Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз!



бет8/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик




Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз!

Адамның бала күннен армандап, аңсары ауған бір саласы, яғни ма­ман­дығы болады. Ол өзін соған ба­ғыт­тап, білім-білігін жұмсайды. Сон­­дай ма­ман­дықтың бірі ұстаз болу. Әу баста ниет білдірген жас талаптың бар­лы­ғы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды. Оған себеп біріншіден, аяу­лы да ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиын тұстарына төтеп бере алмауы болса, екіншіден, аса табанды­лық­тың кем болуы дер едік.

Осы тұрғыда ұлы ағар­тушы тұрғызған мектептің тү­ле­гі ретінде және сол бабамыздың биыл туғаны­на 176 жыл толуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңы­рауы иесінің мектептер ашуы жайын­дағы аз-кем білгенімді оқырман­мен бөліссем деп отырмын. Орынборда 1850 жылы алғаш ашыл­­ған қазақ-орыс мектебіне оқу­­­ға түскен Ы.Алтынсарин келе-келе Шы­­ғысты зерттеуші ғалым, профессор В.В.Григорьевтің көмегі­мен оның бай кітапханасынан су­сын­­дайды. Сол жерде туған халқының өнер-білім­нен, оқу-ағар­ту ісінен кенде қал­ғанын біліп, алған ілімін халқына пайдалану ниетіне кіріседі. Бойында жоғары ағар­ту­шылық ынта туады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін мектеп ашу ұйғары­лып, Ы.Алтынсарин Орынбор об­лыс­тық басқармасының шешімімен Торғайға келіп, өзі арман­даған мақ­сатты ісіне кірісуді бастайды. Әри­не, бұл өте қиын шаруа болса да халқының бола­шағы үшін тәуекел­ге бел бай­лайды. Мектеп ашуға өкімет тарапы­нан қаражат кешіктіріледі. Жергілікті билік түрлі сыл­тау айтып, жәр­дем көрсетуден бас тартады. Осындай қиын­­дыққа кезіккен Ыбы­­рай ұстаз ойынан қайт­пай­ды. Тың жерден тү­рен тартып, дән сепкен диқандай қазақ дала­сына білімнің ал­ғаш­қы нәрін себуге белсене кіріседі. Білімге су­саған қара­па­йым халық бұл маңызды баста­маны қуа­­на қарсы алады. Тор­ғайдағы наға­шысы, әй­гі­лі Шеген би әулетімен Ыбырай мақ­са­­тына қыз­мет етсе, игілікті іс бас­таған немересіне қолдау білдірген Бал­қожа би де беретін көмегін ая­май­ды. «Ба­лаң мектептің ірге­тасын көтеріп жатыр», дегенді естіген ол кісі үйір­лі жыл­қы­ны айдатып, 500 ша­қырымдай жердегі Аманқара­ғай­дан бөренелер тиетіп жіберіп жа­тып­ты дейді білетіндер. Әйтсе де мек­тептің құры­лыс жұмыстары өте баяу жүріп, ол 3-4 жылға созылады. Ұлы ұстаз мектеп үйінің әр кірпішін өз қолы­мен қа­лап, көп қиын­ды­қ­тар­дан соң мақ­са­ты­­на жетеді. Сөй­тіп 1864 жы­лы Тор­­ғай қала­сын­да ал­ғаш­қы қазақ мектебі бой көтереді. Бұл білім ұясын Ыбырай баба сол кездегі озық педагогика үрдісі негізіне құ­ра отырып, жаңа оқыту жүйе­сі­мен жұмыс істеуге талпыныс жа­сайды. Оқуды ана тілінде жүргі­зіп, оқыту әдістерін оқу­шының ын­та мен қызы­ғу­шылы­ғына бағыттай оты­­рып, тәр­биелей оқытуды жос­пар­­лайды. Ал­ғаш­қы оқулықты өзі құ­рас­тырып, өзі сабақ жүргізеді. Оның бірінші беті­не бәрімізге белгілі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет