5В060400 «Физика» мамандығы бойынша


Білім беру технологиялары



Pdf көрінісі
бет15/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам.pdf
Білім беру технологиялары 
" Кәсіби - бағытталған шет тілі" пәнін оқыту үдерісі барысында әртүрлі 
заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы студенттердің кәсіби-
коммуникативтік құзреттерін қалыптастыру көзделеді. Оқыту бағдарламасы ауыз 
екі сөйлеу дағдыларын дамытуға, интергративтік оқу түрлерін (іздестірілетін, 
қаралатын, зерттелетін), тыңдау және жазбаша сөйлеу дағдыларын (аннотациялау, 
түйіндемелеу), жазбаша және ауызша аудару дағдыларын дамытуға аса көңіл 
бөледі. 
Кәсіби - бағытталған шет тілін оқыту барысында мамандыққа байланысты 
құзіреттерді дамытуға ықпал ететін белсенді оқыту әдістері кеңінен 


пайдаланылады, олар – жоба жұмысы, дөңгелек үстел, интегративтік 
тапсырмалар, (кеңес, халықаралық кеңестер, келіссөздер) және интерактивтік 
тәсілдер (пікірталас, дебат, миға шабуыл, конференция, презентация, баяндама
көпшілік алдында сөйлеу). 
Негізгі қолданылатын оқу материалдары болашақ мамандардың жан -жақты 
кәсіби құзіреттерін дамытуға бағытталған әр түрлі деңгейдегі мамандыққа 
қатысты 
түпнұсқадағы 
мәтіндер, 
әдебиеттер 
және 
мультимедиалық 
материалдардан тұрады. 
Оқыту формасы 
Төмендегідей оқыту формасы қарастырылады: 
-
студенттерге оқытушының басшылығымен аудиториялық топтық сабақ 
жүргізу; 
-
студенттің аудиториялық топтың сабақ кезінде тексерілетін оқытушының 
тапсырмасын міндетті түрде өз бетінше орындайтын жұмысы (СӨЖ); 
-
кеңес беру кезінде тексерілетін оқытушының тапсырмасын міндетті түрде 
өз бетінше орындайтын жұмысы (СӨОЖ);
-
студенттің ынтасына сәйкес, оның қалауы бойынша оқытушының 
басшылығымен аудиториядан тыс, әртүрлі формада (үйірме, көркем-өнер, жарыс 
т.б) өткізілетін студенттердің жеке, өз бетінше орындайтын жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет