7-КҮн оқылым дағдысы 3-дәріс Оқылым тапсырмаларын әзірлеу


Оқылымнан кейінгі тапсырма



бет7/7
Дата20.12.2021
өлшемі111,22 Kb.
#103747
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Оқылым дағдысы 3
9-13 параграф бойынша материалдары мен сұрақтары, 9-13 параграф бойынша материалдары мен сұрақтары, КУРСОВАЯ РАБОТА (Автосохраненный), ТМД Қазақ әд кешенді емтихан

Оқылымнан кейінгі тапсырма


  1. Оқушылар Еламан мен Ақбалаға мінездеме береді және «Бүгінгі таңда осындай мінезді адамдар кездесе ме?» деген сұраққа өз ойын білдіреді.




Кейіпкер

Мінездеме

Бүгінгі таңда осындай мінезді










адамдар кездесе ме?




Еламан










Ақбала










10-12

Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасауға арналған оқылым тапсырмаларын қарастырайық.

«Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» бөлімі

Оқу мақсаты: 10.3.4.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (эссе) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасау.

Бағалау критерийі:

Білім алушы



  • Түрлі стильдердегі мәтіндерге (эссе) жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы бойынша салыстырмалы талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары

Дескриптор: Білім алушы

- мәтіндердің жанрын салыстырады;

- жанрларға тән 2 тілдік қолданысты анықтайды;

- мәтіндердің құрылымын талдайды;

- мәтіндердің аудиториясын анықтайды;

- екі мәтінге ортақ ұқсастықты анықтайды.


13


Оқылым алды тапсырмасы:

Оқушылардың назарына «Анаға апарар жол» фильмінен үзінді ұсынылады.(1-2 минуттық) . Оқушылар үзіндіні көріп сұрақтарға жауап береді.

Бұл фильм сіздерге таныс па? Қазіргі Отандық киноның даму деңгейі туралы не айта аласыздар?

14


Оқылым тапсырмасы:

Берілген екі мәтіннің ұқсастықтарын табыңыз.

Екі мәтіннің ұқсастығымен жұмыс жасау барысында төмендегі кестені қолданыңыз. Төмендегі кестені мәтіннің мақсатын анықтауда қолданыңыз. Мақсат автордың ойлаған ойымен тығыз байланысты.



Ақпарат беру

Қызықтыру

Сендіру

Дауласу


Талқыға салу

Суреттеу

Ақыл-кеңес беру

Нұсқау беру

Сын-пікір білдіру

Баға беру

Тәрбиелеу

Хабарлау




Ұқсастығы

Аудиториясы-

Мақсаты -

Мазмұны-




15

Екі мәтіннің айырмашылығын табыңыз.

Екі мәтіннің мазмұнындағы айырмашылықты жазыңыз.

Екі мәтіннің мақсатындағы айырмашылықты жазыңыз.

Екі мәтіннің формасындағы айырмашылықты жазыңыз.

Екі мәтіннің стилі мен жанрындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

Екі мәтіннің тіліндегі айырмашылықты жазыңыз.

Екі мәтіннің құрылымындағы айырмашылықты жазыңыз

16


Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Екі суретті салыстыра отырып, мәтін құрап жазыңыз.

Мәтініңізде ұқсастық пен айырмашылық мәселесін қарастырыңыз



17


Дәрісіміздің соңында оқылым дағдысын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар беріп отырмыз:

- білім алушының бұған дейін меңгерген біліміне жүгініңіз. Себебі, алдыңғы білім қай деңгейде екенін, яғни оқушы не білетінін көру арқылы алға ілгерілету үшін тиісті бағыт бере аласыз.

- оқушыларды оқуды жалғастыруға және мәтіндегі ақпаратты лайықты түрде пайдалануға уәждеңіз; мәтін бөлігін жасырып қою немесе мәтінге қатысты сұрақтарды алдын ала үлестіру арқылы оқушы уәжін арттыра аласыз.

- мәнмәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын ашуға тырысыңыз. Себебі, жаңа сөздердің мағынасын түсінбеген оқушы мәтінді ары қарай жалғастыруға деген уәжі төмендейді. Оқылымға қатысты оқу мақсаттарына толыққанды жете алмайды.



- оқылым үшін қызықты, алуан түрлі және қолжетімді ресурстарды пайдаланыңыз. Жас ерекшелігіне қарай мәтін мазмұны қызықты оқиғалар мен хикаяларға немесе пайдалы, жан-жақты ақпараттарға (комикс, газет, журнал материалдары) бай болуы керек. Сонда білім алушының мәтінде көтерілген мәселеге, мәтін идеясын пайымдауына, терең талдау жасауға қызығушылығы арта түседі

18

Оқу материалын бекіту үшін 7.4-тапсырмасын орындауды ұсынамыз


Пайдаланған әдебиеттер:

  • Орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, 10-сынып.

  • Дәрістің таныстырылымында пайдаланылған иллюстрациялық материалдар https://www.freepik.com сайтынан алынған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет