Абай шағын орталықты орта мектебінде



Дата11.03.2017
өлшемі76,05 Kb.
#11457
Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде, М.Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебінде, Алғабас шағын орталықты орта мектебінде және Ақыртөбе орта мектебінде жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын зерделеу бойынша

АНЫҚТАМА
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің 2014 жылғы 13 қазандағы №824 бұйрығымен Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде, М.Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебінде, Алғабас шағын орталықты орта мектебінде және Ақыртөбе орта мектебінде жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуы зерделенді.

Зерделеу барысында:



  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің құжаттарының (тақырыптық-күнтізбелік жоспары, сынып журналы, нормативті құжаттар, т.б.) талапқа сай жүргізілуі;

  • пән бірлестігінің құжаттары: бұйрық, жоспар, жоспардың орындалуы, іс-шара материалдары, отырыс хаттамалары, т.б.;

  • пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстары (үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен жұмыс құжаттары: оқушылардың жұмыс дәптері, т.б. );

  • оқушылардың жазба жұмыс, бақылау жұмыс дәптерлерінің талапқа сай жүргізілуі, тексерілуі;

  • пәннің оқытылу сапасын мектепішілік бақылауға алуы (педкеңесте, директор жанындағы кеңесте қаралуы) және құжаттары (бұйрық, хаттама, анықтама, шешімнің орындалуы т.б.);

  • пән мұғалімдерінің ҰБТ-ге, ОЖСБ-ға дайындық жүргізу құжаттары: байқау тестілерінің қорынтындылары, мәтіндік-сараптамалық талдау, т.б.

Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында қамтылған мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің құжаттарында жүйесіздік, құжаттардың талапқа сай жүргізілмеуі сияқты бірқатар кемшіліктер анықталды.

Атап айтқанда, Абай шағын орталықты орта мектебінде 5-сыныпта әдебиет пәнінен жазба жұмыстың нормасы орындалмаса, Ақыртөбе орта мектебінің мұғалімі З.Марасилова жазба жұмыстардың (диктант, мазмұндама) тақырыбын жазбаған. М.Әуезов атындағы тірек мектебінің мұғалімі М.Аманбаева бағдарламада берілген тақырыптарға көрсетілген сағаттарды тақырыптарға бөліп, жекелеп көрсетпеген болса, Ақыртөбе орта мектебінің мұғалімі С.Түктеева 11 сыныптың әдебиеті пәнінен бағдарламада көрсетілген тақырыптарды дұрыс жүйелемеген.



Ақыртөбе, Алғабас орта мектептерінде және М.Әуезов атындағы тірек мектебінде әдістемелік бірлестіктің құжаттары жүйесіз, жылдық жоспарлары жалпылама, бірлестік отырысында өзекті мәселелер жоспарланбаған, апталық, онкүндіктерде өткізетін іс-шаралар көрсетілген. Оқу-тәрбие процесінде пән мұғалімдерінің басшылыққа алатын құжаттары (әдістемелік нұсқаулықтар, ережелер, бағдарлама, тағы басқа да нормативтер) толық жинақталмаған. М.Әуезов атындағы тірек мектебінде әдістемелік бірлестіктің тақырбы әлі күнге дейін таңдалмаған, мақсаты мен міндеті, оқу жылындағы жұмыстың басым бағыты айқындалмаған. Сондай-ақ, әдістемелік бірлестік отырысының хаттамалары талапқа сай жүргізілмейді, рәсімделуі дұрыс емес, яғни бауланбаған, нөмірленбеген, бекітілмеген.

Пән бойынша оқушының сабақ үлгерімін жақсартуға жағдай жасау, білім сапасын көтеру мұғалімдердің дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бағыты бойынша жүзеге асады.

Сондай-ақ, үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, әр сабақ сайын білімін жаңғыртып, тілдесім әрекетіне баулу, қосымша материалдарды пайдалану, оқушыларды сыныптан тыс шараларға қатыстыру, сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді, сызбалар мен көрнекіліктерді пайдалану – үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыстың негізгі мақсаты.

Алайда, зерделеу барысында қамтылған мектептерде осындай мақсатты жұмыстар жоспарланбағандықтан, үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен жұмыстың өз деңгейінде жүргізілмей отырғандығы анықталды. М.Әуезов атындағы тірек мектебінің мұғалімі М.Аманбаеваның дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары жалпылама, бекітілмеген болса, Алғабас орта мектебінің мұғалімі Б.Азаматованың дарынды оқушымен жұмыс жоспарында оқушының қабілетін ескермеген, ал Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Н.Қосыбаеваның дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспарында оқу бағдарламасындағы тақырыптар өзгеріссіз көшірілген.

Дәптерлердің тексеру сапасын анықтау, бірыңғай орфорграфиялық талаптардың орындалуын, оқушылардың орфографиялық сауаттылығын арттырудағы пән мұғалімінің жұмысының тиімділігін бағалау мақсатында оқушылардың жаттығу және жазба жұмыс (диктант, мазмұндама, шығарма) дәптерлері тексерілді.

Алғабас, Абай орта мектептерінде, М.Әуезов атындағы тірек мектебінде оқушылардың жазба жұмыс дәптерлерінің сыртын толтыруда бірқатар сауатсыздыққа жол берілген. Дәптердің сыртын бірыңғай толтыруды, орфографиялық ережелерді сақтауын пән мұғалімдері талап етпейді, оқушылардың қатесі түзетілмейді. Сондай-ақ, жаттығу және жазба жұмыс дәптерлерінің ішкі көрінісінің де сапасы сын көтермейді, боялған, сызылған.

Сонымен қатар, пән мұғалімдері жазба жұмыстарды тексеру барысында орфографиялық, пунктуациялық қателерге жол бергендіктен, оқушылардың бағалары көтеріңкі қойылған.

М.Әуезов атындағы тірек мектебінде 6,8 сыныптың жазба жұмыстарының мерзімдері сынып журналымен мүлдем сәйкес келмейді, 6 сыныпта кейбір оқушылардың бағалары сынып журналымен сәйкес келмейді.

Абай атындағы орта мектебінде 6 сыныпта әдебиет пәнінен мазмұндама жұмысы тексерілмеген, алайда сынып журналына баға қойылған.

Тексеруге қамтылған мектептердің ешқайсысы дәптерді тексеру кестесін, тіркеу журналын, тексеру қорытындысын, Акт сияқты басқа да құжаттарын көрсете алмады.

Зерделеу барысында пән мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысу дәптерлері тексерілді. Пән мұғалімдері сабаққа ғылыми-әдістемелік тұрғыдан толық талдау жасай алмайды. Нақты мақсат қоюды білмейді, ұсыныс пен қорытынды жасай алмайды.

Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, әдістемелік шеберлігін анықтау мақсатында Алғабас орта мектебінде екі сабаққа, М.Әуезов атындағы орта мектебінде екі сабаққа, Ақыртөбе орта мектебінде бір сабаққа, Абай атындағы орта мектебінде бір сабаққа талдау жасалды.

Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Тәтібекованың «Этнолингвистикалық атаулар» атты таңдау курсы мен М.Әуезов атындағы тірек мектебінің мұғалімі М.Дастанованың 11 сыныптағы әдебиет пәні сабақтың құрылымы мен кезеңдерін сақтай отырып, дидактиканың ғылымилық, бірізділік, жүйелілік сияқты принциптеріне негізделгендіктен, мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің, педагогикалық шеберлігінің жоғарылығын көрсетсе, М.Әуезов атындағы тірек мектебінің мұғалімі М.Аманбаеваның 9 сыныптағы әдебиет сабағы және Алғабас орта мектебінің мұғалімі М.Жапарқұлованың 8 сыныптағы әдебиет сабағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің төмендігінен, іс-тәжірибесінің жеткіліксіздігінен сабақ дидактиканың ешбір талаптарына, принциптеріне сай емес. Сабақтың құрылымы мен кезеңдері де сақталмады.

Алғабас орта мектебінде «11 сыныпта қазақ тілі пәнінің берілу жағдайы» педкеңесте қаралған, тексеру бойынша жазылған анықтама өте қысқа, мәлімет түрінде көрсетілген. Жекелеген мұғалімдердің кемшіліктеріне талдау жасалынып, нақты ұсыныс жасалмаған.

ҰБТ-ге, ОЖСБ-ға дайындық бойынша пән мұғалімдерінің жұмыстары зерделенді. Жылдық жоспарлары жасалып, бекітілген. Алынған байқау тесттерінен соң мониторинг жасаған, алайда мәтіндік-сараптамалық талдау өте қысқа, көбіне тек пайыздық көрсеткіштермен шектелген, нақты қателері көрсетіліп, қатемен жұмыс жүйелі жүргізілмейді.

Тексеруге қамтылған мектептердің 9,11-сыныптарынан тест жұмыстары алынды:





Мектеп

Сыныбы

Оқушы саны

Б/c

Үлг-ші

1

Абай орта мектебі

11

23

9 %

-

2

Алғабас орта мектебі

11

10

22%

11%

3

М.Әуезов тірек мектебі

11

5

20%

-

4

Ақыртөбе орта мектебі

11

24

21%

-




1

Абай орта мектебі

9

15

53%

-

2

М.Әуезов тірек мектебі

9

11

45%

-

3

Ақыртөбе орта мектебі

9

30

20%

-

Зерделеу барысында анықталған негізгі кемшіліктер бойынша төмендегідей ұсыныстар беріледі:

  • пән мұғалімдері мектепішілік құжаттарды жүргізуде нормативтік құжаттарды басшылыққа алу;

  • оқушылардың жазба жұмыс, жаттығу жұмыс дәптерлерінің сыртын бірыңғай талаппен толтыру;

  • жұмыс дәптерлерін тексеру барысында орфографиялық нормаларды қатаң сақтап, объективті бағалау қажет;

  • мектеп әкімшілігі тарапынан жазба жұмыс дәптерлерінің тексерілуін қадағалау;

  • әдістемелік бірлестіктің құжаттарын жүйелу;

  • дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың тиімді жақтарын қарастыру;

  • тәжірибесі аз жас мамандарға тәлімгер бекітіліп, әдістемелік көмек көрсету.

Анықтаманы жазған: Г.Қырықбаева
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет