9-дәріс. Ш.Құдайбердіұлының өмірі, балалар әдебиетіне қосқан үлесі


Шәкәрім! Абайдың ерекше туған інісіні аты Шәкәрім еді



бет2/3
Дата19.12.2023
өлшемі19,74 Kb.
#197692
1   2   3
Байланысты:
file-9647
тест 9 сынып, БЖБ саны, тақырыптары, балы, инклюзивті білім беру, «Көркем еңбек» пәнінең күнтізбелік – тақырыптық жоспар 5 сынып (ұлдар) , file-10955, педагогика 15, 1-сабақ. Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала», 3-сабақ.Тынымбай Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала.Бақытты сәт, 1 ай 2 апта 1 сабақ
Шәкәрім! Абайдың ерекше туған інісіні аты Шәкәрім еді.
Бұдан елу жыл, сексен жыл бұрынғы қазақ поэзиясында Абайдан соңғы ең танымал есім. Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға. Одан соң... өзі өлсе де, аты өшпеген. Шығармалары сақталса да, жұрт алдына жарқырап шықпаған. Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы,- қазақ қана емес, - бүкіл Түскістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жетік біледі. Атаның мол дәулеті, ағайын-туыстың өр кеудесі, ағаның мәртебе-даңқы арқасында бұла өскен Шәкәрім өзінің өмір жолын ғана емес, өнер жолын да сауық-сайраннан, мереке-қуаныштан бастайды. Абайдың өлең өрнегін ұстаған, Абайдың тіл мәдениетін үлгі тұтқан махаббат жырларының өзінде Шәкәрім тың бояу табуына, соны сыр түюге ұмтылады. Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармалықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы – проза болса, автор мүлде басқа тұрғыдан көрінетін тағы бір мол арна – тарих пен философия. Бір мақалада, Шәкәрімтанудың алғашқы кезеңінде бәрін қамту, бәрін айту мүмкін емес.
Ақын туған халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Ел тірлігіндегі кеселді құбылыстарды ашады, алға жылжуға бөгесін, кертартпа сананы әшкерлейді, Діни және рухани соқырлықтың мән-мағынасын ашуга тырысады. Адам баласының басқа тіршілік иелерін айырым белгілерін сөз етеді. Адамның өзгеше болмыс-бітімін, оның ақыл-ойын ғана емес, түйсік-сезімін, тіпті физиологиялық ерекшеліктерін де өлеңге арқау етеді. Өмірде шын болған бақытсыз ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр хикаялары ескі күндердің өзінде ел арасына кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартқан Абай деп білуге тиіспіз.
Шәкәрімнің үш поэмасы да (Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу) ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих-фон ғана, автордың баса назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда Қалқаман-Мамыр лиро-эпикалық жырға бейім. Еңлік-Кебек - әлеуметтік дастан, ал Нартайлақ-Айсұлу бұл махаббат драмасы дер едік.
Шәкәрімнің балаларға арналған өлеңдерінің бірі: Қаншыр мен бөдене, Ақылшы торғай, Қасқыр,түлкі бөдене т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет