5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет84/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

Екінші 
дүниежүзілік 
соғыс 
жылдарындағы 
журналистика. 
Социализмнің  кемелденген  дәуіріндегі  қазақ  журналистикасының 
өркендеуі  мен  даму  сипаты.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында 
тылдағы  еңбекшілер  мен  майдандағы  сарбаздардың  жеңіске  жетуін 
рухтандырып, ерен еңбек пен ерліктің үлгісін көрсетуге қазақ журналистері 
мен  көсемсөзшілерінің  тигізген  насихаттық  ықпалы  мен  сөз  қаруының 
құдіреті.  Жалынды  көсемсөз  шеберлері  мен  майдандық  қазақ  газеттерінің 
шығармашылық қызметі. 
Кеңестік  тоқырау  жылдары  мен  қайта  құру  дәуіріндегі  қазақ 
журналистикасының  ерекшелігі.  Тәуелсіздік  жылдарындағы  қазақ 
журналистикасының жаңашылдық өзгерістері.  
 
 


50 
 
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР: 
 
1.  Бағзы  ұлттық  ақпарат  тарату  мен  сақтаудың  ерекшелігі.  Таңба  мен  ақпарат 
арасындағы байланыс. Рулық таңбаның рәміздік мәні мен мағынасы. Ежелгі 
төлтума  руникалық  тас  бітіктер  мен  бүгінгі  электронды  БАҚ  арасындағы 
материалдық эволюциялық даму жолын сипаттау. 
2.  Шоқан 
Уәлиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбайұлының 
публицистік  шығармашылық  ерекшеліктері.  "Түркістан  уалаяты  газеті" 
(1870-1882 жылдар) мен "Дала уалаяты газетінің" (1888-1902) қазақ мерзімді 
баспасөзін  қалыптастырудағы  рөлі  мен  идеялық  бағыт-бағдары.  "Тәржіман" 
газеті  һәм  қазақ  зиялы  қауымына  тигізген  әсері.  Смағұлбек  Ғаспрәлінің 
журналистік һәм редакторлық тәжірибе мектебі.  
3.  "Фикир"  газетінің  үлгі-өнегесі.  Камиль  Муттығұлұлы  Тухфатуллиннің 
ұйымдастырушылық, редакторлық қабілеті. 
4.  Қазақ  баспасөзі  тарихындағы  "Серке"  (1907  жыл)  газетінің  тарихи 
маңызы. 
5.  «Қазақстан»  газетінің  ұлттық  сананы  оятудағы  ізашарлық  қызметі.  Елеусін 
Бұйраұлының  (Бұйриннің)  ұйымдастырушылық  және  редакторлық  қажыр-
қайраты. 
6.  Тұңғыш  қазақ  журналы  "Айқаптың"  жарық  көруі.  Мұхамеджан  Сералин 
шығармашылығының күре тамыры. 
7.  «Қазақ» газеті - ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы. Ахмет 
Байтұрсынұлы  -  көсемсөз  шебері.  Мір  оғындай  Міржақып  Дулатұлы.  Алаш 
идеясының дем беруші көсемі Әлихан Бөкейхан шығармашылығы. 
8.  «Айқап» 
журналы  мен  «Қазақ»  газеті  арасындағы  саяси-мәдени 
ағартушылық сипаттағы айтыс. 
9.  «Сарыарқа» газеті салған сара жол. 
10.  «Бірлік туы» газеті - ұлттық идеяның рәмізі. 
11.  «Алаш»  газеті  мен  «Үш  жүз»  газетінің  идеялық  ерекшелігі.  «Қазақ  мұңы» 
газеті мен «Темір қазық» журналының саяси ұстанымы. 
12.  "Алаш  баспасөзі"  деп  шартты  бөлудің  себебі.  «Абай»,  «Сана»  қоғамдық-
саяси  және  әдеби  журналының  қазақ  баспасөз  тарихындағы  ерекшелігі. 
«Еркін  қазақ»,  «Қазақ  тілі»  газеттерінің  аумалы-төкпелі  дәуірдегі  мән-
маңызы. 
13.  Кеңестік баспасөздің тууы мен қалыптасу тарихына көктей шолу. «Ақ жол» 
(1920-1925 жылдар) газеті - алаш идеясының насихатшысы. «Еңбекші қазақ» 
(1921  жылдан  шыға  бастады  бүгінгі  атауы  «Егемен  Қазақстан»  газеті) 
кеңестік саясаттың тілі. 
14.  Мұстафа  Шоқай  және  "Яш  Түркістан"  журналы.  Мұстафа  Шоқайұлы 
большевиктік  саясаттың  Түркістан  өлкесіндегі  этникалық  ұлт  пен  ұлысқа 
бағытталған зұлматын күллі әлем жұртшылығына әшкерелеуші. 
15.  1920-30  жылдары  кеңестік  Қазақстанда  орын  алған  қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени-рухани 
дағдарыстардың 
баспасөз 


51 
 
бетіндегі  көріністері.  Алаш  арыстарының  1920-30  жылдардағы  кеңестік 
қызыл саясаттың қырғынға ұшыратқан ұлт қасіретіне қарсы күресі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   365




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет