5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет11/11
Дата06.12.2019
өлшемі1,79 Mb.
#53071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
УМКД Констр Окыту 17-18


өткізу формасы:практикалық жұмыс

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6, 8.

Қосымша әдебиеттер: 9, 10, 11, 12, 17, 19, 27, 28, 29, 30.

Глоссарий

Р/с

Ұғымдар

Мазмұны (анықтамасы)

1

2

3

1

Педагогика

-қоғамдық сұраныс, талап-тілекке сәйкес жас ұрпақты және ересек адамдарды тәрбиелеу заңдылықтары, олардың дамуына басшылық жасайтын ғылым;

-жас ұрпаққа аға ұрпақтың қоғамдық тәжірибені беруі әрі балалардың оны меңгеруі, адамға білім беру әдістері, заңдылықтары, қағидалары, формалары туралы ғылым;

-жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы.


2

Тәрбие теориясы

Адамға тәрбие беру, әлеуметтендіру, жеке тұлғаны қалыптастыру негізі, әдістері, заңдылықтары, қағидалары, формалары туралы ғылым, оқу пәні, педагогиканың дербес бір саласы.

3

Тәрбие жүйесі

-жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық, т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.

4

Тәрбиенің нақты мәні

дегеніміз – кез-келген нақты тәрбие міндетін орындау.

5

Тәрбие

-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру;

-жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекетін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс;

-жастарды қоғамда өмір сүруге және еңбек етуге бейімдеу.

-балалардың бойында мақсатты түрде азаматтық-саяси, моральдық, адамгершілік, психологиялық қасиеттерді (сапаларды) жетілдіру және күш – жігерін, дене-тұлғасын сұлу да сымбаттыетіп дамыту, қоғамның әлеуметтік, педагогикалық талаптарын орындау дағдыларын қалыптастыру процесі;

-ғылыми дүниетанымын, көзқарасы мен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, ақыл-ой, дене күші, моральдық-саяси, психологиялық жағынан жан-жақты, үлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процесі.


6

Кең мағынадағы тәрбие

-жеке тұлғаның жан-жақты, жарасымды дамуы мен оны еңбекке, қоғамдық өмірге даярлауды қамтамасыз ететін мақсат бағыттылығы ұйымдастырылған үрдіс.

-тәрбиенің кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп ата-аналардың, бүкіл халықтың тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.



7

Тар мағынадағы тәрбие

-адамның дене күші, сапасы, ерік-жігері мен мінез-құлқын, эстетикалық талғамын, адамгершілік тәртіп қалпын, сенімін қалыптастыруға бағытталған үрдіс.

-тәрбиені тар мағынада мұғалімнің және тәрбиенің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізілетін жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық айналысады.



8

Тәрбиенің жан-жақтылығы

Жеке адамның барлық жағынан толық және жан-жақты, жарасымды дамуы.


9

Тәрбие процесінің қозғаушы күші

тәрбиелеушінің белсенділігі арқылы оның дамуына жол ашатын тәрбиеленушінің жаңарған, өзгерген қажеттілігі мен мұғалімнің реттеушілік мүмкіндігі арасындағы ішкі қайшылықтар.

10

Тәрбие принциптері

-педагогикалық процестің заңы мен заңдылықтары ескерілген тәрбие мақсатына жету жолдары туралы негізгі қағидалар;

-жеке адамның қалыптасу заңдылығын көрсететін және тәрбие жұмысының әдісін, формасын, тәсілін, түрін, мазмұнын айқындайтын жалпы, ең басты ережелер мен қағидалар;

-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдісіне,мамұнына қойылатын негізгі талаптар көрсетілген жалпы бастапқы нұсқаулар.


11

Тәрбие ережесі


-негізгі принциптерді жүзеге асыру талаптарытуралы нұсқау;

-берілген принциптерді жүзеге асыру талаптары туралы басты,негізгі нұсқау.



12

Тәрбие заңдылығы


- тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін педагогикалық құбылыстар мен процестердің даму сипатын, ұстаз бен шәкірт қатынасындағы мәнді байланыстарды түсіндіретін категория;

- балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастырудың тиімділігін арттыратын тұрақты әрі қайталанып отыратын маңызды байланыстылық;



13

Тәрбие мазмұны


- қойылған мақсат, міндеттерге сәйкес оқушылар бойында қалыптасуға тиісті, білімдер мен сенімдер, дағдылар, сапалар мен жеке тұлғаның белгілерін, қасиеттерін, тәртібіндегі тұрақты дағдыларды айтамыз.

14

Тәрбие әдістері


- тәрбиешінің және оқушылардың сенімі мен тәртіп дағдыларын қалыптастыру, сана-сезім, ерік, күш-жігер, тәртібіне ықпал ету тәсілі;

- тәрбие мақсатына жету үшін ұстаз бен тәрбиеленушінің қалыпқа келтірген, бірлескен қызметінің түрі.



15

Сендіру

Сенімін қалыптастыруға әсер ететін, сөз арқылы ықпал ету әдісі.

16

Жатықтыру әдісі

Тәрбиешінің оқушыларды тәртіп ережесі мен нормасына сәйкес іс істеуге мәжбүр ететіндей жағдай туғызуы.

17

Ынталандыру әдісі

Тәрбиеленушілердің әрекетін мадақтау, жағымды бағалау.

18

Жазалау

Педагогикалық ықпал ету әдісі, жағымсыз әдет-қылықтардан сақтандыратын, өзі мен өзге адамдардың алдындағы айыбын сезіндіру ідісі.

19

Тәрбие құралы

-жеке адамның дамуы мен қалыптасу процесіне қызмет ететін материалдық және рухани-мәдени объектісі;

-әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудағы педагогиканың тәуелсіз көзі;

-қоғамдық өмірдің материалдық және рухани элементтерінің жиынтығы: іс-әрекет, табиғат, өнер, көпшілік хабардар құралы, адамдар арасындағы қатынас.


20

Тәрбие тәсілі

Тәрбие әдісін жүзеге асыруда қолданылатын бөлек операция.

21

Оқыту

Жас ұрпаққа білім беру, дағды, икемділік қалыптастыру, олардың танымдық іс-әрекетін басқару және дүниетанымын қалыптастыру үшін жоспарлы, қоғамдық негізде ұйымдастырылған, мақсат бағыттылы жүргізілетін процесс, білім алу құралы.

22

Білім беру

Оқушы оқыту барысында меңгеретін меңгерген ғылыми білім, дағды, икемділіктердің жүйелендірілген көлемі, ойлау құралы.

23

Оқыту (принципі) қағидалары

Принцип

Оқыту қағидалары

-көрнекілік;

-ғылымилық;

-оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін ескеру;

-өмірмен байланыстылық;

-саналылық пен белсенділік;

-түсіністілік және шамасына сәйкестілік;

-жүйелілік және дәйектілік;

-беріктілік.

-латын сөзі «бастапқы», «негізгі» деген мағынаны білдіреді;

-оқыту үрдісінде, оқу пәндерін оқытуда басшылыққа алынатын негізгі ережелер мен нұсқаулар;

-мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін, үйрену мен оқыту әрекетін айқындаушы алғы шарттар.


24

Оқытудың көрнекілік қағидасы

-оқушылардың нақты ұғымдарына сүйену.

25

Оқытудың ғылымилығы

-оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың шынайы ғылыми білімді меңгеруін, дүниетанымының қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық қағида.

26

Оқытудың түсініктілік және шамасына сәйкестілігі

Оқып отырған білімнің мазмұны мен көлемінің оқушының жеке-дара және жас ерекшелігіне, даярлық білім деңгейіне көлемі мен түсінігіне, даярлық білім деңгейіне көлемі мен түсінігіне, ақыл-ойының даму дәрежесіне, мүмкіндігіне, шамасына, табиғатына сай келуі, негізгі дидактикалық қағида.

27

Саналылық пен белсенділік қағидасы

Оқушылардың саналы, белсенді шығармашылық қызметі мен педагогикалық басшылықтың байланыстылығы.

28

Жүйелілік пен дәйектілік қағидасы

Білімді жүйелі алу, бірізді, біртіндеп меғгеру.

29

Беріктілік қағидасы

Материалды толық, берік меңгеру, оқу барысында оқушылар ойша еске түсіре алатындай, қайта жаңғыртатындай, оқу және іс-тәжірибелік мақсатта оларды пайдалана алатындай дәрежеде игерту.

30

Тәрбиелей оқыту

-оқыту принциптерінің бірі. Оқушының білімін, білігін, дағдысын, дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру;

-оқушылардың қоршаған ортаға, бір-біріне деген эмоциялық қатынастарын қалыптастыру.



31

Политехникалық білім беру

Барлық өндірістің негізгі қағидаларымен таныстыру, қазіргі кезеңдегі өндіріс үрдісі мен қатынасы туралы білімдерді меңгерту.

32

Оқыту әдістері

Баланың танымдық қызметін ұйымдастыру тәсілдерімен амалдардың жиынтығы, олардың ақыл-ой күштерін дамыту, мұғалім мен оқушының оқытудағы өзара ықпалы, оқушылардың бір-біріне әсері, табиғат пен қоғамдық ортаның өзара ықпалы.

33

Білім берушілік, оқу-танымдық үрдістің негізгі кезеңдері бойынша оқыту әдістерін топтастыру

-қабылдау-меңгеру,

-меңгеру-жаңғырту,

-оқу-шығармашылық,

-көрнекілік бейнелеу кезеңдерінің әдістері.



34

Ақыл-ой тәрбиесі

Оқушыларды ғылым негіздерінен жүйелі білімдермен қаруландыру;

-дүниетаным мен әлемді жалпы тану ретінде қызмет атқарады.



35

Адамгершілік тәрбиесі

-қоғамдық талап-тілекке, қабылданған қалыпқа сәйкес тәртіп дағдысы мен икемділігін, сезімі мен сенімін, ұғымы мен ой-пікірін қалыптастыру.

36

Дене тәрбиесі

Адам денесінің, тұлғасының дамуы мен дене-күш жігерінің қалыптасуын басқару;

-дене қабілетін, адамның қимылдық дағдысы мен іскерлігін мақсатты түрде дамыту, гигиеналық әдепті қалыптастыру, денсаулықты нығайту және жүйелі түрде дене жаттығуын жасау қажеттігін тәрбиелеу



37

Діни тәрбие

-исламның діни шарттары, ырым-ережелері, риторика, құқықтық шариғат заңдары, құран негізінде білім-ғылымға жетелеп, кісілік-имандылықты қалыптастыру.

38

Еңбек тәрбиесі

Еңбек әрекеттері мен өндірістік қатынастарын қалыптастыру. Еңбек құралдары мен оларды пайдалану әдістерін меңгеру;

-еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген адамдардың әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі;

-әдеміліктің қажеттігін ұғыну, сезіну, шығармашылық қабілетін дамыту және қалыптастыру, сұлулық заңымен өмір сүруге ұмтылу.


39

Интернационалдық тәрбие

-(латынның халық және аралық) халықтар арасындағы достық сезімді, барлық ұлт еңбекшілеріне сыйластық, құрмет рухында тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру. Оқушыларға атеистік (гректің «құдайсыз») тәрбие беру-оқушылардың ғылыми-атеистік: материалистік дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

40

Қабілеттілік


– белгілі бір істі орындап шығуға мүмкіндік беретін адамның жеке басының қасиеті. Адамның әрекеттің белгілі бір түріне икемділігін білдіретін дара ерекшелігі болады.

41

Құқықтық (праволық) тәрбие

-өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ереже, белгі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, сана-сезімі мол, белсенді, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-құлыққа қарсы күресетін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

42

Саяси мәдениеттілікке тәрбиелеу

-тұрақты ғылыми сенімге, жоғары саяси мәдениетке ие, Оаншыл, интернационалист, бейбітшілік үшін күрескер, жоғары саналы азаматты тәрбиелеуге мүмкіндік жасайтын тәрбиенің құрамдас бөлігі.

43

Патриоттық тәрбие

Отанын, туған жерін, халқын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін, өнерін сүю, құрмет тұту, оның мақсат-мүддесін, құқығын қорғауға дайын азамат қалыптастыру.

44

Экономикалық тәрбие

-оқушыларға жоспарлау, қаржыландыру, еңбек өнімділігін есептеу мен бөлу тәжірибесін үйрету.

45

Экологиялық тәрбие

-табиғатты қорғау қажеттігін түсіндіру, жауапкершілігін, белсенділігін тәрбиелеу, табиғат байлықтарын ұқыпты, орынды пайдалануға үйрету, биосфералық процестердің табиғи тепе-теңдігін сақтау, дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру;

Адамдардың санасына, көзқарасына, түсініктеріне әсер ету арқылы ұйымдастырылған, қоршаған ортаға түйсікті және саналы қатынас деңгейін мақсатты, жүйелі түрде үздіксіз көтеру процесі.



46

Эстетикалық тәрбие

-болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға, эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

-Оқушылардың эстетикалық мұраты, қажеттілігі мен талғамын дамытуға негіз болатын жалпы тәрбие жүйесінің базалық компоненті.



47

Ұжым

Белгілі-бір мақсат бағыт қызметіне сәйкес біріктірілген адамдардың ұйымдасқан формасы.

48

Ұжым-

Мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр салты бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы (47б). (Макаренко А.С.)

49

Ұжым мен жеке тұлға қатынасын дамыту жобалары, модельдері

-конформизм;

-гармония;

-нонконформизм.


50

Конформизм

Жеке тұлға ұжымға бағынады

51

Гармония

Жеке тұлға мен ұжым үйлесімді, үндестікте, ынтымақтастықта болады

52

Нонконформизм

Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындырады.

53

Борыщтылық сферасы

Ата-аналардың балалары үшін жауапкершілігі, балалары мен ата-аналарының отбасының дұрыс, қалыпты өмір сүру, қызметі үшін жауапкершілігі.

54

Тәрбие жұмысының әдістемесі

-тәрбие процесінің алдында тұрған мақсат, міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру түрлерін, формасын, амал-әдістерін, құралдары мен тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы, дербес оқу пәні.

55

Дүниетаным (мировозрение)

-адамның қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортаға өзінің қатынасын білдіретін шындыққа негізделген кзөқарастар жүйесі;

-адамдардың философиялық, ғылыми, саяси, құқықтық, адамгершілік-имандылық, парасаттық, көркемдік, әсемдік, рухани идеялары мен сенімінің жиынтығы;

-таным, дниетаным сезіммен бірге ақыл иесінің дүние сырын ұғу, түсіну,табиғи, әлеуметті, қоғамдық құбылыстарды пайымдау, бағалау, саралау қатынасын да қамтиды;


56

Интеграция


- әртүрлі пәндердегі негізгі қағидалар мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыру қажеттілігі.

57

Көркемөнердің дүниетанушылық үлгісінің философиялық мәні

-ең алдымен әр пенденің еркінен тыс, жаратылысынан оған мүлдем тәуелсіз ақиқат дүние болмысының адам санасында бейнеленуі

58

Көрнекілік


– оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр – сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға көмектесетін оқыту принципі.

59

Ізгілік тәрбиесі

-ұрпақты құндылықтар арқылы дамытуға, мәденидағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.

60

Ізгілік

-қоғам мен тіршіліктің дамуы мен жалпыадамзаттық құндылықтардың әлеуметтік жиынтығы;

-өмір салтын қалыптастыруға, қоршаған орта құндылығын бағалауға және қорғауға бағытталып негізделінген адамшылық қасиет;

-өмір барысында адамгершілік, гумандық, әдептілік негізінде қалыптасқан жеке тұлғаның танымаралық көрсеткіші және азаматтық борыщ деп санайтын адамдарға тән, оларды шынайы биік істерге итермелейтін ұлы қасиет.


61

Отбасы тәрбиесі

-ұлттық тәрбиенің негізі;

-ата-ананың, жанұя мүшелерінің алдыға қойған мақсат-мүддеге сәйкес, көзделген нәтижеге жету үшін жас жеткіншекке саналы ықпал ету процесі;

-аға ұрпақтың қамқорлығы, үлгі-өнегесі, тәрбиеленушінің дене және рухани дамуына кешенді, тәрбиелік жағдай жасау әрекеті, ұнамды ықпал ету процесі.


62

Оқыту әдістері


– оқыту мен оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері.

63

Оқу түрі (формасы)


– оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісі.

64

Тәрбие технологисы

-процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі;

-ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі;

-оқушылармен байланыс орнату тәсілі;

-педагогикалық диагностика тәсілі.



65

Тәрбие процесіне кешенді қатынас

-тәрбие ісін жан-жақты білім беру ісімен және оған қатынасты барлық сапалары қамтып, қатыстырып жүргізу.

66

Тәрбиелік жағдаят

-оқушылардың оқудағы, оқудан тыс іс-әрекеттерінің көрінісі.

-оқушылардың оқудан тыс әрекеттерінің арнайы ұйымдастырылуын да қамтиды.



67

Тәрбиелік қарым-қатынас

-баланы дамытуға,оның өзін-өзі тәрбиелеуіне,өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым-қатынас;

-адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі, пайдаланылуы.



68

Тәрбиенің нәтижелілігі

-тәрбиелік шараларды ұйымдастырылуы мен атқарылуы арқылы алға қойған мақсаттың орындалуы.

69

Тәрбиеші

-оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.

70

Тұжырымдама

-белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесі, бір нәрсе туралы негізгі пікір.

71

Тұлға

Дербес әрекет ететін субъект ретінде нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысанасы.

72

Тұлға статусы

-адамның тұлға аралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны мен оның топ мүшелеріне психологиялық ықпалыныңмөлшерін білдіретін ұғым

73

Тұлғаның бағыттылығы

-тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын, нақты бір жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы, т.б. оның мүдделерімен, бейімдерімен, мұраттарымен сипатталады, бұлар арқылы адамның дүние танымы білінеді.

75

Тұлға дүниетанымы

-тұлғаның, әлеуметтік топтың, қоғамның құндылықтары мен мұраттары жүйесінде көрініс тапқан табиғат, қоғам, адам туралы тұтас көзқарас.

76

Тұлғаның дүниеге өз-өзіне қатынасын қалыптастыру

Тұлғаның дүниеге өз-өзіне қатынасын қалыптастыру адамның қоршаған ортаға; қоғамға, адамдарға өзіндік анық сипаттама беруге, өзінің жеке интеллектуалдық-танымдық, экономикалық-еріктік; коммуникативтік-тәртіптілік ерекшеліктерін саналы қабылдауға, қоғамда өз орнын таба білуге бағытталған тәрбие мақсатын қамтиды.

77

Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу

Бұл ішкі дүние байлығы мен моральдық жағынан таза, денесі шыныққан,өзінің психологиялық, адамгершілік қасиеттерін шыңдай білетін, өмірде кездесетін мәселелерді, қиындықтарды жеңе білетін адамды тәрбиелеу.

78

Әлеуметтік білікті (компонентті) тұлғаны тәрбиелеу

-бұл тек қана өзінің өзге адамдармен қарым-қатынас үйлесімділігін дұрыс танушы ғана емес, сонымен қатар лоармен келісімді, дау-жанжалсыз қарым-қатына жасай білуі, араласуы;

-қоғамдағы түсініспеушіліктің алдын-ала білетін тұлғаны тәрбиелеуді қамтиды.



79

Адамды мәдениетке баулу

-адамды эстетикалық және рухани жағынан жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуды тәрбиелеу.

80

Азаматтық тұлғаны тәрбиелеу

-адам бойында жоғары патриоттық сезімді және әлеуметтік мәнді қасиеттерді қалыптастыру, өзінің ұлттық , елінің нағыз патриотты күрескер, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрестер.

81

Дербес тұлғаны тәрбиелеу

Адамның өзін-өзі жағымды жағынан өзгеруін, жетілдіруін қалыптастыруы.

82

Тұлғаның өзіндік сапасын дамыту

өзін-өзі билеуге, танытуға көмектесуін дамыту-бұл, біріншіден, өзінің индивидуалдық және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін үздіксіз жетілдіруді саналы ұғыну; екіншіден, қол жеткен жетістіктерде тоқтап қалмай, одан әрі даму формаларын таба білуі.

83

Шығармашыл тұлға тәрбиелеу

Шығармашыл тұлғаға қажетті – адамның меңгерген білім көлемінен де, өзіне қажетті білімді ала білу бейімділігі және оны өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

84

Практика

-қоғамның дамуын қамтамасыз ететін адамдар әрекеті. Адамдар өмірінің негізін құрайтын материалдықөндірістің объективтік процесі;

-адамдардың табиғатты және қоғамды қайта құруға бағытталған, қоғамдық, материалдық мақсатты қызметі.



85

Процесс

Даму сатыларының дәйекті түрде өзгеруі; белгілі бір нәтижеге жету үшін жасалатын қимылдардың жиынтығы.

86

Система

Жүйе, systema – құрамды бөлшектерден тұратын тұтастық;

Жүйе бөлшектері мен элементтері үйлесімді құрылған, тұтастықты білдіретін ғылыми ұғым;

-белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста және қарым-қатынаста тұрған элементтердің басымдылығы.


87

Теория

-зерттеймін, ізденемін;

-практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.



88

Эврика

-адамның ойына жаңа идея келгенде «таптым, таптым» деген қуаныш сезімін білдіретін сөз.

89

Эвристика

-ғылыми жаңалық ашудың әдісін, тәсілін табуды зерттейтін ғылым саласы.

90

Экология

-(oiros) гректің «ойкос» тұратын мекен, мекен-жайы, тұрғылықты ортасы деген ұғымды білдіреді. Ғылымға экология ұғымын 1868 жылы неміс жаратылыстану ғалымы Эрнст Геккель енгізді.

91

Экология

-жер қабатының тіршілік тынысын, өмір сүру заңдылығын, оған адамның ықпалы мен шаруашылық іс-әрекетінің, қызметінің әсерін зерттейтін ғылым.

92

Экология

-жаңа организмдердің тіршілік ортасы мен байланысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы.

93

Экология

-қоршаған ортаның шарттары мен тірі организмдерінің қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілерін зерттейтін ғылымдар кешені. Қазіргі кезде терминнің қолданылу аумағы айтарлықтай кеңейді, ол өзінің бастапқы мағынасында жиі қолданылмайды.

94

Экологиялық тәрбие мақсаты

өз туған өлкесінің табиғатына, экологиялық хал-ахуалына жанашыр тәрбиелеп, экологиялық сауаттылығын, мәдениетін арттыру, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, сол үшін күресетін азамат тәрбиелеу

95

Геоэкология

-адам қызметін ескере отыра, Жер шары геосферасының өзара ықпал заңдарын зерттейтін ғылыми пән, жағрапиялық экология.

96

Экологиялық білім

-қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерлікті, білімді меңгерту нәтижесі;

Мақсатты да кешенді процесс.



97

Экологиялық білім беру жүйесі

-білім беру мен тәрбиелеудің жалпы жүйесінде үздіксіз экологиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын өзара әрекет етуші қажетті ұйымдық құрылымдар жүйесі.

98

Экологиялық білім беру стратегиясы

-«адам-табиғат», «қоғам-табиғат» салаларының өзара әсер етуі қоғамдық санада ғана емес, керекті өзгерістерді терең түсіну қажеттілігі, экологиялық мәдениеттің қалыптасуы, адам тұрмысын экологияға бейімдеу, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтаушы және экологиялық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын басымды идеялар, қағидалар, мақсаттар жүйесі, сондай-ақ келешекте елдің техника-технологиялық даму жолдарын таңдау жүйесі.

99

Экологиялық психология

Қоршаған орта мен адам арасындағы қарым-қатынастың аспектілері туралы білім саласы. Экологиялық психология мына проблемаларды қарастырады:

-адамның өзінің қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктерін анықтау арқылы экологиялық сананы зерттеу және қоршаған ортаның қолайсыз дамуының субъект үшін мәнді факторларын саралау;

- экологиялық дағдарыстың психологиялық зардаптарының заңдылықтарын талдау (психикалық денсаулықтың бұзылуы, қылмыстың көбеюі, демографиялық өзгерістер, т.б.);

- насихаттың психологиялық құралдарын талдап-белгілеу;



100

Экологиялық мәдениет

-табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің мұра болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына, елдің және әр адамның экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін тәжірибе.

101

Экспонат

Көрмеге, мұражайға қойылған заттар.

102

Экскурс

Жанама мәселені түсіндіру үшін негізгі тақырыптан ауытқу, шегініс жасау.

103

Экскурсия

Бір нәрсе туралы толық мағлұмат, дерек алу үшін, не көңіл көтеріп, серуендеп қайту мақсатында ұйымдастырылған арнайы сапар.

104

Эксперимент

Белгілі бір мақсатты көздейтін және оны іске асыру жолдарындағы жүргізілетін ғылыми тәжірибе.

105

Эксперт

Қайсыбір дүдәмал мәселенің басын ашып беруші, сарапшы.

106

Экспертиза-

Сарапқа салу арқылы дүдәмал мәселенің басын ашу ісі

106

Экспозиция-

Мұражайлар мен көрмелерге қойылған экспонаттардың белгілі бір жүйемен қойылу тәртібі.


Глоссарий
1.

2. Дидактика – (грек тілінде оқытамын) педагогикалық білім беру және оқыту теориясы. Дидактика педагогика ғылымының бір саласы болып қалыптасады. Педагогиканың бұл саласынан алғашқы еңбек чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасы».


3.
8. Сынып – сабақтық жүйе біркелкі жастағы оқушылар тобынан, қатаң белгіленген уақытта дәріс өткізу.
9. Сабақ – оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі. Мұғалім тұрақты белгіленген уақытта оқушылардың тұрақты құрамымен оларға тиісті білімдерді игеруіне жағдайлар жасайды және тиімді іс - әрекеттерді ұйымдастырады және сабақтың тәрбиелік, ақыл – ойды дамытушылық қызметтерін жүзеге асырады.
10. Факультатив сабақтар – оқу пәндерін оқушылардың өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына бағытталып, шәкірттердің ғылыми – теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
11. Жақын даму айғағы – бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығымен не ақылдылау достарының көмегімен шеше алады.
12. Модульді оқу технологиясы – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше жетеді. (П.Ю. Цявичене, Т.И.Шамова).
13. Қашықтықтан оқыту технологиясы – осы кездегі теледидар, электронды почта, интернет жүйесі арқылы оқу орындарына қатыспай – ақ білімдену қызметтерін пайдалану.
14. Оқыту процесі – білімді, біліктілікті, дағдыларды меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын іс - әрекет барысы.
15. Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы.
16. Күнтізбелік жоспар – мектептегі оқу материалын әрбір жарты жыл бойынша жоспарланып, тоқсандар ішінде өтілуге тиісті тақырыптар енгізіледі.
17. Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.
18. Заңдылық – құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс.
19. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл – ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін мектепте оқытылатын білім мен біліктіліктер жүйесі.
20. Гуманизм – адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас.
21. Эвристикалық әңгіме – сұрақ – жауап түріндегі оқыту әдісі. Бұл әңгіме білім беру тәсілі ғана емес, сонымен бірге оқушының ойын дамытудың, оқу еңбегінде белсенділігін арттырудың тиімді құралы.
22. Феномен – (көрініс, құбылыс) – айрықша үздік деген мағынада қолданылады.
23. Таным теориясы (гноссология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттарын, мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін, болжамдары мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

24. Субъект (латынша - бастауыш) – заттық тәжірибелік іс - әрекет пен білім иесі, индивид немесе әлеуметтік топ, объектіні өзгертудегі белсенділіктің көзі.


25. Программалап оқыту – оқу процесін белгілі бір оқыту бағдарламасы бойынша ұйымдастыру.
26. Білім стандарты латын сөзінен алғанда «үлгі», «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Білім стандарты білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, әрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізі талаптарының жиынтығы.
27. Педагогикалық диагностика – педагогтің оқу процесіне өзгерістер енгізуі, яғни оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалануы, оқытуды ұйымдастырудың инновациялық түрлерін ойластыру.
28. «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» (М.В.Кларин);

«Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс – тәсілдердің құрамды бөлігі».


29. Лекция – латын сөзі – оқу деген мағынаны білдіреді. Алғашқы лекциялар ежелгі Грекияда пайда болды. Орыс тілінде алғашқы лекцияларды Ресей университетінде М.В.Ломоносов оқыған.
30. Педагогикалық мониторинг – зерттеу жұмысының нәтижелерін берілген көрсеткішпен салыстыру бойынша ұзақ және жүйелі түрде ғылыми жағынан негіздеу.
31. Әдіс – methodos – белгілі бір мақсатты көздеу, оны іске асыру үшін жасалған әрекет ету тәсілі.
32. Дәріс (лекция) – «lectuo» - латын сөзі, оқу, оқимын деген мағынаны білдіреді.
33. Дебат – сөз таластыру, екі немесе бірнеше адамдардың мәселе талқылап, өз пікірлерін дәлелдеу, дерек, ғылыми ой – пікір, көзқарас ұстанымы негізінде дәлелдеуі.
34. Диспут – латын сөзі «disputap» - ой бөлісу, пікірлесу, айтысу, оқу процесін ұйымдастырудың, білім берудің тиімділігін арттырады, сөз жарыстыру, көкейтесті мәселелерді талқылау.

35. Кредит – «credit» - ағылшынның сенім, мақтау деген ұғымды білдіреді. Бұл студенттің белгілі бір пәннен толық курсты өткендігін куәландырады. Мысалы, Америкада студент бакалавр дәрежесін алу үшін 120-130 кредит алуы керек болса, Қазақстанда – 128 кредит жинайды.


36. Оқыту принциптері – принцип – латын сөзі – басшылыққа алатын идея, негізгі өталап. Дидактикалық принциптер:

көрнекілік;

ғылымилық;

өмірмен байланыстылық;

саналылық пен белсенділік;

жүйелілік және дәйектілік;

оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін ескеру.
37. Система – жүйе, systema – құрамды бөлшектерден тұратын тұтастық.
38. Тұжырымдама – концепция негізгі идеяға топтастырылған зерттеу объектісіне қатысты көзқарастар жүйесі.
39. Цитата – латын тілінен алғанда ciio – келтіремін, шақырамын, баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді.
40. Теория – ізденемін, зерттеймін, белгілі бір құбылысты анықтауға арналған көзқарас, түсінік, идеялар жиынтығы, белгілі бір тәжірибелерді, деректерді түсіндіретін, оларға әсер ететін ғылыми принциптер.

УСТ 7.04-14

Өзгерістерді тіркеу парағы



Өзгерістер номері

Бөлім

Парақ

Өзгерістерді

енгізу күні



Жауапты тұлғаның

қолы

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет