А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор


Адамның жасын мөлшермен атау



бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#10579
1   2   3

Адамның жасын мөлшермен атау

Бір адамның өмірін 100 жылға шамалап, оны бір дәуір деп атаған. Жүзді 4-ке бөліп, алғашқы 25 жасын дәурен деп, екінші 25, яғни, 50 жасты ел ағасы деп, үшінші 25, яғни, 75 жасқа дейінгі кезеңді аталық жас деп, 75-ті қарттық жас немесе таусыншақ жас деп атаған. Мүшелдік жыл санау есебі бойынша бір адамның дәуірінде 8 мүшел болады (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97) деп болжалдап, 5 топқа бөліп есептеген. Балалық мүшел (13), жігіттік мүшел (25-37), ағалық мүшел (49-61), аталық мүшел (73), кәрілік мүшел (85-97) деп болжалдап, 5 топқа бөліп есептеген. Осы мүшелдердің әрқайсысы тағы да бірнеше шаққа бөлініп аталады. Мысалы, балалық мүшелде нәресте шақ (2 жасқа дейін), сәби шақ (7 жасқа дейін), бөбек шақ (8-9), жеткіншек шақ (10-12), жасөспірім шақ (13-15), ересек шақ (15-16) деп аталатын алты шақ бар. Ал, жігіттік мүшелде бозбалалық шақ, албырт шақ, ағалық шақ, кісілік шақ деген 4 шақ бар. Ағалық мүшел 49 бен 6і арасын қамтыиды да, ер ағасы болған шақ, отағасы, қосағасы, атасақал аузына біткен шақ деп тағы бірнешеге бөлінеді. Осыларға сай адамды жас мөлшеріне қарай биязылықпен атауда жас мөлшерінің әр түрлі атаулары қалыптасқан:

Бала – 14-15 жасқа дейін;

Жеткіншек – 15-18 жас арасы;

Жігіт – 20-37 жас арасы;

Ағай, аға – 38-55 жас арасы;

–А, -е, -еке жұрнақтарын қосып атау – 55-65 жас арасы;

Ақсақал, үлкен кісі тәрізді қосымша сөздерді қосып атау – 60-70 жас арасы;

Ата, әке, қария, қарт деген сөздерді қосып атау 70 жастан арғы адамдарға байланысты айтылған.
Сұрақ-тапсырмалар:
Мәтіндегі сан есімдердің астын сызып, олардың мағыналық ерекшеліктерін көрсетіңдер.

100, 49, 61 сандарынан болжалдық, топтау сан есімдерін жасаңдар.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
8-жаттығу.Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
Жас кезімде бейнет бер,

Қартайғанда зейнет бер.

Ат тұяғын тай басар.

Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке.

Кәріге құрмет – балаға міндет.

Ақылды қария – ағып жатқан дария.


Мекен үстеулері қайда? қайдан? қай жерде? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: алға «вперед», артқ «назад», арттан «сзади», кейін «позади, назад», төмен «вниз», алды-артынан «спереди-сзади», ілгері «вперед-впе­реди», сонда «там», осында «здесь», кері «назад», әрмен «дальше», бермен «ближе», ешқайда «нигде, никуда», осында «здесь», мұнда «здесь», анда «там», жол-жөнекей «по пути», іште «внутри», жолшыбай «по дороге», сырттан «снаружи внутрь», сыртта «снаружи», іштен «изнутри», әлдеқайдан «откуда-то», әлдеқайда «где-то», жоғарыдан «сверху», жо­ғары «вверх», ...
9-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Айжан кейін жүреді. 2. Сен мұнда кел. 3. Әрі отыр! 4. Кітаптар сонда жатыр. 5. Сыртка шьқпа! 7. Мира артка карайды. 8. Ілгері жүр 9. Жолшыбай сөйлеп келе жатыр. 10. Сәкен алға бара жатыр. 11. Біз осындамыз. 12. Олар төмен түседі. 13. Жоғары шық төрге отыр! 14. Алды-артыңа қара! 15. Бермен кел!
10-жаттығу. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз.

Ешқайда, ілгері, алға, жолшыбай, осында, анда, мында, жоғары, сыртта, іште, төмен, бермен.
11-жаттығу. Мәтінді оқыңыз. Өз бөлмеңіз туралы әңгімелеңіз. Мәтіннен мекен үстеуді табыңыз.
Біздің үйіміз

Біздің үй Алматы каласында, Абай данғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты үй — біздің үй. Ол жеке меншік үй емес, қазыналық үй. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта. Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.



Kipe берісте кең, үлкен деліз бар. Бipiнші және ең үлкен бөлме — төргі (қонақ) бөлме. Tөpгі бөлменің үлкен 6ip терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Tөpгі бөлменің оң жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада кілем ілулі тұр. Tөpгі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі тұр. Қабырға жиһазы да осында. Қабырға жиһазында кітаптар және қымбат ыдыс-аяқтар тұр. Қабырға жиһазының үстінде үстел сағаты тұр. Tөpгі бөлменің едені - паркет. Паркеттің үстінде әдемі кілем жатыр. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.

Екінші бөлме - әке-шешемдікі. Ол жататын бөлме. Мұнда екі кереует, тумба, үлкен үш eciктi шифоньер және үлкен айна (трю­мо) тұр.

Үшінші бөлме — менікі. Бөлмемде eкi кереует, гарде­роб, жазу устелі, бip орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, калам, қарындаштар, кітап және дәптерлер жатыр. Компьютер, кітап cөpeci де осында. Онда оқулықтар, көркем әдебиеттер тұр.

Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.

Жуынатын бөлмесі, әжетханасы бөлек. Бөлмелер оңаша, өте колайлы. Телефонымыз да бар.

Ағамның үйi - жеке меншік үй. Yйi — eкi қабатты, сегіз бөлмелі. Аулалары кең. Гаражы, моншасы, алма бағы да бар. Жазда өте қолайлы.

Антонимдер дегеніміз - тіліміздегі мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мұнда да кемінде екі сөз қатысып, мағыналары бір-біріне қарсы мәнде болуы керек. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, кейі қапа, кейі ырза. Барша жұртты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде лай, кейде тірі, кейде өлі (І. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ. Мұстафин). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған, мырза (К. Оразалин).

Осындағы: сараң- мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-лай, тері-өлі, пан-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, әлділет-әлсіздер, әділет-қиянат, түймедей-түйедей дегендер жағымсыздықпен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бір кем емес, нақ бірдей, тепе-тең.
12-жаттығу. Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының антоним бола алмайтынын түсіндіріңіздер.
Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, ұқыпты, салақ, ұқыпсыз, тұрма, үнемсіз, жігерсіз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.

Әдебиеттер

1.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720б.

2. Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. – Алматы: Арыс, 2007. – 425б.

3. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336б.

4. В.Ю.Франк. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. – Алматы: Болашақ балапандары, 1999. – 150б.

Мазмұны
Алғы сөз………………………………………………….................3

1-Сабақ ………………………………………………………..................4

2-Сабақ …………………………………………………………..............6

3-Сабақ …………………………………………………………............12

4-Сабақ …………………………………………………………............14

5-Сабақ …………………………………………………………............20

6-Сабақ …………………………………………………………............26

7-Сабақ ..……………………………………………………….....….....32

Әдебиеттер.…………………………………………………..........41






Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет