8- дәріс. Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және оның түрлері


Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы



бет4/9
Дата03.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#189153
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8- лек. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және оның
94 file, mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы

Критериалды бағалау жүйе элементтерінің түйінді идеялары


КБ элементтері

Түйінді идеялар

Біліктілікке негізделген тәсілдеме

Мақсаттарды анықтау, мазмұнды сұрыптау, оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу нәтижелерін бағалаудың жалпы қағидаттар жиынтығы. Мұндай қағидаттарға келесі тұжырымдар жатады (О.Е.Лебедев, 2004):
- Оқу үдерісін ұйымдастыру мәні білім беру мазмұнын құрайтын оқушылардың танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, адамгершілік және тағы басқа мәселелерді дербес түрде шешу тәжірибесін қалыптастыруда жатыр.
  • Оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі сатысында оқушылардың қол жеткізген білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді.

  • Біліктілікке негізделген тәсілдеме оқушылардың білім мен дағдыларды бір-бірінен бөлек үйренуден гөрі оларды кешенді түрде меңгеруді ұсынады (А.В.Хуторской, 2002).

Кері дизайн

Педагогикалық жобалаудың арнайы технологиясының негізгі критерийі контент емес, жоспарланатын нәтижелер болып табылады (С.Б.Велединская, М.Ю.Дорофеева, 2014).
Оқу үдерісін жобалаудың үш кезеңі ұйғарылады (Г.Уиггинс, Дж.Мак Тай, 1998):
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Оқушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап;
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Оқушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап;
3-кезең - Оқуды және оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.
  • Оқу мақсаттары өлшенетін және бақылауға болатын қалаулы нәтижелер арқылы өз көрінісін табады
  • Толық оқу-әдістемелік жабдықтауды ұсыну (оқу бағдарламалары, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар, мұғалімге арналған бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар, тапсырмалар үлгілерінің жинақтары, жиынтық бағалау бойынша тест спецификациясы) кері дизайндағы оқу үдерісін жобалауға мүмкіндік береді: :



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет