«Абайды оқы, тәлім ал» А.Құнанбаевтың туғанына 170 жыл Тақырыбы: «Абайды оқы, тәлім ал»



Дата08.06.2018
өлшемі25,33 Kb.
#41296


«Абайды оқы, тәлім ал»

А.Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

Тақырыбы: «Абайды оқы, тәлім ал»

Мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа қалдырған өсиетін оқушылардың ой санасына сіңіру. Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен нәр жинап, тәләм -тәрбие алу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд.

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге,-

А.Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев», деп бағалаған ұлттың ұлысы, жұртының қалаулысы болып «Қалың елім, қазағым!», «Қазақта адам баласы ғой» деп бірде ашынып, бірде басылып халқыны сөз арнап, тілеуін тілеген дара данамыздың дүниеге келгеніне 170 жыл толғалы отыр.

Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы халықты өнер –білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тәлімін оқып, түсініп сол жермен жүрер болсақ ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық. Абай атамыз жырларымен бүкіл елді қандырып, қазақ елін әлемге танытып, ұрпаққа мұраларын аманат қып қалдырған және де орыс әдебиетін үлгі тұтып Пушкин мен Лермонтовты қазақша жырлаған бір туар ақынымыз.

Олай болса келесі кезекте ақын, сазгер, аудармашы және философ, көркем сөз шебері Абай атамыздың өміріне қысқаша шолу жасайық .

Оқушы: Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданының Шыңғыстау бауырында дүниеге келді.
Абайды жеңгелері екі шешенің ортасында тәрбиеленуі себепті Телқара деп атап кеткен. Ауылда молдадан хат танып, он жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Үш жылдай оқып, дін сабақтарымен қатар шығыстың ұлы классиктері Науаи, Фзули, Саади, Хафиз, Шамси, Саихали шығармаларын оқып танысады.
Ел билеу ісіне Құнанбай Абайды баули бастайды. Абайды оқудан ерте тартып алуының себебі де осы болды. Ел қамы үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыздар жазылып, абақтыға да отырып шығады.



Абай жасы отыздан аса орыс әдебиетімен таныса бастайды. Семейге айдауға жіберілген Е.П.Михаэлис бастаған орыстың социал-демократтарымен танысып, өз бетімен орыстың классиктерінің шығармаларын оқуға қол жеткізеді.
Абайдың өмірі мен шығармашылығындағы өзекті тақырыпты танып білу үшін Құнанбай заманы мен Абай өмір сүрген дәурдің ерекшелігін, айырмасын жете білу маңызды.
Абайды оқып зерттеген жазушы М.Әуезовтің атап көрсеткеніндей Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, іштей толысып жетіле жүріп ақындық өнердің қоғамдық санада зор тәрбиелік мәнін танып, жасы қырықтан асқан шақта ақындық өнерге құлай берді.
Адам болу мәселесі сонау тар қапас заманда дүниеге келген ұлы Абайды ерекше толғандырған. Міне сондықтан да ақынның ғылым, білімге шығарған өлеңдері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Білімдіден шыққан сөз”, Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңдерінің негізгі идеясы мен мақсаты – Абайдың ұрпақ тәрбиесіне арналғанын көреміз.
Абай өз заманының перзенті ретінде сол дәуір дайындаған көлемде ұлан-ғайыр еңбек етті. Кемеңгер Абай өлеңді сөздің патшасы, сөз сарасы деп бағалады. Ол өлең құрылысы жағынан да жұп-жұмыр шығып, артық сөз, орынсыз ой қосылмай, өлеңнің бас-аяғы теп-тегіс шығуын, мазмұн мен түр бірлігін керек етеді. Сырты күміс, іші алтын болып өрнектелуін акындар алдына жаңа әдебиеттің эстетикалық мұраты ретінде ұсынды.
Абайдың “Ескендір” мен “Масғұт” дастан-поэмалары шығармашылық тәрбиесімен жазылған, дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған шығармалар болды.
Абай өзінің қара сөздерінде де адамгершілік мәселесінде адамды ақылды талапты, қайратты болуға шақырады.
Абай 1904 жылы туған жерінде қайтыс болып, сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Бүгінде Жидебай – қонақтардың ақын өмірімен танысуда кең мағлұмат беретін әдеби-мемориалдық мұражай болып қызмет етуде.

жүргізуші: «Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр», деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай , «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқан екен.Олай болса келесі кезекті Абай атамыздың өміріне байланысты сұрақ –жауапқа кезек берейік.

  1. Абай кім? Қашан, қай жерде дүниеге келген?

  2. Абайдың шын есімің кім?

  3. Абайдың кандай өлеңдерін білесіңдер ?

  4. Қанша қара сөзі бар?

  5. Абай қайда оқыды ?

  6. Абай қанша тілді үйренді ?

  7. Қанша күйі бар?

  8. Қанша поэмасы бар?

  1. Жүргізуші:

  1. Өлеңі – ақыл, өзі – аңыз,

  2. Абай – біздің бабамыз!

  3. Өсиетін, сондықтан,

  4. Санамызға жазамыз!



  5. Асыл сөзді іздесең,

  6. Абайды оқы, ерінбе.

  7. Адамдықты іздесең,

  1. Жаттап тоқы көңілге! деп келесі кезекте Абайдың өлеңдерінен көркемсөз оқуға кезек берейік.

  2. «Абайдың әндері барлық қазақ әнінен бөлекше тұратыны әрбір тыңдаушы мен айтушыға айдан анық.»

  3. «Абай әуендері қазақтың музыка мәдениетінің өсу, дамуында үлкен, күрделі орын алады.»

  4. Құлақтан кіріп, бойды алар,

  5. Әсем ән мен тәтті күй.

  6. Көңілге түрлі ой салар,

  7. Әнді сүйсең менше сүй, - деп атамыз өзі айтқандай, Абай атамыздың халық әндеріне енгізген өзіндік әуен ырғақтары, ән туындылары көп қазақ халқының кең арналы музыкалық мәдениетінің дамуына айрықша ықпал етіп, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Абай әндері алуан түрлі әншілердің орындалуында көбіне ауызша түрде таралды.

  8. Бізге жеткен Абайдың 8 мың өлең жолы, 45 қара сөзі, қырыққа жуық әндері,3 күйі, 3 поэмасы бар.

  9. Келесі «Абай-сазгер» бөлімінде Абай атамыздың әндері орындалады:

  10. 1. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі

  11. 2. «Көзімнің қарасы» әні

  12. Жарасқан Әбдірашевтің «Абай – біздің бабамыз» өлеңімен қорытамыз.

  1. Өлең сөздің тас бұлағын ағытқан,

  2. Қазақ елін дүниеге танытқан.

  3. Абай атам талантына бұл күні,

  4. Бар халықты тәңіріндей табынтқан.

  5. Сендей болар өр тұлғасы алыптың,

  6. Сәулесіндей нұрын шашқан жарық күн.

  7. Әрі ойшыл, ақын, сазгер, педагог,

  8. Ұлы ұстаз, ғұламасы халықтың.

  9.  

  10. Шыдамменен тіл дертінің азабына,

  11. Өртенген өлең сөздің тозағына.

  12. «Артына өлмейтұғын сөз қалдырған»,

  13. Абайдай ақын бар ма қазағымда?





































Каталог: uploads -> doc -> 0365
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0365 -> Сабақтың тақырыбы: диктант


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет