6-тақырып. Мемлекеттік басқарудың функционалдық ҚҰрылымы мен мақсаттары дәріс мақсаты


Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі83,78 Kb.
#93414
1   2
Байланысты:
МБТ-6-тақырып
Тест, Сақтау және қайта өңдеу
Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы. Басқару негізін оның функционалдық жағы құрайды. Мемлекеттік басқарудың функционалдық негізін мемлекеттің функциялары құрайды. Мемлекеттің функциялары оның нақты тарихи даму кезеңінде қоғамдық үрдістерді басқару бойынша атқаратын қызметтерінің маңызды бағыттарынан тұрады. Ал мемлекеттік басқару функциялары мемлекет функцияларымен тығыз байланысты және оларды жүзеге асырудың тәсілдері мен ұйымдастыру-шылық нысандарын білдіреді. «Мемлекет функциясы» және «мемлекеттік басқару функциялары» ұғымдарында мемлекет біріңғай тұтас басқару субъектісі ретінде көрініс табады.Әлеуметтік үрдістерге мемлекеттің басқарушылық ықпалының сипатын, көрінісін, тәртібін келесідей басқару функцияларына сипаттама беру арқылы көруге болады:
1. Ұйымдастыру (басқару жүйесі) – мемлекеттік басқару субъектілерінің мемлекеттік органдардың құрылымы мен құқықтық мәртебесін айқындау; мемлекеттік басқару субъектілері мен объектілері арасында өзара байланысты қалыптастыру; қоғамдық жүйенің басқарылатын объектілерінің құқықтық мәртебесін айқындау.
2. Жоспарлау – бұл не істеу керек, қашан істеу керек, және кім істеу керектігі туралы алдын ала қабылданған шешімдер. Жоспарлау – біздің қазіргі жағдаймыз бен болашақтағы жағдайымызды байланыстыртын көпір іспеттес.
3. Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау қоғам өмірінің барлық саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады. Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
4. Бағдарлама жасау – мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше мақсаттарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүйесін қалыптастыру процесі. Бағдарлама тәжірибелік іс-әрекеттердің, атқарылатын жұмыстардың мазмұны мен жоспарынан тұрады. 5. Кадрлық қамтамасыз ету – мемлекеттік басқару жүйесінде мамандарды дайындау, орналастыружәне тиімді пайдаланумен байланысты болатын мәселелер кешенін қамтиды. 6. Реттеу –қоғамдық қатынастардың барысын қажетті мақсатқа икемдеп, жөнге салу, бағыштау,белгілі бір тәртіпке келтіру. 7. Бақылау функциясы – мемлекетке жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік аппараттта тәртіп пен заңдылықтың сақталуының, азаматтардың бас бостандығы мен құқығының қорғалуының қажетті шартын құрайды.
Бақылау сұрақтары

1. Мемлекеттік басқару мақсаттарына қандай талаптар қойылады?


2. Мемлекеттік басқару мақсаттарының қалыптасу кезеңдерін атаңыз.
3. Мемлекеттік басқару мақсаттарының жіктемесін келтіріңіз және сипаттама беріңіз.
4. Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымына тоқталыңыз.
5. «Мемлекет функциялары», «басқару функциялары» және «мемлекеттік орган функциялары» түсініктерінің өзара байланысы неде?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет