А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет33/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Күнделікті  есеп.  Тәрбиеші  балалардың  күнделікті  қатысуын,  олардың 
денсаулық  жағдайын  және  барлық  мәліметтерді  есеп  журналына  жазып 
отырады.  Сонымен  қатар,  тәрбиеші  қозғалыстарды  белгілі  бақылауға  алып 
қоймай дене шынықтыру сабағы, қимыл-қозғалыс ойындары, жеке, ӛз бетінше 
сабақтар және дене тәрбиесінің басқа да түрлерін жүргізу барысында олардың 
сандық  кӛрсеткіштерін  және  кейбір  техникалық  элементтердің  орындалу 
кемшілігін  анықтайды.  Бұл  мәліметтерді  жоғарыда  берілген  есепке  алу 
формаларына  жазу  керек.  Олар  қозғалыс  дағдыларының  даму  динамикасын 
және  қолданылып  жүрген  оқу  әдісінің  тиімділігін  белгілеп  береді.  Жұмыс 
барысында  тәрбиеші  жоспарланған  шаралардың  орындалуын  қадағалап 
отырады.  Егер  ӛткізуге  мүмкіндік  болмай  қалса,  онда  «Eскертулер»  бағанына 
не себептен орындалмағанын кӛрсету керек. Тәрбиешіге ӛзінің күнделігіне дене 
жаттығуларын  үйреткенде  ең  тиімді  нәтижелерді,  балалармен  оқу-тәрбие 
жұмысы  барысында  туындайтын  сұрақтарды  жазып  отыру  да  қажет,  ӛйткені 
оларға  жауап  тауып,  ӛзінің  білімін  кеңейте  тереңдетіп,  педагогикалық 
шеберлігін  одан  әрі  ұштай  түсу  үшін  маңызды.  Күнделікті  берілген  есептің 
талдауы  балалармен  жүргізілетін  сабақтың  әдістемесін  пысықтауға  және  біраз 
тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. 
Қорытынды  есеп.  Әрбір  алты  айдан  кейін,  сондай-ақ  жыл  аяғында  дене 
тәрбиесінің жұмысы бойынша қорытынды жүргізіліп, онда балалардың қазіргі 
денсаулықтары,  денесінің  дамуы,  дайындығы  т.б.  талданады.  Кемістіктер 
табылса,  олардың    пайда  болу  себептерін  анықтау  керек,  сонымен  бірге  дене 
жаттығулары сабақтарының әдістемесін одан әрі жетілдіретін нақты ұсыныстар 
жасалынады.  Қорытынды  есепті  талдаудың  негізінде  тәрбиешілердің  жұмысы 
туралы  есеп  беріледі,  онда  жетістіктері,  кемшіліктері,  нақты  ұсыныстары 

 
290 
белгіленеді.  Тәрбиешілердің  жақсы  тәжірибелері  Педагогикалық  оқуда 
баяндама түрінде де енгізілуі мүмкін. Мектепке баратын әрбір балаға мінездеме 
беріліп,  денсаулық  жағдайы,  дененің  даму  деңгейі,  ең  басты  қозғалыстар 
бойынша  физикалық  дайындығы  (жүгіру,  секіру  т.б.),  сонымен  қатар  шаңғы, 
коньки,  велосипед  тебе  ала  ма,  жүзу  біле  ме,  бәрі  кӛрсетіледі.  Бұдан  ӛзге  де 
қимыл-қозғалыс  ойындарын  кӛрсету  тиімді,  онда  балалардың  ойынды 
ұйымдастыру  қабілетінің  бар-жоқтығын  кӛрсетеді.  Бұл  мәліметтер  мектеп 
мұғаліміне 1 сынып оқушыларымен дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жоспарлауға 
кӛмегін тигізеді. 
 
Балалардың  дене  әзірліктерін  тестілеу  әдістемесі.  Жүру.  Жүрудің  даму 
деңгейін  зерттеу  10  м  қашықтыққа  жүрумен  анықталады.  Уақыт 
секундомермен  ӛлшенеді.  Сандық  және  сапалық  кӛрсеткіштер  мынадай  түрде 
белгіленеді: 
 
№  Ат
ы-
жӛн
і 
Бас,  
кеуде 
жағда
йы 
Аяқ, қол 
қозғалы
сы 
үйлестіг
і 
Аяқты
ң 
жағда
йы 
Табан 
ның 
жағда
йы 
Адым 
дардың 
біркелкіл
ігі 
Бағытт
ы 
сақтау 
Сандық 
кӛрсеткіш
тер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дұрыс жүрістің кӛрсеткіші: бас пен кеудені тік ұстап, иығын шамалы кейіндеу 
жібереді; ауыз жабық, аяқ пен қолдың қозғалысы үйлесімді; аяғын аса жоғары 
кӛтермейді,  бірақ  аяқпен  еденді  тасырлатпай,  ӛкшесі  алдымен  жерге  тиіп 
табанмен  толық  басып,  аяқтың  ұшымен  серпіледі;  біркелкі  адымдайды;  тура 
бағытын  сақтайды.  Егер  бала  жүру  техникасының  кейбір  элементтерін  дұрыс 
орындамаса, онда сол бағанға минус таңбасы қойылады. 
Жүгіру.  Жүгіруді  бақылауда  ересектер  және  мектепке  даярлық  топтары  үшін 
арақашықтығы-30  м,  орта  топ  үшін-20  м,  кішкентайларға-10  м  белгіленеді. 
Жүгірудің сандық, сапалық кӛрсеткіштері тӛмендегідей формада белгіленеді: 
 
№  Аты
-
жӛні 
Сапалық кӛрсеткіштер 
Сандық 
кӛрсеткіште
р 
Бас, 
кеуде 
жағдай
ы 
 Аяқ,  қол 
қозғалыс
ы 
үйлестігі 
Жүгіру 
жеңілдіг
і  
Жерден 
козғалу
ы 
Бағытт
ы 
сақтау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер  зал  немесе  алаңның  кӛлемі  тура  жүгіруге  мүмкіндік  бермесе,  онда 
бақылауды  мына  түрде  жүргізу  керек:  жіптен  (белгіленген  басынан) 
қашықтықтың  жартысын  (15  км)  ӛлшеп  алады  және  оған  бір  зат  (кубик,  құм 
салынған  қапшық  т.  б.)  қояды.  Баланы  жіптің  қасына  тұрғызады  да 
(белгіленген басынан) «үш» деп белгі бергеннен кейін зат тұрған жерге дейін 

 
291 
және бастапқы орнына кері жүгіртеді. Секундомермен баланың жүгіруге кеткен 
уақытын  ӛлшейді.  Егер  бала  басы  мен  кеудесін  кішкене  иіп  алдына  қараса, 
аяғы  мен  қолы  үйлесе  қозғалса  (оң  қолы  мен  сол  аяғын  алға  жібереді,  ал  бір 
мезгілде сол қолы оң аяғын), жерден жеңіл кӛтеріп, тура бағытын сақтаса, оңға 
не  солға  қисаймаса  ғана  жүгіріс  дұрыс  деп  есептелінеді.  Егер  бала  жүгіру 
техникасының  кейбір  элементтерін  дұрыс  орындамаса,  онда  бағанға  минус 
таңбасы қойылады.  
Бір орыннан ұзындыққа секіру. Егер осы дағдының даму деңгейін есепке алу 
бӛлмеде  жүргізілетін  болса,  онда  еденге  гимнастикалық  тӛсеніш  тӛселеді, 
егерде  алаңда  ӛткізілетін  болса,  онда  балалар  құмды  орға  секіреді. 
Мүмкіндігінше  алысқа  секіру  үшін  балаға  жіптің  жанында  тұру  ұсынылады. 
Жіптен ӛкше тиген жерге дейінгі арақашықтық ӛлшенеді. Аралық сантиметрлік 
лентамен  белгіленеді.  Секіру  екі  рет  қайталанады.  Екі  секірудің  де  сандық 
кӛрсеткіштері  жазылғанымен,  жалпы  бағаны  қорытындылағанда  ең  жоғары 
кӛрсеткіш  есептелінеді.  Бір  орыннан  секірудің  сандық  және  сапалық 
кӛрсеткіштері мына формада белгіленеді: 
 
№  Ат
ы-
жӛ
ні 
Сапалық кӛрсеткіштер 
Сандық 
кӛрсеткі
штер, 
см 
Бастап
қы 
жағда
й 
 
Жиыры
лу 
Серпіл
у  
Қарғ
у 
Жерг
е  
түсу 
Тепе-
теңдік 
сақтау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бір  орыннан  ұзындыққа  секірудің  дұрыс  орындалу  кӛрсеткіштері:  бастапқы 
жағдайда-аяқтардың  алшақтығы  табан  жалпақтығымен  бірдей,  қол  дене 
бойымен тӛмен түсірілген; жиырылып тура секіргенде-қол алға, жоғары артқа 
белгілі межеге жеткенше жіберіліп ӛкшемен кӛтеріліп, содан кейін қолды алға-
тӛмен  артқа  түсіріп  аяқтар  тізеден  иіледі  де,  жартылай  отырады,  еңкейеді, 
кеуде  алға  серпілгенде  аяқтарды  түзеп,  қолды  алға,  жоғарыға  жіберіп,  қатты 
серпінмен  қарғу  керек;  қарғығанда-аяқтар  тізеден  бүгіліп,  кеуде  жоғары-алға 
кетеді; жерге түскенде-аяқты алға жіберіп ӛкшемен жерге түсіп,  ал тізе бүгулі 
күйінде  қалады;  тепе-теңдікті  сақтау  үшін  қолдарды  алға  жіберіп  иық 
кеңдігінен  алшақтау  ұстау  керек  (бұл  жағдайда  жауырын  бір-біріне 
жақындайды). Сосын қолды тӛмен түсіріп, түзуленіп түскен жерінен кейін кету 
керек.  Егер  бала  секіру  техникасының  белгіленген  кейбір  элементтерін  дұрыс 
орындамаса,  бағанға  минус  таңбасы  қойылады.  Екпінмен  ұзындыққа  секіруді 
тексеру  үшін  сапалық  кӛрсеткіштегі  «жиырылу»  бағанының  орнына  «Eкпін» 
бағанын қояды. 
Жүгіріп  келіп  биіктікке  секіру.  Берілген  жаттығудың  даму  деңгейін  есепке 
алу үшін бағаналарға жіп байланады (мектепке дайындық тобы үшін биіктік-40 
см,  ересектер  тобы  үшін-30  см,  ортаңғы  топ  үшін-10  см).  Балаларға  екпінмен 
жүгіріп барып секіру ұсынылады. Егер есепке алу үйде ӛткізілетін болса, онда 
еденге  екпінмен  секіру  үшін  резина  тӛсеніші,  ал  жерге  түсуге  гимнастикалық 
тӛсеніш тӛселінеді, ал алаңда секіретін болса, онда құмды орға секіреді. Әрбір 

 
292 
секіруден  кейін  жіпті  5  см  кӛтеріп  отырады.  Егер  бала  биіктікті  ала  алмаса, 
онда оған алдыңғы әрекетінің нәтижесі жазылады. Екпінмен биіктікке секірудің 
сандық және сапалық кӛрсеткіштері мынадай формада белгіленеді: 
 
№  Ат
ы-
жӛ
ні 
Сапалық кӛрсеткіштер 
Сандық 
кӛрсеткіштер, 
см 
Екпін 
Қарғ
у 
Серпіл
у  
Түс
у 
Тепе-теңдік 
сақтау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Екпін  алу  шапшаң  жасалған  кезде  жүгіріп  келіп  биіктікке  секіру  дұрыс 
орындалады деп есептелінеді, бала бір аяғын жерге тірей кӛтеріліп, қарғығанда 
екі  аяғын  да  тізеден  бүгеді;  жерге  түскенде  ӛкшемен  түсіп  табанмен  басады, 
оның  ӛзінде  аяқтар  тізеден  бүгіледі;  теп-теңдікті  сақтау  үшін  қолдарын 
алшақтата  ұстап  алға  жіберіп,  кеудесін  тіктеп  тұрып,  қолдарын  тӛмен  түсіріп, 
түскен  орнынан  кетеді.  Егер  екпінмен  биіктіктен  секіру  техникасының  кейбір 
элементтері  дұрыс  орындалмаса,  онда  бағанға  минус  таңбасы  қойылады. 
Кішкентайлар  тобында  бұл  дағдының  даму  деңгейі  бір  орыннан  биіктікке, 
биіктіктен тӛмен қарай заттан секіру арқылы анықталады. Жазу сандық, сапалық 
кӛрсеткіштердің  биіктікке  секіру  кестесі  бойынша  жүргізіледі.  Мұнда  «Eкпін» 
бағанының орнына «Жиырылу» бағаны қойылады. Бір орыннан биіктікке секіру 
мынадай  жағдайда  дұрыс  орындалады  деп  есептеледі:  бала  жіптен  10-15  см 
қашықтықта,  жіпке  бетін  қаратып  тұрса,  аяқтарының  арақашықтығын  табан 
жалпақтығымен  бірдей  етіп  тұрады;  жиырылғанда  алғашқыда  қолдарын  алға-
жоғары созып, аяғының ұшымен кӛтеріледі де, қолын тӛмен артқа түсіреді, осы 
мезгілде  жартылай  отырып,  салмағын  табанына  салады  да,  кеудесін  алға  иеді; 
серпілгенде  аяғын  бірден  жазып,  қолдарын  алға  қарай  құлаштап,  екі  аяғымен 
серпіледі;  қарғығанда  екі  аяғы  тізеден  бүгіледі,  жартылай  бүгілген  аяғының 
басымен түсіп, қолдарын алға, жанына жібереді. 
Биіктен  тӛмен қарай секіру. Бұл ӛткен кестеге (схемаға) кейбір ӛзгерістерді 
енгізе  отырып  ӛткізіледі.  Биіктен  (биіктен,  заттан)  тӛмен  қарай  секіру  мына 
жағдайда дұрыс деп есептелінеді: бала аяқтарын табан жалпақтығымен бірдей 
етіп  қойып,  қолдарын  кеуденің  бойымен  тӛмен  түсіріп,  бастапқы  жағдайда 
тұрады;  жиырылу  кезінде  аяғының  ұшымен  кӛтеріліп,  қолдарын  жоғары-алға 
жіберіп,  содан  соң  оларды  тӛмен  түсіріп,  артқа  қарай  жібереді,  кеудені  аздап 
алға  (жартылай  отырған,  жағдайда)  иеді,  қайтадан  аяғының  ұшын  кӛтеріп,  ті-
зеден бүгеді; серпілу екі аяқтың ұшымен орындалады; қарғығанда аяғы тізеден 
бүгіліп,  қолдар  алға  жіберіледі  және  тӛмен  түсіріледі;  аяқ  жартылай  бүгулі 
күйде жерге жұмсақ түседі, тепе-теңдікті сақтау үшін қолдар алға жіберіледі. 
Лақтыру.  Қашықтыққа  лақтыру  ересектер  және  мектепке  даярлық  топтары 
үшін  салмағы-200  г,  орта  топ  үшін  150  г  құм  салынған  кішкентай  қаппен 
жүргізіледі.  Қапшықтың  кӛлемі  7X11  см.  Алаңды  алдын  ала  бормен  метрлеп 
белгілейді. Ӛлшеуге ыңғайлы болуы үшін бастапқы белгіден бастап метрлердің 
санын  білдіретін  реттік  нӛмірлер  жазылады,  ал  сантиметрлердің  саны 

 
293 
сантиметрлік лентамен ӛлшенеді. Бастапқы белгіленген жерден қапшық түскен 
жерге  дейінгі  арақашықтық  жазылады  (қапшықтың  одан  әрі  домалағаны 
есептелмейді). 
Бала  жіпке  (бастапқы  белгіге)  барады,  ол  үшін  екі  (№1  және  №2) 
қапшықты  алу  керек.  Алғашқыда  оң  қолымен №1  қапшықты  (бірінші әрекет), 
содан  кейін  №2  қапшықты  (екінші  әрекет)  лақтырады.  Балаларға: 
«мүмкіндігінше 
алысырақ 
лақтыр»,-деп 
тапсырылады. 
Қашықтыққа 
лақтырудың  сандық  және  сапалық  кӛрсеткіштері  тӛмендегідей  формада 
жүргізіледі:  «Құлаштап  иық  арқылы»  (оң  қолымен)  әдісімен  алысқа  лақтыру 
мына  жағдайда  дұрыс  деп  есептелінеді:  бала  бастапқы  жағдайда  тұрғанда,  оң 
аяғын кейінге иықтан аздап кеңірек қашықтықта артқа ұстап, дене лақтыратын 
қол жаққа бұрылады. Қапшық ұстаған оң қолын шынтақтан иеді немесе тӛмен 
түсіреді,  сол  қолды  тӛмен  жіберіп,  дене  салмағын  екі  аяққа  теңдей  түсіреді; 
кӛздеген  уақытта  дене  салмағы  сол  аяққа  ауысады,  оң  аяқты  созып  ұшынан 
тіреп,  қапшығы  бар  оң  қолды  алға-жоғарыға,  кӛздің  деңгейіне  дейін  апарады, 
сол  қолды  кейін  жіберіп,  (бір  кӛзбен  кӛздеп,  лақтыратын  нысананы  таңдап 
алады; құлаштағанда қапшығы бар оң қол артқа тӛмен тізеге дейін апарылады, 
сол  мезгілде  оң  аяқты  артқа  жіберіп,  тізеден  бүгеді,  денені  лақтыратын  қол 
жаққа  бұрып,  кейін  қайырады,  дене  салмағы  оң  аяққа  кӛшеді,  сол  аяқ 
түзуленеді де, ұшынан кӛтеріліп, сол қол алға жіберіледі; лақтырған уақытта оң 
аяқты,  кеудені  түзей  отырып,  алға  бұрады  (лақтырған  бағытқа  қарай)  және 
«тартылған  садақ»  сияқты  жағдайда  болады,  содан  соң  лақтырудың  соңғы 
фазасын  жасайды,  бұл  жағдайда  дене  салмағы  сол  аяққа  кӛшеді,  сол  мезгілде 
кеудені  тіктеп,  қапшығы  бар  қолды  тура  құлаштап  иық  арқылы  бастың 
жанынан  алып  ӛтеді  және  қапшықты  қол  басымен  лақтырады;  тепе-теңдікті 
сақтау  үшін  оң  аяқ  сол  аяққа  жақындатылып,  артқа-жоғарыға  кӛтеріледі  де 
секіріп  аяқтың  орнын  ӛзгертеді;  қапшық  белгіленген  бағыттан  ауытқымау 
керек. 
 
 
 
№  Ат
ы-
жӛ
ні 
Сапалық кӛрсеткіштер 
Сандық 
кӛрсеткі
штер, 
см 
Бастап
қы 
жағда
й 
 
Кӛзд
еу 
Сермеге
нде 
құлашта
у 
Лақт
ыру 
Бағытт
ы 
сақтау 
Тепе-
теңдік 
сақтау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер бала лақтыру техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, онда 
белгіленген  бағанға  минус  таңбасы  қойылады.  Нысанаға  лақтырудың  даму 
деңгейін есепке алу үшін, ересектер және мектепке дайындық топтары үшін оң 
қолмен-3  м,  сол  қолмен-2  м,  ортаңғы  топ  үшін  оң  қолмен-2  м,  сол  қолмен-1м 
қашықтықтар  белгіленеді.  Нысана  кӛлемі  60X60  см  белгіленген  шеңбердегі 
диаметрі  10,  30,  50  см  баланың  кӛз  деңгейіне  лайықтап  бекітіледі.  Жақын 
қашықтыққа  «құлаштап  иық  арқылы»  лақтыру  техникасының  қашықтыққа 

 
294 
лақтыру  техникасынан  ӛзгешелігі  бар,  ӛйткені  балалар  мұнда  серпін 
амплитудамен  қашықтық  пен  нысанаға  дейінгі  лақтыру  күшін  ӛлшей  отырып 
қатты  серпін  жасамайды.  Дене  салмағы  осындай  жағдайда  серпілгенде  артта 
тұрған  аяққа  күш  түспейді.  Нысанаға  лақтырудың  сандық,  сапалық 
кӛрсеткіштерін  жазу  алысқа  лақтырудың  кестесі  (схемасы)  бойынша 
жүргізіледі. Бұл жағдайда сандық кӛрсеткіштің орнына нысанаға түскен сандар 
мен  оның  қандай  айналымда  жасалғаны  жазылады.  Нысанаға  лақтырудағы 
серпіннің толық емес амплитудасы қате болып  есептелмейді. 
Допты  домалату.  Екі  бала  еденге  аяқтарының  арасын  аздап  ашып,  бір-біріне 
қарама-қарсы  1-2  м  қашықтықта  отырады.  Бір  балада  доп  (диаметрі  15-20  см) 
екі  аяғының  арасында  жатады.  Оған  қарсысында  отырған  балаға  допты 
домалату ұсынылады. Екінші бала допты ұстайды да, кейін қарай домалатады. 
Сонымен,  бір  мезгілде  екі  баланың  допты  домалату  дағдысы  тексеріледі. 
Балалар допты 2 реттен домалатады. Кӛрсеткіштер мына кесте (схема) бойынша 
жазылады: 
 
 
 
Аты-
жӛні 
Қашықтығы,м  Белгіленген бағыт сақтала ма 
Екі қолымен 
домалатады 
 
Әрекет 
 





 
 
Баланың  допты  жоғары  лақтырып  қағып  алу  қабілетін  тексеру  үшін  оны  
1  м  биіктікке  лақтырып  байқау  ұсынылады.  Жаттығу  бес  рет  қайталанады. 
Нәтижелердің есебі мына кесте (схема) бойынша жүргізіледі: 
 
 
Бала мынадай әрекеттерді жасағанда допты жоғары лақтыру және оны қағып 
алу  дұрыс  орындалды  деп  есептеледі:  негізгі  қалыпта  болып,  допты  бір 
қолына ұстайды; бір қолымен тӛменнен жоғары допты лақтырады да кӛзімен 
бақылап  тұрады:  екі  қолымен  қағып  алып,  кеудесіне  қыспай,  қолдары 
біршама  ажыратылған  бала  допты  екі  алақанымен  қысып  қағып  алуға 
тырысады (сол және оң жағынан) немесе жоғарыдан бір қолымен, тӛменнен 
екінші  қолымен  немесе  саусақтарымен  қағып  алады,  бұның  бәрі  допты 
№  Аты

жӛн
і 
Биіктіг
і 
шамам
ен, см 
Допты 
қағып 
алды ма, 
жоқ па 
Баста
п 
қы 
жағда
й 
Доптың 
ұшуын 
кӛзбен 
байқай 
ма 
Доп 
ты 
қол 
мен 
қағ
ып 
алу 
Теп
е-
теңд
ікті 
сақт
ау 
Бағ
ыты
н 
сақт
ау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
295 
лақтырып қағып алу ережесінің дұрыс орындалғаны деп қабылданады. Егер 
бала  допты  лақтыру  және  қағып  алу  техникасының  кейбір  элементтерін 
дұрыс орындамаса, белгіленген бағанға минус таңбасы қойылады. 
Ӛрмелеу.  Бұл  гимнастикалық  қабырғада  тексеріледі  де  есебі  мына  кесте 
(схема) бойынша жүргізіледі: 
 
№  Ат
ы-
жӛ
ні 
Сапалық кӛрсеткіштер 
Баспалда
қтың 
(қабырға
ның) 
биіктігі 
Ауыспалы 
адым 
Қол мен аяқ қозғалысының 
үйлесімділігі 
Сенімділі
к 
 
Егер  бала  ӛрмелеу  техникасының  кейбір  элементтерін  дұрыс  орындамаса, 
белгіленген  бағанға  минус  таңбасы  қойылады.  Қозғалыс  дағдысы  мен  дене 
қасиеттерінің  даму  деңгейін  есептеудің  деректері  стандартты  деректермен 
салыстырылып  есептелінеді.  Сапалық  кӛрсеткіштердің  анализі  қозғалыс 
техникасындағы  кемістіктерді  табуға,  оларды  сабаққа  дайындау  барысы  мен 
дене тәрбиесі жұмысын жоспарлағанда ескеруге кӛмектеседі. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Жұмысты  жоспарлау  мен  есепке  алудың  маңызы  туралы  жан-жақты 
түсіндіру. 
2.  Жоспарлаудың  түрлері  (перспективалық,  күнделікті)  қандай?  Әртүріне 
мысалдармен түсінік беру. Жоспарлауға қойылатын талаптар.   
3.  Қандай құжат түрлерін (жылдық, апталық, күнтізбелік жоспар) білесіз? 
4.  Әр  құжат  түріне  анықтама  бере  отырып  жасалу,  қолдану  жолдары  туралы  
түсіндіріңіз. 
5.  Есепке алу түрлері қандай? Оны жүргізу жолдары. 
6.  Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі туралы сипаттаңыз. 
7.  Мектепке дейінгі  тәрбие  мен оқыту  бағдарламасына  талдау  жасай  отырып, 
қалауыңыз  бойынша    әр  жас  топтары  үшін  жылдық,  апталық,  күнтізбелік 
жоспар үлгісін құрыңыз.  
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1.Бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандай 
ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай-
ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала кӛре білу:  
А.  Жоспарлау 
Ә.  Есепке алу 
Б.   Санақ жүргізу 
В.   Конспект жазу 
2.Бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын не 
анықтайды? 
А.  Жұмыс жоспары 
Ә.  Сценарий 
Б.  Санау 

 
296 
В.  Есепке алу 
3.Қандай жоспарды барлық педагогикалық  ұжымның қатысуымен мектепке 
дейінгі мекеменің меңгерушісі жасайды: 
А.  Күнтізбелік жоспарды 
Ә.  Жалпы жұмыс жоспарын 
Б.  Күндік жоспарды 
В.  Апталық жоспарды 
4.Жұмыстың жалпы жоспары қайда бекітіледі? 
А.  Педагогикалық кеңесте талқыланып бекітіледі 
Ә.  Ата-аналар жиналысында талқыланып бекітіледі 
Б.   Тәрбиешілер арасында талқыланып бекітіледі  
В.  Әдіскер бекітеді 
5.Бір жылдық жоспар ненің негізінде жасалады? 
А.  Сабақ жоспарының 
Ә.  Апталық жоспардың 
Б.  Ертеңгілік жоспардың 
В.  Мереке жоспарының 
6.Дәрігерлік тексеру мен антропометрикалық ӛлшеуді кім жүргізеді? 
А.  Тәрбиеші жүргізеді 
Ә.  Әдіскер жүргізеді 
Б.  Дәрігер тәрбиешімен бірлесе отырып жүргізеді 
В.  Меңгеруші мен әдіскер бірігіп жүргізеді 
7.Қозғалыс дағдысымен дене шынықтыру қабілетінің даму деңгейін қай кезде  
есепке алып отырады? 
А.  Айына бір рет (басында, аяғында) 
Ә.  Екі айда бір рет (әр айдың басында) 
Б.  Тоқсанына бір рет (әр айдың аяғында) 
В.  Жылына екі рет (күзде және кӛктемде) 
8.Тәрбиеші балалардың күнделікті қатысуын, олардың денсаулық жағдайын 
және барлық мәліметтерді есеп журналына жазып отырады. Бұл қандай есеп 
түрі? 
А.  Күнделікті есеп 
Ә.  Апталық есеп 
Б.  Айлық есеп 
В.  Тоқсандық есеп 
9.Дұрыс жүрістің кӛрсеткіші: 
А.  Бас пен кеудені еңкейтіп, иығын шамалы алға жібереді 
Ә. Бас пен кеудені тік ұстап, иығын шамалы кейіндеу жібереді 
Б.  Аяғын кӛтеріп, шалқайып жүреді 
В. Басын тік ұстап, аяғын қайшылап басады 
10.Жүгіруді бақылауда ересектер және мектепке даярлық топтары үшін 
белгіленетін арақашықтық: 
А.  30 м 
Ә.  5 м 
Б.   10 м 

 
297 
В.  15 м 
11.Лақтыру орта топ үшін салынған кішкентай қаппен жүргізіледі. Қаптың 
салмағы қанша? 
А.  50 г. құм 
Ә.  30 г. құм 
Б.  150 г. құм 
В.  70 г. құм 
12.Нысанаға лақтырудың даму деңгейін есепке алу  ортаңғы топ үшін қанша  
метр қашықтықтар белгіленеді? 
А.  Оң қолмен-0,5 м, сол қолмен -1 м 
Ә.  Оң қолмен-2 м, сол қолмен-1м 
Б.   Оң қолмен-5 м, сол қолмен-1 м 
В.  Оң қолмен-3 м, сол қолмен-0,5 м 
13.Қандай жаттығу гимнастикалық қабырғада тексеріледі: 
А.  Секіру 
Ә.  Еңбектеу 
Б.   Ӛрмелеу 
В.   Лақтыру 
14.Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жоспарлау үшін қай  мәліметтерді білу 
қажет? 
А. Балалардың денсаулығы олардың дене дамуы мен дене дайындығы жӛнінде 
Ә. Балалардың дене жаттығуы  мен оны қалай игергендігі жӛнінде 
Б. Балалардың жасы мен шыққан тегі туралы  
В. Балалардың  дамуы мен тәрбиесін, отбасылық жағдайын 
15.Әрбір алты айдан кейін, сондай-ақ жыл аяғында дене тәрбиесінің жұмысы 
бойынша жүргізіліп, онда балалардың қазіргі денсаулықтары, денесінің дамуы, 
дайындығы т.б. талданады: 
А.  Күнделікті есеп 
Ә.  Апталық есеп 
Б.  Айлық есеп 
В.  Қорытынды есеп 
 
20-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына 
әдістемелік басшылық жасау 
 
1.  Басшылық жасауға жауапты адамдар. Негізгі міндеттері 
2.  Дәрігерлік бақылау жасау 
3.  Балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық 
мүмкіндіктеріне баға беру 
4.  Сабақ ӛткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары  
5.  Балалардың отбасында дене тәрбиесін ұйымдастырудың ерекшеліктері 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет