А. А. Какимова Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында талқыланды


Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары



бет69/103
Дата06.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#58641
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.
Дәрістің мазмұны :
1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.

  1. Образ және оның түрлері

  2. Тип және типтердіру, тип және прототип арақатиынасы, типтік бейне ерекшелігі.

  3. Көркем бейне жасаудағы негізгі тәсілдер. Портреттік тәсіл, оның түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері / тура және жанама мінездеу/. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Психологиялық паралелизм.

1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.


Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеру керек. Чернышевский сөз өнерінің «шын мазмұны – тек адам өмірі» дейді. М.Горький өзінің «Кәсіп туралы кеңесінде » көркем әдебиетті «адамтану» деп атайды.
Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арақауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі деуге болады. Демек, әдебиеттің предметі – адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөінде емес, қалмгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі барлық творчестволық әрекеті туралы болуға тиіс.
Қаламгерге көркем шығарма туғызу үшін бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару,, тірі құжаттарды зертеу. Мыс. Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы, немесе М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеяы.
Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты - ойдан шығару. Ойдан шығару - образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың , жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Яғни шығармада суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрә жинақтау, әрі даралау тәсілі.
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарпайым мағынасы образ – суретті сөз. Мыс: А.Құнанбаев «Қыс», я болмаса,
Күлімсіреп аспан тұр
Жерге ойлантып әр нені. (Абай)
Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп кетеді. Осының бәрін көзбен көріп, сезінетін секілдіміз. (ауызша)
Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ. Әдебиетті адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлікматеиралды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Жинақтау жайлы әр түрлі пікірлер бар. Жинақтау деген - әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш.
Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.
Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тіріә мүсін прототип.
Әр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау; яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототив табудан басталғанын байқауға болады. М.Әуезовтың әр типінің өмірде прототипі болған. С.Мұқановтың Амантацының төркіні Амангелді т.б.
Типтік тұлғасын жинақтау, көркем бейнені даралау процесі, міне,осылай басталады.
Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үші талғампаздық.
М.Әуезов талғампаздық туралы былай дейді: «Төрт том «Абай жолы» үшін жинақтап, жинап жән сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды».
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқлы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлға тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық ұлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мыс: Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмасағанын айтады.
Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. «Талантты жазушының әр образы тип» дейді Белинский.
Типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың , бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшліктерінен құралады да, тип болады. Мысалыға Құнанбайды алып қарасақ, бүкіл ішкі сыртқы бітімі ешкімге ұқсамайды, әбден дараланған, мінез құлқы, іс-әректі, ақыл-парасаты бірегей, бөлек. Бұнда Құнанбайдың жалқы – тұлға. Сонымен бірге, ол әбден жинақталған, сол дәуірдегі өмір кешкен бай-шонжарлардың бәріне ортақ әрекет бар. Бұл жерде Құнанбай – жалпы, өз ортасының жиынтығы. Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізін байқауға болады. Мыс, М.Әуезов Абай бейнсі арқылы қазақ қоғамындығы жаңалықты, ұнамды қасиеттердің бір алуанын байқауға болады.
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады.
Мінездеу тура жәнежанама мінездеу. Мінездеу. Мыс. Ғ.МҰстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Жақып шабарманға берілген мінездеуді алуға болады. «Шәкен мырзаның қолтығына кіріп алып, біреу мен біреуді, бір ел мен бір елді, есебін тауып, атыстырып жүреді. Ел іші тиыш болса, оған іштемес түспейді, жұмыссыз қалады. Жатып ішуді дәулет көтермейді. Еңбек істеуге әдеттенбеген, мойыны жар бермейді. Сондықтан қулық сұмдықтан Безу түгіл, әбден шеберленіп барады». Бұл тура мінездеу.
Жанама мінездеу Мұнда төтесінен сипаттамайды, жазушы суреттегісі келген кейіпкерінің мінез-құлқын әдет-ғұрпын анықтағысы келген кейіпкердің өзін емес, соның қатысы барөзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.
Әдебиеттегі Адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетіде (портретін) көрсетіледі. Сөз өнеріндегі портрет, ол – бір қалыпты қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Мыс. М.Әуезов «Абай жолы» әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал тұмсығының сол ияғына шығып алып, қалғымай, сауысқандай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші.
Мұнда адамның сырт пішінімен бірге ішкі мінезін аңғаруға болады.

  1. Образ және оның түрлері

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тәсілдік, текттік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық, лирикалық, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсіліне қарай образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық образ т.б. бөлінеді.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет