Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет9/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық, – деп бүкіл қазақ даласын білімге ша­қы­ра­ды. Бұл қанатты сөздер жас ұр­пақ санасына мәңгілік ұран бо­лып сақталып қал­ға­ны анық. Жас ұстаз мектепте бала оқыта жүріп, қа­зақ дала­сы­нда басқа да жаңа мектептер ашу­­мен шұ­ғыл­данады. 1876 жылы Петербург, Қазан қа­ла­лары­на барып орыс­тың ағар­тушылық жү­йесін, сонымен бірге ондағы озық ойлы педагогтар еңбектерін зерттейді. Осыдан кейін қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Ал­ғаш­қы оқу­лықтан соң Ыбырай баба алдыңғы қатарлы орыс педагог­тары­ның оқу құралдарын басшы­лыққа ала оты­рып, екі төл оқу құралы – «Қазақ хресто­матиясы» мен «Қа­зақ­тарға орыс тілін үйре­тудің бас­тауыш құралын» басты­рып шығарады. 1879 жылы Ы.Алтынсарин Тор­ғай облысы мектептерінің инс­пек­торы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметіне кең жол ашады. 1879-1883 жылдар ара­лы­ғында Торғай облысының төрт уе­зінде жаңа мектептердің ашы­луы­на тікелей мұрындық болса, 1-2 сы­нып­тық орыс-қазақ мектептерін ашып, оларды оқулық­тар­мен қамта­ма­сыз етуді де назардан тыс қалдыр­май­ды. 1883 жылы Торғай қала­сын­да қолөнер мектебін өмірге әкеліп, бұл қазақ жерінде техникалық білім беретін оқу орны ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ 1887 жылы Ыр­ғыз­дағы ашылған қыздар мектебі де үлкен қуанышты жаңалықтың жар­шысындай болды. Мектептер саны артып, ойлаған арман-тілегі орындала бастаған ағартушыға енді жаңа мектептерге жаңаша тәлім-тәрбие беріп оқыта­тын мұғалімдер қажет еді. Сол себептен де Орал қаласында тұңғыш мұ­ғалімдер мектебінің негізі қа­лануы да заңдылық-тын. Бұл 1881 жыл еді. Осындай игі істерді ұстаз аз ғұ­мырында көптеп істеуге барын сал­ды. Торғайда Ыбекең ашқан мек­тептен қоғам қайраткерлері, ға­лым-ұстаздар Ахмет Байтұр­сынов, Мір­­жақып Дулатов білім алды. Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын кеңінен табуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет