9-дәріс. Ш.Құдайбердіұлының өмірі, балалар әдебиетіне қосқан үлесі



бет1/3
Дата19.12.2023
өлшемі19,74 Kb.
#197692
  1   2   3
Байланысты:
file-9647
тест 9 сынып, БЖБ саны, тақырыптары, балы, инклюзивті білім беру, «Көркем еңбек» пәнінең күнтізбелік – тақырыптық жоспар 5 сынып (ұлдар) , file-10955, педагогика 15, 1-сабақ. Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала», 3-сабақ.Тынымбай Нұрмағамбетов Анасын сағынған бала.Бақытты сәт, 1 ай 2 апта 1 сабақ

9-дәріс. Ш.Құдайбердіұлының өмірі, балалар әдебиетіне қосқан үлесі

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайберді ұлының орны үлкен. Шәкәрім бұрынғы Семей облысы Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.


Өзінің “Мұтылдғанның өмірі” атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазды. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Молда сабағынан басқа, орысша үйренеді. Ақынның алғашқы жазған өлеңдері жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерінен-ақ ол Абайдың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады. Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар, адам тағдыры жайында сюжетті дастандар жазды. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” сияқты лирикалық-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табысы саналады.
Абайдың інісі.
Қабағынан қар жауған
Қараңғы бұлт жоғалды,
Қасқара алмай бет ауған
Қаһарлы жел де оңалды,
Көшейін деп қыбырлап,
Ел қыстаудан қозғалды-
Жаралы жүрек жыбырлап,
Жазылмай жалғыз сол қалды.
Ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын таңбаланады. Сонымен қатар өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар.
Бір қаламгерге емес, бар ойшылға тән қамырық-қайғы бар. Өлең өресін, өнер биігін айқындайтынкөрсеткіш. Және біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетмізде Абайдан соң ғана мүмкін болван жетістік.
Осы тұңғиық та тұнық, сырлы да сазды өлең жолдарының авторы, шынында да, ұлы Абайдың туған бауыры болатын. Ата – тек жағынан алғанда да, үлгі-өнеге жөнінен, мұрат-мақсат тұрғысынан қарағанда да.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет