5В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: 1 Алматы, 2015 ж Мазмұны


Құрамы С5Н10 алкеннің барлық изомерлерін жазыңыз және атаңыз. Олардың қайсысы цис- және транс- изомер түзеді? 5



бет10/16
Дата18.02.2017
өлшемі3,98 Mb.
#10350
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

4.Құрамы С5Н10 алкеннің барлық изомерлерін жазыңыз және атаңыз. Олардың қайсысы цис- және транс- изомер түзеді?

5.Пропанның, бутанның, бензолдың радикалдарын атаңыз және жазыңыз.

6.Этил спиртінің молекулярлық формуласы С2Н6О бар. Тағы қандай қосылыс осы формулаға сәйкес келеді? Бұл құрылымдық изомерлерді жазыңыз және атаңыз.

Пропенге: а) бромды, б) бромсутекті қосу реакцияларының схемасын жазыңыз. Реакция механизмін талдаңыз.


ОРЫНДАЛУ ФОРМАСЫ:

    • оқытушының нұсқауы бойынша ,оқу материалын өз бетінше оқыту арқылы тапсырманы орындау;

    • берілген сұрақтар бойынша тақырып бойынша конспект жазу.


ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: Алтыншы сабақ
ОрЫндалу КритериЙлері:
КРИТЕРИЙДІ БАҒАЛАУ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

  • Қойылған ұсыныстарға сәйкес конспекті жазу, және оны қорғау;

  • есептерді шығару;

  • тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау;

  • СӨЖ-ң зерттелінген тақырып бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білу қабілеті.


Бақылау:

Осы сабақта компетенцияны бағалау әдісі төмендегідей:



«Өзін өзі дамыту және даму»: бағалау компетенциясы ауызша сұрау бойынша сұрақтарға жауап беру (тесттілеу және карт.бақылау); тапсырманы орындау; тақырып бойынша конспекті тексеру; сөзжұмбақ құрастыру арқылы өткізіледі.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 173-211.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 13-72.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.



ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

Сұрақтар:

  1. Көмірсутектер, жіктелуі.

  2. Функционалды топтар. Органикалық қосылыстардың кластары.

  3. Қаныққан көмірсутектер (алкандар, циклоалкандар).

  1. Алкандар. Гомологтық қатары, жалпы формуласы, радикалдар. Құрылымдық формулалары. Бірінші, екенші, үшінші және төртінші реттік көміртегі атомдары туралы түсінік. Электрондық құрлымы, химиялық табиғатының байланысы және гибрид түрлері. Изомериясы мен номенклатурасы.

  2. Циклоалкандар. Құрылымы туралы түсінік.

  3. Алкандар, циклоалкандардың кеңістіктік құрлымы. Циклогексанның, бутанның конформациялары.

  1. Қанықпаған көмірсутектер (алкендер, алкадиендер).

  1. Алкендер. Гомологтық қатары, жалпы формуласы, радикалдар. Құрылымдық формулалары. Электрондық құрлысы, химиялық байланыстың табиғаты және гибрид түрлері. Бутеннің мысалымен изомерлер түрлері. Қанықпаған көмірсутектердің кеңістіктік құрылымы.

  2. Алкадиендер. Бутадиен, электрондық құрылымы, қабысу жүйесіне түсініктеме.

5) Ароматты көмірсутектер. Ароматтылық критерилері. Бензолдың гомологтық қатары,жалпы формуласы. Радикалдар. Құрылымдық формулалар. Гибридтену түрлері. Бензолдың екі орын басушылары бар туындыларының изомериясы, номенклатурасы.
Тесттер:


    1. Төмендегі формулалардың қайсысы пентен-2 –ге сәйкес келеді?

1) СН2=СН-СН2-СН2-СН3

2) СН3-С=СН-СН3

СН3

3) СН3-СН2-СН=СН-СН3

СН3

4) СН3-С-СН2-СН3

СН3



5) СН3-СН=СН-СН2-СН2-СН3

2. Қандай атау радикалдың құрылымдық формуласына сәйкес келмейді?

1) С6Н5- фенил

2) С6Н5-СН2- бензил

3) СН3-СН2-СН-СН2-СН2-СН3 үшіншілік гексил

4) СН2= СН- винил

5) СН3- метил

3. Қос заттың құрылымдық изомері:



  1. пропанол и пропаналь

  2. пропен и пропан

  3. пропен и пропин

  4. пропанол и метоксиэтан

  5. пропан и 2-метилпропан

4. Қосылыс халықаралық номенклатура бойынша аталады:



  1. 2,5-диметилгексан

  2. 3-метил-5-этилпентан

  3. 3,5-диметилгексан

  4. диизобутилметан

  5. 2,4-диметилгексан

5. Көмірсутек қалдығы CН2=СН- аталады:

    1. бензил

    2. фенил

    3. аллил

    4. винил

    5. ацил

6. Көмірсутек қалдығы CН2=СН-СН2- аталады:

  1. аллил

  2. винил

  3. фенил

  4. пропил

  5. изопропил

7. Фенол молекуласындағы көміртек атомының гибридтену түрін көрсетіңіз:

  1. Sp

  2. Sp2

  3. Sp3

  4. S2p

  5. S3p

8. Қосылыс рационалды номенклатура бойынша аталады:



  1. метилэтилбутилметан

  2. этилизобутилметан

  3. пропилизобутилметан

  4. изопропилбутилметан

  5. метилэтилпропилметан

9. Қосылыс халықаралық номенклатура бойынша аталады:

(СН3)2СН – СН(СН3) – СН2 – СН3



  1. 2,3-диметилпентан

  2. 2,2-диметилпентан

  3. 2,2,3-триметилбутан

  4. 2,3-диметилбутан

  5. 3,3-диметилпентан

10. Қосылыс рационалды номенклатура бойынша аталады:



  1. изопропилпентан

  2. 3 – этилпентан

  3. триэтилметан

  4. метилэтилпропан

  5. метилэтилпропилметан

11. Көміртегі атомының біреуі sp – гибрид жағдайында болатын, қосылыс:

  1. бутан

  2. метилацетилен

  3. ацетальдегид

  4. ацетон

  5. пропилен

12. Этанол, пропанол, бутанол – бұл:

  1. изомерлер

  2. радикалдар

  3. гомологтар

  4. функционалды топтар

  5. сипаттама тобы

13. ИЮПАК номенклатурасы бойынша коламин СН22 – СН2ОН аталады:

  1. 2-амин этаналь

  2. 2-амин этанол

  3. 2-метилпропаналь

  4. 2-амин пропаналь

  5. 2-амин пропан қышқылы

14. ИЮПАК номенклатурасы бойынша акролеин СН2=СН–С= О аталады:



  1. пропаналь Н

  2. пропиналь

  3. пропеналь

  4. пропион альдегиді

  5. пропанон

15. Қосылыстың классы анықталады:



  1. күрделі эфир

  2. қышқыл

  3. кетон

  4. альдегид

  5. жәй эфир

16. Радикалды көрсетіңіз:

  1. дивинил

  2. нафталин

  3. этан

  4. бензил

  5. фенол

17. Изомерлерді көрсетіңіз:

  1. этан, этен, этин.

  2. пропанол-1, бутанол-2.

  3. метанол, этанол, пропанол.

  4. хлор, бром, йод, фтор.

  5. пропаналь, пропанон-2.

18. н-пентандағы біріншілік көміртек атомдарының саны:

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5

19. ИЮПАК номенклатурасы бойынша дивинил СН2 = СН – СН = СН2 аталады:

  1. бутен-2

  2. бутадиен-2,3

  3. бутен-1

  4. бутадиен-1,3

  5. бутадиен-1,4

20. Халықаралық номенклатура бойынша аталады:



  1. 5,5 - диметилгептин –3

  2. 3,3 - диметилгептин– 4

  3. 5,5 - диметилгептен– 3

  4. 5-метил-5-этилгептин-3

  5. 3,3 - диметилгексин– 4.

№4 СӨЖ
Тақырыбы: α- амин қышқылдары. Жіктелуі. Құрылысы, номенклатурасы, стереоизомериясы.


Мақсаты:

  1. α- амин қышқылдары туралы ақпаратты, олардың жіктелуін, құрылысын, номенклатурасын және стереоизомерлерін өздігінен іздеу дағдыларын қалыптастыру.

  2. Арнайы әдебиетпен жұмыс істеуге және ситуациялық есептер шығаруға, аналитикалық бейімділігін және дағдыларын қалыптастыру.


Оқу міндеттері:

  1. Химиялық номенклатура ережесін пайдалана отырып, ақуыз құрамында болатын 20 α- амин қышқылдарының құрылысын өздігінен құрастыру.

  2. Реакциялық орталық болуына байланысты молекулалық ерекшелігін анықтау: қышқылдығын, негіздігін, электрофилділігін, нуклеофилділігін.

  3. α- амин қышқылдарын кеңістік құрылысын хиральдық орталық бойынша анықтау.

  4. α- амин қышқылдарының реакциялық қабілетін гетерофункционалды қосылыстар ретінде өздігінен іздеп анықтау.

  5. Студенттерді арнайы әдебиетті оқу және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.


Тақырып бойынша тапсырмалар:

  1. Тақырыпты келесі сұрақтар бойынша оқу:

а) α- амин қышқылдарының жәктелуі, құрылысы, номенклатурасы,

стереоизомериясы.

б) α- амин қышқылдарының гетерофункционалды қосылыстар ретіндегі химиялық қасиеттері.

2. Тақырып бойынша конспект жазу.

3. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

4. Тапсырмаларды орындау

20 α- амин қышқылдары үшін (оқытушының көрсетуімен).

а) α- амин қышқылдарының (формула) құрылысын, тривиалды атауларын,

жүйелі номенклатура бойынша атауларын, қысқаша атауларын,

стереоизомериясын жазу.

б) Химиялық реакция теңдеулерін жазу: 1)амин тобы бойынша, 2) карбоксил

тобы, 3) қосымша функционалды тобы бойынша (гидроксил, тиол); Алынған

қосылыстарға атау беру
Орындау формасы:


  • Өздігінен іздеп материалды меңгеру, соңында оқытушаның берген тапсырмасын орындау;

  • Берілген сұрақтарға жауап түрінде конспект жазу;

  • Тақырып бойынша сөзжұмбақты құрастырып дайындау;


Орындау критерийлері:

Сөзжұмбақты құрастырып, жазуға қойылатын талаптар:



  • Сөзжұмбақ мазмұны берілген тақырыптық негізгі сұрақтарына сәйкес болу керек;

  • Сөзжұмбақ 50 сөзден кем болмау керек;

  • Пайдаланған әдебиеттер 8-10 нан көп болмау керек;

  • Сөзжұмбақ талаптарға сай, сауатты түрде орындалуға тиіс;

  • Құрастырылған сөзжұмбақтағы сөздер көрсетілген әдебиеттердің сілтемесіне сай болуға тиіс;

  • Библиографияны дұрыс дайындау.


Сөзжұмбақтың құрылысы:

  • Титул параға;

  • Сөзжұмбақта көлнеңінен нөмірленген сөздер келтірілген.

  • Сөзжұмбақта нөмірленген сөздер тігінен келтірілген.

  • Сөзжұмбақтағы сөздердің жауабын көлденеңінен және тігінен оқығанда табылу керек.

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі соңғы жылдардағы бүгігні заман талабына сай жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.


Өткізу мерзімі: Бесінші сабақ
Бағалар критерийлері:

СӨЖ - ді орындауға алынатын максимальды балдық критерийлері:



  • Кесте (график) бойынша СӨЖ-ді тапсыру

  • Қойылған шарттарға сәйкес конспект жазып, оны қорғау

  • Сөзжұмбақты құрастыру шарттарын орындау

  • Жаттығуларды орындау

  • Тест бақылауды орындау

  • Орындаған СӨЖ – ді тақырыбы бойынша оқытушының сұрақтарына жауап беру


Бақылау:

Осы сабақтың компетенцияларын бағалау тәсілдері:



Өз бетімен ізденіп, жетілдіру компетенциясы бағаланады: ауызша сұрау кезінде берілген сұрақтарға жауап беру (тестлеу, билеттер арқылы бақылау), тапсырманы орындау, тақырып бойынша конспект жазу, сөзжұмбақты құрастыру арқылы.
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 239-243.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 230-254.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.


Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Радикалдардың химиялық табиғаты бойынша α- амин қышқылдарының жіктелуі;

  2. α- амин қышқылдарының молекуласындағы жалпы карбоксил және амин тобының сандары бойынша жіктелуі;

  3. Алмастырылатын және алмастырылмайтын α- амин қышқылдары (валин, лейцин, изолейцин, митеонин, треонин, фенилаланин, триптофан, лизин ).

  4. Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылдары (гистидин және аргинин).

  5. α- амин қышқылдарының стереоизомериясы. D және L – қатарлар.

  6. Белоктың құрамына кіретін негізгі 20 α- амин қышқылдары үшін көрсетіңіз: құрылысын (формула), тривиалды атауын, жүйелі номенклатура бойынша атауын, қысқартылған атауын (үш әріптен жазылған).

Мысалы: NH2-CH2COOH- глицин, амино этан қышқылы, Гли.

Алифатты α- амин қышқылдары: глицин, аланин, лейцин, изолейцин.

  • ОН – тобы бар α- амин қышқылдары: серин, треонин;

  • СООН – тобы бар α- амин қышқылдары: аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы;

  • NH2-СО тобы бар α- амин қышқылдары: аспарагин, глутамин. Алынуы.

  • NH2-тобы барα- амин қышқылдары: лизин, аргинин, глутамин.

Құрамында күкірті бар α- амин қышқылдары: цистеин, цистин, метионин

Ароматтыα- амин қышқылдары: триптофан, гистидин, фенилаланин, тирозин,

пролин, гидроксипролин.



Гетероциклды α- амин қышқылдары: триптофан, пролин, гидроксипролин, гистидин.

  1. α- амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері;

  2. α- амин қышқылдарындағы карбоксил тобы бойынша жүретін реакциялары:1)тұздардың түзілуі, 2) амидтердің түзілуі, 3) күрделі эфирлердің түзілуі, 4) декарбоксилдену реакциясының нәтижесінде биогенді аминдер мен биорегулятордың түзілуі.

  3. α- амин қышқылдарының амин тобы бойынша жүретін реакциялары: 1)тұздардың түзілуі, 2)N- ацил туындыларының түзілуі.

  4. α- амин қышқылдарының қосымша функционалдық топтар (гидроксил, тиол) бойынша реакциялар.

  5. Цистиннің жұмсақ тотығу реакциясы. Осы реакцияның биологиялық ролі.


Тесттер:

1. Қыздырғанда қандай қосылыстар дипептид түзеді?

  1. CH3-CH(NH2)-COOH

  2. CH3-CH2-CH2-NO2

  3. OH-CH2-CH2-CONH2

  4. OH-CH2-CH2-CH2-NO2

  5. H2N-CH2-COOH

2. Дипептидте қанша пептидтік байланыс бар?

1) 1 2)2 3)3 4)4 5)5



3. α- амин қышқылымен қай қышқыл әрекеттесіп дипептид түзеді?

1) 3 – гидроксипропан қышқылы 4) пропан қышқылы

2) 4 – аминобутан қышқылы 5) гидроксиэтан қышқылы

3) 2 амино – 4 метилпентан қышқылы



4. Аспарагин қышқылының (аминобутанди қышқылы) декарбоксилденуі

нәтижесінде түзіледі:



  1. 3 - аминобутан қышқылы

  2. 2 – аминобутан қышқылы

  3. 3 - аминопропан қышқылы

  4. 2 – аминобутан қышқылы

  5. 4 – аминобутан қышқылы

5. Қай α- амин қышқылдары фосфор қышқылымен әрекеттесіп күрделі эфир түзеді?

1)глицин 3)валин

2)серин 4)фенилаланин 5)аланин

6. Аланин қышқылы қандай реакцияларға қатысады?

1) декарбоксилдеу 3)дезаминдеу

2) пептид түзу 4) лактам түзу 5)жай эфир түзу

7. Бейтарап α- амин қышқылына жатады:

1)аспарагин қышқылы 2) глутамин қышқылы

3) аргинин 4) лизин 5)валин

8. Негіздік α- амин қышқылына жатады:

1) аспарагин қышқылы 2)аланин 3)изолейцин

4) лизин 5) валин

9. Глутамин (α – амин глутар) қышқылының алынуы:

1)HOOC-CH(NH2)-CH2-COOH 2)HOOC-CH(NH2)-CH2-CONH2

3)HOOC-CH(NH2)-CH2-CH2 -COOH 4)CH3-CH(NH2)-CONH2

5)HOOC-CH2-CH2-CONH2



10. Аспарагин ( α – аминоянтарь )қышқылының амиді

1)HOOC-CH(NH2)-CH2-COOH 2) HOOC-CH(NH2)-CH2-CONH2

3)HOOC-CH(NH2)-CH2-CH2-CONH2 4)CH3-CH(NH2)-CONH2

5)HOOC-CH2-CH2-CONH2



11. Цистеинннің (α – амино-β-тиопропан қышқылы) формуласына сәйкес келеді:

1) CH3-CH(NH2)-COOH 3)HS-CH2-CH(NH2)-COOH

2) NH2-CH2-CH2-OH 4)CH3-CH(OH)-CH2-NH2 5) NH2-CH2-COOH

12. Қосылысты ата: CH3-OH(CH3)-CH2-CH(NH2)-COOH

1) изолейцин ( α-амино- β-метил валериан қышқылы)

2) валин (α-аминоизовалериан қышқылы)

3)лейцин (α – аминокапрон қышқылы)

4)глицин (α – аминосірке қышқылы)

5)аланин (α-аминопропион қышқылы)



13. Сериннің (α-амино β-гидроксипропион қышқылы) формуласына сәйкем келеді:

1) OH2-CH-CH(NH2)-COOH 2) CH3-CH(OH)-CH(NH2)-COOH

3) HS-CH(NH2)-COOH 4) CH3-CH(OH)-OH2-NH2 5)NH2-CH2-COOH

14. Көрсетілген α- амин қышқылдарының қайсысы қышқылдық α- амин

қышқылдарына жатады:

1)триптофан 2)лизин 3)глутамин қышқылы 4)лейцин 5)глицин

15. Трипептидте неше пептидтік байланыс бар?

1) 1 2)2 3)3 4)4 5)5



16. Алмастырылмайтын α- амин қышқылдарына жатады:

1)серин 2)валин 3)цистеин 4)глутамин қышқылы 5)треонин



17. Төменгі қай тұжырым сериннің ( α-амино β-гидроксипропион қышқылы)

құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келеді?



  1. декарбоксилдену нәтижесінде этаноламин түзіледі

  2. күрделі эфир түзеді

  3. гетероциклды α-амин тобына жатады

  4. тотығу нәтижесінде 2-амино-3-оксопропан қышқылын түзеді

  5. алмастырылмайтын α- амин қышқылдарына жатады

18. Пептидтер мен белоктардың құрамына кіреді:

1) α-амин қышқылдары 2) β - амин қышқылдары 3)γ - амин қышқылдары

4)δ - амин қышқылдары 5) ε - амин қышқылдары

19. Алмастырылмайтын α-амин қышқылдарына жатады

1) Аспарагин қышқылы 2)лейцин 3)фенилаланин

4)гидроксипролин 5)лизин

20. Төменгі қай тұжырым фенилаланиннің (α-амино- β-фенилпропион қышқылы)

құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келдеі?



  1. декарбоксилдену нәтижесінде биогенді амин түзіледі

  2. амфотерлік қасиет бар

  3. гетероциклды α-амин қышқылдарына жатады

  4. гидроксилдену нәтижесінде тирозин түзіледі

  5. алмастырылмайтын α-амин қышқылдарына жатады


СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ-БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

(Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын

қорытынды бағалау үшін)


Пән аты – химия, Him 1111


Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»


Кафедра - химия







Құрастырғандар:




1 кредит (бейорганикалық химия)

доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.



















2 кредит (органикалық химия)

доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.






































Алматы, 2015 ж

Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылау-бағалау құралдары жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, «_____» _ 2015 ж.



Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

тәжірибелік дағдыларын қабылдау үшiн сұрақтар
Бейорганикалық, физикалық, коллоиды химия

  1. Жараларды, тыртықтарды және операция орындарын өңдеу үшін йодтың 5-10%-дық ерітіндісі пайдаланылады. 10 г кристаллдық йодтан йодтың 5%-дық спирттік ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады? Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/мл-ді құрайды. Массалық үлес, моляльдік концентрация: анықтама, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шамалардың өлшем бірліктері.

  2. 500 г изотонды ерітіндіні дайындау үшін қажет болатын натрий хлоридінің және судың массасын есептеп табыңыз. Берілген ерітіндіде еріткіш пен еріген зат болып не табылады? Қан плазмасына гипо- және гипертонды болатын ерітінділерде натрий хлоридінің массалық үлесі қандай? Эритроцитті гипертонды ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады?

  3. Қан сарысуының қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын (моль/л) есептеп табыңыз, егер 10 мл қанға концентрациясы 0,8 моль/л, 2 мл тұз қышқылын қосқанда рН мәні 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгеретін болса. Протолиттік буферлік ерітінділердің ағзада атқаратын ролі қандай? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз.

  1. Фармацевтикалық практикада колларгол препаратын қорғаныш коллоидтар қатысында алады. Ол лизальбин және протальбин қышқылдарының тұздарымен қорғалған күмістің коллоидты ерітіндісі ретінде қатысады. Стабилизатор ролін калий аргентаты AgOK атқаратын болса, күміс золінің мицелласының формуласын құрастырыңыз. Мицелланың құрылысын сипаттаңыз. Осы дәрілік препараттың тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді?

  2. Бүйректе аммиакты буферлік ерітінді функция атқарады. Оның құрамын көрсетіңіз және 3,6 мл 0,2н аммоний хлоридінің ерітіндісі және 2,3 мл 0,1н аммоний гидроксидінің ерітіндісі бар буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Kb=1,74∙10-5). Сілтінің аз мөлшерін қосқанда аммиакты буферлік ерітіндінің рН мәнінің өзгермейтінін қандай реакция дәлелдей алады?

  3. Альбуминді бромкрезол жасылымен реакциясы бойынша анықтау кезінде ортаның қышқылдығын тудыру үшін ацетатты буферлік ерітіндіні қолданады. Күшті қышқылдың немесе күшті негіздің аз мөлшерін қосқанда ортаның рН-ң өзгермейтінін түсіндіріңіз (реакциялар теңдеуінің көмегімен). 50 мл 0,050н сірке қышқылының ерітіндісі мен 30 мл 0,1н натрий ацетатының ерітіндісін араластыру арқылы дайындалынған ацетатты буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Ka=1,74∙10-5).

  4. Лиофобты коллоидты бөлшекке мысал болып табылатын сілекей мицелласының агрегатының ролін нашар еритін кальций фосфатының майда кристалдары атқарады. Стабилизатор ретінде натрий фосфаты деп ескеріп, мицелла құрылысын схема түрінде келтіріңіз. Коллоидты бөлшектің тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? Коагуляция деген не? Бірдей концентрациядағы натрий хлориді және кальций хлориді ерітінділерінің аталған зольге коагуляциялаушы әсерін салыстырыңыз.

  5. Массалық үлесі 0,01% ÷ 5% болатын калий перманганатының медицинада антисептикалық құрал ретінде қолданылады. 2,5 кг 5%-дық KMnO4 ерітіндісін дайындау үшін қажет болатын еріген заттың массасын және судың массасын анықтаңыз. Биогенді элементтер деген не? Макро- және микроэлементтер, «өмір металдары». Тірі ағзадағы комплексті қосылыстарда қандай биогенді элементтер комплекс түзуші болып табылады?

  6. Ацидоз кезінде шұғыл көмек ретінде натрий гидрокарбонатының ерітіндісін тамырға енгізу арқылы пайдаланады. Асқынған жағдайда 8,4%-дық ерітіндісін 100 мл-ге дейін құяды (ρ=0,90 г/мл). 250 мл осындай ерітіндінің құрамында қанша натрий гидрокарбонаты мен су бар? Натрий гидрокарбонатының әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз. Ацидоз және алкалоз деген не?

  7. Дәрілік препараттардың сақтау мерзімін «дәрілік форманың жеделдетілген қартаюы» әдісімен анықтау Вант-Гофф ережесіне негізделген. Препарат жоғары температурада қандай-да бір уақыт ішінде кинетикалық константаларға сынаудан өтеді. Пенициллиннің ыдырау реакциясының температуралық коэффициентін есептеңіз, егер 36оС және 41оС температурадағы пенициллиннің ыдырау реакциясының жылдамдық контанталары сәйкесінше 6∙10-6 с-1 және 1,2∙10-5 с-1тең болса. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар және қалайша әсер етеді?

  8. Құрамында марганец (II) сульфаты бар препараттар, гемотоздың стимуляторы ретінде пайдаланылады, эритроциттердің дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. Құрамында 1,51 г MnSO4 бар, эквивалентті молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болатын ерітіндінің көлемін есептеңіз. Эквивалентті молярлы концентрация (анықтамасы, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шаманың өлшем бірліктері).

  9. Динитрофенилгидразинді әдіспен трансферазаның активтілігін зерттеу кезінде фосфатты буфер қолданылады. Оны дайындау үшін концентрациясы 0,1 моль/л 840 мл натрий гидрофосфатының ерітіндісі мен осындай концентрациядағы 160 мл калий дигидрофосфатының ерітіндісін араластырады. Буферлік ерітіндінің рН-н табыңыз (Ka=6,16∙10-8). Протолиттік буферлік жүйе деген не? Осындай жүйелер адам ағзасында қандай роль атқарады?

  10. Угар газы СО гемоглобинмен берік комплексті қосылыс түзеді де, тірі ағза үшін улылығының себебі болып табылады. Угар газымен уланудың алдын алу үшін, оны толығынан көмір қышқыл газына дейін тотығуын жүргізеді. 2СО(г) + О2(г) ↔ 2CO2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) угар газының концентрациясын 3 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 5 есе азайтса? Кинетикалық қисық деген не? СО және СО2 үшін графикалық тәуелділікте кинетикалық қисықты бейнелеңіз.

  11. Калий хлориді құсудан, іш өтуден, зәр айдайтын құралдарды ұзақ қолданудан пайда болатын гипокалиемия кезінде қолданылады. 0,4 л ерітінді құрамында 0,3 М калий хлоридінің массасын есептеңіз. Калий макроэлементтер қатарына жатады. Оның биологиялық ролін сипаттаңыз. Биогенді деп қандай элементтерді атайды? Басқа макроэлементтерге мысал келтіріңіздер.

  12. Гидрокарбонатты буферлік жүйе қан плазмасының негізгі буферлік жүйесі болып табылады. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері).

  13. Лор-практикада ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына жағу үшін қолданылатын Люголь ерітіндісінің құрамында: 17 мл су, 1 г йод пен 2 г калий иодиді бар. Люголь ерітіндісіндегі йод пен калий иодидінің массалық үлесін есептеңіз. Ерітінді, еріткіш, еріген зат деген не? Иодтың биологиялық ролін сипаттаңыз.

  14. Осмостық баланстың бұзылуының алдын алу үшін тамыр ішіне инъекция ретінде тек қана изотонды ерітінділер қолданылады. 0,9%-дық натрий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз. Осы ерітінді қан плазмасына изотонды болады ма? 37оС температурада қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Осмостық қысым деген не? Медициналық практикада пайдаланылатын осмостық құбылыстарға мысал келтіріңіздер.

  15. Қанның рН қалыпты 7,38 мәнінен бірліктің бірнеше жүздеген үлесіне ауытқуы жалпы селқостықтықты және әртүрлі физиологиялық процестердің өтуінде біраз ығысуын тудырады. Қанның рН-ң 0,2-0,3 бірлікке төмендеуі немесе артуы коматоз жағдайына әкеледі, ал 0,3-0,4 бірлікке ығысса өлімге әкеледі. Қан плазмасының рН-н есептеңіз, егер сутек иондарының концентрациясы 4,5·10-8 моль/л тең болса. Алынған мәнді қан плазмасы үшін физиологиялық норма шамасымен салыстырыңыз. Протолиттік гомеостаздың (норма, ацидоз, алкалоз) күйін сипаттаңыз.

  16. Клиникалық биохимияда ақуыз анализін диагноз қою мақсатында электрофорездің көмегімен жүргізеді. Оны қандай әдістермен анықтайды? Ерітіндіде изоэлектрлік нүктелері 4,7 және 8,8 болатын екі ақуыз бар. рН=7,9 тең буферлік ерітіндідегі электрофорез кезінде осы ақуыздардың молекулалары қайсы электродқа қарай бағытталады? Осындай ортада, басқа тепе-теңдік шарттар сақталған жағдайда көрсетілген ақуыздардың қайсысы сәйкес электродқа жоғары жылдамдықпен ығысады және неліктен? ЖМҚ ерітіндісінің изоэлектрлік нүктесі деген не? Оны қандай әдістермен анықтайды?

  17. 310 К температурада 0,01 М калий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз, егер изотондық коэффициенті 1,96 тең болса. Осы ерітінді қан плазмасына қандай (гипо-, гипер-, изотонды) болады ма? Қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Эритроциттерді осындай ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? Осмос, гемолиз, плазмолиз деген не?

  18. Фосфатты буферлік жүйе жасуша ішіндегі қышқылдық-сілтілік балансты бір деңгейде ұстап тұруда маңызды роль атқарады, ондағы фосфаттардың мөлшері 50-70 ммоль/л. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). Қышқылдық буферлік ерітіндінің құрамына қандай компоненттер кіреді? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз.

  19. Изоэлектрлік нүктелері 5 және 8 болатын А және Б екі ферментті электрофорез арқылы рН-ң қандай мәнінде бөлуге болады? Осы ферменттердің 4, 8 және 9 тең болатын рН мәндерінде бөлшектердің заряд таңбасы қандай болады? Изоэлектрлік нүктемен салыстырғанда қышқылдық және сілтілік ортада ақуыз молекулаларының қалай зарядталатынын түсіндіріңіз. Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Медицинада және биологияда қолданылатын дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіздер.

  20. Физиологиялық құралдардың осмостық қысымының тұрақтылығы (изоосмия) гомеостазға қойылатын фундаментальды физикалық-химиялық талаптарының біріне жатады. 17оС температурада құрамында 62 г гемоглобин 500 мл ерітіндінің осмостық қысымы тең болады:3,5 кПа. Гемоглобиннің молярлық массасын есептеңіз. Жартылай өткізгіш мембрана, диффузия, осмос, осмостық қысым деген түсініктерге анықтама беріңіз.

  21. Медициналық практикада танып қалған адамның есін жиғызу үшін 10%-дық аммиак ерітіндісін (аммоний гидроксиді) қолданады. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің иондану константасын Kb есептеңіз. аммоний гидроксиді қандай буферлік ерітіндінің құрамына кіреді? Оның құрамын келтіріңіз және адам ағзасының қандай жерінде кездесетінін көрсетіңіз.

  22. АТФ және АДФ – көп мөлшерде энергияны бөле отырып, фосфатты топтардың бөлінуіне себепші болатын макроэргиялық қосылыстар. 37оС температурада АТФ гидролиз реакциясы үшін энтальпия және Гиббс энергиясының шамалары сәйкесінше ∆Н0р-ция = -20 кДж, ∆G0р-ция = -30,5 кДж. Берілген жағдайда энтропияның стандартты өзгерісін есептеңіз. Экзер- және эндергоникалық процестер. Энергетикалық қосарлану принципі. Изобаралық-изотермиялық потенциал биохимиялық реакциялардың өздігінен жүру критерийлері. Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.

  1. Магний сульфатының ерітіндісі вазодилаттаушы құрал (қан тамырларын кеңейтетін) пайдаланылады. Құрамында 18 г тұзы бар 0,02 н магний сульфатының ерітіндісінің көлемін есептеңіз. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: макро- және микроэлементтер, органогендер. Олардың қайсысы макроэлементтер қатарына жатады? «Өмір металдарын» атап шығыңыз. Магний және кальцийдің биологиялық ролін сипаттаңыз.

  2. Аммиак ағзада тағаммен бірге түскен немесе жасушада қор заттары ретінде кездесетін аминқышқылдар мен ақуыздардың метаболизмінің өнімдерінің бірі болып табылады. Концентрациясы 0,00025 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің рН-н есептеңіз. Алынған мәнді несептің рН-ң 4,8 ÷ 7,5 аралығындағы қалыпты мәнімен салыстырыңыз. Аммиакты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз.

  3. Лабораториялық практикада зерттеу мақсатында реакциялар адам ағзасымен салыстырғанда кең температуралық интервалдарда жүргізіледі. Биохимиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ = 2,8. Температураны 40 градусқа жоғарылатса реакцияның жылдамдығының қалай өзгеретінін есептеңіз, егер температуралық коэффициент 2,8-ге тең болса? Ферментативті реакция схемасы. Михаэлис-Ментен теңдеуі. Реакция жылдамдығының субстрат концентрацияна графикалық тәуелділігі. Субстраттың төменгі және жоғарғы концентрациядағы ферментативті реакцияның реті.

  1. Химиотерапевтикалық ісік ауруына қарсы препарат ретінде платинаның комплексті қосылысы «Цисплатин» (диаминодихлороплатина (IV)) қолданылады. Комплексті қосылыстың формуласын жазыңыз, оны Вернер теориясының тұрғысынан сипаттаңыз. Комплексті бөлшек үшін тұрақсыздық және тұрақтылық константалар үшін өрнек теіңдеулерін жазыңыз. Донорлық-акцепторлық байланыс деген не? Мысалдармен түсіндіріңіз.

  2. Физиологиялық норма температурасында салыстырмалы молекулярлы массасы 10 000 тең болатын ақуыздың осмостық қысымын есептеңіз, егер оның массалық концентрациясы 1,0 кг/м3 тең болса (молекулаларды изодиаметрлік деп ескере отырып, яғни К=1). Онкотикалық қысым деген не? Ақуыздың денатурациясы деген не? Ақуыздың денатурациясын тудыратын факторларды тізіп шығыңыз.




Органикалық химия

  1. Ақуыздар құрамына кіретін 20 α-амин қышқылдарына (тривиальды және ИЮПАК номенклатурасы бойынша) атау беріңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын анықтаңыз.

  2. 20 α-амин қышқылдарының мысалында трипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз, пептидті топтың құрылысын бейнелеңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын белгілеңіз. Қандай әмбебап реакцияның көмегімен α-амин қышқылдарының бар-жоқтығын дәлелдеуге болады? Мысалы:

  1. лей-про-глу (2-амино-4-метилпентан қышқылы, пирролидин-2-карбон қышқылы, 2-аминопентанди қышқылы);

  2. лиз-три-вал (2,6-диаминогексан қышқылы; 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы, 2-амино-3-метилбутан қышқылы);

  3. асп-мет-гис (аминобутанди қышқылы; 2-амино-4-метилтиобутан қышқылы, 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы);

  4. иле-фен-тре (2-амино-3-метилпентан қышқылы, 2-амино-3-фенилпропан қышқылы, 2-амино-3-гидроксибутан қышқылы),

  5. вал-цис-три (2-амино-3-метилбутан қышқылы, 2-амино-3-меркаптопропан қышқылы, 2-амино-3-индолилпропан қышқылы).

  1. Лизин (2,6-диаминогексан қышқылы); гистидин (2-амино-3-индолилпропан қышқылы) мысалға ала отырып ішкі тұзының, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

  2. Аспарагин қышқылы (аминоянтарь қышқылы); триптофан (α-амино-β-индолилпропион қышқылы мысалға ала отырып амидтердің түзілуі, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

  3. Цистеин (2-амино-3-тиопропан қышқылы); треонин (2-амино-3-гидроксибутан қышқылы) мысалға ала отырып тотығу, күрделі эфирлердің түзілуі, дезаминдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

  4. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларын жазыңыз. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларының болатынын химиялық реакциялар көмегімен екі форманың болатынын дәлелдеңіз. Ацетосірке қышқылының декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Қандай аурумен ауырғанда қанның және зәрдің құрамында осы декарбоксилдену өнімін анықтауды жүргізеді?

  5. Сәйкес келетін амин қышқылынан коламинді алу реакциясының схемасын жазыңыз. Амин қышқылы - сериннен холиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Нейромедиатор – ацетилхолиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Оның биологиялық ролі.

  6. Пиридиннің туындыларын жазыңыз: β–метилпиридин, никотин қышқылы, никотинамид. Никотинамид ядросы қандай коферменттің құрамына кіреді? "РР" дәрумені жеткіліксіз немесе жоқ болған жағдайда қандай ауру дамиды? НАД+ коферментінің тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысу қабілетін немен байланыстыруға болады? Оның қатысуымен жүретін схемасын жазыңыз.

  7. Пиримидин негіздері: урацил, тимин, цитозин. Лактам-лактимді таутомерия.

  8. Пурин негіздері: аденин, гуанин. Лактим-лактамді таутомерия.

  9. Нуклеотидтер. АМФ (аденозин-5/-монофосфат), ГМФ (гуанозин-5/-монофосфат), ТМФ (тимидин-5/-монофосфат), ЦМФ (цитидин-5/-монофосфат), УМФ (уридин-5/-монофосфат), АТФ (аденозин-5/-трифосфат) құрылысы. Байланыс типтерін атаңыз, биологиялық ролі.

  10. Нуклеотидтердің циклді формалары. Циклді АМФ, ГМФ, биологиялық ролі.

  11. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы. Қышқылдық және сілтілік гидролиз. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз. Гидролиз реакцияларында N – гликозидті және күрделі–эфирлік байланыстар арасындағы айырмашылықты белгілеңіз.

  12. Моносахаридтер: глюкоза, галактоза, манноза, рибоза, дезоксирибоза, фруктоза. Энантиомерлер, диастереомерлер. Моносахаридтердің жіктелуі және цикло-оксо-таутомериясы (Фишер, Хеуорс формулалары).

  13. Сірке және ортофосфор қышқылынан гликозидтер мен күрделі эфирлердің түзілуі. -D-рибофураноза және -D-фруктофуранозаның фосфор қышқылымен күрделі эфир түзу реакцияларын жазыңыз.

  14. Моносахаридтердің –он, -ар және –урон қышқылдарын алу. Галактозаның галактурон қышқылына дейін тотығып, келесі кезекте декарбоксилдену реакциясын жазыңыз.

  15. Маннозаның гидрлеу реакциясы. Фруктозаның тотықсыздану реакциясы.

  16. Дисахаридтер. Мальтозаның, лактозаның құрылысы. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілетін гликозидті байланысты көрсетіңіз. Цикло-оксо-таутомерия. Гидролиз реакциясы. Мальтоза мен лактозаның тотықсыздандыратын қасиеттері болады ма?

  17. Сахароза. Құрылысы. D-фруктоза мен D-глюкозаның қалдықтарында көміртектің аномерлі атомының конфигурациясы қандай? Неліктен сахарозаның цикло-оксо-таутомерияға қабілетті еместігін түсіндіріңіз. Сахарозаны фруктозадан қандай реакцияның көмегімен ажыратуға болады? Реакцияның схемасын келтіріңіз.

  18. Сахароза мен мальтозаның: 1) Фелинг; 2) гликозидтердің түзілуі 3) жай және күрделі эфирлерді түзу реакцияларындағы ұқсастығы мен айырмашылығы?

  19. Алмастырылатын және алмастырылмайтын жоғары май қышқылдары. Құрылысы.

  20. Йод саны деген не? 1) 1-олеодипальмитиннің; 2) 1,2 –диолеопальмитиннің түзілу реакциялары. Осы майлардың қайсысында йод саны жоғары болады? Неліктен? Берілген липидтердің құрамында қанықпаған қышқылдардың бар екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болады?

  21. 1,2-диолеостеариннің құрылымдық формуласын жазыңыз және майдың консистенциясын анықтаңыз.

  22. 1-линолеодистеариннің қышқылдық ортада түзілу реакциясын жазыңыз.

  23. 1-олеоил-2-пальмитоил-3-стеароилглицериннің сілтілік гидролиз (сабындалу) реакциясының схемасын жазыңыз.

  24. 1-пальмитоил-2-линоленоилфосфатидилэтаноламиннің қышқылдық гидролизі.

  25. Құрамында пальмитин және арахидон қышқылдарының қалдықтары бар фосфатидилхолиннің қышқылдық гидролиз реакциясының схемасын жазыңыз.

  26. 1-пальмитоил-2-олеоилфосфатидилсериннің сілтілік гидролиз реакциясы.

  27. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін азотты қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты дәлелдейтін реакцияларды жазып, атаңыз.

  28. Холан туындылары (өт қышқылдары). Хол қышқылының таурин және глицинмен өзара әрекеттесу реакцияларының схемасын келтіріңіз. Хол, гликохол және таурохол қышқылдарының биологиялық маңызы.



Тест тапсырмалары
Ерітінділер туралы ілім
1. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) бірге тең?

  1. Қандай заттар үшін эквиваленттік фактор (fэ) ½-ге тең?

3. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/3-ге тең?

4. Қандай заттар үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/6-ге тең?



  1. Қандай концентрация моль/кг-мен өлшенеді?

  2. Молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?

7. Эквивалентті молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?

8. Ерітіндінің массалық үлесі қандай формулалар бойынша есептелінеді?

9. 1 литр ерітіндіде 3,65 г хлорсутек бар. Осы ерітіндінің молярлы концентрациясы неге тең?

10. Хирургияда натрий хлоридінің 10%-дық ерітіндісімен сіңірілген гипертонды таңғыштар қолданылады. Осындай 500 г ерітінді дайындау үшін қанша грамм тұз және су қажет?

11. 95 г суда 5 г глюкоза ерітілген. Алынған ерітіндіде глюкозаның массалық үлесі (%) нешеге тең?

12. Ерітіндінің қайнау температурасының таза еріткіштің қайнау температурасына қарағанда салыстырмалы жоғарылауы

13. «Н2О2 3%-дық ерітіндісі» деген ұғым нені білдіреді?

14. Судың эбуллиоскопиялық константасы 0,52о. Глюкозаның сулы ерітіндісінің қайнау температурасы нешеге тең, егер оның моляльдік концентрациясы 1 моль/кг тең болса

15. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінділер гипертонды болады?

16. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінділер изотонды болады?

17. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінділер гипотонды болады?

18. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы ең максималды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті молярлы концентрациялары бірдей болған жағдайда?

19. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы ең минималды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті молярлы концентрациялары бірдей болған жағдайда?

20. Бірдей температурада, молярлы концентрациясы 0,1 моль/л болатын ерітінділер өзара изотонды. Осы шарт қандай ерітінділер жұбы үшін сақталады?

21. Жоғары молекулалы компоненттердің қатысуы себепті пайда болатын осмос қысымының бір бөлігі қалай аталады?

22. Стандартпен салыстырғанда осмостық қысымы жоғары ерітінді қалай аталады?

23. Эритроциттерді 10%-дық натрий хлоридінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?

24. Эритроциттерді 0,1%-дық натрий хлоидінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?

25. Төменде келтірілген тұздардың молярлы концентрациясы бірдей: 0,01 моль/л-ге тең. Ерітінділердің қандай жұбы үшін 1 литр ерітіндісінде бөлшектер саны бірдей болады?

26. Эквиваленттізат мөлшері төмендегідей қатынас деп есептеуге болады

27. Эквивалентті фактор мен заттың молярлық массасының көбейтіндісін қандай шамамен есептеуге болдады?

28. Еріген зат мөлшерінің ертінді көлеміне қатынасын қандай шамамен анықталады?

29. Еріген зат мөлшерінің еріткіш көлеміне қатынасын қандай шамамен анықталады?
Буферлік ерітінділер
1. Бейтарап ерітінді үшін қай тұжырым дұрыс болады?

2. Хлорсутек қышқылының аз мөлшерін қосқанда гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің қай компоненті әрекеттеседі?

3. Ацетатты буферлік ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады?

4. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?

5. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?

6. Аммиакатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?

7. [H+] < [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінділер үшін сақталады?

8. [H+] > [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінділер үшін сақталады?



  1. 25°С температурада таза судағы сутек иондарының концентрациясы [H+] (моль/л) неге тең?

  2. Сон- концентрациясы нешеге тең, егер Сн+ = 10-4?

  3. Сұйытылған сулы ерітінділер үшін рН және рОН қосындысы нешеге тең?

  4. Ағзада реакция ортасының қышқылды ортаға қарай ығысуы не деп аталады?

  5. Ағзада реакция ортасының сілтілік ортаға қарай ығысуы не деп аталады?

  6. рОН =11 тең болатын сулы ерітіндіде сутек иондарының концентрациясы (моль/л) нешеге тең?

  7. Ортаның реакциясы қандай болады, егер рОН = 13 болса?

  8. СNаОН= 0,001 моль/л болатын натрий гидроксиді ерітіндісінің рН-ы нешеге тең?

17. Концентрациясы 0,1 моль/л болатын HCl ерітіндісі үшін қандай қатынастар дұрыс болады?

18. [H+] > [OH-] шарты қандай заттың сулы ерітінділері үшін орындалады?

19. Сірке қышқылының ертіндісіндегі сутек ионының концентрациясын қандай формуламен есептеуге болады?

20. Аммоний гидроксидінің ертіндісіндегі сутек ионының концентрациясын қандай формуламен есептеуге болады?

21. Концентрациясы 0,01моль/л КОН ерітіндісі үшін дұрыс тұжырымдар

22. Концентрациясы 0,1моль/л, ионизациялану дәрежесі=0,001 болатын бір қышқылды әлсіз негіз ертіндісінің ионизациялану Kb(моль/л) неге тең?

23. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану константасы Kb 10-7-ге тең бір қышқылды әлсіз негіз ертіндісінің иондану дәрежесі  нешеге тең?

24. 100 мл қан плазмасындағы химиялық байланысқан СО2 көлемдік үлесі қалай аталады?


Комплексті қосылыстар
1. [Co(CN)4(H2O)2]- ионындағы комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?

2. [CrCl2CN(H2O)3] бөлшегіндегі комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?

3. Комплекс түзуші Со (III) болып табылатын комплексті бөлшектің [Co(NO2)3(NH3)3]x заряды нешеге тең?

4. Комплекс түзуші Pt (IV) болып табылатын комплексті бөлшектің [PtCl(OH)5]x заряды нешеге тең?

5. Комплексті қосылыс калийдің монобромопентанитроплатинатына (IV) қандай формула сәйкес келеді?


  1. Комплексті қосылыс натрийдің пентацианомоноамминферратына (II) қандай формула сәйкес келеді?

  1. Комплексті қосылыс пентаамминбромокобальт (III) сульфатына қандай формула сәйкес келеді?

8. [Au(CN)2Br2]- комплексті ионындағы алтынның тотығу дәрежесі нешеге тең?

9. Катионды комплекске қандай формулалар сәйкес келеді?

10. Анионды комплекске қандай формулалар сәйкес келеді?

11. Бейтарап комплекске қандай формулалар сәйкес келеді?

12. [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?

13. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында қай бөлшектер лигандалар болып табылады?

14. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?

15. Байланыс түзілу кезінде электрондар әрекеттесуші электрондар әрекеттесуші атомның біреуінен екіншісінен іс жүзінде толықтай өтіп кететін болса, химиялық байланыс қалай аталады ?

16. Байланыс түзу кезінде электрондар әрекеттесуші атомдардың біреуінен екіншісіне тек жартылай ғана ығысатын болса, химиялық байланыс қалай аталады?

17. Байланыс түзу кезінде электрондар екі атомға да бірдей дәрежеде ортақ қасиет көрсетсе, химиялық байланыс қалай аталады?

18. Сутек атомы мен электртерістігі жоғары басқа бір атомның арасында күшті полярлық коваленттік байланыс түзетін қосылыстарға тән химиялық байланыс қалай аталады?

19. Лиганда орналасатын координациялық максималды сан қалай аталады?


Атом құрылысы. Биогенді элементтер
1. Ва2+ бөлшегінде қанша электрон бар, егер барийдің реттік нөмірі 56 тең болса?

2. I- бөлшегінде қанша электрон бар, егер иодтың реттік нөмірі 53 тең болса?

3. Fe3+бөлшегінде қанша электрон бар, егер темірдің реттік нөмірі 26 тең болса?

4. Қандай заттар адам ағзасына улы қосылыстар түзеді?

5. Қандай элемент сүйек тінінің негізі болып табылады?

6. Медицинада антисептикалық құрал ретінде қандай заттардың ерітінділері қолданылады?

7. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығын жоғарылату үшін қандай заттың ерітіндісі қолданылады?

8. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап, қыжыл пайда болғанда қандай заттың ерітіндісі қолданылады?

9. Қандай ион жасуша ішілік негізгі ион болып табылады?

10. Қандай ион жасуша сыртындағы негізгі ион болып табылады?

11. Қандай элемент макроэлементтер қатарына жатады?

12. Қандай элементтер органоген болып табылады?

13. Қандай элементтер микроэлементтер қатарына жатады?

14. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен «эндемиялық зоб» ауруы пайда болады?

15. Гемоглобинде қандай ион комплекс түзуші болып табылады?

16. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен остеопороз ауруы дамиды?

17. Фтордың артық мөлшерінен туындайды

18. Тас көмірдің шаңын жүйелі түрде жұту кезінде туындайды

19. Алюминий мен оның оксидтерін жүйелі түрде жұту кезінде туындайды
Химиялық термодинамика
1. «Бітеу ампуладағы 0,9%-дық NaCl ерітіндісі» қандай термодинамикалық жүйеге жатады?

2.Қандай термодинамикалық жүйелер гомогенді болып табылады?

3. Қандай термодинамикалық жүйелер гетерогенді болып табылады?

4. Қандай термодинамикалық жүйе қоршаған ортамен массасы мен энергиясымен алмасады?

5. Төменде келтірілген термодинамикалық жүйелердің қайсысы жабық болып табылады?

6. Қандай термодинамикалық жүйенің (заттардың бірдей мөлшері болған джағдайда) энтропия шамасының мәні минимальды болады?

7. Қандай термодинамикалық шама химиялық жүйенің реакциялық қабілетінің өлшемі болып табылады?

8.Эндотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?

9.Экзотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?

10.Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы өзгермейді?

11.Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы артады?

12.Адам қандай термодинамикалық жүйеге жатады?

13.Тірі ағза жасушасында қандай биохимиялық процестер жүреді?

14. Қандай заттардың түзілу жылуы нөлге тең болады?



  1. Стандартты жағдайда жай заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері қалай аталады?

16. «Кез келген химиялық қосылыстың ыдырау жылуы оның түзілу жылуына абсолюттік шамасы бойынша тең, бірақ таңбалары қарама-қарсы» - бұл анықтама

17. Лавуазье-Лапласс заңының математикалық өрнегіне сәйкес формуланы таңдаңыз

18. Егер судың бір моль түзілу энтальпиясы -241,6 кДж тең болса, онда судың екі молінің ыдырау реакциясының энтальпиясы неге тең болады?

19. «Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, тек реакцияға қатысатын бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді» - бұл тұжырым

20. Түзілу жылуы нөлге тең болмайтын заттарды таңдаңыз

21.Заттың агрегаттық күйі кристалл-сұйық-газ қатары бойынша өзгеру барысында энтропия қалай өзгереді?


Химиялық реакциялар кинетикасы
1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не?

2. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 тура реакция жылдамдығының реагенттер концентрацияға тәуелділігін сипаттайды?

3. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 кері реакция жылдамдығының реагенттер концентрацияға тәуелділігін сипаттайды?

4. A + B + B  AB2 тура реакциясы үшін қандай теңдеу әрекеттесуші массалар заңына сәйкес келеді?

5. Ферменттердің каталитикалық әсерінің ерекшелігіне не жатады?

6. Екінші ретті реакция қандай теңдеулермен өрнектеледі?

7. Тірі ағзадағы ферменттердің атқаратын қызметі

8. Қандай реакциялар үшін w = kC(O2) өрнегі дұрыс болып табылады?

9. СаСО3(қ) = СаО(қ) + CO2(г) тура химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 5 есе арттырса?

10. Қандай реакция тримолекулярлы болып табылады?

11. 2NO(г) + Cl2(г)  2NOCl(г) реакциясының тепе-теңдік константасына қандай формула сәйкес келеді?

12. CaCO3(қ)  CO2(г) + CaO(қ) тура реакциясы үшін әрекеттесуші массалар заңына қандай формула сәйкес келеді?

13. Реакцияның температуралық коэффициент γ=2. Химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер температураны 35оС –тан 65оС-ке дейін арттырса?

14. Химиялық реакцияның жылдамдық константасы неге тең?

15. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттар концентрациясы сандық түрде қалай өрнектеледі?

16. Химиялық реакцияның жылдамдық константасының температураға тәуелдігі сандық түрде қалай өрнектеледі?

17. Қандай тұжырымдар ферментативті реакцияны сипаттайды?

18. Берілген реакциялардың қайсылары гомогенді?

19. Берілген реакциялардың қайсылары гетерогенді?
Тотығу-тотықсыздану процестері
1. Ерітінді-ерітінді фазаларының бөліну шекарасында потенциал секірмесі қалай аталады?

2. Қандай жүйеде тотықтырғыштық қасиеті жоғары болады

3. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін есептеуге болады?

4. Қандай электродтар бірінші текті электрод қатарына жатады?

5. Қандай электродтар екінші текті электрод қатарына жатады?

6. Төменде келтірілген электродтардың қайсысы тотығу-тотықсыздану электродтары болып табылады?

7. Жүйе (+) Ag│AgNO3(0,1н)║AgNO3(0.01н)│Ag(-)

8. [H +]=10-2 тең болғанда сутек электродының потенциалы (В) нешеге тең болады?

9. рН=10 тең болғандағы сутекті электродтың потенциалы (В) нешеге тең?

10. Биологиялық сұйықтықтардың рН-н потенциометрлік анықтауда қандай электродтар қолданылады?

11. Ерітінді рН-н анықтау кезінде анықтауыш электрод ретінде қандай электродтарды пайдалануға болады?

12. (-) Fe / FeSО4 // CuSО4 / Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Fe / Fe2+ = - 0,44 В; φ0 Сu / Сu2+ = +0,34 В)?

13. (-) Zn/ZnS04 //CuS04 /Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0Cu/Cu2+ = +0,34 B)?

14. (-)Zn /ZnS04 // NiS04 /Ni (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0 Ni/Ni2+ = -0,25 B)?

15. Металл- оның тұзының ерітіндісі фазалар бөліну беті аралығында пайда болатын потенциал секірмесі қалай аталады?

16. Мембрананың таңдамалы өткізгіштігінің салдарынан мембрана-ерітінді фазаларының бөліну беті аралығында пайда болатын потенциал секірмесі қалай аталады?

17. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күш дегеніміз не?

18. Нашар еритін тұзымен қапталып, сол тұзбен аттас ионы бар, жақсы еритін электролит

ерітіндісіне батырылған металл электроды қалай аталады?

19. Қандай жүйенің тотығу қасиеті жоғары?


Беттік құбылыстар
1. Беттік активтілік шамасын қандай формула бойынша есептелінеді?

2. Қозғалмалы фазалардың бөліну бетінде еріген заттың адсорбция шамасы қандай формула бойынша есептелінеді?

3. Адсорбциялық тепе-теңдік күйін қалай сипаттауға болады?

4. Адсорбция жылдамдығы десорбция жыдамдығына тең болатын жүйенің күйі қалай аталады?

5. Катиониттерді регенерациялау үшін қандай шара қолдануға болады?

6. Са2+ иондарын кетіру үшін консервілеу кезінде қанның ұюын тоқтату мақсатында қандай әдіс қолданылуы мүмкін?

7. Беттік активті заттарды таңдаңыз

8.Қандай ионның адсорбциялануға қабілеті жоғары?

9. Белсендірілген көмір бетінде молекула түрінде қай зат адсорбцияланады?

10. Қатты-сұйықтық бөліну бетіндегі адсорбцияны сипаттайтын қандай теңдеу?

11. Дюкло-Траубе ережесіне сәйкес көмірсутекті тізбекті бір –СН2- тобына ұзартқан сайын бір гомологты қатардағы заттардың сулы ерітінділерінің беттік активтілігі қалай өзгереді?

12. Қайсы топтардың гидрофильді қасиеттері болады?

13. Қайсы топтардың гидрофобты қасиеттері болады?

14. Панет-Фаянс ережесіне сәйкес күміс бромидінің бетінде қандай иондар адсорбцияланады?

15. Қандай зат беттік-активті зат қатарына жатады?

16. Беттік керілу изотермасы беттік керілу σ шамасының тәуелділігін көрсетеді

17. Беттік активтілік шамасы қандай заттың максималды?

18. Беттік активтілік шамасы қандай заттың минималды?

19. Адсорбция изотермасы бұл адсорбция Г шамасының графикалық тәуелділігін көрсетеді

20. «Қатты адсорбент бетінде оның құрамына кіретін және сол адсорбенттің кристаллды торын жетілдіре алатын иондар ғана адсорбциялана алады»

21. Бір заттың екінші бір затқа бүкіл көлемімен сіңірілу процесі қалай аталады?

22. Хемосорбция құбылысы немен сипатталады?


Дисперсті жүйелер


  1. Грануланың изоэлектрлік күйі сипаттайды?

  2. Ауырлық күшінің әсерінен ірі агрегаттардың шөгу процесі қалай аталады?

  3. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  4. Оң зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  5. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  6. Барий хлоридінің артық мөлшерінде алынған барий сульфатының золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  7. Күміс нитратының артық мөлшерінде алынған күміс хлоридінің золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  8. Жоғары жылдамдықпен коагуляциялайтын бөлшектер

  9. Коллоидты ерітінділерді төмен молекулалы қоспалардан тазарту үшін қандай әдістер қолданады?

10. Жартылай өткізгіш мембрана мен ағынды еріткішті қолдануға негізделген коллоидты ерітінділерді тазарту әдісі қалай аталады?

11.Тиндаль конусы қандай дисперсті жүйелерде байқалады?

12. К4[Fe(CN)6] артық мөлшерін FeCl3-ке қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?

13. FeCl3 артық мөлшерін К4[Fe(CN)6]-ға қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?

14. Коллоидты бөлшектердің ірі агрегаттарға бірігу процесі қалай аталады?

15. K2SO4 артық мөлшерімен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің мицелласына сәйкес келетін қандай формула?

16. Теріс зарядталған зольдің коагуляциясын қандай ион тез тудырады?

17. Темір сульфидінің золі үшін қандай иондар потенциал анықтаушы бола алады?

18. Кұміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің мицелласына сәйкес келетін қандай мицеллярлы формула?

19. Коллоидты бөлшектердің үздіксіз ретсіз қозғалысы қалай аталады?

20. Коллоидты бөлшектердің барлық көлемінде бөлшектер концентрацияларының өздігінен теңесуі қалай?

21. Броун қозғалысы қандай ертінділірде айқын байқалады?

22. Броун қозғалыс қандай бөлшектер үшін тән емес?

23. Дисперсті фазаның бөлшектері үшін қандай ертінділердің диффузия жылдамдығы максималды?

24. Дисперсті фазаның бөлшектері үшін қандай ертінділерде диффузия іс жүзінде байқалмайды?

25. Дисперсті фазаның бөлшектері үшін қандай ертінділердің седиментация жылдамдығы максималды?

26. Қандай ерітінділерде седиментация құбылысы байқалады?

27. Электр өрісінде дисперсті фаза бөлшектерінің зарядталған электродтарға қарай қозғалысы қалай аталады?

28. Коллоидты жүйелердің қандай қаситтері молекулалық-кинетикалық болып табылады?

29. Коллоидты жүйелердің қандай қаситтері оптикаалық болып табылады?


Жоғары молекулалы қосылыстар
1. Жоғары молекулалы қосылыстардың шекті ісінуі кезінде қандай процестер жүреді?

2. Физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісіне жалғасатын нативті ақуыздың ерекше құрылымының гидролиттік емес бұзылуы қалай аталады?

3. Жоғары молекулалы заттың төмен молекулалы еріткішті сіңіріп, массасы мен көлемі ұлғаятын, өздігінен жүретін процесс қалай аталады?

4. Полимердің ісіну дәрежесі қандай формулалар бойынша есептелінеді?

5.Ақуыз молекуласының қосынды заряды нөлге тең болатын pH мәні қалай аталады?

6. Полимердің шексіз ісінуінің нәтижесінде қандай құбылыс байқалады?



  1. Ісінудің сандық өлшеміне не жатады?

  2. Ақуыздың ең аз ісінуі рН-ң қандай мәнінде байқалады?

  3. Жоғары молекулалы қосылыстардың электролит ерітінділерінің әсерінен тұнбаға түсу процесі

  4. Жоғары молекулалы қосылыстардың бөлшектері бірікпей, тек гидратты қабаттарының бірігу процесі не деп аталады?

11. Альбумин ақуызының изоэлектрлік нүктесі тең болады: рН=4,8. рН-ң қандай мәнінде альбумин ақуызының молекулалары оң зарядталып, электрофорез кезінде катодқа қарай бағытталады?

12. Ерітіндіде ақуыздар қоспасы бар: қан γ-глобулині (pI=6,40); қан сарысуының альбумині (pI=4,64); цитохром С (pI=10,70). рН-ң қандай мәнінде осы ақуыздарды электрофорездік түрде бөлуге болады?

13. Онкотикалық қысым - бұл

14. Төменгі молекулалы заттарды (NH3, H2O, CO2, HCl) бөле жүретін, ЖМЗ –нің түзілу реакциясы қалай аталады?

15. Қандай реакция нәтижесінде белок түзіледі?

16. Механикалық әсердің нәтижесінде туындайтын сірне?

17. Полимерден сұйық фазаның бөлінуіне байланысты бастапқы пішінін сақтай отырып, сірне көлемінің кішіреюі қалай аталады?

18. Желатиннің ең аз ісінуі қандай жағдайда байқалады?

19. ЖМЗ ертінділерінің тұтқырлығына температураның жоғарылауы қалай әсер етеді?
Құқықтық компетенция бойынша тест тапсырмалары
1. Улы заттармен терең уланған жағдайда, улану дәрежесі мен зардап шеккендердің жағдайына тәуелсіз, алғашқы көмек берудің негізгі ережесіне не жатады?

2. Электр тоғымен адам зақымданғанда қандай шара жасауға тиым салынады?

3. Лабораторияда реактивтер мен химиялық заттары бар қандай сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат беріледі?

4. Органикалық табиғаты бар материалдың жанғыштығын төмендету үшін қосылатын зат немесе қоспа қалай аталады?

5. Химиялық күйік алғанда зақымдалған орынды кран астындағы ағынды сумен біраз уақыт бойы (15 минуттан кем емес) шаяды. Егер қышқылмен зақымдалған жағдайда, күйіктің орнын қандай заттың ерітіндісімен өңдеу қажет?

6. Аптасына 8 сағат бойы (демалыс күндерін ескермегенде) күн сайынғы жұмыс немесе ұзақтығы басқа (аптасына 41 сағаттан артық емес) бүкіл жұмыс стаж бойына қандай-да бір ауруларды немесе денсаулықтағы ақауды тудыра алмайтын, жұмыс істеу процесінде немесе қазіргі және келесі ұрпақтың болашағында жаңашыл зерттеу әдістерімен анықтайтын зиянды зат концентрациясы қалай аталады?



органикалық химиядан тест тапсырмалары
Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2015
uploads -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова
uploads -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
uploads -> Химиялық өңдіріс орындары қоршаған
uploads -> Ошакбаева Ж. О
uploads -> «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
uploads -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары
uploads -> Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова
2015 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет