Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, тәрбие сағаты сценарийі Қаңтар 22, 2019



бет1/2
Дата16.02.2020
өлшемі67,4 Kb.
#58183
  1   2
Байланысты:
ауган
Мен
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, тәрбие сағаты сценарийі

Қаңтар 22, 2019



0

Трагедия в семье Горбачева: никто не приехал на похороны



Читать далее...

Питон проглотил женщину не жуя: что стало потом

Читать далее...


Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу – кеші

Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;


Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Барысы:
1 – жүргізуші


– Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 8 – 9 – 10 сыныбымен ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған…» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2 – жүргізуші:


Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Реклама 14

Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

1 – жүргізуші:


Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. Бейсенбаев Серік

Ажигулов Зинет ағаларымыз.


2 – жүргізуші
– 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

1 – жүргізуші


Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 – ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 – і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып, оның 1 – і хабарсыз кетті, ал 14 – сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:
Еске алу (1 мин үнсіздік)

2 – жүргізуші


Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал – лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 – ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» – деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

«Ауған соғысы» туралы бейнебаян үзінді көріңіздер


1 – жүргізуші:
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
1 – жүргізуші:

– Сіздердің құрметтеріңізге ән. «Атамекен»


Соғыс жылдарындағы оқиға туралы баяндама «Жылдар сөйлейді». Зерделі 8 сынып

1979 жылы


Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанда 86 адамынан айырылды, оның 7 – еуі қазақстандық еді.

12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40 – армияны енгізу туралы шешім қабылдады.


13 желтоқсан Армия генералы С. Ф. Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин – нің жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді. 40 – армияның қолбасшылығына генерал – лейтенант Ю. В. Тухаринов тағайындалды.
27 желтоқсанда арнайы мақсаттағы «Зейнит» бөлімшесі Тәжі – Бек сарайын шабуылдады. АДР басшысы Х. Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б. Кармаль болды.

1980 жылы


Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық еді.

Ақпанның аяғы. Кабулда үкіметке қарсы жаппай қозғалыс өтті. КСРО елшілігі атқыланды, бірнеше кеңестік азаматттар қаза тапты. Оппозицияның қарулы отрядтарын АДР армиясымен бірігіп талқандау туралы Ауғандағы кеңестік әскери қолбасшылығына тиісті нұсқаулар түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет