А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет30/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


                                   Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына 
сипаттама беріңіз. 
2.  Дене шынықтыру сабақтарының маңызы мен міндеттері қандай? 
3.  Сабақтың мазмұны мен құрылымы, дене шынықтыру сабақтарының 
типтері, дене шынықтыру сабақтарын ӛткізу әдістемесі туралы не айтар 
едіңіз? Жан-жақты түсінік беріңіз. 
4.  Сабақтарға қойылатын талаптар, ұйымдастыру әдістері туралы не білесіз? 
5.  Сабақта денеге және психикаға түсетін ауыртпалық сипаты мен оны реттеу 
тәсілдері қандай? 
6.  Әр жас топтарында дене шынықтыру сабақтарын  ӛткізу әдістемесінің 
ерекшеліктерін мектепке дейінгі жас топтарына арналған тәрбие және 
оқытудың  бағдарламаларын («Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз 
мектепке барамыз» т.б.) пайдалана отырып түсіндіріңіз. Салыстырмалы 
талдау жасаңыз. 
7.  Дене  шынықтыру  сабақтары  процесінде  баланы  жан-жақты  тәрбиелеу 
дегенді қалай түсіндіресіз?   
 
          Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға                             
                                             арналған материалдар 
1. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формасы 
А.  Дене шынықтыру сабақтары 
Ә.  Ойын 
Б.  Серуен 
В.  Гимнастика 
2. Балалардың дене тәрбиесі жӛніндегі күнделікті жұмысы 
А.  Ұйқы 

 
259 
Ә. Тамақ 
Б.  Ойын 
В.  Еңбек 
3. Ерте жастағы топтың балаларымен жұмыс (денесін шынықтырудың) істеудің 
негізгі формасы 
А.  Секіру 
Ә.  Отыру 
Б.  Массаж 
В.  Жуыну 
4. Мектепке дейінгі балаларда жақсы тынығу және балалардың жұмыс 
қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабақта, екі сабақтың аралығында 
енгізіледі 
А.  Ойын 
Ә.  Серуен 
Б.  Қызықтау 
В. Сергіту минуттары 
5. Шынықтыратын процедуралар пайдаланылады 
А. Ортаңғы топта 
Ә. Ересектер тобында 
Б.  Барлық топтарда 
В.  Ерте жас тобында 
6. Барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті ӛмірінің міндетті түрде 
мазмұны болып табылады 
А.  Ұйқы 
Ә.  Жуыну 
Б.  Ойын 
В.  Музыка 
7. Тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық 
процестердің артуына, оның ӛмір іс-әрекетін күшейтуге кӛмектесетін, 
сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз 
етілетін міндет 
А.  Оқу міндеті 
Ә.  Білімділік міндеті 
Б.  Сауықтыру міндеті 
В.  Тәрбиелік міндеті 
8. Алға қойылған барлық міндеттерді сабақ процесінде жүйелі түрде 
орындаудың нәтижесі 
А.  Балалардың рухани және дене күшін қалыптастырады 
Ә.  Тез қозғалуға үйретеді 
Б.  Тіл байлығын, байланыстырып сӛйлеуін дамытады 
В.  Қимыл-қозғалысын қалыптастырады 
9. Сабақтың мазмұнын құрайды 
А.  Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және 
балалардың қимыл әрекеттерінен кӛрінетін дене жаттықтырулары 
Ә.  Әрбір жастағы топтарға арналған сергіту жаттығулары 

 
260 
Б.   Әрбір жастағы топтарға арналған музыкалық шағармалар 
В.  Әрбір жастағы топтарға арналған спорттық ойындар 
10. Дене шынықтыру сабақтары ӛзара байланысты неше  бӛлімнен тұрады. 
А.  2 
Ә.  3 
Б.  4 
В.  5 
11. Сабақтың қай бӛлімінде балаларды денені жалпы дамытатын жаттығуларға 
үйрету, одан кейін негізгі қимылдар мен дене қасиетін тәрбиелеу міндеті 
кӛзделеді 
А.  Дайындық 
Ә.  Кіріспе 
Б.  Негізгі 
В.  Қорытынды 
12. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында ӛткізілуі немесе 
гимнастикалық жаттығуларды және қимыл-қозғалыс    ойындарын  
ұштастыруы мүмкін. Бұл сабақ қалай аталады? 
А.  Аралас сабақ 
Ә.  Жеке сабақ 
Б.  Топтық сабақ 
В.  Хабарлау сабағы 
13. Сабаққа арнап дене жаттықтыруларын іріктеп алуда басшылыққа алынады 
А.  Оқулық 
Ә.  Құрал 
Б.  Бағдарлама 
В.  Стандарт 
14. Балалардың бәріне орындалу тәртібі бірдей жаттығу ұсынады, олар бір 
мезгілде орындалады. Қандай әдіс қолданылып тұр? 
А.  Жаппай әдіс 
Ә.  Жеке әдіс 
Б.   Ойын әдісі 
В.  Еңбек әдісі 
15. Әрбір бала ӛзіне берілген тапсырманы тәрбиешінің бақылауымен ӛз 
бетінше орындайды. 
А.  Кезек-кезек әдісі 
Ә.  Кӛркемӛнер әдісі 
Б.  Жеке әдіс 
В.  Жарыс әдісі 
16. Қимыл әрекетін болдырмайтын тыныштық  
А.  Белсенді тынығу 
Ә.  Асығыс тынығу 
Б.  Ұжыммен тынығу 
В.  Енжар тынығу 
17. Педагогикалық тұрғыдан ақталып пайдаланылған уақыттың сабақтың бүкіл 
ұзақтығына қатысы  

 
261 
А.  Сабақтың қарқыны 
Ә.  Сабақтың ырғағы 
Б.  Сабақтың  жылдамдығы 
В.  Сабақтың жалпы тығыздығы 
18. Балалардың түсіндірулерді, кӛрсетпелерді, сӛзбен айтылған нұсқауларды 
қабылдауы, тәрбиешінің дене жаттығуларын кӛрсетуін бақылауы, 
тапсырмаларды ұғынуы, балалардың жаттығуларды орындау әдістерін 
түсіндіруі, дене жаттығуларын орындау және тынығу болып табылады. Ол 
қалай аталады? 
А.  Педагогикалық тұрғыдан ақталған 
Ә.  Педагогикалық тұрғыдан  ойластырылған 
Б.  Педагогикалық тұрғыдан жоспарланған 
В.  Педагогикалық тұрғыдан бағытталған 
19. Сабақ процесіндегі қосымша әрекеттер 
А.  Түсіндіру 
Ә.  Оқу құралдарын таратып беру 
Б.   Шынықтыру 
В.  Қайталау 
20. Осы тапсырмалардың ӛзінде әрекеттің қоғамдық мәні бар 
А.  Ойыншығымен жеке ойнау 
Ә.  Салған суретін  анасына ғана кӛрсету 
Б.   Допты жалпы ойын үшін әкелу 
В.  Добын ӛзгелерге бермеуі 
 
16-тақырып. Күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары 
 
1.  Ертеңгілік гимнастика. 
2.  Ертеңгілік гимнастиканың маңызы, міндеттері. 
3.  Ертеңгілік гимнастика жаттығуларын іріктеп алу және оны құру схемасы. 
4.  Ертеңгілік гимнастиканы музыкамен сүйемелдеу.  
5.  Әр жас топтарындағы ертеңгілік гимнастика мазмұны.  
6.  Ертеңгілік гимнастиканы ӛткізу әдістемесі.  
7.  Ертеңгілік гимнастиканы ӛткізу үшін қажетті жағдай. 
Ертеңгілік 
(таңертеңгілік) 
гимнастика 

баланың 
отбасындағы, 
бӛбекжайдағы,  балабақшадағы  күн  тәртібінің  міндетті  бӛлігі.  Оны  ересек 
адамның  басшылығымен  жүйелі  түрде  жүргізу  балалардың  бойында  жанға 
жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат кӛңіл 
туғызатын  дене  жаттығуларын  жасауға  үйреншікті  әдетті  қалыптастырады. 
Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін 
арттырады,  ұйқыдан  кейін  жүйке  жүйесін  сергітеді.  Ұйқыдан  ширақтыққа 
ауысу  уақытын  қысқартады.  Оянғаннан  кейін  арнайы  іріктелген  дене 
жаттығуларын  орындаудан  кӛрінетін  ертеңгілік  гимнастика  баланың  бүкіл 
организмін  біртіндеп  әрекет  ету  жағдайына  тартады.  Дене  жаттығуларын 
орындау  ми  қыртысының  қозуын,  сондай-ақ  орталық  жүйке  жүйесінің 
реакциясын  күшейтеді.  Миға  барлық  -  кӛру,  есту,  тірек-қимыл,  тері 

 
262 
рецепторларынан  келетін  импульстардың  тұтастай  тасқыны  жүйке  жүйесінің 
жұмыс  істеу  қабілетін,  тұтастай  организмнің  тіршілік  қызметін  туғызады, 
қалпына  келтіреді.  Жоғарыда  айтылғандардың  бәрі  ертеңгілік  гимнастикаға 
жатады немесе  отбасында  және интернат  үлгісіндегі  мекемеде  бала  оянғаннан 
кейін іс жүзінде дереу жасалатын дене шынықтыруды осылай атайды. Күндізгі 
топтарда  ол  сауықтыру,  ұйымдастыру  маңызын  сақтайды.  Ертеңгілік 
гимнастика  тұлғаны  дұрыс  қалыптастыруға  әсер  ете  отырып,  тыныс  алуды 
тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға кӛмектеседі. 
  
Ертеңгілік  гимнастика  балалардың  зеректігін,  мақсатқа  жетуге 
ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға кӛмектеседі, эмоция 
мен  қуанышты  сезім  туғызады.  Балалардың  дене  жаттығуларын  таза  ауада 
немесе  фрамугалары,  терезелері  ашық  таза  бӛлмеде  су  процедурасымен 
ұштастыра (сумен ысқылау, құю, душ) орындауы   барынша жақсы сауықтыру 
тиімділігіне  жеткізеді.  Ертеңгілік  гимнастикамен  ұштастырылған  су 
процедурасы  жүйке  жүйесінің  жалпы  жағдайы  мен  функционалдық 
мүмкіндіктерін  жақсартады,  оны  нығайтады,  шынықтырады,  қоздыру,  тежеу 
процестерін  теңестіруге  кӛмектеседі,  алмасу  реакциясын  жақсартады, 
тұмаудың,  жұқпалы  аурулардың  иммунитетін  қалыптастырады,  балалардың 
балғындық,  жеңілдік,  шаттық  сезімін  туғызады.  Балалардың  организмін 
шынықтыру  мақсатында  судың  температурасы  жүйелі  түрде,  бірақ  біртіндеп 
тӛмендетіледі: бұл орайда дәрігердің кӛрсетуіне сәйкес әрбір балаға жеке-жеке 
қарау  қатаң  сақталады.  Сӛйтіп,  шынықтыру  процедурасымен  ӛзара 
байланыстағы ертеңгілік гимнастика баланың күні бойы шат кӛңілді жағдайын 
жақсартатын,  сақтайтын  маңызды,  сан  салалы  дене  шынықтыру  -  сауықтыру 
процесі болып табылады.  
Ертеңгілік гимнастиканы жүйелі түрде ӛткізу жаттығуларды балалардың 
бұрын үйренген жаттығуларынан алдын ала іріктеп алуды талап етеді. Iріктеліп 
алынған  жаттығулардан  күнделікті  пайдалануға  арнап  кешендер  жасалады. 
Жаттығуларды  кешенді  түрде  іріктеп  алу  дене  бітімін  дұрыс  қалыптастыру 
мақсатында  бұлшық  еттердің  негізгі  топтарын  белсенді  жұмысқа  біртіндеп 
қатыстыру,  оларды  дамыту  және  нығайту  жолымен  организмнің  тіршілік 
қызметін  арттыруды  кӛздейді.  Бұлшық  еттердің  әр  түрлі  топтарын  белсенді 
жұмысқа  тартуды  кӛздейтін,  белгілі  бір  тәртіппен  орналастырылған 
жаттығулар  әрбір  кешеннің  мазмұнын  құрайды.  Бұл  орайда  жаттығулардың 
мынадай жүйелілігі: 1) иық буындарының, кӛкірек қуысының қозғалғыштығын 
дамытуға  және  омыртқаның  түзуленуіне  жәрдемдесетін  иық  белдеуі  бұлшық 
еттерін  дамытуға,  нығайтуға  арналған;  2)  құрсақ  шандыры  мен  аяқ  бұлшық 
еттерін  дамытуға  арналған,  осы  бұлшық  еттерді  нығайтуға  бағытталған,  ішкі 
органдарға  массаждаушы  ықпал  жасайтын;  3)  арқа  бұлшық  еті  мен 
омыртқаның иілгіштігін дамытуға, нығайтуға арналған, осы бұлшық еттерді да-
мытуға  кӛмектесетін,  ішкі  органдарға  массаждаушы  ықпал  жасайтын,  аяқ 
буындарын  дамытатын,  тұлғаны  дұрыс  қалыптастыруға  кӛмектесетін 
жаттығулар белгіленеді. 
Нақты  жаттығуларды  кешенді  түрде  іріктеп  алу  белгілі  бір  топтың 
балаларының мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын, сондай-ақ олардың жеке 

 
263 
бастарының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  әр  жастағы  топқа  арналған 
балабақша  бағдарламасымен  анықталады.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту 
бағдарламаларында  ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика үшін күн тәртібінде 
сағат 9.00-9.20-ға (жас ерекшелігіне қарай) дейінгі уақыт аралығы белгіленген. 
Ертеңгілік гимнастика организмнің функциялық жағдайына пайдалы әсер 
ететін  жүруден,  жай  жүгіруден,  жалпақ  табандылықтың  алдын  алуды, 
кеңістікте  бағдар  ұстауды  кӛздейтін  ұзаққа  созылмайтын  жаттығулардан 
басталады,  одан  кейін  балалар  жалпы  денені  дамытатын  жаттығуларды 
орындау үшін бірнеше тізбекті сапқа немесе шеңбер жасап тұрады. 
Бұдан  кейін  біртіндеп  қарқынды,  ал  одан  соң  баяу  жүріске  ауысатын 
жүгіру  (немесе  секіру)  ӛткізіледі,  ол  орнында  тұрып  аяқ  басумен  және 
тоқтаумен  аяқталады.  Сӛйтіп,  ертеңгілік  гимнастика  процесінде  бұлшық 
еттердің барлық негізгі топтары бүкіл организмді әрекет ету жағдайына келтіре 
отырып,  біртіндеп  жұмысқа  қосылады.  Жүгіру  немесе  секіру  кезінде  денеге 
мейлінше  кӛп  ауыртпалық  түскеннен  кейін,  ол  біртіндеп  тӛмендейді  (жүру 
кезінде),  ал  тоқтау  сәтінде  организмнің  жағдайы  бұрынғы  қалпына  келеді. 
Ертеңгілік  гимнастикада  заттарды  (жалаушаларды,  таяқтарды,  құрсауларды  т. 
б.) балаларға дәл үлестіріп берген жағдайда оларды қолдану ӛте тиімді болады. 
          Ертеңгілік  жаттығу  кезіндегі  музыка.  Ертеңгілік  жаттығу  процесінде 
музыка  балалардың  эмоциялық  ӛрлеуін,  ӛмірді  қуана  түсінуін  туғызады. 
Ертеңгілік жаттығу үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған енгізілген 
жаттығулардың  сипатымен  анықталады.  Сӛйтіп,  ертеңгілік  жаттығу  музыкалы 
маршпен  үндескен  ширақ  жүріспен  басталады.  Керісінше,  ертеңгілік 
гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі. Осыған 
орай  қорытындылаушы  марш  та  байсалды  болуға  тиіс.  Ересектер  тобында 
гимнастиканы ән айтып жүрумен бастау ұсынылады. Ән айту балалардың кӛңіл 
күйін  сергітеді  және  ерекше  әрі  пайдалы  тыныс  алу  гимнастикасы  болып 
табылады.  Музыка  жетекшісі  болмаған  кезде  тәрбиеші  соқпалы  аспаптардың 
бірін  -  дабылды,  барабанды  пайдаланады,  оның  үстіне  музыка  күйтабақ, 
үнтаспа, теледидар  арқылы берілуі де мүмкін. 
         Ертеңгілік  жаттығуды  ӛткізу  әдістемесі.  Сауықтыру,  тәрбие  беру 
міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін  ертеңгілік  жаттығу  күн  тәртібі  бойынша 
белгіленген  дәл  уақытында  ӛткізілуі  керек.  Ертеңгілік  жаттығу  бірінші 
кішкентайлар  тобынан  бастап  енгізіледі.  Жаттығуларды  (кешендерін)  іріктеп 
алу  және  гимнастика  жасау  уақытының  ұзақтығы  әрбір  жастағы  топ 
балаларының  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері  ескеріліп,  «Мектепке  дейінгі 
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады. 
       Ертеңгілік  гимнастикаға  енгізілген  жаттығуларды  балалар  дене 
тәрбиесі  сабақтарында  алдын  ала  үйренеді.  Алайда  олар  қимылдың  қай 
түрін  болса  да  дәлме-дәл  қайталамайды,  бірақ  онымен  ортақ  негізге  ие. 
Мысалы,  ертеңгілік  жаттығудағы  «таяқты  бастан  жоғары  тұрған  қалыпта 
тізеден  бүгілген  аяққа  тигізу»  жаттығуы  сабақтар  кезінде  дайындалады, 
балалар  қолдарын  жан-жаққа  созған,  жоғары  кӛтерген  қалыпта  немесе  сол 
сияқты  жаттығуды  жалаушамен,  құрсаумен,  с.  с.  орындаған  кезде  аяқтарын 
тізеден  бүгіп  тұрып,  екі  қолын  шапалақтайды.  Мұндай  бір  типтегі 

 
264 
жаттығуларды  арнайы  үйренуді  талап  етпей,  ертеңгілік  жаттығуға 
дайындайды,  сонымен  бірге  сан  алуан  заттарды  пайдалану  жолымен 
дағдылануға  жүйелі  түрде  жаттықтырады.  Нұсқалар  қаншалықты  кӛп 
пайдаланылса,  қимыл  дағдысы  соншалықты  жақсы  қалыптасады,  жаттығу 
дәлірек  орындалады  және  сауықтыру  тиімділігі  елеулі  болады.  Ертеңгілік 
жаттығудың әрбір кешенін пайдалану ұзақтығы  7-10 күн (немесе 1 апта). Осы 
мерзім ішінде кешенде жаттығудың міндеті жӛнінен осы сияқты нұсқа енгізілуі 
мүмкін.  Ертеңгілік  жаттығуда  жаттығулар  үйретілмейді,  сондықтан  тәрбиеші 
жаттығуды  алдын  ала  түсіндіруді,  кӛрсетуді  пайдаланбайды.  Кішкентайлар 
тобында және жылдың бірінші жартысында естиярлар тобында тәрбиеші ойын 
тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ӛзімен бірге жаттығу жасауды ұсынады. 
Болашақта  естиярлар  (жылдың  екінші  жартысында),  ересектер,  дайындық 
топтарында  ол  жаттығуды  қысқаша  айтады,  бастапқы  қалыпты  ұстауға 
команда  береді  (мысалы:  «Hегізгі  тұру  қалпын  ұстаңдар!»).  Бұдан  кейін 
балалар  жаттығуды  тәрбиешімен  бірге  орындайды.  Ертеңгілік  гимнастиканы 
бұлай  ұйымдастыру  тиімді:  балалар  мінсіз  үлгіні  тікелей  қабылдайды,  оны 
дұрыс  қайталап  жасайды.  Алайда  тәрбиеші  барлық  жаттығуды  үнемі  жасай 
бермейді.  Егер,  мысалы,  алдына  қарай  еңкейіп,  басты  тӛмен  түсіру  немесе 
кеудені  айналдыру  орындалса,  бұл  жағдайда  тәрбиеші  балаларды  кӛрмейді, 
мұндайда оған балалардың жаттығуды орындауын бақылау, олардың қарқынын 
реттеу,  қажет  болған  жағдайда  қысқаша  нұсқаулармен  кӛмектесу  тиімдірек 
болады. Тәрбиеші дем шығаруды сӛзбен немесе дыбыспен естіртуді талап етіп, 
балалардың  тыныс  алуын  бақылайды.  Бұл  тәсіл  жаттығуды  музыкамен 
орындаған  кезде  де  сақталады.  Әрбір  жаттығудың  аяқталуы  музыкалық 
фразаның  аяқталуымен  дәл  келеді,  осыған  сәйкес  балалар  бәсең  дауыспен: 
«тӛмен»,  «отырыңдар»  және  басқа  сӛздерді  айтады.  Жаттығулар  басталғанға 
дейін  және  олар  аяқталысымен  ересектер  тобының  балалары  негізгі  қалыпты 
ұстап  (ӛкшелерін  қосып,  аяқтарының  ұшын  ажыратып)  тік  тұрады.  Аяқтары 
осындай  қалыпта  тұрғанда  олар  тәрбиешінің  нұсқауымен  келесі  жаттығуды 
орындау  үшін  тұрған  қалпын  ӛзгертеді,  сондай-ақ  жүруді  бастайды.  Жүру 
аяқталысымен  олар  қайтадан  негізгі  тұру  қалпын  қабылдайды.  Бұл  баланы 
денесін  (мүсінін)  дұрыс  ұстауға  үйретуге,  жинақтылығын,  ұйымшылдығын 
қалыптастыруға  кӛмектеседі.  Кішкентайлар  мен  естиярлар  топтарының 
балалары  тік  қалыпта  тұрады.  Иықтың  кеңдігіндей  етіп  аяқтарды  бір-біріне 
параллель  ұстайды,  мұның  ӛзі  табанның  формасы  ӛзгеруін  болдырмайды. 
Ертеңгілік  гимнастиканың  соңында  жүрістің  қарқыны  біртіндеп  тӛмендеп, 
аяқты онша биік кӛтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл баланың 
тамыр  соғуын  нормаға  келтіреді.  Ертеңгілік  гимнастикадан  кейін  балалар 
ӛздеріне  дәрігер  белгіленген  қандайда  бір  сумен  шынықтыру  процедурасына 
(сумен  сүртіну,  құю,  душ)  ауысады.  Әр  түрлі  жастағы  балалар  топтарындағы 
негізгі  талап  жасына  байланысты  шағын  топтарды  ескеру  болып  табылады. 
Осыған  байланысты  ертеңгілік  гимнастиканың  жаттығуы  әрбір  шағын  топқа 
арнап  бағдарламаға  және  балалардың  мүмкіндіктеріне  сай  жеке  іріктеліп 
алынады.  Әрбір  шағын  топпен  гимнастика  ӛткізудің  жүйелілігі  тұтастай 
тәртіппен  анықталады.  Әр  түрлі  жастағы  балаларды  бәріне  ортақ 

 
265 
жаттығуларды  орындауға  біріктіруге  болмайды:  мұндай  жағдайда  жасы 
кішкентай  балалар  неғұрлым  ересек  балаларға  есептелген  шамасы  жетпейтін 
жаттығуларды 
орындайды 
да 
шаршап-шалдығады, 
ал 
ересектер 
кішкентайларға  арналған жаттығуларды  орындап  қызығушылығын  жоғалтады 
және  олардың  денесіне  қажетті  дене  күші  ауыртпалығы  түспейді. 
Кӛрсетілгендердің  бәрі  де  организмді  сауықтыру  міндетін,  ертеңгілік 
гимнастикаға тән кӛңіл кӛтерілуін бұзады.  
          Ертеңгілік  жаттығу  ӛткізу  үшін  жағдайлар.  Ертеңгілік  гимнастика 
фрамугалары,  терезелері  ашық  таза  бӛлмеде,  таза  шӛпті,  ашық  алаңда 
ӛткізіледі.  Стационарлық  топтың  балалары  ертеңгілік  гимнастикаға  труси, 
тапочка  киіп  шығады.  Yйінен  келген  балалар  да  киімдерін  ауыстырады. 
Мұндай  тәртіп  бүкіл  жыл  бойы  біртіндеп  организмді  салқын  температураға 
үйретеді,  ертеңгілік  гимнастикаға  шынықтыру  процедурасының  -  ауа 
ваннасының маңызын береді. Егер ертеңгілік гимнастика таза ауада ӛткізілсе, 
балалар  күзгі-қысқы  маусымда  арнаулы  костюмдар  киеді,  ал  гимнастикадан 
қайтып  келген  соң  су  процедурасын  қабылдайды.  Терезелері  ашық  залдағы 
(күзде  және  қыста)  немесе  таза  ауаға  шыққан  кездегі  гимнастика  арты 
жүгіруге 
ұласатын 
ұзаққа 
созылмаған, 
организмде 
жылылықты 
қалыптастыратын  және  жүректің,  ӛкпенің  күшті  жұмыс  істеуін  туғызатын, 
вегетативтік  жүйке  жүйесінің  функциясын  жандандыратын  тез  жүріспен 
басталады.  Жүгіру  біртіндеп  белсенді,  шапшаң  қарқынды,  артынша 
баяулайтын жүріске және балаларды шеңберге немесе тізбекті сапқа тұрғызуға 
ауысады.  Оттегіні кӛп  талап ететін бұлшық еттер  жұмысы  процесінде  тыныс 
алу  тереңдейді,  организмде  күшті  жылу  пайда  болады  және  салқындау  қаупі 
жойылады.  Жүйелі  түрде  қайталаған  жағдайда  жылылықты  реттеу  процесі 
жетіледі,  салқын  температураға  үйрену  қалыптасады.  Олар  тоңбайтын, 
салқыннан  қорықпайтын  болады,  жүйке  жүйелері  нығаяды,  таза  ауада 
жаттығуға  құлшынатын  болады.  Эмоциялық-жағымды  қатынастарды 
тәрбиелеудің  зор  маңызы  бар.  «Біз  спортшылармыз!»  -  дейді  балалар.  Тӛмен 
температура  кешеніне  кіретін  барлық  жаттығулар  неғұрлым  ширақ  қарқында 
беріледі.  Бұл  организмді  тезірек  жылыту  үшін  және  балалардың  бойында 
жылылықты  реттеудің  физиологиялық  процесіне  әсер  ететін,  терінің 
температурасын  қалпына  келтіруге  кӛмектесетін  жағымды  эмоциялардың 
пайда болуы үшін қажет. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Күн тәртібіндегі сауықтыру шараларына не жатады? 
2.  Ертеңгілік гимнастика дегеніміз не? Ертеңгілік гимнастиканың маңызы, 
міндеттері қандай? 
3.  Ертеңгілік гимнастика жаттығуларын іріктеп алу және оны құру схемасы 
туралы түсіндіріңіз. 
4.  Ертеңгілік гимнастиканы  музыкамен сүйемелдеудің тиімділігі. 
5.  Әр жас топтарындағы ертеңгілік гимнастика мазмұны.  
6.  Ертеңгілік гимнастиканы ӛткізу әдістемесі (әр жас топтары үшін). 
7.  Ертеңгілік гимнастиканы ӛткізу үшін қажетті жағдайлар. 

 
266 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1. Ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін 
сергітеді. Ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады: 
А.  Ойын 
Ә.  Еңбек 
Б.  Ертеңгілік гимнастика+ 
В.  Сергіту минуты   
2. Салқын ауа-райында ертеңгілік гимнастика кезінде қозғалысты жаттығулар 
не үшін жүргізіледі? 
А.  Организмді тезірек жылыту үшін + 
Ә.  Баланы кӛңілдендіру үшін 
Б.  Ертеңгілік гимнастиканы тез аяқтау үшін 
В.  Ойынға  үйрету үшін 
3. Музыка жетекшісі болмаған кезде тәрбиеші нені пайдаланады? 
А.  Дабылды+ 
Ә.  Тақпақты 
Б.  Жаттығуды 
В.  Термені 
4. Ертеңгілік гимнастикаға енгізілген жаттығуларды алдын ала балалар қай 
кезде үйренеді? 
А.  Ойында 
Ә.  Серуенде 
Б.   Сабақта+ 
В.  Үйде 
5. Ертеңгілік жаттығуда жаттығулар үйретіле ме? 
А. Үйретіледі 
Ә. Үйретілмейді+ 
Б.  Кӛрсетіліп қана қояды 
В. Тәрбиеші қайсысын қаласа сол болады 
6. Ертеңгілік гимнастиканың соңында жүрістің қарқыны біртіндеп тӛмендеп, 
аяқты онша биік кӛтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл неге 
әсер етеді? 
А.  Қалыпты жүріске 
Ә.  Тыныс алуды жақсартуға 
Б.   Баланың тамыр соғуын нормаға келтіруге+ 
В.  Жүрек, тірек жүйелерінің жұмысын жақсартуға 
7.  Әр  түрлі  жастағы  балаларды  бәріне  ортақ  жаттығуларды  орындауға 
біріктіруге болмайды, неге? 
А.  Жас ерекшеліктеріне сай болмағандықтан шаршап шалдығады+ 
Ә.  Шулап кетеді 
Б.  Ертеңгілік жаттығуды ӛткізуге кедергі келтіреді 
В.  Барлығы  дұрыс 
8. Тӛмен температура кешеніне кіретін барлық жаттығулар қандай формада 
беріледі 

 
267 
А.  Баяу қарқында 
Ә. Муыкамен сүйемелденіп 
Б.  Ересектер кӛмегімен 
В.  Ширақ  қарқында+ 
9. Ертеңгілік жаттығу процесінде  балалардың эмоциялық ӛрлеуін, ӛмірді 
қуана түсінуін туғызады: 
А.  Ойын 
Ә.  Музыка+ 
Б.  Сурет 
В.  Мүсін 
10.Ертеңгілік гимнастика үшін қажетті жағдай: 
А.  Терезелері ашық таза бӛлме+ 
Ә.  Салқын жер 
Б.  Музыка залы 
В.  Жылы бӛлме  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет