А. С. Макаренко


Монтессори әдісінің мақсаты



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі85,43 Kb.
#47432
1   2

Монтессори әдісінің мақсаты: 
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.


Монтессори ұстазының міндеті:
- балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
- негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
- ұсақ моториканы дамыту;
- алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
- зейінін тұрақтандыру;
- тәртіпке үйрету;


Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:
1.Сенсорлық аймақ.
2.Математикалық аймақ.

3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштық аймақ.
Бала сезімін дамыту орталығы

Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың  қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.





Іс-әрекет жасау орталығы

Бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын жетілдіреді.



Тіл дамыту және жазу орталығы

Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.


Математика орталығы

Математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады.



Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.



Ғарыш орталығы

 Осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады. Осы орталық материалы ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге көмектеседі.



Бала орталықты және Монтессори-материалын өзі тандайды. Монтессори- тәрбиеші бала әрекетіне қажет болғанда қатысады.
Өсе келе бала қажетті дағды мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезім қалыптасады. 
М. Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді  тануға деген құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын соны істейді. Ересектер ереже ұсынады, балалар өз бағытымен сол ережелерді орындап, дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды.


Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы
тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен
бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды.
Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз. 
Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдына қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалайша тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмысқана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан оқушының қолымен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшуі тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, бізоқытубарысындатабиғатпенүйлесімдежұмысістей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену,жұмыспен тапсырма орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Туғаннан бастап жеткіншек шағы арқылы даму деңгейлері адамзат табиғатымен үйлесімде үйрену әдісіне сценарий бола алады. «Өзін-өзіқалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, Біз өзіміздің педагогтар ретіндегі роліміздің сәулет Инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз оқушылардың шығармашылығын, қиялымен дербестігін ынталандыру барысында дағдылары мен білімдерін қалыптастыратынжоспарлар,материалдар, құралдармен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек.


Монтессори методикасы
Еңбасты Монтессори Бағдарламаның Айырмашылығы сынып–сабақты
Жүйесінің жоқтығы: Бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды. 
Ата – аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды, сезгіш және ықыласты болады,неге десе олар жас Зерттеушінің Түсіну үшін
Лайықты шарттар жасау керек. Біздің балабақшада Баланың әртүрл іәрекет
Салалары тек қана балаларда емес, олардың ата–аналар алдында үлкен
Танымалдығын білдіреді. Санау оқу, бөлу жәнет.б. сабақтарда тақырыптың презентациясы өтеді. Бұдан кейін бала өзі онымен жұмыс істеуге үйренеді, онымен қатар материалдың түсін,пішінін өзгерте алады.Жасалған материалды қолыңа алғың келе береді,өйткені ол өзі Әрекет жасауға магнит сияқты тартады. Одан қалды ол қауіпсіз және онда зор потенциалы бар.
Әрине, біздің балабақшада балалар тек қана күнде жаңа материалмен таныса бермейді.Бізде балалардың қатысуларымен өте қызықтымерекелер болады. 


Сөйтіп маңызды мәдени оқиғалар балардың жанынан өтіп кетпейді. 
Бірақ, еңбекпен сабақты сауықтан айыра алады: іске уақыт—сауыққа бір сағат.Айтар болсақ, балабақшада педагогтар өте тәжиребелі және «жаны тұрған» адамдар,олар үнемі бір жаңа нәрселерге үйреніп жатады, өздері әртүрлі мерекелерді ойлап табады, балалармен жұмысты қызықты формаларда жүргізеді. Монтессори формасымен оқи отыра,балалар өз ойын білдіру саласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімді жеңіл өтеді. Олар онда үйлеріне барған сияқты. Ең бастысы, олар өздік түрде білім алады, және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың! Әрине, бұнда ең маңызды рөлді мұғалімдермен ата–аналар ойнайды, олар баланың ерекшілігін қабылдау үшін тілектестік Атмосфера жасаулары қажет. Баланың ерекшілік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты адамды
тәрбиелеуге болады.


«М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері»


ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық
Бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны
Болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.Баланың жеке тұлға Ретіндегі дамуы
Өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюіБалабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына замандаБалабақшадағы педагогтардың
ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің Әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,Өздігінен шешім
қабылдауына, топтада,жекеде жұмысжасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.



  1. Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі



Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.

А. С. Макаренко

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс - тәсілдер түрі ерекше орын алады.


Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Ойын кезінде кез келген адамның, әсіресе жас өспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын – ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ түрі. Ойын – қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Осы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл – ой әрекеттерін дамытады. Егер оқушылар онымен қатар шет тілінде сөйлессе, онда ойын олар үшін өте бай оқыту мүмкіндіктерін ашады. Ойын - сауық және демалыс түріндегі ойын оқушылардың ара - қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді.
Адамзат қоғамның тарихында ойын сиқырмен және табынумен байланыстырылған.
Ежелгі әлемнің өзінде де ойын оқытудың бір түрі ретінде қолданылған. Алайда орта ғасырларда пайда болған авторитарлық білім беру жүйесі рационалды дидактикаға сүйенгендіктен біртіндеп оқыту – қажеттіліктен туатын ауыр еңбек деген ой қалыптасқан.


«Дидактикалық ойын сөзі» оқыту үшін арналған арнайы ойындар деген түсінікті алғаш рет Ф. Фребель және М. Монтессори енгізген. ХХ ғасырдың ортасынан 1970 жылдарға дейін шет тілі сабақтарында оқытудың грамматикалық аударма әдістері белең алған.


Оның мақсаты – грамматиканы оқып үйрету арқылы шетел тіліндегі мәтіндерді түсіну және оқу болған. Кейін оқытудың коммуникативтік әдістері пайда бола бастады. Оқытудың ойын әдісінің психо - педагогикалық негізі ойын әрекеттері болып табылады. Оқытудың ойын әдістері мотивацияның әр түрлі тәсілдерін қолданылады.
Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық даму үшін аса маңызды екені дәлелденген.
Мотивация – кез –келген іс-әрекеттің басты механизмі болып табылады. Ойын әдісі психотерапевтік және өте бай оқып үйрену потенциалына ие. Ойын жасөспірімдердің ақыл ой әрекеттерін жасайды, мұнсыз белсенді оқу үрдісі мүмкін емес. Ойын тілді төмен деңгейде немесе жеткіліксіз меңгерген оқушылар үшін де мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту үшін қолданылатын ойын түрлерінің әрбірінің белгілі бір мақсаты және ерекше спецификасы бар.Кейбір ойын топтары: шығармашылық ойындар, сюжеттік- ролдік ойындар қолданылады.


 Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойын түрлері танымдық әрекеттерін белсендіреді, міндеттерді шешудің проблемалық сипатына тән. 


Дидактиқалық ойындар. Бұл ойындар оқу міндеттерін шешу үшін арналған дайын ережелермен әзірленген ойын түрі. Бұл топқа лингвистикалық ойындар кіреді.

Лингвистикалық ойын кезінде ойынға қатысушылардың санына қарай жеке, жұптық және топтық болып бөлінеді. Жеке ойын түріне- кроссвордтар, анаграммалар, ал жұптық және топтық ойындарға бинго тәрізді сұрақтардың көмегімен белгісіз сүреттердің орнын табу, «суретті» диктант жазу ойындары жатады. Ойындық ситуацияларды жасау үшін, суреттер ситуациялық жағдайды бейнелеу, нұсқаулар, мәтіндер кеңінен қолданылады. Көптеген авторлар сабақтың қорытынды бөлігінде ойын элементтерін қолдануды дұрыс деп есептейді, себебі ойын оқушылардың алған білімдерін қарым-қатынас ситуацияларында қолдануға мүмкүндік береді. Ойын түрлерін ағылшын сабағының кез-келген кезеңінде қолдануға болады. 


Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқушы мен оқытушы тікелей қарым- қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тіл үйрету тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі негізгі алынады. Ағылшын тілі сабақтарында бұл әдістің тиімді жақтары «жүйелік ұстанымдары». Біріншіден, коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білімі мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады. Ал екіншіден, тілдік материал жүйелік ұстанымға негізделе құрылып, қарапайымнан күрделігі қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында іріктеліп беріледі.


Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тындау, жазу- ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды. Себебі, оқытудың бұл төрт түрі де сөйлесушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді. 

Оқу процессі негізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқұшының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейде өзі баға беруіне көмектеседі.


Сонымен ойын өмір тәжірибесінде жаңалық пен тұрақтылықты орнықтырады, мұның мәнісі оқушының даму негізінде қалыпастыратын ойын ережелері, салт-дәстүрлер негізінде қалыптасқан ойын шарттарымен ережелерін көрсететін тұрақты іс-әрекет болып табылады. 

Әр түрлі ғылыми мектептердің , педагогтардың, психологтардың ойын түсінігінің мағынасын бірнеше түрге бөліп көрсетеді: 

1)Ойын - әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі.
2) Ойын- оқушының өзін-өзі тану белсенділігі, жеке шығармашылығы үшін кеңінен ашылатын қоршаған әлемді таңдап білетін ең еркін түрі.
3) Ойын- есею барысында өз мақсаттарын өзгертетін жастардың, жасөспірімдердің тең және қалып үлгі іс -әрекеттері алғашқы қадамы. 
4) Ойын- даму тәжірибесі.


5) Ойын- ақыл- ой мен шығармашылық түйсік арқылы өзін дамыту, өзін ашу еркіндігі.
6) Ойын – балалардың қарым-қатынас саласындағы ең маңыздысы, онда өзара қарым-қатынас мәселелері шешіледі, адамдар арасындағы қарым- қатынас орнығады. 


Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаты бар:


1.Белгілі бір дағдыларды қалыптастыру.
2. Белгілі бір тілдік білімдерін дамыту.
3. Қарым-қатынас жасай алуға үйрету.
4. Қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту.
5. Танымдылық.
6. Тілдік материалды есте сақтау.
Сонымен ойын- жағымды эмоционалды құралы ретінде дәріханада жалықтыратындай көңіл-күйге түсіретін белгілі тапсырмаларды бірқалыпты орындауға қарағанда оқушы мен оқытушының қызығушылығын және еңбекке қабілеттілігін жоғартылады.
Қорытындылай келетін болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кондрыкинская Л.А. Зания по патриотическому воспитанию в детском саду. М.: ТЦ «Сфера», 2010

  2.  «Бала мен балабақша» журналы № 11,2011жыл

  3. Джуринский А. Н. История зарубежной педагогики: Учебное пособие.- М., 1998.

  4. История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца XX в.: Учебное пособие для педагогических учебных заведений Под ред. А. И. Пискунова.- М.,2001.

  5.  Коджаспирова Г. М. История образования и педагогической мысли.- М.,2003.- С. 90.

  6.  Педагогический энциклопедический словарь/Под ред Б. М. Бим-Бада.- М.,2003.- С. 418.

  7.  Н. Арапова. Детская садовница // «Учительская газета», № 06 (10243) от 10 февраля 2009 года.

  8. Материал из Википедии — свободной энциклопедии (Перенаправлено с Фребель)


Каталог: uploads -> doc -> 0184
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0184 -> Сабақ тақырыбы: Баскетбол ойынына арналған эстафеталы ойындар Сабақ мақсаты
0184 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді сабақ жоспар бөлімі: Буынаяқтылар типі. Өрмекшітәрізділер класы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет