Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазіргі уақытта ғалымдардың мәтіннің тілдің бӛлінбейтін мазмұнды 
компоненті ретіндегі және ұлттық білім мен түсініктер сақталатын сенімді 
қайнаркӛз/дереккӛз ретіндегі зерттеулерінің маңыздылығы артты. Осы 
себепті интертекстуалдылық мәселесі де кең ауқымда зерттеле басталды.
Біздің зерттеуімізге интертекстуалдылық құбылыстың мәдени кодтың таралу, 
тасымалдану түрі ретіндегі қызметі негіз болды. Мәтін мен мәдениет 
кеңістігін қамтитын интертекстуалдылық байланыс «мәтін ішіндегі мәтін» 
деп танылды. «Мәтін ішіндегі мәтін» мәдениеттердің ӛзара кірігуін 
қамтамасыз етті, басқа елдердің тыныс-тіршілігі, ой-танымы, мәдениеті, 
құндылықтары туралы ақпараттарды қолжетімді қылды. Ал сол 
ақпараттарды адамның қалай қабылдайтыны, қалай түсінетіні, қалай 
қолданатынын 
зерттеу 
қазіргі 
антропоӛзектік 
бағыттағы 
ғылым 
салаларының, соның ішінде тіл білімінің кӛкейтесті мәселесі болып отыр. 
Ұсынылып отырған зерттеу осы мәселеге белгілі бір шамада үлес қосады.
«Мәтін ішіндегі мәтін» теориясын фольклорлық мәтіндерге 
қатыстылығы тұрғысынан тұжырымдасақ, осы тектес мәтіндер ұлт 
мәдениетін жаңғыртып, қазіргі «мәдениеттер тоғысуында», «мәдениеттер 
қақтығысында» ӛз мәдениетімізді, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға 
тырысқан, ұлттық бағдарымыздан алшақтап кетпеудің алдын алған амал деп 
бағамдаймыз. 
Яғни, 
қазіргі 
кӛркем 
шығармаларда 
фольклорлық 
шығармалардың интермәтін ретінде жұмсалуы рухани жаңғыру, ұлттық 
сананы жаңғырту, ұлттық болмысты, ұлттық келбетті сақтап қалу тәсілі 
ретінде кӛрініс береді. Жұмыста келтірілген кӛркем шығармалардан алынған 
айғақтар – осы тұжырымдамамыздың кӛрсеткіші.
 
Келтірілген тілдік айғақтар фольклорлық ілкі мәтіндер ішінде ең жиі 
ӛзектелінетін тілдік бірліктің ілкі есімдер екенін кӛрсетті. Зерттеу жұмысы 
барысында жинақталған 1035 тілдік бірліктің ең үлкен бӛлігін ілкі есімдер 
құрайды. Фольклорлық ілкі есімдердің бүгінгі қолданысынан мына 
ӛзгерістер кӛрініс береді: «Шығайбай» ілкі есімінің мағыналық ӛзгеріске 
түсуі (
«Шығайбайдың» сараңдық қасиеті мемлекет мүлкін, ел дүниесін 
оңды-солды шашпай, жауапкершілікпен қарау үшін дәріптелген, қайта
бағаланған), 
«Қарабай» образы арқылы бейнеленген кейіпкерлердің бүгінгі 
замандағы бет-бейнесінің жаңаша сипат алуы (
«Қарабай» ілкі есімі арқылы 
танылатын түсініктер аясы толыққан, кейбір шығармада «Қарабайға» 
теңеліп тұрған кейіпкерлер тәкаппар, ӛркӛкірек, мансапқор, қызметі ӛзінен 
тӛменді менсінбейтін атаққұмар адам), 
жағымсыз жеке бас қасиеттерімен 
танылған фольклорлық ілкі есімдерге тән мінез-құлықтың белең алуы (
Қодар 
қоғам, Қодарлар мен Жантықтардың қоғамы; әр жақсының бір-бірден 
Қодары бар, Ер Қодарға қыз Баян болды ғашық; Бекежандық ел ішін 
жайлап алған; Бекежандар қаптаған сұм заман,
Бекежандық заман,
Қобыландым қолбала, Құртқам күң, Тайбурыл мәстек болды; Қарабай 


қамшы үйіріп Қанағатқа, Атымтай адасып жүр Дала жақта; 
«кейқуатшылдық» жасап келеді, ол қазір күнделікті ӛмірде аттап басқан 
сайын ұшырасады, Атақсыз Алдарлары бүгінгінің намыс түгіл ар мен ұят 
сатылар бұл заманда,сорлата бастады ғой ӛзімді алдап, , т.с.с.
). ІМ 
кӛмегімен ӛмір шындығының кӛркемдік қорытылуы, түйінделуі жүзеге 
асырылып тұр. 
 Ілкі айтылыстар.
Зерттеу жұмысы барысында қазіргі кӛркем 
шығармаларда «Қайда барсаң да Қорқыттың кӛрі» (38 рет), «Ӛз үйім-ӛлең 
тӛсегім» (25 рет), «Аяз би әліңді біл» (22 рет) ілкі айтылыстарының жиі 
ӛзектелінетіні анықталды. Сондай-ақ, жекелеген авторлар қолданысында 
ғана кездесетін ілкі айтылыстар бар екендігі белгілі болды.
Ілкі 
жағдаят
танымдық 
базада 
нақты 
бір 
лингвомәдени 
қауымдастықтың барлық мүшесіне таныс сол ілкі жағдаятқа қатысы бар 
субъект-кейіпкерлер немесе заттар, іс-әрекеттердің дифференциалды 
белгілерімен сақталады және оны қабылдаудың инварианты «жақсылық пен 
жамандық» туралы түсініктер арқылы кӛрініс береді. «Сорқұдықтың 
басында», «Қособаның түбінде», «Қыз Жібектің кӛші» ілкі жағдаяттары кең 
қолданысқа түсе бастағаны байқалды. «Барсакелмес» мифтік топонимі 
мифтік сипаттан ақиқат сипатқа ие болған.
Қазіргі кӛркем шығармалардағы ілкі мәтіндер қолданысының 
табиғатын зерделей отырып, мынандай нәтижелер алынды: 
- ақын-жазушылардың идеясын, ойын, пайымын, толғауын дәл, ашық, 
бүкпесіз жеткізуге қызмет ететін фольклорлық шығармалардан алынған ілкі 
мәтіндер табиғаты «ұлт» болмысын сипаттайтын белгісімен ерекшеленеді; 
- ІМ шығармада нақты белгілі бір мақсатта қолданылып, белгілі бір 
құрылымдық қызметтер атқара бастайды: кӛркем шығармада ақпарат кӛлемін 
ұлғайтатын мағыналы қызмет атқара отырып, шығармаға ой қосады, сезімдік, 
психологиялық бояу, жаңа мән үстемелейді. Мәтін кӛркемдігін күшейтеді; 
- кейбір ілкі мәтіндердің сыртқы бітімінің ӛзі «ұлттық болмыстан» хабар 
береді, ал кейбір жекелеген сӛз тіркесі, фразалардың нақты бір ұлтқа, 
мәдениетке тән белгісі қолданысқа түскенде ғана айқындалады 
(мысалы: 
машат; ӛлең шӛп, ӛлең шӛп Қазақстан; ол кейқуаттар әулетінен; 
маңдайшаға қойыпты шекпен іліп; бәлекей қыз әңгіменің қай Қособаға қарай 
ауып бара жатқанын сезді; алты ұл бір тӛбе болса, бұл ӛзі бір тӛбе екен 
т.с.с.); 
- прецедентті болып табылатын тілдік бірліктерде (дереккӛзі фольклорлық 
шығармалар) ұлттың тыныс-тіршілігінен ақпарат беретін ассоциативті 
тізбектер жүйесі түзілген. Мұндай ассоциативті тізбектер жүйесі 
шығармаларда ілкі мәтінге (ілкі есім, ілкі айтылыс, ілкі жағдаят) жүктелген 
коннотациялық мағына, теңеулер арқылы бейнеленген. 
- ілкі мәтіндер арқылы туындайтын ассоциациялар мен мағыналық реңктер, 
коннотациялардың, ІМ денотатына қарағанда, мәдени-ұлттық сипаты 
ауқымдырақ. Мұнан ілкі мәтіннің мәдениет тасымалдаудағы ерекшелігі 
айқын байқалады; 


- ілкі мәтіндердің шығармаға арқау болуындағы қызметі оның атауыштық 
қызметінен (бұл ретте ілкі мәтін ӛзіне телінген қандай да бір нақты қасиетті, 
нақты бір белгіні меңзейтін, кӛрсететін тілдік таңба), оның референтті 
қызметінен (прецедентті кейіпкерлерді (ұнамды кейіпкерлерді) шығарманың 
идеялық мазмұнын байыту үшін, олардан рухани ұшқын тарату үшін, 
шығарманың эстетикалық және этикалық қуатын арттыру үшін 
қолданылады) кӛрінеді. Ілкі мәтінді қолданудағы авторлық мақсат, авторлық 
позиция, авторлық модальділік – оқырман ойын авторға қажетті арнаға 
бұрады, ілкі мәтін арқылы автор ойын дәлелді етіп кӛрсетеді; 
- уақыт ӛте келе кейбір ілкі есімдер жаңа мәнге, болмаса қосымша мәнге ие 
болған; 
- кейбір ілкі есімдер сӛз тудырушы жұрнақтар әсерінен жеке мағынадан
жалпы 
мағынаға 
ауысқан, 
деонимизацияланған 
(
Кейқуат 
– 
кейқуатшылдылық; Бекежан – бекежандық, Қожанасыр – қожанасырлық, 
Шығайбай – шығайбайлық
)

- қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның болмысын, қоғамдағы мінез-
құлқы мен оның ішкі-жан дүниесін ашуға қолданылатын образды түрде 
бейнеленетін кӛркем шығармалардағы ілкі есімдерді зерттеу қоғаммен бірге 
адам дамуының бағытын (беталысын) анықтаудың алғышарты деп тануға 
болатын әлеуетін байқатты;
 
- ілкі мәтіндердің кӛркемдеуіш құрал ретіндегі қолданысы әркелкі болады: 
біріншіден, ІМ ӛзі сӛз етіп отырған зат пен құбылыстың суретті бейнесін, 
ӛзіндік ерекшелігін нақты, дәл кӛрсетуге қызмет етеді, екіншіден зат пен 
құбылыстың психологиялық жай-күйін тануға септігін тигізеді, ІМ тілдік 
қолданыста қандайда бір зат пен құбылыстың, іс-әрекеттің табиғатын 
тереңдей танып-білу үшін қолданылады, сондай-ақ ІМ тілдік тұлғаның 
дүниетанымдық әлемін ашып кӛрсетеді; 
- әр мәдениет ӛкілінің, әрбір тіл тұтынушының, әр мемлекеттің ӛзіндік ілкі 
мәтіндер корпусы болады. Ол мәтіндер тек сол мәдени орта ӛкілдеріне ғана 
таныс, басқа мәдениет ӛкілдері үшін оны танып- білу қиындық тудырады.
Осы себепті мәдениаралық қарым-қатынаста ілкі мәтіндерді қолдану аялық 
білімді қажет етеді; 
- фольклорлық ілкі мәтіндердің мазмұнында ұлттың рухани мәдениетінен 
хабардар ететін ақпарат сақталған, осы белгілері фольклорлық ілкі 
мәтіндерді халықтың этноболмысынан, ойлау жүйесінен нақты түсініктер
беретін тілдегі таңбалық бірліктер қатарына қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет