А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет40/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
Рухани адамгершілік. Рухани- адамгершілік мəдениеті, оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз іс-əрекеттерінде іске асырылатын əлеуметтік мəні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі жəне дамуынан көрінеді. Мысалы, ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Қоғамдық-саяси жəне құқықтық. Қоғамдық-саяси жəне құқықтық мəдениеті оқушылардың өмірге белсенді көзқарасы, идеялық саяси көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта оқушылармен қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі мəселелерін түсіндіру, саяси мəдениет қалыптастыруға бағытталған ісшаралар (дəрістер, əңгімелер, кештер жəне т.б.) жүргізілуі тиіс.
Патриоттық жəне ұлтаралық. Қазақстан Республикасының азаматтарының жалпыұлттық санасын қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, мемлекеттік рəмізді, тілді құрметтеуге, толеранттыққа тəрбиелеу көзеделеді.
Мəдени-эстетикалық жəне этномəдениеттік. Бұл бағытта жеке тұлға бойында қажетті мəдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқытушылар арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңызды іс- əрекетті оқушылардың оқудан тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырыуы арқылы жүзеге асырылады.
Парасаттылық. Бұл тəрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тəрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін жəне танымдық мүмкіндіктерін дамыту; оқушылардың санасын оның шығармашылық əлеуетін қалыптастыру.

Ақыл-ой тəрбиесі. Білім алу мен оқыту арқылы іске асырылады. (пікір сайыс, ойын, дебат жəне т.б.)


Ғылыми-зерттеушілік. Алдымен оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу арқылы ғылыми- зерттеу мəдениетінің қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.
Экологиялық. Экологиялық тəрбие саласында жалпы ақпараттандыру мен оқушылардың техникалық білім алуымен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет