7-зертханалық ЖҰмыс II топ элементтері мен олардың қосылыстарының қасиеттерін зерделеу



Дата08.02.2022
өлшемі14,41 Kb.
#98716
Байланысты:
7 практикалық сабақ


7-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
II топ элементтері мен олардың қосылыстарының қасиеттерін зерделеу
Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.
Реактивтер: кальций, магний металдары, су, тұз қышқылының, күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, фенолфталеин ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен мен құрал-жабдықтар: сынауықтар; там­шуырлар, шыны түтіктер.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын тәжірибелерді жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар:
a) Ca→ Ca(OH)2→CaCl2
ә) Mg→ MgCl2→ Mg(OH)2→ MgSO4


2-тәжірибе. Кальций гидроксидінің химиялық қасиеттерімен танысу
1. Кальций гидроксидін фенолфталеинмен анықтап, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
2. Алынған ерітіндіге түсі өзгергенше 1-2 мл тұз немесе азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар.
3. Кальций гидроксиді бар сынауыққа түтікшемен үрлеңдер. Не байқадыңдар? Тәжірибелердің нәтижесін түсіндіріп, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.

7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС


Эксперименттік есептерді шығару
Реактивтер: барий, кальций, магний хлоридтері немесе нитраттарының ерітінділері, натрий немесе калий гидроксидінің және карбонаттарының ерітінділері, кальций, магний металдары, су, тұз қышқылының, күкірт қышқылының сұйылтылған ерітінділері, фенолфта­леин ерітіндісі кальций, барий, стронций тұздарының ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар
Сынауықтар; тамшуырлар, шыны түтіктер; нихром сымы
Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.
Жұмыс барысы
1-есеп. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып мына қосылыстарды алыңдар:
1) барий сульфаты; 2) кальций карбонаты; 3) магний гидроксиді.
2. Реакция теңдеулерін құрастырып, тиісті қорытынды жасаңдар.
2-есеп. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca→ Ca(OH)2→CaCl2→ CaCO3


3-есеп. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар:
Mg→ MgCl2→ Mg(OH)2→ MgSO4


4-есеп. Сілтілікжер металдарының жалынның түсін бояуы
Тазартылған нихром сымды кальций, стронций, барий тұздарының ерітінділеріне жеке-жеке батырып, спиртшамның немесе газ жанарғының түссіз жалынына ұстаңдар. Кальций иондары жалынды кірпіш қызыл, стронций иондары кармин қызыл, ал барий иондары сары жасыл түске бояйды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет