9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция
философия эссе, ақ орда қазақ хандығының негізі, тәрбие сағаты, Торыбайұлы Мерей
Қазақ билері -
ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін 
атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы 
мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ билері әділ және елге 
сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың 
атақты билері: 
Төле би (1663-1759 жж.). Қазыбек би (1667-1764 жж.) 
Әйтеке би (1644-1700 жж.) 


Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті 
сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен 
мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. 
Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында 
қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп 
танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. 
Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар 
кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді 
шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса
заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ 
қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі 
билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші 
орынға қояды. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер 
бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша 
хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ 
киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер 
кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік 
бөлінісі принципінің болғанын көреміз.Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке 
өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын 
ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін 
жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт 
отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. 
Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық 
тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар 
мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын 
қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот 
билігіне келіп саяды. «Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға 
жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне 
байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген.
Қазақ билерінің қоғамдағы әділеттілікті сақтаудағы қызметтерін ары қарай 
қарастыратын болсақ, заңгер-ғалым С. Созақбаевтың «Тәуке хан. Жеті 
жарғы» атты еңбегінде қазақ қоғамында даулы істің қаралуы екі сатыға 
бөлінгенін көрсетеді: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына 
дейін, өзара келісім дауды шешуге қимыл-әрекет жасайды. Әдеттік 
құқықта оны «Бітім», «Береке», «Салауат» деп атаған.«Бітім» – екі жақтың 
өзара келісімі арқылы, сөз жүзінде даудың аяқталуы. Бітімнен кейін 
билерге істі қарауға құқық берілмейді. Себебі бітімді, өзара келісімді бір 
жақты бұзу сөзде, сертте тұрмаудың, жалпы ар-ожданның жоқтығының 
белгісі.«Береке» – айырбас, немесе сатып алу туралы сөз жүзінде шарт 
жасау. Өзіндік мүдделерін қанағаттандыру. Жалпы қазақтың әдеттік 
құқығында «береке» институты барлық келісім шарттардың негізі 
болған.«Салауат» – немесе кешірім, – дауласқан екі жақтың бір-біріне 


талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Кешірім жасау ауыл, ел, ру 
ақсақалдары қатысуымен өтетін болған. 
Билердің қоғамдық қайраткерлігін көрсететін қасиеттерінің және біреуі – 
қазақ елінің дамуына кесірі тиетін салт-дәстүрлерді теріске шығаруы. «Өзі 
болған жігіттің түп атасын сұрама» деген қазақтың мақалы адамды 
шыққан тегіне, атақ беделіне қарап емес, жеке басының қадір-қасиетіне 
сәйкес бағалауды үндейді. Осылайша тәрбиелеу арқылы ағайынына ғана 
емес, еліне, кісіге ғана емес, халқына қамқор бола алатын азаматтардың 
қалыптасуына үміт артқан. Бұл азаматтың, жеке тұлғаның өзін толықтай 
жүзеге асыруына септігін тигізетін рухани ынталандырушы фактор. 
Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам 
өмірінің 
саяси-құқықтық, 
әлеуметтік-экономикалық, 
әскери-
дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын 
нығайтуға үлестерін қосты. Бүгінгідей ғаламдану мен батыстық сарындағы 
арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл 
мұраларымызды бүгінгі ұрпаққа жеткізу, түсіндіру мен насихаттау күн 
тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет