исі мұсылман ағылып Түркістанға

Тектілер төрт құбыланың бәрін алды деп

Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан,

Өтің жарылып аузыңа келсін

Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң!

Сонда Бұхараның бас имамы орнынан тұрып:

-«Уа Сырым Датқа! Ақиқат пен шариғат егіз, бірақ бізге «Бестаңбаны» ұстатпайды, сондықтан біз Бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал «Бестаңбаны» әркім ұстаса, адам баласы «Қазығұртың» тасына дейін арқалап, әркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды» -деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып; -«Біз сізге нала болмаймыз, сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Әділдік сіздің ауызға балын тамызған екен, жолыңыз болсын» - деп шығарып салады.



Араптардың дін соғысының шежіресінде де, пайғамбар өсиетіндеде кер ат мінген қара киіммен тұмшаланған атты әскердің келіп жеңіліске ұшырап жатқан сахабалр арасында соғысып жауды күйрете жеңгені жазылады. Бұл қазығұртан қыпшақ әскерлерінің аянмен көріп, пайғамбарымызға жәрдемге барып әрі «насият» кіәтабының көшірмесін апарғанын және сол кітап арқылы шариғат негіздері қаланғанын растайды. Укаша сахаба атасынан аманат теріге жазыған өсиетті алаып келді деген растайтын әңгіме де бар. Сонда Укәша сахабаны жалғыз барды деп кім айтады. Және онымен бірге болған Ерқоян, Құттықожа т.б көптеген сахабалардың да болғаны тарихи шындық емес пе? Сол соғысқа қатысқан жауынгерлерді діншілер періштелер деп түсіндіреді. Ол Құран ғылымына қайшы; «Періштелер түскенде сендерге мұрша берілмейді, шақ салынады» деп ескерткен. Екі періштенің өзі бүкіл Садам қаласын асты-үстіне түсірді емес пе? Олай болса арап діншілерінің шежірені өзгертіп дінде үстемдік, әлемде билік құру мақсатындағы нақты болған оқиғаларды өзгерткен, деректерді тыққан жәйларын бар екенін болашақта табылатын теріге жазылған сақтардың Адам атадан бастап жалғасты жазылып келе жатқан, Шыңғысқан атамыздың тықтырған қазынасын ашылуына ұлықсатың түсетіні даусыз!

Оян қазақ! «Ізбөрі-Бестаңба» Бес ата болып қазақ жеріне белгі түсті! Тектен қалған нақыл бар; «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Сақ-аба»-лар ұрпағынан қалған өсиетті құйма құлақ болсаңыз, көңіліңе тоқып ал; « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға (бұғып қашуға), сәбидің белін басуға, әулиге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайлымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды». Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген). Іліммен пәтуа берушіні «Қожа» десек; «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) « Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!» -деп бабамыз Қазақ Қаһан айтса, Мұхаммед пайғамбарымыз; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»- деп толғаныпты. Оған себеп жаратушымыздың Құранда берген мына аяты дәлел болмақ; «Ол қауымды (Тектілерді) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында оларда сендер күйзелгендей күйзелуде (кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген (тура жол, сыбаға) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) Құрайыштар тегі «Ар» мен «Ғұн» Кер Атаның ұрпағы. Алтыны меңгергесін ақын да, шайыр да шығып, сөз қадірін білгесін Құран түскен. Бірақ тоғызбен толғаудан ажырап қалған. Тоғызды әдетке енгізген Тоны Көк Білекті Қаһан-Жүніс пайғамбар! Аятта; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа адастырады да кімді қаласа тура жолға салады.» (14-4) Онда қай елді тура жолда болғанын білу үшін сол тілдегі пайғамбар арқылы ғана анықталатынын ескертеді жаратушымыз. Жүніс пайғамбар елінен басқа , тура жолда болған ел жоқ деп ескерткенін назарға алсақ, сондықтан Құранда пайғамбарымызға; «(Мұхаммед) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олардың ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз. (Тура жолды береміз)» (Һұд -109) Құран сөздерінде 4-түрлі астар жасырылып, сондықтан 7-түрлі үнмен (қырығат) оқылып 28 санымен арап әрібінің жасалуы осыны білдіреді. Негізінен сөздің толық астарын ұғыну үшін яғни; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады». Сондықтан қазақ әлипбиінде ғана замандар тезінен өтіп ерекше 9-үн таңбаның пайда болуы осы қазақ тілінің әлемдегі ең жоғарғы биігіне көтеріліп, құран сырынг ашатын халық болатынын аяттардың сандық мәні, сүрелердегі орындары көрсетеді. Үнді аздыруға бағыталған ақылы толмай, жасы қырықтан аспай, сақалды кеудеге түсіріп, қара қуаттарды жынды өзіне қосушы және дін шапанын жамылып «Жиһад» деп елге іркі салатындарды «жөгіттер» деп атаған. Ал өз елінде жүріп аңқау елді өзге тілдің түсінбейтін атаулармен тілін бұрмалап сансына қақпан құрып, жүрегін мөрлеп, аяттарды күшінен қалдырып, халықты дінмен арбаушыларды «арамза молда», «залым ғалым», «адам аулаушы аю» ал Құранда «мұнафақтықтарды (екі жүзділерді, тілі айыр-жылан тілді) сөз аңғарынан байқайсың» деп ескерткен. Олардың тілінен баланы алдаусыратып жұбатқандай бал тамады, май (ғылым) таматын жан дүниеңді қозғайтын тарихтан тағлым алар сөз шықпайды. Ұлтық үндестігі жетілмеген сөздерді жөнсіз пайдаланудан, шала піскен астай болып, жанды улап мастықты туындатып, тіл ғылымның да, дін ғылымының да қазақта бүгінгі таңда беделі жоғалды. Шариғатты тек құран түскеннен басталады деп, халықтың шежіресін өзгеруге және тарихын жоғалтуға тырысушыларды Аллаға серік қосушылар деп атайды. Олай болса аятта; «Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін (6) Расында олардың (араптардың) көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (36-7) Арап еліне Мұхаммед пайғамбарымыздан бұрын ешқандай ескертуші болмаған. Олай болса кейіннен қалыптасқан ұлт болып арғы шежіре шариғаты болуы да мүмкін емес. Олардың көбі бұрынғы әр жерден үйренген әдетіне басып толық шариғатты ұстай алмайды, құран үгітін толық меңгере алмай зиянына алып, көбі иман келтірмейді деп ескертеді. Араптарда шежіре кітабының болмағандығын аятта; «Оларға оқитын бір кітап бермедік (шежіре, өсиет, шариғат) те сенен бұрын ескертуші жібермедік.» (34-44) Олай болса араптардың шариғаты тек Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгі өнеге, өсиетімен ғана қалыптасады. Осы аяттың өзі Сырым Дат ұлының айтқан өсиетін анықтап тұрған жоқ па? Араптарды діншілер Адам атадан бастап негізгі қауым қожалар деп халықты алдайтынын, пайғамбарымыздың мына өсиетінен анықтауға болады. « -Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ең құрметтісі кім?-деп сұрағанда: -Ең тақуалары,-деді. Адамдар: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. Сонда пайғамбар:-Ол Алланың пайғамбарының ұлы Жүсіп, Алланың пайғамбарының ұлының әкесі де (Жақып) Алланың пайғамбарының ұлы, ал атасы (Ысқақ) Алланың сүйікті досының (Ыбырайым) ұлы,-деді. Олар тағы да: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. –Сонда сендер арабтардың арғы аталары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың жәһиляттағы ең жақсылары-егер дінді түсінсе, Исламдағы ең жақсылары болады,-деп айтты»,-деген» (1345-өсиет) Осы өсиетпенен-ақ арап халқының шежіре шариғатының жәһилет дәуірінен яғни ислам келмей тұрғандағы қалыптасқан арилықтар болып табылатын Ысмайыл пайғамбардың ұрпақтары мен Ғад қауымынан құтқарылған та аз ғана елдің «аптардың» бірігуімен құралған халықтан басталатынын көрсетеді. Кім пайғамбарымызға берілген жеке кітапқа (Құранға) қарсы болып оны бұзуға тырысса онда ол Аллаға негізгі Құранға да қарсы шығып, кәпір болды. Осындай пайғамбарымызға түсірілген ап-ашық аяттардың үгітін түсінетін қазақтың қанына сіңген, тоғызбен толғайтын; шешендік, билік, абыздық сөз ділмарлығын шеттен алған «философ профессор» деген шенге айырбастап жібердік. Сондықтан сондай шенділерден дәріс тыңдаған, сөз астарын ұқпайтын мастар мен тамырынан ажырап жатқан жастарға зираттатып, табандарын мөрлетіп, ана тілінде рухтан шарап (бата) беріп басын жазса ғана есін жияды. Сол шараптың буы (гипотегендік өріс, ар буы) Алланың сүйген құлдары әулие-әмби сүйегінен жұпар иіс, майдың нұры болып шығады. Сондықтан жаратушымыз; «Зейнеттеріңді алыңдар, табандарыңмен, төбелеріңмен ішіп жейсіңдер» деп ескерткен.Оян қазақ! Ақиқаттың көшірмесін пайғабарымызға апарған кітаптан хабар келді! Сол мұраны қолға ұстау үшін, әуелі жалпы қазаққа ауызға (сөзге) бірлік керек! Құран арап сөзімен емес әлемге ортақ үндер жинағымен берілген. Екі дәрежелі үнді «ОВ» деп белгілегеніміз абзал. Сонда «Иванов» түбінде «ОВ»-ға мұсылманға айналады деген жаратушы тарапынан үкім. «ОВ»-мызды, бірін өзіміз, екіншісі арапты танытушылар қысқартып, тек әкеңді ғана біл деп әкесімен қатар аталғанды мақтан тұтып, дінніңде тарихын шежіресін қысқартып ал тарихта халық есінде әулие болып танылып, дін әлемінде нақты тарихаттың қағидаларын қалыптастырған дана бабаларымызды елдің жадынан алып тастап, дін тұтастығын бөлшектеп жатқан зұлымдыққа бағытталған шариғатымыздан тазарайық ағайын. Діннің өзіндік шежіресі бар! Оны «жан ғылымы» деп атаған Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Жан ғылымы үндестік заңына, тіл ғылымына тәуелді. Ұлтық дін танымында жан ғылымының көрнісі болып, таза ақпарат, ғылым, халықтар денсаулығы, елдің бірлігі, өркениеттің жоғарғы үлгісін қоса қалыптастыру ғана діннің негізгі нәтижесі болмақ. Сөз ғылымыда дамып, заманына сай жаңа философиялық бағытты, әлемдік өзгерістерге нақты баға және тіршілік ету формалары мен өзгерістерді қалыптастыру шарт. Тура жолын тапқан ел қашанда әлемдер мектебіне үлгіге, Гумиловша «пассионарлық» көш басшыға айналу керек. Дінді тек кітап түскен елдің тіліне ғана байлап, әлем халқын Алланың сөзіне емес, елдің сөзіне табындыру елді мәңгүттікке, қайғы қасіреттерге және жаратушының сынақтарын, лағнетін туындатады. Халықтар шежіресі дінмен біте қайнасып, үнді дамытуға, бірте-бірте үндестіктің бірігуін қалыптастырып, сөз ұғымдарының кеңістігін дамыту арқылы түсініктердің ұқсастығына жету керек. Бірақ тіл заңдылығы, үндестік заңдылығы қатаң сақталу керек! Тіл ғылымы дін ғылымынан үстем болғанда ғана, дінді түсіндіру тіл ғылымына мүлтіксіз бағындырғанда ғана нағыз бейнесін көрсетіп, ел мүдесіне таза ақпарат алуға қызмет етуі сөзсіз. Дін қашанда тілдің даму заңдылығының қызметшісі, шабыттың бұлағы, сөз тазалығының кепілдігін қамтамасыз ете білгенде тура дін болып табылады. Құраннан Алланың сөзінің дұрыс аудармасын түсініп оқып, араптың тілдік үнін емес, Құранның белгіленген аяттар үнін өз үнімізге қосқанда ғана мақамды табамыз. Әр тілдің өз «ДО»-сы, өз жетісі «Си»-үні бар. бар. Ал Құранды жаттап алу, жанды «компютер» қызметін көрсетіп, жаратушымыз арап тілін жетік меңгерген пайғамбарымызға да игілік емес екенін ескерткен. Қазақ халқының дін шежіресі солай жазылып келеді, жазыла бермек. Үнді сөзге айналдыру, әрбір үн атауына ат қою тек жаратушы тарапынан хикметпен ғана сынақтарынан өткен сүйген құлына беріледі. Құранды қазақ тіліне аудару миллиондардың ішінен тек біреуге ғана бұйыралы. Абайын дұрыс түсініп оқи алмай жүрген, қазақ тілін жетік білмеген қазақ баласы Алланың сөзін қалай заматында аударып түсіндірмек? Тәуратта осындай қателіктерден түсінігін жоғалтып бөлшектелген. Құран ғылымның биік шыңы болса оған дейінгі ғылымдарды білмей жабайылап насихатты қарапайым үгітке айналдыру қазақ дін танытушыларының тұрақты кәсібіне айналды. Бұл арап тіліне ғана емес жалпы Құранға қазақ елі атынан жасалып жатқан қастандық, зор зұлымдық! Арап халқының тілін грамматикасын қалайда бүлдіру әрекеттері. Аятта; «Расында кітап иелерінің бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келеді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Жаратқанның өзі киелі кітаптардың үн заңына бағынып зертеу арқылы аударылмаса, төтелеп тілді бұрмалау өтірікті ғана тудыратынын ескерткенін және әдейі бұндай аятты дін ғалымдары халыққа көрсетпейтінін ескертіпті. «Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін (жол-жоба, екі жол) айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де (тіл, сөз) тым жақын. Ендеше әділдік істеуде нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрмаласаңдар, ( өзге елдің сөзін дәріптеу) шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.» (4-135) Атадан аманат, ана сүтінен уәдені, тек пен нәсілді тәрбиелеуді намаз орындау дейді. Сондықтан Алланың досын, сүйікті құлын, әулиесін дінінде кедей болды деп, ұрпағы болудан бас тартып, Аллаға айғақ болудан қашатын, тіл нәпсісін дәріптейтін жастарды тәрбилеп жатқан кімдер? Сондықтан бұндай дін бұзарлық арандатушылықтан шығар жол тек тіл ғылымының үстемдігі салтанат құру керек. Әр халық өз тілінің заңдылығын қадағалайтын иниституттар құрылуы керек. Әрбір құранды тәржімалап аударушы дінші алдымен, өз елінің тіл ғалымдарының пәтуасын алып, сосын ғана арап тіл ғалымдарының пәтуасын, ұлықсатын алып қана аударға құқығы берілу керек. Сонда ғана Құранды бөлшектеуден тоқтатуға болады. Дінді тек ғалымдар, сопылар кеңесі арқылы басқару ата-бабаларымыздың да жаратқанның да қалауы екенін білуіміз керек. Сондықтан қазақ еліне қазіргі таңдағы басты құндылық; сөзбен үннің бірлігі және «Айтсаң айнымас» асыл шежірені қалпына келтіріп, өсіп келе жатқан ұрпақты тек өз тамырынан нәр, таза ақпарат алуды қамтамассыз ету керек. Ол үшін алтауды араздастырмай төртеуді дәрежелеп, 46-ны тауып алайық! Пайғамбарымызда 46 мен ғана бірлікті табатынын ескерткен. Құранды білген, ана тілін меңгерген текті ғана, осы киелі кітаптың қарапайым жұмбақ сөз есебін оңай шешер! Құпия кітапты есеп жүйесін білмей насихаттау, кітап арқалаған есекке, тексізге айналадыруы даусыз. Құранды неге діншілер арап тілін меңгеріп барып оқысаңыз ғана түсінікті болады деп халықтты соған иландырады десеңіз? Аятта; « (Мұхаммед) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.» (19-97) Бар құпия осы арап тілінде көп сөздердің астары тек үгіт оңай болып түсіндіріледі. Ал оның үндік аяттағы сандық мәнімен басқа тілге аударса түсініксіз сөздермен түсінгі ауыр аяттар пайда болады. Сондықтан осындай сөз, үн мәндерін барынша сақтауға тырысып аударылған Халифа Алтай атамыздың аудармасынан түсінігі ауыр болып, білімділердің сөз байлықтары, ақыл қуаты жетпегесін осындай айламен халықты да, ел басшыларымен, ғалымдардың ауыз бірлігінің жоқтығын пайдаланған сырттан келгендердің, қарапайым арап тілін ғана меңгерген діншілердің азғыруына түсіп алданғанымызды әлі түсінер де емеспіз. Аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Аруағынан күдер үзген елде, жеке пенде де Алланың ашуына ұшырап түбі үлкен қайғы-қасіреткке тап болуы даусыз. Оған жуықта әлемнің де көзі жетеді. «Расында сендерге оларда (Ыбырайым елінде, әулие-әмбилерінде) Алланы ахирет күнін үміт еткен кісілер үшін көркем өнеге бар. Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсіз Алла еш нәрсеге мұхтаж емес, аса мақтаулы.» (60-6) Демек Алланың достары еш нәрсеге мұқтаж емес, оған пенделер біз мұхтажбыз. Сондықтан аталарымыз; «Өлі разы болмай тірі байымас деген.» Өліні байытудың барлық амалдары Құраныны қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрде көрнісін тапқан. Ол үшін араптардың шежіресін білу аз. Өз тарихымызды зерделеп, сөз астарын меңгеріп, ауыздың бірлігіне жету үшін текті аталар салған ізбен жүре алатындай қазақша тірлік керек ағайын! Дін (сөз мінезі) түзелмей тіл түзелмес, тіл түзелмей ел түзелмейді. Болашақ әлемдерді басын игізетін қазынаны алуымыз үшін, ата дініміздің ғылыми негізін қалап, надандықтан халқымызды аршып, дінің үлгісіне айналдыру керек. Ал алтын адам деп Қазақ пен Созақтай пайғамбар мен бүкіл «ыслабандардың» анасын өмірге әкелген Алаш қаһан жұбайы Ұлсай Емер анамыздың басына зиратап, белгі тұрғызып әлемге таныстырмақ түгіл кім екенін әлі білмейміз. Алаш қаһан бабамыз бен Алтай Жүрсін (Кер ата) бабамыздың ұрпақтарына сыйға сақтаған қазынаны алмақ түгіл үстін күнде шаңдатып, үй салып, таптап қоқыс орнына айналдырып алдық. Алтын адам әйел дін киімі, ер киімі сауыты да бар! Жүніс пайғамбар бабамызды ұрпақтарымен қауыштыру, топырағын сан ғасырдан кейін туған жеріне әкеліп жерлеп зират ету де кезек күттірмейтін іс. Шыңғысхан атамыз қасымызда, жақын жерде жатқанына шаруамызда жоқ. Бұрынғы астана орнында сарай салып, қазақ елін қырғыннан құтқарған Тұғырыл Торыхан Аякөз патшаны кім еске алады? Үстіне қала салып той тойлап жүре береміз бе? Патшаны құрметтеу, ескерткіш қалдыру, патшаның жұмысы емес пе? Інжілдің негізін қалаған, Мариям анамызбен тұрақты байланыста болған және Інжілдің , рухтың негізгі көрніс, жан ғылымының таңбасын, «шырағданды» қажы бабамызды «шерік қосу» деп мемлекетімізде, мешітімізде теріс айналып, егесін белгісіз қалдырып, болашақ алдында ел басшыларымыз, дін басшыларымыз кешірмес күнәға батуда. Бұл теңдесі жоқ ғылыми құндылық, дін ғылымының сипатын және Ата жолының басты белгісі, таңбасы болып табылатын діни сауаттыларға әлі беймәләм. Пайғамбарымызды аятта; «Алла жаққа, Оның шақыруымен бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Демек шақырушы белгісі шырағдан- Құран! Кемел адам қуатық «Лам» сипаты. Үн тәңірлік сипат, таңба ыдыс, тәңірлік қуаттардың малдық саны-20! Мұхаммед-Мұстафа-Ахмет=20! Ыдысының саны-Бір! Барлығы жиырма бір! Онда шырағдан-қазан пайғамбарымыздың кемелдік аруағы-Нұр! Сонда аруақсыз дінді елестете де білмеген, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп, құран кітап болып түспестен бұрын шариғатын меңгерген халыққа егер аталарымыздың ұстанған діні «шерік қосушы, мүшкірік, кәпір» болса, онда қалай шежіренің әлем қолы жетпеген қазынаның кілтін біздерге мұра қылып ұстатып қойды діни сауатты ағайындар? Және құранның қарапайым үгітін меңгерген діни сауаты барға жер мен дін егіз ұғым екенін, діннен шығу жерден шығу болып есептелетінін білу керек еді егер атамыз Әл-Фарабидың «таңбалар геометриясынан» мектеп оқушысының біліміндей ғана хабарлары болса. Дін жердің өңделуімен, өсімдік, табиғаттың түрленуімен, тәтті сулардың, өзен, көлдердің өнімімен өлшенетін шежірелік заңдылығы да бар. Олай болса қай елдің дінінің тура жолда болғанын анықтау үшін жер көлемін халық санына бөлсе сол сан дін қуатын көрсетеді. Жері жоқтың дұрыс діні болмаған, суы аз жері қурағандар аталары кезінде дінді аздырғандар елінен болып табылады. Сондай сауатты діншілер егер шерік қоспасаңдар, тура жолда болсаңдар, неге құранның қарапайым сырларына, сандық мәнімен оқылатына ақыл-ойларың әлі кезге дейін жетпей жатыр? Ата жолы-Манның жолы, ол Ыбырайым бабамыздың тұп-тура түзу жолы, түс жоруды үйреніп, аян алып төртеуді түгелдеудің, құдай халқына айналудың, ақталу жолының негізгі ірге тасы! Ман-ата Маңғыстауда қыстап сол жерлерде жерленгені ақиқат. Ысқақ пайғамбарымыздың шешесі Сара анамыз және жұбайы Рабиға-Рахия анамыз бен немере келіні Әмина анамыздың сол маңғыстау түбегінде жерленуі дінің негізі сақтан тарағанына дәлел бола алмай ма? Ысқақ пайғамбарымыздың ұрпағы Жақып пайғамбардың өлер алдында «мені туған топырағыма апарып жерлеңдер»- деген аманаты Інжілде жазылған. Сонан ол атамызды аманатын орындаған Жақып пайғамбарымызда қазақ жеріне киімімен әкеліп жерлеген. Ашып көрген ғалымдарға аманат белгі ағаш қорапта пайғамбарымыздың біздерге естелік сый, тұтынған бұйымдары бар. Ал негізігі Сақтың, Кер атаның ұрапақтары біздер басынан күнде өтіп жүрсекте, арамыздан бір пенденің басына қарапайым белгі мен құран оқитын орын жасауына құлқы да жоқ. Жүсіп пайғамбардан тараған, көптеген рулардан құралған арап еліне «умра» қажылық жасағанға мәз болып, аталарына зираттау «шерік қосу» болып табылатынын уағыздаушы шежірге (жол-жоба құранға) қастандық ұйымдастырушы екі жүзділерге кім тиым, тоқтау салады? Ата заңымыздың бұлжымас қағидасы болған Ыбырайым жолы әр қазақтың ата-бабадан қанына сіңген Раббысымен тілдесу; «әділдіктің жолын» бұрмалап, ұлылар ұлағатын аманатын аяқ асты еткен әкім қара, ел басқарған жөгіттерді кім анықтап, кім жазасын береді? Әлде осылай сыртымызды қампайтып, бала-шаға, сыртан келген түлкілерге ірімшік беріп «дін қарғасы» болу қазақтың маңдайына жазып қойылған ба? Сұңқарлар қайда? Жоқ! Айқарақ Керейханмен Жәнібек сұлтан аталарымыз; Қазақ бабамыздың атын алғаш жарықа шығарып, дінін сатып араптардан келген азғырушы қаба сақалдыларға еріп ағайындар арасына ірткі салып «шерік қосты, серік қосты» деп кәпір атап, шариғатты жол қылып елін аздырған өз арамыздан шыққан 19 ханды тірілей хан шыңынан лақтыртып, құранды және пайғамбарымыздың хадистерін бұрмалаған дін бұзарларды ағайының болсада басын шап,- деп үкім беріп, үш жылда қазақ жерінің құстың ұясына дейін түгендеткен екен. Артынан қызылбастармен, арсать-парсаттарды қызыл теңізге дейін қуып, жазалап қылышын теңізге лақтырған деген сөз қалған. Сол жиһадты ырым қылып, дін бұзарлармен, ата салт-дәстүрімізге ашықтай қарсылық көрсеткен 19 пендені мейлі әкім, дін ғұламасы, немесе ғалым, философ, психолог т.б еңбектерін құран арқылы әшкерелеп, өздерінің өтіріктен құрылған қақпандарына құран аяттарымен байлап, миларын жаулап алған шеріктерін аластап, халық алдында бет пердесін тірілей сыпыруға тектіден қалған сынықтарды, тума сұңқарларды бірлесуге, жөгіттермен ашық күресуге шақырамын! Бұл «Ақ ұлдың» аманатын жалғастыру деп ұғыңыздар. Орында бар қашанда оңалар! Ата –бабамыздан аманатталған «Хан жамбысын» ортаға қойып, қансуарлап, сыртан келген қара ниет дін бұзар қарақшыларды арамыздан аластайтын күн туды. Кешіктіре берсек мұсылман әлеміне төнген қан төгістен аман қалуымыз екі талай болары даусыз! Мұсылман әлеміне төнген қауіп ғылымның жоғалып, тек кітаби біліммен құранды керісінше зиянға алып, діни сөз, пікір таластыруға баспасөз беттерінде тиым салып, арап тілін меңгергендерді «құдайға» айналдырып, дін әмір иелерінің өздеріне шоқындыруынан және дінді бөлшектеп, ел тарихын «шежірені» әр ұлтың діни жобасы; әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоққа шығарудан, бүкіл намаз оқушы қауымның мәңгүтке айналып, бүлікшілер, зиянкестер қатарын толықтырумен ғана айналысып жатқан өздерін «діни сауаттымыз» деген парызшылдар мен әкім қара, жазушы, тілшілер қауымы болып табылады. Қазақ еліне дін ата жолын уағыздағандардан емес, қудалап сотағандармен, арапшыл діншілерден қауіп төніп, елдің азғындыққа түсіп, ел ішінен сақалды бүлікшілердің шығуы сөзсіз! Ол кезде көп нәрсе кеш болады. Жаманда болса өз қазақ қандасымыз, зұлымдықтан құтқару адамгершілік парызымыз деп ұққаныңыз жөн. Қазақтың дәстүрлі дінінің нағыз жауы сыртан салғанменен, оны орындаушы да өзіміздің қандас бауырларымыз болатынын, бұндай оқиғалардың заман өзгерісіне қарай қайталанып сынақ болып келуі тарихымызда, шежіремізде де үлгілер бар. Енді үлкен ұлтың іргесін бұзып, рухани құлдыққа түсуден жалпы халыққа келетін үлкен қасіретен тек өзіміздің ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз ғана құтқаратынына бұрын да қайталанған, өткен тарих оқиғалары куә. Өздерін зиялымын, «зайырлымын» (тектімін, жол көрсетуші, ескертуші қожамын) деп сен тимесең, мен тимеймін деп жылы жерінен айрылудан қорқып халқын рухани талауға беріп қойған, ел басшыларымен, қоғам басшыларының ұйқысынан оянатын уақыты өтіп те кетіп барады. Болмаса өздері себепші болған қайғы, қасіреттің отына қоса күйетін арыстанның (өлімнің) ақыратын, (ақыр-ойбайласу заманы) надандардың есек болып ішін тартып бақыратын, ақ пен қараның таразыға тартылатын заманыда келіп қалды. Оған қазақ еліне түскен жаратқанның сыны; алдағы екі-үш жыл ішінде көзіңіз жетіп қалар; тіптен біліміңізге сеніп, дінге бейтарап, европаға, жиған дүниеңізге шоқынып, құдайыңызды ұмытып кетсеңіз де одан құтыла алмайтыныңызға, келген рухани сынақтың ешқандай қазақ баласын айналып өтпейтініне құран ұстап ант беруге де болады. «Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар» деген данагөй аталарымыз. Сондықтан жаратқанға иман келтіру үшін алдымен бір сөзге келіп, бір тілді алып, даулассақта жауласпай, бітімге келгеніміз абзал болар ағайын! Қайғы, қасіреттен сынақтардан аман өтудің бір-ақ жолы бар; Ол, «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгерер!» Қазақтың асыл діні; Аманатқа адал болып, қиянатқа «САҚ» болайық!

(Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік. №6 үй.) Шілде 2009жыл.



Мақалаға андатпа; Бұл мақалаларды баспасөздерден басылмағанымен әрбір жарты жылда қайта-қайта таратылып отырды. Оған себеп қазақтың көп білімді, ілімді және ақ жолдық қауымдар түбі ақиқат анықталатын ескерте отыра және Алланың құдірет қолын, хикметін, аруақты мойындамаған қандай ғұлама, данышпан болса да жүрегі сезбейтін, құлағы естімейтін, наданға айналып, тек Алланың қалауымен ғана шындықтың ашылатына болашақ ұрпақтарымыздың адаспауына сабақ болар деген ғана мақсұт. Сол сияқты егер тылсымды және адамзатпен жаратушы арадағы себеп нәрселердің ғылымын біліп, сырына құлақ түрмеген қандайда білімдімін және дамыдық деген бүкіл халықты, ғұламаларын жүректерін мөрлеп қойып, тек қайғы-қасірет арқылы Құдайдың құдыретінің хиеметтерінен сабақ алып барып, ұлттық салт-дәстүрдің қалыптасатынын және діннің таразысы шежіреден ғана тәлім алудан пайда болатынын ұғатын, ұқтыратын жаратқанның адамзатқа сынақтармен ақылға шақыратын мезгілді қиямет деп атайтынын қазақ елі де, әлемде көп ұзамай білетін боламыз. Егер сіз ұлт жанды, ата салт-дәстүрінің жанашыры болсаңыз осы басылымдарды ел, дін басқарушылары мен оқыған сауатты адамдардың, көпшіліктің де танысуына қол созып, мүмкін бір пендені болса да райынан қайтып иманын іздеуіне, ата дініне қайтуына себепші болып сауап жинаңыз! Болашақта құрғақ пәтуа, ақылмен емес нақты іс, мұрағаттармен кемел адамдарды қалыптастырып, дана ұрпақтармен, адамдық биік қасиеттерді меңгерумен әлем алдында қазақ ата салт-дәстүрінің үлгісін көрсететін уақытта келеді. Сол кезде тарих алдында, өз ұлтын, ата-салт дәстүрін (ұлтық мәдениетін), өркениетін (әдет-ғұрпын), дүниетанымдық тәлімдік салтын (философиясын) мазаққа айналдырып, тиологиялық танымын (ата-дәстүр дінін) «серік, шерік» деп мазаққа айналдырған екі жүзді сатқын дін қандастарымыздың ұрпақтарының алдында қара бет аталатындардың арамызда мүмкіндігінше аз болғаны иманымызға, ұлтық намысымызға лайық болар еді. Әлемнің ғасырлар бойы іздеген, өз елінің үстемдігін халық жадынан жойып жіберуге тырысқанмен Шыңғысқан атамыздың өзгертуден құтқарып, тығып тастаған Адамзаттың асыл шежіресі төрт кітаптың да ғылыми негізі ғасырлар табағы «Бес таңбаның» ашылуына қолыңызды созып, әуелі оған қойылатын аруақтар аманатын орындауға ат салысып, көптеген ғұлама даналардың бастарын көтеріп, мұрағат жәдігерлерін әлемге көрсетуге, діннің әділеттілігін нақты істермен бірігіп орындауға бірлесуімізді ғана сұраймын! (Мамыр айы 2011)



Каталог: public -> upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
upload -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
upload -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді
upload -> Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет