9-дәріс. Ш.Құдайбердіұлының өмірі, балалар әдебиетіне қосқан үлесі



бет3/3
Дата19.12.2023
өлшемі19,74 Kb.
#197692
1   2   3
Байланысты:
file-9647
тест 9 сынып, БЖБ саны, тақырыптары, балы, инклюзивті білім беру, «Көркем еңбек» пәнінең күнтізбелік – тақырыптық жоспар 5 сынып (ұлдар) , file-10955, педагогика 15, 1-сабақ. Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала», 3-сабақ.Тынымбай Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала.Бақытты сәт, 1 ай 2 апта 1 сабақ
Ақылшы торғай өлеңінде:
Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай ұстап алды сөйтіп жүріп,
Балаларға сатайын деп ойлапты,
Торғайды жазып алып ұстап тұрып.
Сонда торғай сөйлепті адамдайын:
- Босатсаң үйретем, - деп, - байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл, бүйірің шыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі, - дейді. Торғай тұзақшыға әрқашан аңдағайсың, орынсызға, өтірікке нанбағайсың, алдау сөзге сене көрме, тегінде шынның жолын қамдағайсың деп шындықты, әділдікті суреттеген.
Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы - проза болса (әйел бостандығы, ескі қазақ ауылындағы саяси-әлеуметтік жағдай туралы жазылған Әділ-Мәрия повесі) .
Ғалам болмысы, замана тұрпаты, адам табиғаты туралы көп толғаған. Шәкәрім өмірдің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында да көп жазған еді.
Қайғы емес қаза,
Болмаймын наза,
Ноқталы басқа бір өлім…-
деп, жас кезінде-ақ өмірдің өтпелі кебін мойындаған ақынның, алпысқа аяқ артқан шағында: “Қаласың қай сайда…”-деп, өз өмірінің немен тынарын болжаған ақынның қайғылы қазаға ұшырауы да, көмеусіз, отыз жыл бойы ойпаңда, құр құдық түбінде қалуы да шын трагедия емес.
“Туған жан өлмек, - тағдырға көнбек”, - деген Шәкәрімнің өзі. Ақын өмірі, ақын тағдыры. Ең үлкен қайғы, шын трагедия – Шәкәрім мұрасының елу жыл бойы жабулы жату. Қысастан өлген ақын жан бір сәт қана азап шексе, өзінің ең елеулі қайраткерлерінің бірін санатқа қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көріпті. Сол кемістіктің орны енді ғана толып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет