5В020300-тарих 2-курс Алматы 2020 Жоспар: Шоқан Уәлиханов өмірбаяны



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі400,44 Kb.
#82846
түріӨмірбаяны
1   2
Байланысты:
Төкен Әлия баяндама

2.Шоқан Уәлиханов атындағы мұражай .
Шоқан Уәлиханов мемориалдық кешені сол жерге жақын орналасқан Жоңғар Алатауы жотасының атауымен «Алтын емел» деп аталады. Алматыдан бұл жерге келу үшін әуелі 180 километр жол жүріп Сарыөзек кентіне, сонан кейін оңтүстік-шығысқа қарай тағы 22 километр жүріп Шаңқанай ауылына жету керек. «Алтын емел» мемориалдық кешені 1985 жылы 20 қыркүйекте, Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай ашылған. Музейдің айналасы көкпеңбек көгал, шыршалар мен қайыңдар өсіп тұр. Кешенге кіретін негізгі қақпаның алдында раушан гүлдері егілген. Музейдің бір қапталында жасанды су қоймасы бар екен, бірақ ішінде су көрінбейді. Ғимараттың сырты қазақтардың көне сенім-нанымдарына сай дүниенің төрт бұрышын бейнелейтін бұрыш элементері бар мазар түрінде салынған. 31 жыл бұрын ашылған музейді қайта жөндеу жұмыстары екі жылға жалғасып, 2013 жылы аяқталған. Сонымен бірге мұндағы экспонаттар қоры Ресей музейлерінен, Алматы мұрағатынан және Шоқан Уәлихановтың ұрпақтарынан алынған жаңа заттармен толықтырылған. Музейге кіреберісте белгілі қазақ мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаев граниттен қашап жасаған Шоқан Уәлихановтың мүсіні тұр. Оның артындағы қабырғаға ғалымның әйгілі саяхатының сызбасы көрсетілген қолдан жасалған үлкен гобелен ілінген. Музейде Шоқан Уәлихановтың қандай әлеуметтік, мәдени және саяси ортада өсіп, қалай қалыптасқаны, Омбыда кадет корпусында білім алғаны, әскери қызметін қалай бастағаны, орыс зиялыларымен қалай танысқаны, оның ғылыми мұрасы, әдебиет, көркем сурет пен кинодағы бейнелері туралы деректермен танысуға болады. Мына суретте Шоқан Уәлихановтың орыс жазушысы Федор Достоевскиймен таныстығынан сыр шертетін экзпозицияның бір бөлігі көрсетілген. Әйнектің арғы жағында 19-ғасырдың екінші жартысында Петербургтегі пәтерде әңгімелесіп, ойға шомып отырған Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген.

Қазақтың ағартушы ғалымы, этнограф, тарихшы, географ, фольклорист Шоқан Уәлихановқа арналған «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі 1985 жылы қыркүйектің 20-сында оның 150 жыл толу құрметіне орай ашылған болатын. Бүгінде оның қорындағы жәдігерлердің саны 742-ге жеткен.1985 жылы ашылған музей кешенінде музей қорынан бөлек Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш пен мазары орналасқан. Музей директорының айтуынша, кешеннің ерекшелігі де осында екен.


Көрмеге Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің құнды жәдігерлері қойылды.
«Қазақтың ағартушы ғалымы, этнограф, тарихшы, географ, фольклорист қызметінің барлық аспектілері мемориалдық кешеннің залдарында сақталған. Яғни, экспозицяда Шоқанның жеке заттары – эполеттері, қаруы, ер тоқымы, ол құрған карталар мен сыбалар, қолжазбалар, саяхат пен экспедициялар барысында жасалған графикалық және көркем суреттері, халық қолданбалы өнерінің топтамалары бар. Ал бүгінгі көрмеге Шоқанның өзі қолданған санаулы ғана құнды жәдігерлерін әкеліп отырмыз»,-дейді Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің директоры Сәуле Әбішева. Музей экспонаттары арасында Уәлихановтар отбасының жеке заттары да бар. Мысалы, мұнда мыстан жасалған ыдыс, бұрыш ұнтақтағыш, шай қасық сақтаулы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. http://www.kgu.kz/kk/s-ulihanov-atyndagy-kmu-murazaiy
2. https://www.azattyq.org/a/memorial-chokana-valikhanova/27691206.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет