6ЖОҒары молекулалық Қосылыстар


Полиэтиленді тізбекті полимеризация жолымен өндіру



бет6/8
Дата17.04.2024
өлшемі436,5 Kb.
#200973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция - 12 (1)
40. Личко бойынша ауру?а к?з?арасты? т?рлері, 40. Личко бойынша ауру?а к?з?арасты? т?рлері
Полиэтиленді тізбекті полимеризация жолымен өндіру
Полиэтилен (- СН2 - СН2~) дегеніміз қатты материал болып табылады, жұқа қабатты болса, түссіз мөлдір болып келеді де, қалың қабатты болса, онда ақ түсті болады. Полиэтилен мынадай маңызды техникалық қасиеттерге ие:

Полиэтиленнің негізгі қасиеттері төменгі кестеде көрсетілген.
Полиэтилен жоғары жиілікте істеуші кабельдер изоляциясын жа­ сауда, радио жэне телевизиялық, телеграфтық және телефондық бөл-шектерді жасауда көп қолданысқа ие. Полиэтилендік қабаттар тамақтық жэне фармацевтикалық ыдыстары жасауда жэне орама материалдар есебінде көп қолданылады


1-кесте. Полиэтиленнің негізгі қасиеттері

Этилендік пленкаға полиизобутилендік желімді жақса, жабысқақ полиэтилендік таспалар пайда болады, бұлар электрлік изоляция жасау үшін және сондай-ақ газ бен мүнай құбырларын коррозиядан қорғау үшін де пайдаланылады.
Полиэтилен үлгілік термопластқа жататындықтан, экструзия, қысым арқылы құю және термоқалыпқа түсіру жолдарымен бұйымдарға айналдырылады. Полиэтилен механикалық өңдеуге оңай түседі.
Өнеркәсіпке полиэтилен этиленді полимерлендірудің мынадай жолдарымен алынады:

    1. жоғары қысымда (150-300 МПа), мүнда полиэтилен төменгі тығыздықта алынады (920-930 кг\м3)

  1. төменгі қысымда (0,15-0,5 МПа)

  2. орташа қысымда (3,5-4,0 МПа). Төменгі және орташа қысымдарда жоғары тығыздықтағы (950-970 кг\м3) полиэтилен алынады.

Полиэтилен макромолекуласы этилен (-СН2-СН2~) звеноларынан құралады және тізбек соңында (-С #3) тобының бірнешеуі болады жэне сондай-ақ жан бөліктерінде бұтақтары болады (этильдік, пропильдік және т.б.). Полиэтиленнің төменгі жэне орташа қысыммен алынған түрлерінде бұтақтар көп болмайды, сондықтан мұнда кристалдық жоғары (75-90%). Осыған байланысты бұларда жоғарырақ тығыздық болады жэне жылуға төзімділік пен мықтылық та жоғары, бірақ эластикалық қасиеті томен болады.
Жоғары қысымда алынған полиэтилен молекулалық массасы 30000-дай болатын полимерден қүралады. Бұның сызықтық құрылымында кристалдық төменірек болады (60%). Температура 115°С болғанда, полиэтилен аморфтық күйге көшеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет