6-сыныпта оқытудың міндеттері



бет4/100
Дата06.02.2022
өлшемі14,01 Mb.
#49062
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
6 synyp 204 sag
Аннотация Айдын, Аннотация Айдын
6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:

  1. Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуіне, өздеріне сенімді болуларына, жауапкершілікке, бірін – бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

  2. Білімділік: Қайталау есептерін шығару арқылы білім, білік дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер.
Сабақтың типі: Қайталау және пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. «Сиқырлы сандар әлеміне» саяхат
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Сиқырлы сандар әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз сіздермен өткен жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталаймыз. Яғни алған білімдерімізді көрсетеміз. Осы жерде үй тапсырмасын беру. Ребус , тест жұмысын құрау 5 –тапсырмадан.
Танысу: Дөңгелене отырған балалар бір бірімен танысады:атының алғашқы әрпіне орай өзін сипаттайтын аңықтауыш арқылы дарынды Дина,зейінді Зарина,ажарлы Ажар,көңілді Күлән деп өздеріне баға бере отырып есімін атайды.
Саяхат барысында мынадай аялдамаларға тоқталамыз.

  1. «Білімділер» аялдамасы

  2. «Демалыс сәті» аялдамасы

  3. «Қызықты сандар аялдамасы»

  4. Тест

Түстері әр түрлі бес фигура орналасқан: Дұрыс жауаптар аталғаннан кейін жолға аттанамыз. «Теориялық білімнен кейін бағалары кестеге қойылады.»

  1. І Сарғылт түсті тіктөртбұрыш: - Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады? Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? (Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда алымдарын өзара қосып, бөлімін өзін қалдырамыз. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосқанда бөлшектерді ЕКОБ келтіреміз, содан кейін бөлімдері бірдей бөлшектердің ережесін пайдаланамыз)

  2. С Жасыл түсті үшбұрыш: - Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтады? Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? (Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, ал сол бөлімнің өзін қалдырамыз.

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтқанда бөлшектерді ЕКОБ келтіреміз, содан кейін бөлімдері бірдей бөлшектердің ережесін пайдаланамыз)

  1. К Көк түсті шаршы. – Жай бөлшектерді көбейту дегеніміз не? (Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең.)

  2. Е Қызыл түсті жұлдызша.- Натурал сан мен аралас санның қосындысы қалай табылады? (Натурал санмен аралас санды қосқанда, натурал сан мен аралас санның бүтін бөлігі қосылып, қосындыға аралас санның бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады)

  3. С Сары түсті дөңгелек – Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтіледі? (Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады, да бөлімі өзгерісіз қалады.)

  4. Ә Жасыл түсті үшбұрыш: - Жай бөлшектерді салыстыру дегеніміз не? Олар қалай салыстырылады? (Жай бөлшектер натурал сандар сияқты салыстырылады.)

  5. Т Қызыл түсті жұлдызша – Жай бөлшетерді бөлу дегеніміз не ? Өзара кері сандар.(Жай бөлшекті жай бөлшеккке көбейту үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту к/к)

Сонымен бізде қандай сөз пайда болды. Іске сәт. Енді іске сәт деп жолға шығайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет