5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешен


Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері



бет8/11
Дата06.12.2019
өлшемі1,79 Mb.
#53071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
УМКД Констр Окыту 17-18


Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.



Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда Топтық жұмыс тиімді болады.

Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады (5-сурет).

5-сурет. Дағдыларды дамыту үдерісі

Әлеуметтік өзара әрекет ету дегеніміз не?

Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.

Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

• кезекпен сөйлеу

• белсенді тыңдау

• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау

• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау

• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу

• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау

• көмектесу және көмек сұрау

• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну

• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау

• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

• талқылаудың қорытындысын шығару

• дәйекті айғақтар келтіру.



Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:



  • уақытты ұтымды жоспарлауға;

  • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;

  • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;

  • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;

  • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.



3-тақырып. Оқыту мен оқудағы ақпараттық- коммуникациялықтехнологияларды пайдалану

  1. АКТ ны қолдану жолдары.

  2. Аудио және подкастинг.

  3. Білімнің технологиялық аспектілері.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар.Осы артықшылықтарды мектепте сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де  көруге болады.

1.Керекті ақпаратты дәл мезетінде алуға мүмкіншілік бар.

2.Оқытудың тиімділігі жоғарылайды, оқу материалын оқушы өздігінен

іздеп табуына мүмкіндік бар.

3.Оқушылардың білуге құштарлығын арттырады, табиғи сұранысын

қанағаттандырады.

4.Оқытудың көркемдігі артады, яғни берілетін материалдарды жинақы

түрде беруге болады.

5.Уақыт үнемделеді, үнемделген уақыт қосымша тапсырмаларды

орындауға жағдай жасайды.

6.Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;



АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

4-тақырып. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

  1. Сын тұрғысынан ойлау дағды ретінде.

  2. Сын тұрғысынан ойлау психикалық үдеріс ретінде.

  3. Сын тұрғысынан ойлау және тәжірибе жүзіндегі педагогика.

СТО – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай,барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз.



Бұл технологияны сабақта үнемі қолдану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім.




Сондай-ақ «Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады.Оқушы білімді өз ізденісімен,өз біліктілігімен алады,іскерлік дағдылары қалыптасып,артады. Менің алға қойған мақсатым-оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оның алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу. 


Сөзім дәлелді болу үшін биылғы оқу жылында 7 «В» сыныбында «Ұлттық ою-өрнектер» атты тақырыбында СТО технологиясымен өткен ашық сабаққа қысқаша 
талдау жасап өтейін.

Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға ою-өрнек түрлері салынған қағаз қиықтары таратылып, сол бойынша ою түрлері 4 топқа топтастырылды.

Ою-өрнектер деген сөзді естігенде нені елестетеміз-деген сұраққа үзбей жазу стратегиясын қолданып, оқушы жауаптары тақтаға жазылып, кластер құрылды. Кластерді талдау нәтижесінде ою-өрнектердің қолданылу аумағын білдік. Миға шабуыл ретінде қаламыздың, мектебіміздің қай жерлерінде ою-өрнектерді өрдіндер-деген сұраққа жауап берілді. 
Мағынаны ажырату кезенінде әр топ өз тақырыбына сай ұлттық ою-өрнек түрлеріне жасаған зерттеулерін қорғап, ортаға салып, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатқанын дәлелдеді.

Ой толғаныс кезенінде әр оқушы ою-өрнектердің түрлерін қағаз бетіне түсіріп, оны қиып алып, іскерлік дағдыларын қалыптастырды.

СТО технологиясын қолдана отырып өткен бұл сабаққа оқушылар белсенділік таныта, қызығушылықпен, ізденімпаздылықпен қатысты,әр топтың оқушылары өздеріне бөлініп берілген ою-өрнек түрлерін зерттеп, мағынасын ашып, жоғары дәрежеде дәлелдеп бере білді. Тағы айта кететін жайт, сабаққа араласпай, қатыспай қалған оқушы болған жоқ, олардың бірі ауызша жауаптар беріп жатса, келесісі қолөнер шеберліктерін ортаға салды. Сабақтың білім сапасының көрсеткіші – 100% болды.

«Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын өз сабақтарында әр ұстаз қолданса, білім сапасының артарына сенімін мол дегім келеді.

СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық менгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ынғайлы. Бұл технологияны пайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет