Абайдың кемеңгерлігін дәріптеу назарбаев зияткерлік мектебінде қалай жүзеге асырылуда? Бейсенов Мади Касымбекович, Ибраева Алтынай Махатовна, Спабеков Жарасбек Куанышбекович



Дата18.02.2017
өлшемі75,6 Kb.
#10421
АБАЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРЛІГІН ДӘРІПТЕУ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?
Бейсенов Мади Касымбекович, Ибраева Алтынай Махатовна, Спабеков Жарасбек Куанышбекович
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақстан Республикасы, Шымкент. Spabekov.jarasbek@gmail.com
Аннотация

Ақын, ағартушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының шығармасы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығы баяндалады.


Бүгінгі күні біз ақын, ағартушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлын қаншама зерттеп, зерделей түссек те жаңа қырларынан түсіне беретініміз анық тұлға. Отан тарихы ғылымында Абайдың қазақ ағартушылығындағы орнын кейінгі тұлғалармен шатастыруымызға болмайтынын айтқымыз келеді. ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына шыққан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және т.б. ірі де күрделі тарихи тұлғаларды Абайдың шекпенінен шыққанын ұрпақ ұмытпауы тиіс. Оны жас буын өкілдері жаңа түсінікпен сусындауға лайықты. Оған дәлел зерттеуші Әлімбай Найзабаевтың іргелі еңбегінде Абайтану ғылымы мен әдеби орта мәселесін алғаш көтерушілердің бірі болып, сондай-ақ шығармашылығын жарыққа шығаруға атсалысқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтан бастау алатындығымен түсіндіреді [1]. Һакім Абай туралы сөз көтерерде тағы да айта кетсек, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Мәмбет Қойгелдиевтің бастамасымен Мағжан Жұмабаевтың «Табалдырық» атты мақаласын талдап-саралау мақсатында үлкен сөз қозғалған болатын. Мақаланы талқылай келе, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының: «Абайы бар, Мағжаны бар әдебиет - әдебиет», - деуі Мағжанды ұлы Абайдан кейін атап отырғаны тегін емес. Мағжан: «Абай - қазақ даласына кеулеп келе жатқан капитализмге, отаршылдыққа қазақтың қанды жас төгіп, еріксіз шалған бірінші құрбаны. Ел сиреп, ақыл айтудан бастап өмірден үміт үзуге, тұңғиық ойға барып тірелген Абай өмірінің, ақындығының трагедиясы да, тереңдігі де осында. Абайдың алыптығы қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі қолымен екі өмірімен алысқандығы», - дейді. Екі қолымен екі өмірмен алысқандығы дегені: бірі - қазақ болмысын қайтсем сақтаймын, санасын қайтсем оята алам, - деп жанталасса, бірі - жарқын болашақ үшін күреседі», [2] делінген болатын. Дара да дана Абайға арнап мемлекеттік деңгейде аз іс-шара атқарылған жоқ. Қанша ұлықтасақ та, дәріптеп көтерсек те еш артықтық еткен емес. Абайтануды академик Мұхтар Әуезовтен [3] кейінгі белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов қазақтың ЖОО-ң қара шаңырағы саналған кәрі ҚазПИ-де (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде) бір жолға қойған болатын [4].

Ал соның ізін жалғастыру мақсатында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Касимов Балкан Маратұлының бастамасымен қазіргі кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасына сай интернат (жатақхана) оқушыларына арнап, олардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру үшін «Даналық мектебі» атты үйірме ашылған болатын. Үйірме өз жұмысын 9 сынып оқушылары арасында Абайдың қара сөздерінің бастап ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, дін бағу, ұлт, қазақ мақалдарындағы сыни ой, бірлік, билік, ақыл-парасаттылық, халықтану (демографиялық көрсеткіші), білім алу, жамандық пен жақсылық [5] мәселелеріндегі тың мазмұнды тұрғыда талдап-талқылап және де қазіргі заманмен ұштастырып ой өрбітуді басты назарда ұсталуда. Аталмыш үйірме жұмысының аясында «Абай философиясы – қазақ философиясының негізі» атты философиялық сағатымызды өткіздік. Ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасын жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмағандығымен, оның ерекшелігі әр алуандығында екендігімен түсіндірілді. Міне осыны 1-4 қара сөздері арасында философиялық сағатымызда 4 топта талдап, оның бүгінгі таңдағы маңыздылығына тоқталдық.

Уақыты келе ғылыми жаңалық пен техника ескіріп, кешегі маңызды дүние ертеңгі күні маңызын жоғалтып жататындығына тарих куә. Бірақ Абай тағлымын терең оқыған сайын ол дәл бүгінгі күнді жазып отырғандай әсерде қаласыз. Бұл да Абайдың феномендігін дәлелдейді.

Алдыңғы кезекте Абай мұрасын сақтап оны тарату, ондағы терең ой мен фәлсафаны өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына сіңіру мектеп мұғалімдеріне міндет. Тарих сабағындағы әрбір өтілген тақырыпқа Абай цитаталарынан мысал келтіріп, тақтаға жазып қойып, ой шақыруға болады. Мысалы, 1916 жылғы көтеріліс тақырыбын ашу үшін, сабақты мына сөзден бастасақ, «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос», «Ырыстан ынтымақ озар» Ұлы Абай сөзі деп жазып қойсақ, осы цитата арқылы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясына шығамыз, біз әрі Абай мұрасының оқушылардың есінде қалуына және оның ой-арманының тереңдігін ұғынатындай ұрпақ қалыптастырар едік. Абай сөздерін сабақ барысында кез-келген тақырыпқа табуға болады. Бұл оның кемеңгерлігін көрсетеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен кіріктірілген бағдарламасында «Біз Ұлы Абайды бүгінгі күні қалай есте сақтауға тиіспіз?» атты тақырып бар, осы тақырыппен 8-сыныпқа өтілген сабақта Абай бейнесін, кемеңгерлігін біз оқушылармен талдауға тырыстық. Сабаққа қойылған оқу мақсаты мынадай болды:

- Абай Құнанбайұлын ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретінде айқындайды;

- тарихи кезеңдерді салыстырады және олардағы өзгерістер мен сабақтастықты көрсетеді;

- тарихи тұлғаға мінездеме береді.

Сабақ соңында күтілетін нәтиже: Ұлттық мұраның, соның ішінде Абай мұрасының маңыздылығын түсінеді. Абай шығармаларының ерекшелігін анықтайды. Абайдың шығармаларының тереңдігін пайымдайды. Тақырыпты жан-жақты талдайды, зерттеушілік дағдысын қалыптастырады. Бұл сабақтың бала бойына дарытатын құндылығы құрмет-Абай мұраларына, ұлттық мәдениетке, музыкалық туындыларға, тарихымызға құрмет пен мақтаныш сезімін орнықтыру.

Өмір бойы білім алу құндылығы: Абайдың қара сөздерін талдай отырып, оқушылардың ғылымға, білімге құмарлығын арттыру, өмір бойы іздену, даму, зерттеуге ұмтылысын қалыптастыру.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін тақтада Шекспир, Пушкин, Абай суреттерін қатар қойып, Суреттегі тұлғалар кімдер? Неге олар танымал? деп оқушылардың осы тұлғалар жайлы ойы тыңдалды. Оқушыларға осыған дейін оқыған Абай шығармаларының ішінде ерекше әсер еткен шығарманы атап, неліктен оның әсері өзге шығармалардан күштірек болғанын айтты. Балалар осы тұста Абайдың «Қыс» өлеңінің ерекшелігін атады. Жыл мезгілінің ерекшеліктерін адам мінезімен байланыстыра сипаттау, Абайдың психология саласындағы танымының тереңдігін айтты. Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» өлеңі еңбек етуге, уақытты босқа өткізбей, пайдалы іске арнауға үндейді деген ойларын айтты. Осы ойлардан соң, Абайға ассоциация жазады. Яғни, Абайдың біржақты емес, жан-жақтылығын, ақын, философ, аудармашы, өзіндік демократиялық бағыты бар екендігін, сондай-ақ Абайды психолог, адамның ішкі мінез-құлқын егжей-тегжейлі зерртегендігін балалар өз ассоциацияларына дәлелді түрде қосты. Осы тапсырмадан кейін Абай жайлы оқушылар жаңа мәліметтер беру үшін бейнематериал ұсынылды. Бейнематериалдан әр оқушы Абай өміріне, еңбегіне қатысты 5 маңызды фактілерді жазып алуы қажет. Оқушылар өздері жазып алған фактілерімен сыныпты таныстырады. Әр топқа Абайдың қара сөздері таратылды. Қара сөздегі ең маңызды мәселені, түрткі ойды өмірмен байланыстыра жазу тапсырмасын орындады. Осы арқылы қара сөздердегі негізгі ойды түсінгендігі анықталды. Оқушылар Абайдың қара сөзідерінде ұлттық рухтың бастамалары, ұлттық идея, сауаттылық, адамгершілік, тектілік, еркіндік, ғылымға, еңбекке құштарлық, адами тазалық бар екендігін анықтады. Топтар жеке-жеке әр қара сөздегі үзінділермен дәлелдей тұрып, жауап берді. 8-сынып үшін Абай қара сөздеріндегі кейбір сөздердің ұғымын түсіндіру қажет болды (арабша ұғымдар). Өз ойларының қорытындысында қара сөздердегі айтылған мәселелерді әрбір қазақ баласы орындайтын болса, қоғамда рухани таза, адами құндылығы жоғары тұлға қалыптасар еді деген пікір айтылды.

Абайдың қара сөзіндегі құндылықтар қазіргі уақытта өз маңызын өзгертті ме, әлде ол мәселелер әлі маңызды ма? деген сұрақ төңірегінде диаграммадағы тапсырма орындалады. Топтар стикерге Абай заманындағы және қазіргі таңдағы құндылықтарды жазып, қажетті орынға қойды. Яғни, Абай қара сөзіндегі айтылған құндылықтың қайсысы алдыңғы орында тұру керек, қазіргі таңда ең маңыздысы қайсы деген сұраққа оқушылар пікір таластырып, өздері анықтаған мәселелерді маңыздылығына қарай орналастырып, оны дәлелдеді. Кейбір топтар алдымен ғылымды дамыту маңызды деп есептеді, екінші бір топтар дүниеқоңыздық пен жалқаулықтан арылу деді, үшінші топтар алдымен керегі намыс деді, төртінші топ халық бірлігін алдыңғы орынға қоятындықтарын Абай қара сөзімен дәлелдеді.

Топтық жұмыс. Абай мұрасын мәңгі сақтап қалуға арналған жоспар құрыңыз деген топтық жұмыста оқушылар өте жақсы ұсыныстар жасады. Солардың ішінде Абай қара сөздеріне 45 бөлімдік сериал жасалса, балалар үшін мульфильмдер шығару, әлеуметтік роликтер жасау, Абай қара сөздері мен шығармаларын бірнеше тілге аудару, Абай бейнесімен жасалған әр қалада мұражай ашу және ол мұражай заманауи мультимедиялық құрылғылармен жабдықталып, оған барған адамдар Абай рухында жасалған экрандағы мәліметтерден, роликтерден, Абай өмірінен мағлұмат алып шығуы керек. Ал мектеп оқушыларын бұл мұражайға сабақ өту үшін жиі апарып тұру керек деген жақсы ұсыныстары болды.

Абайдың қазақ халқы үшін дара тұлға екенідігін халқымыз түгел мойындайды. Абайдың даралығы осы тұлғаның бойындағы ерекше қабілет, тума қасиетінен. Абай феномені: оның ерекше пәлсафасында болса керек. Ол адам өміріне қатты үңіледі және осы тақырыпқа көп тереңдейді. Қара сөздерінің әрбірін халқына айтқан өсиет сөз ретінде қарастыруға болады. Абай қара сөзін 3-ке бөліп қарастыруға болады. 1. Балаларға өсиет. 2. Жастарға өсиет. 3. Ересектерге өсиет. Қытай халқы әлі күнге дейін Конфуций ілімін ұстанып, оның ережелерін өмірде ұстанады. Қазақ халқы да Абай өсиетінен әдептілік ережесін қалыптастырса, ол халқымыздың өзіндік құндылығын арттырары сөзсіз. Абайдың қара сөздерінде халықты барынша түзеуге бағытталған насихатты көреміз. Ол өзінің 59 жасында өмірден түйгендерін мысал келтіре отырып, қоғамдағы адамдардың кемшілігін күйіне жазады. Басқа халықтармен салыстыра отырып, халықтың намысын оятқысы келетін тәрізді. Абай қара сөзі адамның ең жанды жеріне соққы ретінде тиіп, шынында да менің халқым неге қор болып өмір сүруі керек, жаман қасиеттен қалай арыламыз деген сұрақтарға ойлануға итермелейді. Кейбір жаман қасиеттерден ұялып, одан арылуға итермелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Найзабеков Ә. Ә. Бөкейхан және Абай жинағының тағдыры. Алашорда Үкіметіне 95 жыл (1917-2012 жылдар). Құрастырушылар: Б. Уәли, Қ. Тұрар, А. Құрметұлы, С. Жолдасбай. Шымкент, 2012 ж. 151 б.

2. Спабеков Ж. Мағжан ақынның манифесі. Жазып алған З. Бүйенбай. Abai.kz ақпараттық порталы. http://old.abai.kz/node/7728 (кіру мерзімі: 06.10.2015 ж. сағат: 21:56)

3. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Алматы, «Жазушы», 2002.

4. Мекемтас Мырзахметұлы Мырзахметов. Алаш айнасы. жұма, (кіру мерзімі: 09.05.2014, сағат: 11:59.) http://alashainasy.kz/omir/mekemtas-myirzahmetulyi-myirzahmetov--50778/



5. Құнанбайұлы Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.2: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасөздер. – Алматы: Жазушы. – 2005, - 336 бет.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет