9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция
философия эссе, ақ орда қазақ хандығының негізі, тәрбие сағаты, Торыбайұлы Мерей
Бейбітшілік және Жақып Омаров көшелерінің қиылысында орналасқан 
Астана қаласындағы үш бидің ескерткіші. 
Төле бидің ықпалымен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында 
көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би 
Ташкент қаласындағыШайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың 
нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене 
салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын 
мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп 
отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, 
т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, 
құрмет тұта атап өтті.
Әйтеке Байбекұлы
(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға 
үлкен 
үлес 
қосқан 
атақты 
үш 
бидің 
бірі, 
мемлекет 
қайраткері. Әлімұлы тайпасының 
төртқара 
руынан шыққан. 
Әмір-
Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. 
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған 
біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және 
Қазыбек 
билермен 
бірге 
Тәуке 
ханнан Абылайға дейін 
қазақ 
мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш 
жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін 
дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі 
мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық 
көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер 
ретінде таныта білді. Қысқаша үзінді келтірсек: 
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы 
арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі 


жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле 
би мен Қазыбекке жүгініседі. 
- Аға болып алдымен туасың, 
Барымталап жылқымды қуасың 
Артымнан ерген еркемсің, 
Ағаңның көзі тірісінде 
Жеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз 
жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би 
тұрып: 
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. 
- Ашу деген ағын су, 
Туысқан сон сөз қуыспау керек. 
Алдын ашсаң арқырар. 
Сөз қуған бөлеге жолымды, 
Ақыл деген дария, 
Жол қуған олжаға жолығады. 
Алдын тоссаң тоқырар. 
Төле сен, жылқысын қайыр! 
Кісі бірге туыспау керек, 
Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол 
алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге 
келіп, тынышталыпты. 
Әйтеке бидің нақыл сөздеріне келсек: 
Сарқылмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ… 
Сонымен бірге, Жігіттің жақсысы: 
Дұрыс сөзге тоқтай білген, 
Басқаны сөзіне тоқтата білген, деп төрелікті көздеген, әділдікті жақтаған 
дара тұлға.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы 
қазақ халқының XVII-
XVIII ғас. көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын 
тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 
жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, 
өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған.Бидің жастық 
шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық 
алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші 


мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен 
кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке 
ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ 
қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан 
тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық 
танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” 
деп жұлқынып алға шығады да: 
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп 
найзасына жылқының қылын таққан елміз. 
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. 
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. 
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. 
Атадан ұл туса - құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын 
деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. 
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын 
теліткелі келгенбіз. 
Танымайтын жат елге - танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – 
шабысқалы келгенбіз. 
Сен қабылан болсаң, мен арыстан - алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары 
желіммен жабысқалы келгенбіз. 
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” - 
депті.Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа 
шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі 
мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан 
былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның 
арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған 
мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған 
болатын.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң 
жобасын – “Жеті жарғыны ” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық 
алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-
ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн 
төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы 
дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы 
жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. 
мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.Ел “Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде 
Қазыбек 
би 
өзге 
де 
билермен 
бірге 
Сәмеке, 
Әбілмәмбет,
хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш 
салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Осындай кезеңдерінен үзінді 
келтірсек: 


Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты 
Қазыбек би келеді.Төсекте жатқан Бұқар жырау: 
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады
Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы: 
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман. 
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман. 
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман. 
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. 
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман. 
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман. 
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге 
жеткеніңіз. 
Патриотизм деген сөздің дәл мағынасы латынның «патер» – әке деген 
сөзінен туындайды. Адам баласы әкені ақылымен, ал анасын жүрегімен 
жақсы көріп, сүйіп, құрметтейтіні белгілі. Қаз дауысты Қазыбек қоғам 
ұрпақтарын, жалпы адамдардың Отанға деген патриоттық, сүйіспеншілік 
сезімін тәрбиелеуге байланысты: 
– Алтын ұяң – Отан қымбат, 
Құт-берекең атаң қымбат. 
Аймалайтын анаң қымбат. 
Мейірімді апаң қымбат. 
Асқар тауың әкең қымбат. 
Туып-өскен елің қымбат. 
Ұят пенен ар қымбат, 
Өзің сүйген жар қымбат, – деген еді. Дүниені түсіне білу қатынасы 
қашанда уақыт дәуір тынысы арқылы айқындалады. Демек, тарихи ірі 
тұлғаны дәуір туындатады, ол уақыттан озып, жана дәуірге жол тартады. 
Сондай тұлғалардың бір қатары XVII-XVIII ғғ. қазақ қоғамында өмір сүрді. 
Абылай сұлтанның ел басқаруда жоңғар шапқыншыларымен күресте 
ерлігімен аты шығып, Орта жүздің ханы болды, ал Қаз дауысты Қазыбек 
халықтың жалпы патриоттық күресінің нақты жаршысы да, басшысы да 
болды. Қазыбек би қалыптасқан тарихи жағдайға өз бағасын дұрыс бере 
отырып, қазақ халқын ынтымақ пен бірлікке, руаралық дауларды 
тоқтатуға, жоңғар, орыс, өзбек халықтарымен достық қарым-қатынастарды 
орнатуға шақырып жүрген. Ол өмір бойы өз халқының қамын ойлап, 
әркезде әділ билігін айтып отырған. Халық ауыз әдебиетінде Қазыбек 
бидің 
нақыл 
сөздері 
де 
өте 
көп 
сақталған. 
 

Document Outline

  • Тәуекел хан кезеңі.1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, ек...
  • Есім ханның тұсында қазақ хандығы.(1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заман...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет