5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



бет39/44
Дата07.02.2022
өлшемі237,11 Kb.
#97155
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
22b79329-b2d4-11e4-bd4b-f6d299da70eeказ умм
22b79329-b2d4-11e4-bd4b-f6d299da70eeказ умм, Саба ты та ырыбы Вокзалда Жалпы ма саты
Тексеру формасыжазбаша жұмыс
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған оқулық. - Алматы, «Атамұра», 2004.
6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 4 сынып - Алматы, «Атамұра», 2000.


8- тақырып
Есепті алгебралық тәсілмен шығару технологиясы


Мақсаты: Есепті алгебралық тәсілмен шығаруға үйрету технологиясын білу
Құрал жабдықтар: 4 сыныпқа арналған «Математика» оқулықтары
Оқушыларға есепті арифметикалық тәсілмен шығару ұсынылады. Содан кейін тендеу құрып, алгебралық тәсілмен шешу ұсынылады; мүнда екі тәсілді салыстыру қажет. Осындай жұмыстың нәтижесінде есепті теңдеу арқылы шығарудың реті шығады:
белгісіз шаманы анықтап, оны х деп белгілейміз;
— санды және әріпті өрнек құрамыз, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланысты анықтаймыз;
— «тең» қатынасымен байланысты өрнектерді анықтап, теңдеу құрамыз;
— есептің мазмұнымен байланыстырмай-ақ, тендеуді шешеміз, сондықтан мұнда шама бірліктері жазылмайды;
х-тің мәнін табамыз — бүл белгісіз шаманың санды мәні болады;
— шама бірліктерін қолданып, жауабын жазамыз.
Мысалы:
«Бүркіттің ұшу жылдамдығы 30 м/с, ал ол сұңқардың ұшу жылдамдығынан 10м/с артық. Сұңқардың жылдамдығы неге тең?»
х м/с — сұңқардың жылдамдығы
(х + 10) м/с — бүркіттің жылдамдығы
Бүркіттің жылдамдығы 30 м/с екендігін білеміз, теңдеу құрамыз:
х + 10 = 30
х = 30 - 10
х = 20
Жауабы: 20 м/с — бүркіттің жылдамдығы.
Есепті теңдеу арқылы шығарудың жаңа тәсілін қарастырайық: «Бір бидонда бірнеше литр, ал екіншісінде 10 л сүт бар. Бірінші бидонға тағы 2 л сүт құйылғанда, ал екіншісінен 3 л сүт құйып алғанда, екі бидондағы сүттің мөлшері бірдей болды. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?».
1) Есептің шартындағы бірінші сөйлемді оқу. Бірінші бидонда неше литр сүт бар екені белгісіз. Бірақ екінші бидонда 10 л сүт бар екені белгілі.
Бірінші бидонда х л болсын. Екінші бидонда 10 л.
2) Есептің шартындағы екінші сөйлемге сәйкес өрнек құрамыз:
Бірінші бидонда (х + 2) л болды, өйткені 2 л тағы құйылды.
Екінші бидонда (10 — 3) л қалды, өйткені 3 л сүт құйып алынды.
3) Екі бидондағы сүт мөлшері бірдей болды, сондықтан теңдеу құрамыз:
х + 2 = 10 – 3
х + 2 = 7
х = 7 – 2
х = 5
Жауабы: 5 литр.
Тексеру:
5 + 2 = 10 - 3
7 = 7
Одан кейін оқушыларға есепті теңдеу құрып шығару ұсынылады, олар есепті шешу барысын түсіндіру кезінде үлгі бойынша оның шешуін жазамыз. «Таразының бір табағына әрқайсысы 3 кг-нан бірнеше қапшық ұн салынды. Таразы басын теңестіру үшін оның екінші табағына 10 кг және 2 кг-дық кір тастар қойылды. Таразыға неше қапшық ұн салынған?»
Таразы табағына х қапшық ұн салынған болсын.
х — қапшықтар саны.
3х кг - барлық қапшықтардағы ұн массасы.
(10 + 2) кг - барлық кір тастардың массасы.
Таразы басы теңесіп тұрғанын білгеннен кейін, теңдеу қүрамыз:
3  х = 10 + 2
3  х = 12
х = 12 : 3
х = 4
Тексеру:
3  4 = 10 + 2
12 = 12
Жауабы: 4 қапшық ұн.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған оқулық. - Алматы, «Атамұра», 2004.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 4 сынып - Алматы, «Атамұра», 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет