91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


​Гендер экспрессиясының реттелуі. Механизмі



бет119/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
2 Қазақстан тарихы 10 сынып 10A.Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті презентация
13.Гендер экспрессиясының реттелуі. Механизмі.
ДНҚ бойына орналасқан гендердің бәрі бірдей, бір мезгілде транскрипцияланбайды. Ол біріншіден жасуша тіршілігінің белсеңділігіне және даму кезеңіне, екіншіден, гендердің экспрессиялануының реттелу механизмдеріне байланысты болады. Сондықтан да, бір мезгілде әр түрлі жасушаларда түрліше гендер транскрипцияланады және ағзаның дамуының әр түрлі кезеңдерінде бір жасушаның түрліше гендері экспрессияланады.
Әдетте біз, бір ген — бір белок (фермент) деген ұғым бойынша әрбір ген өз алдына жеке транскрипцияланады деп ойлаймыз. Ал, шын мәнінде, бір белгіні дамытатын бірнеше гендер ДНҚ бойына қатар орналасып, бірге транскрипцияланады. Ондай гендерді кластерлі гендер деп атайды. Кластерлі гендердің бәрі бірдей транскрипцияланып ортақ полицистронды а-РНҚ түзіледі. Осының негізінде бір белгінің дамуына қажет барлық ферменттер бір мезгілде синтезделінеді. Кластерлі гендердің экспрессиялануын ерекше реттеуші гендер реттеп отырады.
Гендердің экспрессиялануының реттелу механизмдерін зерттеу үшін прокариоттар өте қолайлы объект болып саналады, себебі олардың геномдары не бары бірнеше геңдерден құралған және олар өте тез көбейе алады. Сонымен қатар, гендердің экспрессиялануының реттелу механизмдері прокариоттарда да, эукариоттарда да ұқсас жүретіндігі анықталды.
Гендердің экспрессиялануының реттелу механизмін зерттеуде ішек бактериясы — Еsсһеrісһіа соlі өте колайлы объект болды. Е. соlі тіршілігі үшін қалыпты энергия көзі болып глюкоза саналады. Егер де тіршілік ортасында глюкоза болмаса ол лактозаны пайдалануға көшеді. Осы кезде жасушада лактозаны ыдырататын ᵝ -галактозидаза ферменті синтезделуі қажетᵝ -галактозидаза ферменті дисахарид-лактозаны галактоза және глюкозаға ыдыратады.
Е. соlі жасушасында ᵝ -галактозидаза ферментінің синтезделуі қоректік ортада лактоза болған жағдайда индукцияланады, ал оның мөлшері азайса, не мүлдем болмаса бұл ферментті синтезделу қарқыны да азаяды не тоқталады. ᵝ -галактозидаза ферменті синтезделу үшін Е. соlі ДНҚ-сындағы Lac-Z, деген ген транскрипцияланып, оның а-РНҚ-сы түзілуі қажет. ᵝ-галактозидаза ферментінің синтезделу қарқыны индукцияланғаннан кейін 1000 есеге дейін кебейеді және ол қоректік ортада индукторлактоза болса бір деңгейде ұзақ уақыт сақталынады. ᵝ - галактозидаза ферментінің лактозадан басқа индукторы ретінді оның ыдырауында пайда болатын аралық зат – аллолактоза да саналады. Ортада индуктордың (лактоза не аллолактоза) азаюы не жойылуы ᵝ -галактозидаза а-РНҚ-сының нуклеотидтерге ыдырап жойылуына алып келеді. А-РНҚ-ның тіршілік ұзақтығы бірнеше минутқа ғана тең, сондықтан да оның бір денгейде синтезделіп тұруы үшін және жасушада үнемі ᵝ-галактозидаза ферменті синтезделуі үшін ол үнемі индукцияланып тұруы қажет, яғни ортада лактоза не аллалактоза болуы қажет. Сонда ғана а-РНҚ-ның ыдырауы мен синтезделуі теңеседі, жасушада ᵝ -галактозидаза ферменті бір қалыпты синтезделінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет