9 лекция тақырыбы. Аналитикалық геометрияның пайда болуы және дамуы


Н.И. Лобачевскийдің ғылыми жұмыстары жайлы



бет6/18
Дата16.05.2022
өлшемі70,28 Kb.
#143519
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
9-15 лекция тезисі
1501-19 5 есеп Элнура (копия), 2 нұсқа, Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, 5 сыныптар Көшбасшылар сайысы
Н.И. Лобачевскийдің ғылыми жұмыстары жайлы. Лобачевскийдің ғылыми еңбектері алгебра, геометрия, анализ, физика, механика және астрономия ғылымдарымен байланысты 20 жұмыстан тұрады. Лобачевскийдің “Алгебра және ақырлы есептеу” (Москва 1834), “Параллель түзулер теориясы бойынша геометриялық зерттеу” атты еңбектері бар.
Казань университетінің мүшелері 80 жыл бойы Лобачевскийдің геометрияға қатысты шығармалар жинақтарын жинады.
1883-86 жылы Лобачевскийдің шығармаларында үлкен рөл атқарған шығармалар жинақтарының екі томы жарық көрді. Ол 400 данадан тұрған, соңғы жылдары библиографиялық сиректікті көрсетті.
Қазіргі кезде Лобачевскийдің шығармалары толық жинақ болып, алты томнан тұрады. Жоспар бойынша алғашқы үш томы Лобачевскийдің геометриялық шығармашылығынан тұрады, төртінші томында алгебра бойынша шығармашылықтары жинақталған, бесінші томы механика, астрономия анализ шығармашылықтарына қатысты болса, ал алтыншы томында Лобачевский туралы тарихи және библиографиялық мәліметтер жазылған.
Лобачевскийдің “Геометрия бастамалары” (1829-1830) алғаш басылып шыққан мемуары геометрия тарихының екі кезеңінен тұратын шекарадан тұрды. Ол бірінші жағдайда 2000 жыл бойы математиктерге жұмбақ болып келе жатқан Евклидтің кез келген постулаты мен көрсетілген постулатты 100-ге жуық әртүрлі дәлелдеулер туралы сұраққа жауап іздесе, екінші жағдайда Лобачевскийдің мемуары геометрияның жаңадан бір бөлімін ашты.
Лобачевский осы мемуарда зерттеу мақсаты жайлы анықтап айтқан.
“Ешқандай математика ғылымы қараңғы түсініктен тұруға мүмкін емес екеніне бәрі келіседі, сондықтан параллель түзулер теориясында жіберілгендегідей математикада мұндай қатаң кемшілікке жол берілмеуі тиіс”.
Бұл теорияның Евклидтің параллель түзулер туралы постулатына сүйенетіні Лобачевскийді қызықтыра түсті. Ол осы Евклид постулаттарынан бас тартуды дұрыс деп шешіп, ішкі қайшылықтарын қорытындыламайтыннан өзгеше толығырақ өзінің геометриялық жүйесін құрды.
Лобачевский тамаша геометриялық салулар мен түсініктер көмегімен жаңа “жорамалдағы геометриядан” орын алатын жазық, сфералық геометрияға және аналитикалық геометрияға формула шығарды. Лобачевскийді “жорамал геометриясының” қаншалықты физикалық кеңістіктегі геометриялық арақатынасты бейнелейтіні қызықтырды. “Жорамал геометриядағы” анализ және интегралдық есептеуді қолдану формулалары да Лобачевскийдің назарында болды. “Геометрия бастамалары” мемуарының үлкен бөлігін осы тақырыпқа арнады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет