9 дәріс. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»


Ауыл ша­ру­ашылғын күштеп ұжым­дасты­ру



бет3/7
Дата30.11.2022
өлшемі39,28 Kb.
#160480
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 дәріс-2023
Мейрханұлы Әлібек 1-Ргр
Ауыл ша­ру­ашылғын күштеп ұжым­дасты­ру
Жаңа экономикалық саясаттың мерзімінен бүрын аяқталуы Қазақстан ауыл шаруашылығына да ез зардабын тигізіп, кооперативтік қозғалыс енді күштеп үйымдастырумен алмастырылды. Коммунистік партияның 1927 ж. желтоқсанда өткен XV съезі ауыл шаруашылығын үжымдастыруға бағыт берді. «Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы 28 тамыздағы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, совет өкіметі ірі байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды.
Бұл советтік саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранмен жүзеге асты. 1929 жылы Қазақстандағы мал басы 40 миллион болса, 1933 жылы 4 миллионға зорға жетті.
Ұжым­дасты­ру ісіне көмек ретінде ауыл­ды жер­лерге 8000 жұмыс­шы жіберілді. 25 мыңдықшы­лар деп аталған 1204 "ұжым­дасты­рушы" Мәскеу, Ле­нинг­рад сиқты ор­та­лықтар­дан жіберілді.Ауыл ша­ру­ашы­лығының ұжым­дасты­рылуы өте қатал жағдай­да жүргізілді. Ұжым­дасты­ру же­дел және жос­парсыз жүргізіле бас­та­ды.1928–1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы: рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының 1928 жы­лы 2% -ы,1930 жы­лы сәуірде 56,4%-ы,1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды.Ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін және мал­дарды күшпен ал­ды. Мы­салы, 1931–1932 жыл­да­ры Шұбар­тау ауда­нын­да мал­дың 80%-ы ет­ке өткізілді. Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға са­лық са­лын­ды,. Торғай­дағы 1 млн. мал­дың 98 мыңы ғана қал­ды.Ку­лак­тарды жою ісі қатал жүргізілді. Шо­лақ бел­сенділер ор­та­шалар­мен қатар ке­дей ша­ру­аларға да зор­лық жа­сады.
Ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ша­ру­алар толқуы
1929–1931 жыл­да­ры Қазақстан жерінде ша­ру­алар­дың ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ұйым­дасты­рылған қару­лы қозғалы­сы бол­ды.
Ірі көлем­де ша­ру­алар қозғалы­сы өткен жер­лер:
1929 жы­лы 29 қыркүйек – Бос­тандық,
1929 жы­лы 1 қара­ша – Бат­паққара (Қос­та­най),
1930 жы­лы 2 ақпан – Со­зақ,
1930 жы­лы 25 ақпан – Ырғыз,
1930 жы­лы 26 на­урыз – Сарқан­да т. б. «Кіші Октябрь» төңкерісін жасамақ болған Филипп Голощекиннің жосықсыз саясатына қарсы жергілікті халық талай рет бас көтерді. Кейбір дереккөздер мұндай көтерілістер мен толқулар Қазақстанның түкпір-түкпірінде бас-аяғы 372 рет болғанын көрсетеді. Кез-келген толқу күшпен басылып, қатаң жазаға тартылды.
Нәтижесі
Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.
Ұжым­дасты­ру зар­да­бы
1929–1933 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­дағы біріккен мем­ле­кеттік са­яси басқар­ма (ОГ­ПУ) 3386 адам­ды ату, 13151 адам­ды түрме­ге қамау ту­ралы үкім шығар­ды. Көпте­ген адам­дар өздерінің мал­да­рынан айырыл­ды.
1926 жылғы КСРО санағы бойынша Қазақстанда 6 198 467 адам тіркелген. Оның ішінде қазақтар – 3 627 612. 1897 жылғымен салыстырғанда небәрі 11 мыңға ғана өсіп, үлесі 58,5%-ға дейін төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет