Abai University силлабус пән туралы ақпарат: Пәннің атауы


Курстың академиялық презентациясы



бет2/4
Дата30.01.2023
өлшемі40,64 Kb.
#166733
1   2   3   4
Байланысты:
силллабус жазба
Сөзжасам, м-гия оқытусиллабус, сабақ жоспары-2сынып-Ертегі ағашы

Курстың академиялық презентациясы:


«Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі»» курсы студенттерге жалпы білім беретін орта мектептерде жазба жұмыстарын жүргізуде қойылатын мақсатты, оған жету жолдарын ұйымдастыруды, оларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын көрсетеді. Студенттер мектепте қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын жазба жұмыстармен танысады. Оны жүргізудің әдістемесін игереді. Ғалымдардың ғылыми- әдістемелік тұжырымдарымен танысады. Білім беру бағдарламасында ұсынылған жазба жұмыстарды іске асырудың жолдарын үйренеді, жазба жұмыстарды жүргізудің әдіс- тәсілдерін меңгереді.


Оқу курсының типі: ЖК


«Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі» курсының мақсаты – студенттерді мектепте қазақ тілі пәні аясында жүргізілетін жазба жұмыстармен таныстырып, оны іске асырудың жолдарын үйрету.

Пәннің негізгі міндеттері:


  • студенттерді жазба жұмыстарды зерттеген ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;

  • студенттерді мектепте жүргізілетін жазба жұмыстармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

  • қазақ тілі пәні аясында жүргізілетін жазба жұмыстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • жаңартылған білім беру бағдарламасында ұсынылған жазба жұмыстар туралы

таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;

  • болашақ мамандарға қазақ тілін оқытуда жазба жұмыстарды қолданудың жолдарын игерту;

  • өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.

6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН - 6. Сандық технологияның дамуымен байланысты көпфункциональды ақпараттар легімен жұмыс істейді, өзгерістерге тез бейімделеді, тіл үйренуге бейім, ынтымақтастық жағдайында топта жұмыс істейді және сыни ойлай алады.
ОН - 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолданады.
ОН - 11. Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет