5В060200-«Информатика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата15.11.2019
өлшемі1,35 Mb.
#51884
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
5В060200-Информатика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
5В060200-«Информатика»  мамандығы бойынша 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
 
 
*  *  * 
 
ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ ДИСЦИПЛИН 
 
по специальности  5В060200-«Информатика»  
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2017 


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
5В060200-«Информатика»  мамандығы бойынша 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
 
 
*  *  * 
 
ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ ДИСЦИПЛИН 
 
по специальности  5В060200-«Информатика»  
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2017 
 


 
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ 
ҰСЫНҒАН. 
2.  Типтік  оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрі  міндетін  атқарушының  2013  жылғы  16  тамыздағы  №343  бұйрығы    
негізінде бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген (80 қосымша). ҚР 
Білім  және  ғылым  министрлігі  2016  жылғы  05  шілдедегі  №425  бұйрығымен 
өзгертулер енгізілген.   
3.  Республикалық  оқу-әдістемелік  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымындағы №2 мәжіліс хаттамасының 
шешімімен БЕКІТІЛДІ. 
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  рұқсатынсыз  осы 
типтік бағдарламаларын көбейтуге және таратуға болмайды. 
 
1.  РАЗРАБОТАНЫ  и  ВНЕСЕНЫ  Казахским  национальным  университетом 
им. аль-Фараби. 
2.  Типовая  учебная  программа  разработана  в  соответствии  с  типовым 
учебным  планом,  утвержденным  приказом  исполняющего  обязанности 
Министра  образования  и  науки  Республики  Казахстан  от  16  августа  2013 
года  №  343  (Приложение  80).    Внесены  изменения  приказом  Министра 
образования и науки РК от 5 июля 2016  № 425. 
3.УТВЕРЖДЕНЫ  протокольным  решением  №2  заседания  Республиканского 
учебно-методического  совета  высшего  и  послевузовского  образования  от  30 
июня 2016 года. 
 
Настоящие  типовые  учебные  программы  не  могут  быть  тиражированы  и 
распространены  без  разрешения  Министерства  образования  и  науки 
Республики Казахстан 
@ КазНУ аль-Фараби, 2017
 
 


 
KKT 2202 КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 
 
көлемі  2 кредит 
 
Авторлары: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты Е.П. Макашев 
PhD Т.С. Иманқұлов  
 
Пікір жазғандар: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-нің ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті Дуйсебекова К.С.    
PhD, ҚБТУ–дың ақпараттық технологиялар факультетінің деканы 
Ақжалова А.Ж. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
Пәннің қойылуы: курстың негізгі мақсаты студенттің коммуникативті 
құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Кәсіби қызметтердің әр түрлі 
салаларында,  ғылыми  және  практикалық  жұмыстарда,  қазақ  елдік 
серіктестіктермен қарым-қатынаста және басқа да өзіндік мақсаттарда  қазақ 
тілін қолдануға мүмкіндік береді.  
Студенттің берілген пәнді меңгеру нәтижесінде  
-  қазақ  тілінде  жеке,  іскерлік  және  кәсіптік  қатынаста  өз  ойын 
білдіруге, пікір айтуға;  
- қазақ тілінде сөйлесу, оқу, хат жазуға  
дағдысы болуы қажет; 
-  кәсіптік  деңгейдегі  қатынаста,  қазақ  тілді  оқулықтардан  кәсіптік 
ақпарат алу үшін қажетті көлемде қазақ тілін;  
- кәсіби және жалпы қазақ тіліндегі мәтіндерді аударуға, оқуға қажетті 
қазақ тілінің іскерлік және кәсіби лексикасын;  
- әдеби және сөздік тілдің құрылымының негізгі грамматикасын  
білуі тиіс;  
- кәсіби іскерлік және жеке аралық қазақ тілін қолдану;  
-  қазақ  тілінде  сұхбаттасу  кезінде  сұхбаттасушымен  пара  пар  пікір 
жүргізу, өз ойын толық жеткізу;  
- қазақ тілінде жазбаша қатынас жүргізу, іскерлік хат құру;  
-  кәсіби  біліктілігі  мен  мәдениет  деңгейінің  көтерілуі  және 
интелектуалды  дамуы  үшін  таным  құралдары  мен  әдістерін  қолдану 
біліктілігі болуы қажет.  
Пәннің  маңызы  мен  ролі:  берілген  пән  студенттердің  гуманитарлық 
дамуына  бағытталған  пән  тақырыптарын  дамытады  және  бакалавр  пәні 
болып табылады.  
Бұл 
пәннің 
алдында 
оқылатын 
пәндер: 
Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар. Қазақ тілі. 


 
Берілген  пәнді  оқып  меңгеруге  қажетті  білімді,  дағдыны  және 
шеберлікті 
қамтитын 
пәндер
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар. Қазақ тілі.  
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырып аттары 
 
Кәсіби қазақ тілінде мамандық саласындағы пәндерге кіріспе. 

Ақпараттық  технологиялар  және  информатика  саласы  бойынша  
мамандарды  дайындау  құрылымында  «Кәсіби  қазақ  тілі»  пәнінің 
мәні мен ролі. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеті. 
 
Кәсіби қазақ тілі ақпараттық технологиялар және информатика 
саласында қызмет көрсететін пәндік феномен. 

Информатика  рөлін  қазақ  тіліндегі  технологиялар  және  ғылымның 
біртұтастығы түрінде талдау.  

Заманауи  информатика  құрылымын  оқу  үшін  қазақ  тілін  қолдану. 
Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны. 
 
Пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді қалыптастыру негіздері. 

Есептерді шешу мен шешімді табу стратегияларын үйренуге қажетті 
арнайы кәсіби бағытталған материал.  
 
Компьютерлік  жүйелердің  аппараттық  және  бағдарламалық 
жабдықтарының 
негізгі 
түсініктерінмеңгерудегі 
базалық 
категориялы-түсінікті аппараты. 

Ақпараттардың  берілуінің,  сақтау  және  өңделуінің  қазақ  тіліндегі 
негізгі түсініктері. 

Компьютерлік  жүйелердің  аппараттық  және  бағдарламалық 
жабдықтарын меңгерудегі базалық категориялы-түсінікті аппараты. 
 
Операциялық  жүйелер  мен  желілерді  оқуға  қажетті  кәсіби 
қазақтілдік терминдер. 

Қазақ тілінде  информатика саласының негізгі  терминдеріне кәсіптік 
сөздік құру. 
 
Арнайы кәсіби материал және оны берілген кәсіптік мәселелерде 
қолдану. 

Ақпараттық 
технологиялар 
саласында 
 
ғылыми 
стильдің 
артықшылықтары. 

Ғылыми баяндама құрудың тәсілдері. 
 
Мамандық  бойынша  қазақ  тілінде  пәндік  аймақ  мазмұнының 
сипаттамасы. 
10 
Аннотацияларды,  рефераттарды,  тезистер  мен  хаттарды  жазу 
техникасы. 
 
Кәсіби біліктілік: қазақ тіліндегі мәтіндердің кәсіптік мазмұнына 
монологиялық пікірін білдіруге бағытталу. 
11 
Ғылыми мәтіндерді аудару әдістері. 
12 
Кәсіптік қатынас сферасында сөздерді түсіну. 


 
 
Кәсіби қазақ тілінің пәндермен байланысы. 
13 
Кәсіптік әдебиеттерді оқудың негізгі ережелері, кілттерді белгілеу. 
14 
Алгоритмдік тілде бағдарламалау саласының кәсіптік терминдері. 
 
Кәсіби қазақ тілін өзгерту және жіктеу. 
15 
Қолданылу  сферасы  бойынша  кәсіби  бағытталған  қазақ  тілінің 
лексикалық жіктелуі. 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Пәнді  оқытудың  мақсаты:  курстың  негізгі  мақсаты  студентке 
коммуникативтік  құзреттілігін  меңгерту  болып  табылады.  Кәсіптік 
іскерліктің  әр  түрлі  салаларында,  ғылыми,  практикалық  жұмыстарда, 
қазақтілді  серіктестікте  және  басқа  да  өзіндік  мақсаттарда  қазақ  тілін 
қолдануға  мүмкіндік  береді.  Практикалық  мақсаттар  қатарына  басқа 
мемлекет пен халықтың рухани байлықтарын сыйлау,  студенттің  күнделікті 
және кәсіби қарым-қатынаста ойлау мәдениеті мен қабілетін кеңейту жатады, 
сонымен  қатар  кәсіби  қазақ  тілі  оқу  және  тәрбиелік  мақсаттарда  да 
қолданылады.  
Пәнді оқытудың мақсаты:  

 
әр  түрлі  функциональдық  стильдердегі  және  жанрлардағы 
әдебиеттерді  оқу  тәрізді  жазбаша  және  ауызша  қарым-қатынастарда  қазақ 
тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;  

 
күнделікті  және  кәсіби  сипаттағы  сұхбаттарға  қатысуға  және 
коммуникативті өз ойын жеткізуге үйрету;  

 
сөйлеудің  этикалық  ережелерін  сақтап  монологтық  пікір  айтудың 
негізгі түрлерін меңгерту мен есту арқылы оны түсінуге үйрету;  

 
іскерлік хаттың негізгі түрлерін білуге үйрету;  

 
тілдік  құралдарды  және  фонетика,  лексика,  грамматика  сияқты 
аспектілерде оларға пара-пар тіл дағдыларын құруға үйрету;  

 
қазақ тілінде анықтама-сөздік әдебиеттерді қолдануды үйрету;  

 
ұлттық  мәдениетті,  сонымен  бірге  оқылатын  тілдің  мемлекетінде 
кәсіпті енгізу және қатынасу мәдениетін меңгеруге үйрету;  

 
өзіндік шығармашылықты ізденуге үйрету.  
Аталған  пәнді  оқудың  объектісі  кәсіби  бағытталған  лексика,  кәсіптік 
терминдер  және  конференцияларға  аннотациялар,  баяндамалар,  ғылыми 
мақалалар жазудың ғылыми стилдері болып табылады. 
Аталған пәнді оқудың әдістері: аналитикалық; диалектикалық, ғылыми-
зерттеу және т.б.  
Аталған пәннің басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөлі: аталған пән 
ғылым ретінде лексиканы, грамматикалық құрылымды және кәсіби біліктілік 
спецификациясын  қоса  алғанда  қазақ  тілде  адамның  іскерлік  қатынасының 
негізгі  түрлерін  оқиды.  Аталған  пәннің  аясында  алынған  білім  маманға  әр 
түрлі  сала  бойынша  ғылыми,  кәсіпкерлік  іскерлікте,  тәжірибелік  жұмыста, 


 
қазақ елдік әріптестермен қатынаста және өзіндік басқа да мақсаттарда қазақ 
тілін қолдануға мүмкіндік береді. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Кәсіби қазақ тілінде мамандық саласындағы пәндерге кіріспе. 
Ақпараттық  технологиялар  және  информатика  саласы  бойынша 
мамандарды  дайындау  құрылымында  «Кәсіби  қазақ  тілі»  пәнінің  мәні  мен 
ролі. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеті. 
Кәсіби  қазақ  тілі  ақпараттық  технологиялар  және  информатика 
саласында қызмет көрсететін пәндік феномен. 
Информатика  рөлін  қазақ  тіліндегі  технологиялар  және  ғылымның 
біртұтастығы  түрінде  талдау.  Заманауи  информатика  құрылымын  оқу  үшін 
қазақ  тілін  қолдану.  Ғылым  жүйесіндегі  информатиканың  орны.  Қоршаған 
ортада және ондағы болып жатқан құбылыстардың ақпараттық процесстерін 
қазақ тілінде талдауда жүйелік-ақпараттық тәсілдердің артықшылығы. 
Пәндік-тілдік  материалдарды  меңгеруді  қалыптастыру  негіздері. 
Есептерді шешу мен шешімді табу стратегияларын үйренуге қажетті арнайы 
кәсіби 
бағытталған 
материал. 
Алгоритмдердің 
қасиеттері 
мен 
концепциялары, алгоритмдерді қазақ тілінде жүзеге асыру. 
Компьютерлік  жүйелердің  аппараттық  және  бағдарламалық 
жабдықтарының негізгі түсініктерін меңгерудегі базалық категориялы-
түсінікті  аппараты.  Ақпараттардың  берілу,  сақтау,  өңделу,  жіберу  және 
түрлендірудің  қабылдау  құралдары  мен  әдістерінің  қазақ  тіліндегі  негізгі 
түсініктері.  Компьютерлік  жүйелердің  аппараттық  және  бағдарламалық 
жабдықтарын  меңгерудегі  базалық  категориялы-түсінікті  аппараты.  Қазақ 
тілінде  аппараттық  және  бағдарламалық  жабдықтарды  сипаттаудың 
артықшылықтары. 
Операциялық  жүйелер  мен  желілерді  оқуға  қажетті  кәсіби  қазақ 
терминологиясы. 
Қазақ 
тілінде 
информатика 
саласының 
негізгі 
терминдеріне  кәсіптік  сөздік  құру.  Қазақ  тілінде  информатиканың  базалық 
категорияларын аудару спецификациясы. Глоссарий құрудың артықшылығы. 
Информатика  саласында  кәсіптік  сөздікті  қолдану  дағдысы.  Электрондық 
сөздікті қолдану. Википедияны қолдану. 
Арнайы  кәсіби  материал  және  оны  берілген  кәсіптік  мәселелерде 
қолдану.  Ақпараттық  технологиялар  саласында  ғылыми  стильдің 
артықшылықтары. Ғылыми баяндама құрудың тәсілдері. 
Арнайы  кәсіби  материал  және  оны  берілген  кәсіптік  жағдайларда 
қолдану. Ақпараттық технологиялар саласында  ғылыми стильді қолданудың 
негізгі  артықшылықтары.  Ауызша  хабарлама  құрудың  техникасы.  Ғылыми 
баяндама (доклада) құрудың тәсілдері. 
Мамандық  бойынша  қазақ  тілінде  пәндік  аймақ  мазмұнының 
сипаттамасы.  Аннотация  жазудың  техникасы.  Реферат  құру  техникасы. 
Тезистер  жазу.  Хабарламалар  жазу.  Жеке  хаттар  жазу.  Іскерлік  хаттарды 


 
құрастырудың принциптері. Биографиялар жазу. 
Кәсіби  біліктілік:  қазақ  тіліндегі  мәтіндердің  кәсіптік  мазмұнына 
монологиялық  пікірін  білдіруге  бағытталу.  Сөздік  шығармашылықтарды 
аудару  тәсілдері.  Ғылыми  мәтіндерді  аудару  бірліктері.  Ғылыми  мәтіндерді 
аударудың 
лексикалық 
тәсілдері. 
Ғылыми 
мәтіндерді 
аударудың 
грамматикалық  тәсілдері.  Ғылыми  мәтіндерді  аударудың  стилистикалық 
тәсілдері.  Кәсіптік  қатынас  сферасында  диалогтық  сөйлеулерді  түсіну. 
Кәсіптік қатынас сферасында монологтық сөйлеулерді түсіну. 
Кәсіби  қазақ  тілінің  пәндермен  байланысы.  Англотілдік  мәтіндерді 
оқудің  негізгі  ережелері.  Мәтіннің  негізгі  бөлімдерін  белгілудің  тәсілдері. 
Мәтіннің  кілттік  сөздерін  таңдау.  Заманауи  ақпараттық  технологиялар және 
бағдарламалау тілдерін оқу саласында кәсіби қазақ елдік терминдер. 
Кәсіби  қазақ  тілін  өзгерту  және  жіктеу.  Қолданылу  сферасы 
(терминдік,  жалпығылыми  және  ресми)  бойынша  кәсіби  бағытталған  қазақ 
тілінің  лексикасының  жіктелу  түсінігі.  Терминдік  лексика.  Жалпығылыми 
лексика. Ресми-іскерлік лексика. 
 
СЕМИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА 
ҰСЫНЫЛАТЫН  ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ҮЛГІСІ 
 
1. 
Кәсіптік қазақ тілінде информатиканың пәндік аймағы. 
2. 
Қазақ  тілінде  компьютер  архитектурасы,  санау  жүйесін  және  бульдік 
алгебра  базалық  негізін  түсіну  үшін  кәсіптік  техникалық  сөздіктерді 
қолдану. 
3. 
Алгоритмдер құру негізі аймағында қазақ тіліндегі кәсіптік терминдер. 
4. 
Қазақ тілінде блок-схеманың (блок-схема элементтері, блоктар типтері) 
негізі түсінігі. 
5. 
Қазақ тілінде алгоритмдердің тиімділігін талдау. 
6. 
Қазақ тілінде іздеу және сұрыптау алгоритмдердін үйрену. 
7. 
Операциялық  жүйелерде  және  жобалау  аймағында  қолданылатын 
кәсіптік терминдер. 
8. 
Қазақ  тілінде  кәсіптік  терминдерді  қолданып  пәндік  аймақта  деректер 
қорын жобалауды үйрену. 
9. 
Қазақ тілінде заманауи бағдарлмалау технологиясын үйрену. 
10.  Заманауи  бағдарламалау  тілдерінің  дамуының  болашағын  қазақ  тілінде 
талқылау. 
 
СӨЖ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ 
 
1.  Қазақ  тіліндегі  программалау  тілдері  жайлы  шолу  ғылыми 
мақалаларын дайындау.  
2.  Қазақ  тіліндегі  есептеуіш  техника  мен  ақпараттық  технологияның 
дамуының перспективті бағыттары тақырыбына эссе жазу.  


 
3.  Қазақ  тіліндегі  Web  технологиялардың  артықшылықтары  мен 
кемшіліктерін көрсете отырып, салыстыру анализін өткізу. 
4.  Қазақ  тіліндегі  жаңашыл  қарым-қатынас  құралдары  тақырыбына 
реферат дайындау.  
5.  Қазақ тіліндегі операциялық жүйенің дамуының базалық тенденция 
бойынша әдебиеттерге шолу өткізу.  
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі : 
1. 
Бөрібаев  Б.,  Дүйсебекова  К.  Си  тілінде  программалау  Оқу  әдістемелік 
құрал, Қазақ университеті. – 2007.  
2. 
Балапанов  Е.,Бөрібаев  Б.,  Бекбаев  А.  т.б.  Информатика  терминдерінің 
қазақша-ағылшынша-орысша сөздігі.; Алматы; Сөздік-Словарь, 1998. 
3. 
Хакимова  Т.  Компьютерлік  өңдеудің  әдістемелері.  -  Алматы:  Ғылым, 
2002. – 160 б. 
4. 
Хакимова Т.Х. Компьютерлік өңдеуді автоматтандыруда инновациалық 
технологияларды пайдалану.(Оқу құралы). Издательство "Заң әдебиеті", 
Алматы 2007. – 98 б. 
5. 
Хакимова  Т.Х.  Графикалық  компьютерлік  моделдеу(Оқу  құралы).  –
Издательство"Қазақ университеті", Алматы, 2008. –130 бет. 
 
Қосымша: 
1. 
Алдашев  С.А.  Русско-казахский  словарь  основных  терминов 
информатики и вычислительной техники. – Алматы, 1993. 
2. 
Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. – Алматы, 2006.  
 
 


 
KBShT 2202 КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІ 
 
көлемі 2 кредит 
 
Авторлары: 
филология ғылымдарының докторы, профессор Молдағалиева А.А. 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Пыркова А.Ю. 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мансурова М.Е. 
 
Пікір жазғандар: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті Мусиралиева Ш.Ж. 
техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ІТ Университетінің 
ақпараттық жүйелер кафедрасының қауымдастырылған профессор 
Сатыбалдиева Р.Ж. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан 
реформалар,  өз  қызметкерлігінде  алға  ұмтылып,  үнемі  барлығына  үлгеріп 
жүре  алатындай  жаңа  түрдегі  жоғары  мамандандырылған  мамандарды 
дайындау үшін әзірленген.  
Қазақстанның үштілділік ияеясына негізделген тілдік саясаты ағылшын 
тілін халықаралық қарым-қатынас құрылғысы ретінде, ал мемлекеттік қазақ 
және  орыс  тілдерінің  жанында  халықаралық  қарым  қатынас  тілдері  ретінде 
игеруді  ұсынады.  Халықаралық  интеграцияның  кеңеюі,  жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  белсенді  түрде  енгізілуі,  әлемнің  көптілді,  саяси-мәдени 
және  көп  полярлы  бола  түсуі  ҚР  –  ның  білім  беру  жүйесінің 
интернационалдандыру мен халықаралық қарым-қатынас құрылғысы ретінде 
ағылшын тілін қолдануды ұсынады. 
Заманауи  білім  беру  жүйесінің  назарына  ынтымақтастыққа  қабілетті, 
топпен жұмыс істеуге, әртүрлі ұлт өкілдерімен келіссөздер жүргізе алуға, өз 
бетінше ойлай алатын мамандарды дайындау мәселесі қойылды.  
Бұл  жағдайда  шет  тілдерін  меңгеру  адамдардың  көпұлтты  және 
көптілді  қоғамда  әлеуметтік  қызметкерлігінің  негізгі  құралы,  жалпы 
ғаламдық  ойлау  қабілеті  бар,  мәдени  және  интеллектуалды  даму  мен  жеке 
тәрбиесінің факторы болып табылады.  
Отандық  және  халықаралық  еңбек  нарығында  аса  қажетті  және  білім 
беру  кеңістігінде  жан-жақты,  жоғары  білікті  мамандарды  дайындау 
бағдарламасының  негізгі  компоненттерінің  бірі  «Кәсіби  бағытталған  шет 
тілі» болып табылады. Қазіргі таңда шет тілін терең меңгерген университет 
бітірушілеріне  арнайы  әлеуметтік  тапсырыстар  қалыптасқан,  әлемдік 
академиялық білімді пайдалануда шет тілі мәнін бағалау мүмкін емес болса 

10 
 
да, бакалаврларды дайындау жүйесінде оқытылатын басқа курстар арасында 
«Кәсіби бағытталған шет тілі» ерекше орын алған. 
Кәсіби  бағытталған  шет  тілін  игеру  тәжірибелік  есептерді  шешу  үшін 
қажетті дағдылар мен икемділіктер, алынған білімге сәйкес негізделе отырып 
дамитын  құзыреттілікке  негізделген.  Нәтижесінде  студенттер  келесідей 
құзыреттіліктерге 
ие 
болады: 
мәдениетаралық 
және 
танымдық; 
коммуникативті  –  кәсіби  бағытталған  және  лингвистикалық.  Берілген 
бағдарлама  келесі  төмендегі  қағидаға  негізделген  құзыреттілікті
 
іске 
асырумен қамтамасыз етуге бағытталған:  

Шет 
тілінде 
қарым-қатынас 
жасау 
процесінде 
кәсіби-
коммуникативті құзыреттілігін дамыту және қалыптастыру; 

Білім  беру  мазмұны  компоненттерін  таңдауда  пәнаралық 
байланыстарды қарау; 

Қолданылған оқу материалдарының шынайылығы; 

Кәсіби  бағытталған  шет  тілін  игеру  және  оқыту  процесіне  жеке 
көзқарасының бағыты; 

Студенттердің  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  икемді  және 
жауапкершілікті болуы; 

Оқу  процесінде  студенттің  автономдығын  дамытуға  ықпал  ететін 
өзін-өзі бағалау және рефлексияны қолдану

Электрондық құрылғыларды қолданумен тілді аралас оқыту; 

Оқуға интерактивті икемділік. 
«Кәсіби  бағытталған  шет  тілі»  курсының  ерекшелігі  шет  тілі  мен 
профилдік пәндер арасындағы пәнаралық байланыстарды күшейту жолымен 
жүзеге 
асырылатын 
болашақ 
мамандарды 
дайындауда 
оқытуды 
лингвистикалықтан лингво-кәсіби оқытуға ауыстыру болып табылады. 
Берілген  бағдарлама  5B060200  –  Информатика  мамандығы  бойынша 
білім  алушы  студенттерге  арналған  және  оларға  келесі  тек  кәсіби-
коммуникативтік  құзыреттіліктен  басқа  коммуникативті  икемділіктерді 
ұсынатын мақсаттарды қалыптастырады: 

Мамандық бойынша негізгі мәтіндерді түсіну және оқу; 

Негізгі  монологиялық  және  диалогтық  сипаттағы,  әңгіме,  сұхбат, 
талқылау, хабарлама түріндегі ауызша мәтіндерді түсіну; 

Мамандық  бойынша  ағылшын  тіліндегі  ғылыми  және  ғылыми-
танымал мәтіндерге ауызша және жазбаша түсініктеме беру; 

Әртүрлі  кәсіби  тақырыптар  бойынша  хабарламалар,  есеп  беру, 
презентация жасау; 

Ақпараттық  сипаттағы  жазбаша  мәтіндерді  құру  (хабарлама,  есеп 
беру, презентация жасау); 

Іскерлік хат жазысу; 

Мамандық  бойынша  мәтіндерді  шет  тілінен  ана  тіліне  және  ана 
тілден шет тіліне жазбаша аудара алу; 

Мамандық  бойынша  мәтіндерді  шет  тілінен  ана  тіліне  және  ана 
тілден шет тіліне ауызша аудара алу.  

11 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет