5В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: 1 Алматы, 2015 ж Мазмұны


II тарау. Атомдардың өзара әсері және оның биолгиялық маңызды молекулаларда берілу тәсілдері. Көмірсутектердің реакциялық қабілеттілігі



бет12/16
Дата18.02.2017
өлшемі3,98 Mb.
#10350
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
II тарау. Атомдардың өзара әсері және оның биолгиялық маңызды молекулаларда берілу тәсілдері. Көмірсутектердің реакциялық қабілеттілігі.
1. Толуолдың тотықсыздануы нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

2. CH3–СН2–СН3 + Br2реакциясы берілген?

Бромдау реакциясының типі, механизмі және соңғы өнім қандай болады?

3. Бензой қышқылында карбоксил тобы қандай электрондық эффектілер көрсетеді?

4. СН2 = СН – NО2 молекуласынданитро-тобы қандай электрондық эффектілер көрсетеді?

5. Анилин молекуласындағы NН2- тобының электрондық эффектілерінің қандай түрі және таңбасы бензол сақинасына әсер етеді?

6. СН2 = СН – NН2 молекуласындағы аминтобының электрондық эффектілерінің қандай түрі және таңбасы бензол сақинасына әсер етеді?

7. Фенолдағы гидроксильді тобы электрондонорлық қасиеттер көрсетеді. Гидроксильді топ фенолда қандай электрондық эффектілер көрсетеді?

8. Бензальдегидте альдегид тобы электронакцепторлық қасиеттер көрсетеді. Бензальдегидте альдегид тобы қандай электрондық эффектілер көрсетеді?

9. СН2 = СН – СН3 + НCl → реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

10. Изобутиленнің қышқылды ортада гидраттану реакциясы берілген? Реакция нәтижесінде қандай спирт түзіледі?

11. Акрил қышқылының молекуласында қай электрондық эффектілер дұрыс белгіленген?



12. Бензальдегид молекуласында қай электрондық эффектілер дұрыс белгіленген?



13.Төрт сынауықта алкен, алкан, диен, алкин бар.Үш сынауқта берілген реактивпен жұмсақ тотығу реакциясы жүрді. Қос байланыстың бар екенін дәлелдеу үшін зерттелетін затқа қандай реактив ерітіндісі қосылады?

14. Жалпы формуласы С8Н8 болатын көмірсутек бром суын түссіздендіреді, тотығу кезінде ароматты қышқыл түзеді. Берілген қосылыс қалай аталады?

15. Екі сынауықта зерттелінетін қосылыстар бар. Сынауықтың біреуіне [Ag(NH3)2]OH реактивін қосқанда күміс айна реакциясы жүрді. Осы реактив көмегімен қандай қосылыстар жұбын бір-бірінен айыруға болады?

16. Пропеннің тотықсыздану реакциясының типін, механизмін және соңғы өнімін көрсетіңіз?

17.Фенолды бромдау реакциясының типін, механизмін және соңғы өнімін көрсетіңіз?

18. Бутен-2-нің КМnO4 сулы ертіндісінімен тотығу реакциясы нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

19. Төмендегі реакцияның қайсысы SR механизмімен жүреді?

20. Төмендегі реакцияның қайсысы SE механизмімен жүреді?

21. Төмендегі реакцияның қайсысы AE механизмімен жүреді?

22. Төмендегі қосылыстардың қайсысында π, π- қабысу бар?

23. Төмендегі қосылыстардың қайсысында р, π- қабысу бар?

24. Бензол сақинасының орынбасушыларының қайсысы оң индуктивті эффект көрсетеді?

25. Төмендегі қосылыстардың қайсысында қабысу жүйесі бар?

26. Келтірілген орынбасушылардың қайсысы бензол сақинасында теріс индуктивті және теріс мезомерлі эффектерді көрсетеді (-I, -M)?
III тарау. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофильді орын басу реакциялары.
1. Фенолдар қышқылдың қай типіне жатады?

2. Ацетилен қышқылдың қай типіне жатады?

3. Бренстед-Лоури теориясы бойынша азот атомындағы электрон жұбының есебінен протонды қосып алатын қосылыстар қалай аталады?

4. Келтірілген формулалардың қайсысы метилизопропиламин атауына сәйкес келеді?

5. Келтірілген формулалардың қайсысы екіншілік пропил спирті атауына сәйкес келеді?

6. Этил спиртінің молекулааралық дегидратация реакциясының нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

7. Спирттің карбон қышқылымен өзара әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

8. Келтірілген формулалардың қайсысы изопропил спиртінің тотығу өніміне сәйкес келеді?

9. Келтірілген формулалардың қайсысы этил спиртінің тотығу өніміне сәйкес келеді?

10. (СН3)2СНСН(ОН)СН3 тотығу кезінде қандай қосылыс түзіледі?

11. CH3CH2COOH + CH3CH2OHреакциясы берілген. Реакцияның типі мен механизмі қандай?

12. Фенол және пропанол – 2 қосылыстарын ажырату үшін қандай реактивті пайдаланады?

13. СН3 – СН(ОН) – СН3 + НАД+ → реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

14. СН3 – СН2 – СН2 – ОН + НАД+ → реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

15. Ксилит бес атомды спиртке жатады. Тәтті дәмі бар, суда жақсы ериді, қант диабеті кезінде қант орнына пайдаланады. Ксилитте диоль фрагментінің бар екенін дәлелдеу үшін келтірілген реактивтердің қайсысын қосу қажет?

16. Алғашқы антидот ретінде күшән қосылыстарымен уланғанда 2,3-димеркаптопропанол ұсынылған. Күшән тұздарын түзгенде оның молекуласында қандай қышқылдық орталықтардың қатысуы басым түседі?

17. Көп атомды спирттерге қандай қосылыстар жатады?

18. Біріншілік спирттер тотыққанда қандай қосылыс түзіледі?

19. Екіншілік спирттер тотыққанда қандай қосылыс түзіледі?

20.Көрсетілген қай реакциялар нәтижесінде жәй эфир түзіледі?

21. Көрсетілген қай реакциялар нәтижесінде күрделі эфир түзіледі:

22. Ең күшті қышқыл:

23. Пропантиол – 1-дің жұмсақ тотығу реакциясының өнімі?

24. Қай реакция нәтижесінде пропанол – 2 түзіледі?

25. Келтірілген қосылыстардың қайсылары сілтінің сулы ерітіндісімен әрекеттесуге қабілетті?
IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.
1. Қымыздық қышқылының формуласы қандай?

2. Янтарь қышқылының формуласы қандай?

3. Қышқыл мен аммиак өзара әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

4. Альдегидтер мен кетондардың құрамында қандай функциональды топ бар?

5. C4H9C(O)OC2H5 гидролиздену кезінде қандай қышқыл түзіледі?

6. Пропенальдың тотықсыздану өнімінің құрылысы қандай?

7. Қос зат: пропанон және пропанальды ажырату үшін қандай реактив пайдаланылады?

8. Пропен қышқылын гидробромдау реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

9. 2R–OH + R–CH=Oреакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?

10. R–CH=O + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?

11. Альдольды қосып алу нәтижесінде СН3СН2СН(ОН)СН(СН3)СН = О осы қосылыс түзілді. Бастапқы зат ретінде қандай альдегид алынған?

12. Этерификация реакциясын пайдалана отырып, бастапқы қандай қосылыстардан этилпропаноат алуға болады?

13. Кейбір патологиялық ауытқуларда кальций оксалатының кристалдары адам зәрінде пайда болады. Қымыздық қышқылының бар екенін қандай реактивпен анықтауға болады?

14. Бутанол-1–сивуш майының компоненті. Литий алюмогидридін пайдалана отырып, қандай карбонильді қосылыстан бутанол-1алуға болады?

15. Қышқылдардың қайсысы ең әлсіз қышқылға жатады?

16. Формальдегид қай қосылыспен әрекеттескенде құмырсқа қышқылы түзіледі?

17. Келтірілген қай қосылыстар фосфор қышқылымен күрделі эфир түзеді?

18. Метилацетаттың формуласы қандай?

19. Қандай реакциялар нәтижесінде жартылай ацеталь түзіледі?

20. Төмендегі қай қосылыстардың әрекеттесу нәтижесінде альдоль түзіледі?

21. Метил спиртінің пропан қышқылымен этерификациялау реакциясы кезінде қай қосылыс түзіледі?

22. Келтірілген реакциялардың қайсысы AN механизмі бойынша жүреді?

23. Этанальдан этан қышқылы түзілу үшін қажет реактивтер
V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.
1. Глициннің формуласы?

2. Келтірілген формулалардың қайсысы глутамин қышқылының (2-аминопентанди) биполярлы ионының формасына келеді?

3. (СН3)2СН–СН(Br)–CН(Br)–СООН қосылысында асимметриялық көміртек атомдары қанша?

4. Аланиннің формуласы қандай?



5. Амин қышқылының аталуы қандай?

6. Келесі амин қышқылына қандай атау сәйкес келеді?



7. Тотығу кезінде қандай - амин қышқылы дисульфидтік байланыс түзеді?



  1. Глиоксал қышқылының О=СН-СООН күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен өзара әрекеттескенде қандай өнім түзіледі?

9. Валиннің (α-аминоизовалериян қышқылы) азотты қышқылмен дезаминдеу реакциясының нәтижесінде түзілген өнімнің құрылысы қандай болады?

10. Аланиннің (α-аминопропион қышқылы) азотты қышқылмен дезаминдеу реакциясының нәтижесінде түзілген өнімнің құрылысы қандай болады?



11. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің қышқылдық гидролизі кезінде қандай аминқышқылдары түзіледі?

12. Трипептидформуласы берілген. Осындай пептидтің құрамына қандай аминқышқылдары кіреді?



13.Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің құрамына қандай аминқышқылдары кіреді?


14. Трипептид формуласы берілген. Берілген пептидке қандай атау сәйкес келеді?



15. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің қышқылдық гидролизі кезінде қандай аминқышқылдары түзіледі?



16. Қандай α-амин қышқылының тотықпай жүретін дезаминдеуінің нәтижесінде бутенди қышқылы HOOC – CH = CH – COOH түзіледі?

17. Қандай α-амин қышқылының тотыға жүретін дезаминдеуінің нәтижесінде пирожүзім қышқылы (2-оксопропан қышқылы) түзіледі?

18. Келесі реакция берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?



19. Келесі реакция берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?



20. рН=12 мәнінде аланиннің келтірілген түрінің қайсысы басым түседі?

21. рН=2 мәнінде валиннің келтірілген формалардың қайсысы басым түседі?

22. Тирозин ацилдеу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

23.Треонин күрделі эфир түзу реакциясына қатысады. Осы реакцияны қандай реактивтердің көмегімен жүзеге асыруға болады?

24. Зерттелінетін сұйықтық қыздыру кезінде нингидринмен күлгін түс береді. Сынауықта қандай зат бар?

25. Бауыр ауруын алдын-алу және емдеу үшін метионин пероральды дәрілік форма түрінде пайдаланылады. Биологиялық сұйықтық – сілекейде (рН сілекей - 6,35) еріген күйінде метиониннің (изоэлектрлік нүктесі - 5,8) қандай иондық түрі басым түседі?

26. γ-аминомай қышқылы ағзада нерв импульстарының ингибиторының ролін атқарады. Қандай α-аминқышқылынан декарбоксилдеу жолымен γ-аминомай қышқылы түзіледі?

27. СН3СН (ОН) СООН қосылысқа қандай атау сәйкес келеді?

28. Қыздырғанда қай қышқылдар дипептид түзеді?

29. Төменгі қай тұжырым сериннің құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келеді?

30. Төмендегі қай α-амин қышқылдары алмастырылмайтын α-амин қышқылдарына жатады?

31. Төменгі қай тұжырым фенилаланиннің құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келеді?


Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2015
uploads -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова
uploads -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
uploads -> Химиялық өңдіріс орындары қоршаған
uploads -> Ошакбаева Ж. О
uploads -> «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
uploads -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары
uploads -> Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова
2015 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет