5В060200-«Информатика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата15.11.2019
өлшемі1,35 Mb.
#51884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
5В060200-Информатика


НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Нақты сандар және жиындар теориясының элементтері 
Жиын  туралы  түсінік.  Жиындарға  қолданылатын  амалдар  (бірігуі, 
қиылысуы,  айырымы,  жиындардың  тіке  көбейтіндісі).  Нақты  сандар.  Нақты 
сандардың  қасиеттері.  Бірінің  ішінде  бірі  жатқан  кесінділер  принципі. 
Шенелген сандар жиындар. Сандар жиынының дәл шекаралары (дәл төменгі 
және дәл жоғарғы шекаралары). Бос емес сандар жиынның дәл жоғарғы және 
дәл төменгі шекараларының бар және жалғыз болуы туралы теорема. 
 
Сандық тізбектер 
Тізбек  және  тізбектің  шегі.  Тізбектерге  қолданылатын  арифметикалық 
амалдар. Шектелген, шектелмеген, ақырсыз аз және ақырсыз үлкен тізбектер. 
Ақырсыз аз тізбектердің негізгі қасиеттері. Ақырсыз аз және ақырсыз үлкен 
тізбектер  арасындағы  байланыс.  Жинақталатын  тізбектер  және  олардың 
қасиеттері.  Жинақталатын  тізбектің  шегінің  жалғыздығы.  Жинақталатын 
тізбектің  шектелуі.  Теңсіздіктермен  байланысты  жинақталатын  сандық 
тізбектердің қасиеттері. 
 
Монотонды тізбектер 
Монотонды  тізбектер.  Монотонды  және  шектелген  тізбектің 
жинақтылығы  туралы  теорема.  е  саны.  Жинақты  монотонды  тізбектердің 
мысалдары.  Кез-келген  сандық  тізбектің  құрылымы:  тізбекшелер,  дербес 
шектер,  тізбектің  жоғарғы  және  төменгі  шектері.  Больцано  –  Вейерштрасс 
теоремасы. Тізбек жинақтылығының Коши критерийі. 
 
Функцияның шегі 
Функциялар.  Функциялардың  композициясы,  кері  функция,  функция 
графигі.  Негізгі  элементар  функциялардың  графиктері.  Функцияның 
нүктедегі шегі (Гейне және Коши бойынша анықтамалары). Нүктеде шегі бар 
функциялардың  қасиеттері.  Функцияның  біржақты  шектері.  Функцияның 
шегі бар болуының  Коши  критерийі. Монотонды  функцияның  шегі. Шексіз 
аз  және  шексіз  үлкен  функциялар.  Функцияларды  салыстыру.  Тамаша 
шектер. 
 
Үзіліссіз функциялар 
Функцияның  нүктедегі  үзіліссіздігі.  Функцияның  үзіліс  нүктелері. 
Функцияның  біржақты  үзіліссіздігі.  Кесіндіде  үзіліссіз  функциялардың 
қасиеттері:  Вейерштрасстың  теоремалары,  Больцано-Коши  теоремасы. 
Монотонды  функциялардың  үзіліссіздігі  және  үзіліс  нүктелері.  Кері 
функцияның  бар  болуы  және  оның  үзіліссіздігі.  Күрделі  функцияның 

22 
 
үзіліссіздігі.  Элементарлық  функциялардың  үзіліссіздігі.  Функцияның 
бірқалыпты үзіліссіздігі. Кантор теоремасы. 
 
Бір  айнымалыдан  тәуелді  функциялардың  дифференциалдық 
есептеулері 
Функциялардың  туындысы.  Біржақты  туындылар.  Функцияның 
нүктедегі  дифференциалдануы,  дифференциал.  Функция  туындысы  мен 
дифференциалының  геометриялық  пен  физикалық  мағыналары.  Бірінші 
дифференциал  формасының  инварианттығы.  Функцияның  нүктедегі 
дифференциалдануы  мен  үзіліссіздігі  арасындағы  байланыс.  Функцияны 
дифференциалдаудың 
ережелері: 
функциялардың 
қосындысының, 
айырмасының,  көбейтіндісінің,  бөліндісінің  туындыларын  табу.  Күрделі 
функцияны 
дифференциалдау. 
Кері 
функцияны 
дифференциалдау. 
Параметрлік 
түрде 
берілген 
функцияларды 
дифференциалдау. 
Айқындалмаған  түрде  берілген  функцияны  дифференциалдау.  Логарифмдік 
туынды. Элементарлық функциялардың туындылары. 
 
Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар 
Жоғары  ретті  туындылар  мен  дифференциалдар.Лейбниц  формуласы. 
Дифференциалданатын  функциялар  үшін  негізгі  теоремалар:  Ферма,  Ролль, 
Лагранж 
(ақырлы 
өсімшелер 
формуласы), 
Коши 
теоремалары. 
Анықталмағандықтарды  ашу  Лопиталь  ережесі.  Тейлор  формуласы.  Тейлор 
формуласының  қалдық  мүшесі.  Тейлор  формуласының  қалдық  мүшесінің 
Лагранж, Пеано және Коши түрінде жазылуы. Маклорен формуласы. Негізгі 
элементар функциялардың Маклорен формуласы бойынша жіктелуі. 
 
Функцияны туындының көмегімен зерттеу 
Дифференциалданатын  функцияның  монотонды  болуының  критерийі. 
Функцияның экстремумы. Функция графигінің ойыстығы мен дөңестігі, иілу 
нүктелері.  Функция  графигінің  асимптотасы.  Вертикаль,  горизонталь  және 
көлбеу  асимптоталар.  Көлбеу  асимптоталар  туралы  теорема.  Кесіндідегі 
функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу. Функцияны толық зерттеу 
және оның графигін салу. 
 
Анықталмаған интеграл 
Алғашқы 
функция 
туралы 
түсінік. 
Анықталмаған 
интеграл. 
Анықталмаған 
интегралдың 
негізгі 
қасиеттері. 
Анықталмаған 
интегралдардың  кестесі.  Анықталмаған  интегралды  айнымалыны  ауыстыру 
және бөліктеп интегралдау әдістерімен есептеу. 
 
Рационал,  иррационал  және  тригонометриялық  функцияларды 
интегралдау 
Рационал  бөлшектерді  интегралдау.  Дұрыс  рационал  бөлшекті  жай 
бөлшектерге  жіктеу.  Анықталмаған  коэффициенттер  әдісі.  Рационал 
бөлшектерді  элементар  функцияларды  интегралдауға  келтіру.  Иррационал 
өрнектерді  интегралдау.  Бөлшекті-сызықты  иррационалдықты  интегралдау. 

23 
 
Квадраттық 
иррационалдықты 
интегралдау.  Эйлер 
алмастырулары. 
Дифференциалдық  биномды  интегралдау.  Кейбір  тригонометриялық 
функцияларды интегралдау. 
 
Риман бойынша анықталған интеграл 
Анықталған  интеграл.  Дарбудың  жоғарғы  және  төменгі  интегралдық 
қосындылары.  Жоғарғы  және  төменгі  қосындылардың  негізгі  қасиеттері. 
Интегралданудың  қажетті  және  жеткілікті  шарттары.  Интегралданатын 
функциялар  кластары.  Жоғарғы  шегі  айнымалы  болатын  анықталған 
интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы. 
 
Анықталған интегралдардың қасиеттері мен есептеу әдістері 
Анықталған 
интегралдың 
қасиеттері. 
Интегралдарды 
бағалау. 
Теңсіздіктерді  интегралдау.  Орта  мән  туралы  теоремалар.  Анықталған 
интегралды  есептеу  әдістері:  айнымалыларды  ауыстыру,  бөлшектеп 
интегралдау.  Функцияны  интегралдау  үшін  рекурренттік  формулаларды 
қолдану. 
 
Анықталған интегралдың қолданылулары 
Жиынның  шекарасы  туралы  түсінік.  Жазық  фигура.  Жазық  фигураның 
ауданы.  Қисықсызықты  трапецияның  және  қисықсызықты  сектордың 
аудандары.  Қисық  туралы  түсінік.  Қисықтың  параметрлік  түрде  берілуі. 
Түзуленетін  қисық  туралы  түсінік.  Қисық  доғасының  ұзындығын  есептеу. 
Доғаның дифференциалы. Айналу денесінің көлемін есептеу. 
 
Меншіксіз интегралдар 
Шектеусіз  функцияның  интегралы.  Интегралдау  аралығы  шексіз 
болатын  меншіксіз  интегралдар.  Оң  функцияның  меншіксіз  интегралы 
(жинақтылық  критерийі,  салыстыру  теоремасы).  Абсолютті  және  шартты 
жинақталатын меншіксіз интегралдар. Меншіксіз интегралдардың жинақталу 
белгілері. 
 
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН 
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ 
 
1.  Математикалық  индукция  әдісі.  Ньютон  биномы.  Сандық  жиындардың 
жоғарғы және төменгі шекаралары. 
2.  Тізбектер  шегі.  Шексіз  аз  және  шексіз  үлкен  тізбектер.  Монотонды  және 
шенелген тізбектер. 
3. Тізбектің жинақтылығының Коши критериі. Тізбекшелер. Дербес шектері. 
Жоғарғы және төменгі шектері. 
4.  Функция  ұғымы.  Функцияның  анықталу  облысы.  Кері  функциялар. 
Күрделі  функциялар.  Параметр  түрде  берілген  функция.  Айқындалмаған 
түрде берілген функция. 
5.  Функцияның  шегі.  Функция  шегінің  бар  болуы  Коши  критерийі.  Тамаша 
шектер. Функцияларды салыстыру. 

24 
 
6.  Функцияның  үзіліссіздігі.  Функцияның  үзіліс  нүктелері.  Бірқалыпты 
үзіліссіздік. 
7.  Функцияның  туындысын  есептеу.  Кері  және  күрделі  функциялардың 
туындылары. 
Параметр 
түрде 
берілген 
функцияның 
туындысы. 
Айқындалмаған түрде берілген функцияның туындысы. 
8.  Функцияның  дифференциалы.  Жоғары  ретті  туындылар  және 
дифференциалдар. 
9. Тейлор формуласы. Лопиталь ережесі. 
10. Туындының көмегімен функцияны зерттеу, графигін салу. 
11.  Анықталмаған  интегралдар.  Анықталмаған  интегралды  айнымалыны 
ауыстыру және бөліктеп интегралдау әдістерімен есептеу. 
12. 
Рационал,  иррационал  және  тригонометриялық  функцияларды 
интегралдау. 
13. Анықталған интеграл. Анықталған интегралды айнымалыны ауыстыру 
және бөліктеп интегралдау әдістерімен есептеу. 
14. Анықталған интегралдардың қолданулары: ауданды, доғаның ұзындығын, 
көлемді есептеу. 
15. Меншіксіз интегралдар. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН 
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ 
 
1. Жиындар және оларға қолданылатын амалдар. 
2. Бос емес сандық жиынның супремумы және инфимумы. 
3. Шектің анықтамасы бойынша тізбектің шегін табу. 
4. Коши критерийі бойынша тізбек жинақтылығын дәлелдеу. 
5. Тізбектің жоғарғы және төменгі шектерін табу. 
6. Шексіз аз және шексіз үлкен шамалардың жинақтылығы. 
7. Функциялардың шектерін есептеу. Тамаша шектерді қолдану. 
8.  Функцияның  үзіліссіздігін  зерттеу.  Функцияның  үзіліс  нүктелерін 
анықтау. 
9.  Функцияның  туындысын  есептеу.  Кері  және  күрделі  функциялардың 
туындыларын  есептеу.  Параметр  түрде  берілген  функцияның  туындысын 
есептеу. Айқындалмаған түрде берілген функцияның туындысын есептеу. 
10.  Функцияны  туындының  көмегімен  толық  зерттеу  және  функция 
графигінің эскизін салу. 
11. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу. 
12. Анықталмаған интегралдарды есептеу. Рационал бөлшекті интегралдау. 
13. Квадраттық иррационалдықты интегралдау. 
14. Тригонометриялық функцияларды ннтегралдау. 
15. Меншіксіз интегралдарды есептеу. 
 
 

25 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА 
ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ 
 
1. Шектерді есептеу әртүрлі әдістер. 
2. Эквивалентті шамалардың таблицасы. Функцияларды салыстыру. 
3.  Функцияның  үзіліссіздігі.  Кері  функцияның  үзіліссіздігі.  Күрделі 
функцияның үзіліссіздігі. 
4. Функцияның бірқалыпты үзіліссіздігі. Кантор теоремасы. 
5. Функцияның туындысы. Дифференциалдау ережелері. 
6. Дифференциал көмегімен функцияның нүктедегі мәнін жуықтап есептеу. 
7. Жоғарғы ретті туындылар. Лейбниц формуласы. 
8. Функцияның өсу, кему аралықтары. Экстремум нүктелері. Функцияның ең 
үлкен және ең кіші мәндері. 
9. Функция графигінің иілу нүктелері мен доңестік бағыттары. 
10. Туынды қасиеттері арқылы функцияны зерттеу, графигін салу. 
11.  Анықталмаған  интегралдар.  Интегралдау  негізгі  әдістері:  жіктеу  әдісі, 
айнымалыны ауыстыру әдісі, бөліктеп интегралдау әдісі. 
12.  Кейбір  иррационал  функцияларды  интегралдау.  Дифференциалдық 
биномды интегралдау. Эйлер алмастыруларын қолданып интегралдау. 
13. Кейбір тригонометриялық функцияларды интегралдау. 
14.  Анықталған  интегралдың  геометрияда,  механикада,  физикада 
қолданулары. 
15. Меншіксіз интегралдарды зерттеу. 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі: 
1. Темиргалиев Н.Т. Математикалық анализ. Т. 1-3. Алматы,1997. 
2. Кудрявцев Л.Д. Курс математического анализа. Т. 1-3. М.: Дрофа, 2003. 
704 с. 
3. Ильин В.А., Садовничий В.А., СендовБл.Х. Математический анализ. Ч.1-2. 
М.: Изд. МГУ, 1985-1987. 
4. Зорич В.А. Математический анализ. Ч.1,2. М.: МЦНМО, 2007. 
5. Фихтенгольц Г.М. Курс дифференциального и интегрального исчисления. 
Т. 1-3. М.: Физматлит, 2001. 616 с. 
6. Демидович Б.П. Сборник задач и упражнений по математическому 
анализу. АСТ, 2009. 
7. Никольский С.М. Курс математического анализа. М.: Физматлит, 2001. 
 
Қосымша: 
1.  Пискунов  Н.С.  Дифференциальное  и  интегральное  исчисления.  М  Наука 
2002. 
2. Архипов Г.И. Лекции по математическому анализу, М. ВШ,2001. 

26 
 
3.  Ильин  В.А.,  Позняк  Э.Г.,  Основы  математического  анализа.  Т.  1,2.М. 
Физматлит, 2005. 648с. 
4. Бараненков Г.С. Задачи и упражнения по математическому анализу, 2001. 
5.  Виноградова  И.А.,  Олехник  С.Н.,  Садовничий  В.А.  Задачи  и  упражнения 
по математическому анализу. Т.1,2. М.: Дрофа, 2004. 
6. Берман Г.Н. Сборник задач по курсу математического анализа. СПб., 2001.  
7.  Кудрявцев  Л.Д.,  Кутасов  А.Д.  и  др.  Сборник  задач  по  математическому 
анализу. Т.1-3. М., 2003. 
8.  Токибетов  Ж.  А.  Некоторые  главы  математического  анализа.  Учебное 
пособие. 2011. 
9. Барабанов А.Е. Математический анализ. М.: МГУ, 2002. 
10. Бермант А.Ф., Араманович И.Г. Краткий курс математического анализа. 
2005. 
 
 

27 
 
ADK 1204 АЛГОРИТМДЕР ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
көлемі 3 кредит 
 
Авторы: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Гусманова Ф.Р. 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Турганбаева А.Р. 
 
Пікір жазғандар: 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті Дуйсебекова К.С.   
физика-математика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы 
ҚазҰПУ математика, физика және информатика Институтының директоры 
Бекпатшаев М.Ж.  
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
Пәннің  қойылуы:  «Алгоритмдер  және  деректер  құрылымы»  пәні 
студенттерге алгоритмдеу мен программалаудың негізгі түсініктері бойынша, 
алгоритмдер  мен  деректер  құрылымдары,  алгоритмдерді  құру  әдістері, 
алгоритмдерді  талдау,  программаларды  жазу  әдістері  мен  технологиялары, 
ақпараттарды  ішкі  сұрыптаудың  әр  түрлі  алгоритмдері  мен  іздеу  есебі 
туралы  білімді  қалыптастыруға  арналған.  Пәнді  оқу  барысында 
қарастырылатын  алгоритмдер  пайдалы  болуы  мүмкін  алгоритмдердің 
қасиеттері  мен  жағдайлары  қарастырылады  және  алгоритм  мен  есептеу 
жүйесінің  теориясын  талдаумен  байланыс  жүргізіледі,  алгоритмдердің 
тиімділігі зерттеледі. 
Әртүрлі  есептерді  шешудің  тиімді  алгоритмдерін  дайындауда 
студенттердің 
білімі 
мен 
меңгеруі 
ақпаратты 
өңдеудің 
іргелі 
алгоритмдерімен  қатар  заманауи  жаңа  алгоритмдік  әдістерді  меңгеруге 
ұмтылуын дамыту пәннің маңызы мен рөлі болып табылады. 
Пәнді оқу нәтижесінде студент 
- алгоритмдік әдістерді; 
- құрылымның 
ерекшеліктерін,  алгоритмдерді  ұйымдастыру  мен 
практикалық жүзеге асыруды  
білуі керек
- қарастырылатын  алгоритмдер  пайдалы  болуы  мүмкін  алгоритмдердің 
қасиеттері мен жағдайларын қарастыруды; 
- іргелі  есептеу  алгоритмдері  мен  олардың  қасиеттерін  пайдалана 
отырып,  алгоритмдердің  сызықтық,  тармақтық  және  циклдық  типтеріне 
келтіріп әр түрлі программаларды құруды; 
- әр  түрлі  ішкі  сұрыптаудың  әдістерін  пайдалана  отырып  массивтерді 
өңдеуді; 
- алгоритмді талдаумен байланысты зерттеуді; 

28 
 
- алгоритмдер тиімділігін талдауды; 
- есептеу  модельдері  мен  құрылымдарын  практикалық  пайдалану, 
алынған нәтижелерге талдауды  
жүргізе білуі керек
- есепті  шешу  үшін  алгоритмдер  мен  программаларды  дайындау 
бойынша; 
- заманауи  программалық  қамтаманы,  заманауи  есептеу  техниканы 
пайдалану бойынша практикалық жұмыс істеуге  
дағдысы болуы керек
Пәнді  меңгеру  барысында  студенттерде  келесі  құзіреттіліктер 
қалыптасуы керек
инструменталдық  құзіреттілік:  Ғаламтор  кеңістігінде  оңай  хабардар 
болуы,  «Алгоритмдер  және  деректер  құрылымы»  курсының  түсініктілік-
категориалдық аппаратпен ғылым және пән тұрғысынан таныс болуы; 
тұлға аралық құзіреттілік: пәнаралық командада жұмыс істеу арқылы 
қабілеттілікті  дамыту,  мәдени  аралық  айырмашылықтарды  қабылдауға 
қабілетті болуға; 

 
жүйелі  құзіреттілік:  заманауи  заңдарды  қолдана  білу  және 
хабардар  болуы;  заманауи  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып 
жаңа білімді алуға қабілетті болуы; 

 
пән  бойынша  құзіреттілік:  «Алгоритмдер  және  деректер 
құрылымы»  курсының  мазмұнын,  оның  мақсаты  мен  мәселесін  білуі,  блок-
схемалармен жұмыс  істеуді  білу,  солардың  негізінде программа  құра  білуге 
құзіретті болу керек.  
Аталған  пәнді  оқытудың  алдында  өтілетін  пәндер:  Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар. 
Аралас  пәндер  мен  осы  пәнге  негізделген  пәндер  тізімі:  Тілдер  мен 
программалау  технологиясы.  Объектіге-бағытталған  талдау  және  жобалау. 
Параллельді программалау. 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
№ 
Тақырыптар атаулары 

Компьютердің моделі. 

Алгоритмдер. Алгоритмдерді талдау принциптері. 

Деректердің типтері мен құрылымдары. 

Тізбектерді өңдеу алгоритмдері. Ішкі сұрыптау алгоритмдері. 

Жиындар. 

Хеш-кестелер. 

Іздеу алгоритмдері. 

Динамикалық программалау. 

Графтармен жұмыс істеу алгоритмдері. 
 
 
 

29 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Алгоритмдер  және  деректер  құрылымы»  пәнін  оқытудың  мақсаты
«Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәні студенттерге алгоритмдеудің 
негізгі  түсініктері  бойынша,  алгоритмдер  мен  деректер  құрылымдары, 
алгоритмдерді  құру  әдістері,  алгоритмдерді  талдау,  программаларды  жазу 
әдістері  мен  технологиялары  туралы,  ақпараттарды  ішкі  сұрыптаудың  әр 
түрлі алгоритмдері мен іздеу есебі туралы білімді қалыптастыруға арналған. 
Пәнді  оқу  барысында  қарастырылатын  алгоритмдер  пайдалы  болуы  мүмкін 
алгоритмдердің 
қасиеттері 
мен 
ерекшеліктері 
және 
жағдайлары 
қарастырылады, 
алгоритмдерді 
талдаумен 
байланыс 
жүргізіледі, 
алгоритмдердің тиімділігі зерттеледі. 
«Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәнінің нысаны және әдістер 
жүйесі.  Әртүрлі  алгоритмдер,  алгоритмдік  модельдер  мен  деректер 
құрылымы  ұсынылып  отырған  пәннің  оқыту  нысаны  болып  табылады. 
«Алгоритмдер  және  деректер  құрылымы»  пәні  заманауи  компьютерлік 
алгоритмдер  бойынша  түбегейлі  кіріспе  курсы  болып  табылады.  Пәннің 
категориалдық аппараты: әдіс, алгоритм, блок-схема, программа, ақпараттық 
құрылым, стратегия. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Компьютердің моделі 
Компьютердің толық моделі. Компьютердің ықшамдалған моделі. 
 
Алгоритмдер. Алгоритмдерді талдау принциптері 
Алгоритмдер. Алгоритмдерді талдау. Алгоритмдерді талдау принциптері. 
Алгоритмдерді  дайындау.  «Бөл  және  билік  жүргіз»  принципіне  негізделген 
алгоритмдерді талдау. Функцияның өсуі. О-нотация. Қарапайым рекурсиялар. 
Алгоритмдерді талдауға мысалдар. 
 
Деректердің типтері мен құрылымдары 
Деректердің  негізгі  типтері.  Массивтер,  көпөлшемді  массивтер. 
Массивтерді өңдеу.  Сызықты тізімдер. Деректердің абстрактілі типтері: стек, 
кезек,  дек.  Тізімдер.  Байланысқан  тізім.  Сақиналы  тізім.  Нұсқауыштар. 
Ақпараттық  құрылымдар.  Ағаштар.  Ағаштарды  беру.  Жадыны  динамикалық 
бөлу. 
 
Тізбектерді өңдеу алгоритмдері. Ішкі сұрыптау алгоритмдері 
Ішкі  сұрыптау  алгоритмдері:  қосып  сұрыптау,  таңдап  сұрыптау. 
Айырбастап  сұрыптау  алгоритмін  талдау.  Шейкерлік  сұрыптау.  Бөліп 
сұрыптау. Ішкі сұрыптаудың балама әдістері. 
 

30 
 
Жиындар 
Жиындарға операциялар қолдану. 
 
Хеш-кестелер 
Хештеу,  хеш-кестелері  және  шашырау  кестесі.  Хештеудің  негізгі 
идеясы.  Кілттер  және  хеш-функциялар.  Қайшылықты  болдырмау.  Кілттерді 
тарату.  Бірқалыптылық.  Есептеу  қарапайымдылығы.  Хеш-функциялар  мен 
хеш-кестелерді жүзеге асыру. 
Іздеу алгоритмдері 
Сызықтық  іздеу.  Екілік  іздеу.  Жолда  іздеу.  Жолдарды  өңдеу 
алгоритмдері. Рекурсивті алгоритмдер.  
 
Динамикалық программалау 
Конвейер жұмысының кестесі. Динамикалық программалау элементтері. 
 
Графтармен жұмыс істеу алгоритмдері 
Графтар  және  графтар  алгоритмдері.  Бағытталған,  бағытталмаған 
графтар. Максималды ағын туралы есеп. Ең қысқа жолды табу. 
 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН  
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ  
 
1. 
Блок-схема құру. 
2. 
Рекурсивті алгоритмдерді жүзеге асыру. 
3. 
Массивтерді өңдеу. 
4. 
Ішкі сұрыптау алгоритмдерін жүзеге асыру.  
5. 
Хеш-функцияларды құру. 
6. 
Іздеу алгоритмін жүзеге асыру. 
7. 
Динамикалық жадыдағы құрылымдар.  
8. 
Графта ең қысқа жолды табу.  
 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН  
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ 
 
1. 
Алгоритмдердің  типтері  мен  қасиеттері.  Базалық  басқару  құрылымдары. 
Алгоритмдерге мысалдар. 
2. 
Циклдық құрылым алгоритмдері. Массивтерді өңдеу алгоритмдері.  
3. 
Ағаштарды беру мысалдары. Деректердің абстрактілі типтері.  
4. 
Қосып сұрыптау, таңдап сұрыптау алгоритмдеріне мысалдар. 
5. 
Біріктіріп сұрыптау алгоритмдері. 
6. 
Кестеде іздеу. Жолды тікелей іздеу. 
7. 
Деректердің динамикалық құрылымы. 
8. 
Компьютер моделі.  
9. 
Функцияның өсуі. Асимптотикалық белгілеулер.  
10.  Көпбайланысты құрылымдар. 
11.  Ішкі сұрыптаулардың балама әдістері.  

31 
 
12.  Объектілі-бағытталған программалаудың негіздері.  
13.  Кластар иерархиясы.  
14.  Абстрактілі салыстырмалы объектілер. 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі: 
1. 
Дүйсембаев  Ә.Е.  Информатика:  деректер  құрылымы,  сұрыптау  мен 
іздеу: оқу құралы. Толықт., өңд. 2-ші бас. – Алматы:  Dair, 2010. – 170 б. 
2. 
Ахмед-Заки  Д.Ж.,  Юлдашев  З.Х.,    Сералин  Ғ.Ә.  Алгоритимдер  және 
деректер құрылымы: оқу құралы. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2014. – 154 б. 
3. 
Бөрібаев  Б.  Алгоритмдеу,  мәліметтер  құрылымы  және  программалау 
тілдері: оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 235 б. 
4. 
Бөрібаев Б.Б., Махметова А.М. Алгоритмдеу және программалау тілдері: 
оқу құралы: электронды кітап.- Алматы, 2011. 
5. 
Мақашев Е.П. Алгоритмдер және программалау: оқу құралы. – Алматы: 
Қазақ ун-ті, 2015. – 118 б. 
6. 
Кормен Т., Лейзерсон Ч., Ривест Р., Штайн К. Алгоритмы. Построение и 
анализ. – 2012. – 1290 с. 
7. 
Вирт  Н.  Алгоритмы  и  структуры  данных.  –  СПб.:  Невский 
диалект. 2001. 
8. 
АхоА.,  Ульман  Дж.Теория  синтаксического  анализа,  перевода, 
компиляции. В 2 т. Т. 1, 2. – М.: Мир, 1980. 
9. 
Кнут Д. Искусство программирования, том 1. Основные алгоритмы. – 3-
е изд. –  М.: «Вильямс», 2006. –  720 с.  
10.  КнутД. Искусство программирования, том 2. Получисленные методы. 3-
е изд. –  М.: «Вильямс», 2007. –  832 с. 
11.  КнутД.  Искусство программирования, том 3. Сортировка и поиск. 2-е 
изд. – М.: «Вильямс», 2007. –  824 с. 
12.  Кнут  Д.Искусство  программирования,  том  4,  выпуск  2.  Генерация  всех 
кортежей и перестановок. –  М.: «Вильямс», 2008. –  160 с.  
13. Кнут  Д.,  Грэхем  Р.,  Паташник  О.  Конкретная  математика.  Основание 
информатики. –  М.: Мир; Бином. Лаборатория знаний, 2006. – 703 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет