«А Ә б в» Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, б және в әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз



бет26/180
Дата11.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#99040
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   180
Байланысты:
әдіс

«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.

Бос орындарға қажетті сөздерді қой.



  1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.

  2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?

Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты.

  1. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?

Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.

Теориясы:



«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап. 

Екі түрлі жасалу жолы бар:

а) өзара желілес сөйлемдер тобында;

б)диалог жағдайында

Теориясы: 



«Жинақтау» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек. 

Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір. 

Үлгі: 

Практикасы:



«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.

1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.

2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.  

 – Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.                                                           – Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.

Практикасы: 

«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.

Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану. 

  Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар? 

  Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   180




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет