Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


Тақырыптың зерттелу деңгейі



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

 
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Интертекстуалдылық ғылыми дискурста шегі кӛрінбейтін, кӛпқырлы 
құбылыс 
ретінде 
танылуда. 
Мәтінаралық 
байланысты 
кӛрсететін 
терминдердің алуантүрлілігі - соның дәлелі. Интертекстуалдылықпен бірге
осы құбылысты анықтауға «транстекстуалдылық», «мәтіндер диалогы», 
«гипертекст», «интерсемантика» сияқты түрлі терминдер де талқылануда.
Әрине, бұл терминдер бірін-бірі толықтырады, оларды интертекстуалдылық 
санатын 
анықтаудағы 
әртүрлі 
жолдар 
есебінде 
қабылдаймыз. 
Лингвистикалық зерттеулерде интертекстуалдылық «ӛзім» және «ӛзге» ӛзара 
қарым-қатынасында кӛрініс беретін мәтіннің маңызды сипаты ретінде 
қарастырылса, әдебиеттануда постмодерндік стилді бағамдау/бағалаудың 
маңызды құралы ретінде қарастырылуда. 
Қазақстан филологиясында интертекстуалдылық байланыс мәселесіне 
арналған зерттеулер аз да болса бар. Бірақ бұлар, негізінен, қазіргі мәтіндер 
желісін ғана қамтиды және әдебиеттану тұрғысынан ғана пайымдалады 
(Б.Майтанов, Т.У. Есембеков), ал тілтанулық тұрғыдан еңбектерде де 
(А.С.Әділова, 
Г.Б. 
Мәдиева, 
Қ.Қ.Рысберген, 
Г.Қ. 
Ихсангалиева, 
Е.А.Журавлева) фольклорлық мәтінді нысан қылу мақсат етілмеген.
Мәтін кӛпқырлы құбылыс екенін ескеріп, оны лингвистикалық 
тұрғыны тірек етіп, әдебиеттану, мәдениеттану, фольклортану т.б. 
ғылымдармен түйістіре отырып пәнаралық тұрғыдан зерттеуге болады.
Қазақ тіл білімінде прецеденттік құбылыстың зерттелу деңгейіне 
байланысты Г.Б. Мәдиеваның прецеденттік жалқы есімдер және 
мәдениаралық қарым-қатынаста тірек элементі ретіндегі прецедентті 
атаулардың рӛлін зерттеуге арналған еңбегін, Е.А. Журавлеваның Қазақстан 
мерзімдік баспа материалдары негізінде жүргізілген орыс прецедентті 
мәтіндерінің қызметі туралы, Қ.Қ.Рысбергеннің прецедентті бірліктердегі 
ықшамдалған лингвомәдени кодты игеру туралы, Г.Қ. Ихсангалиеваның 
газет мақала атауларындағы прецедентті феномендер туралы зерттеулерін 
атап кӛрсетуге болады.
Прецеденттілік ұғымын зерттеуші Ю.Н.Караулов, Д.Б.Гудков, 
В.Г.Костомаров, В.В. Красных, Ю.А. Сорокин, И.В. Захаренко, 
Е.А.Нахимова, Г. Г. Слышкин т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері халықтың 
тілдік санасының танымдық базасында прецедент феноменінің қалыптасуы
оның сипаттамасы мен қызметі және олардың концептуалды берілуін, 
лингвомәдени қоғамдағы прецедентті феномендердің орнын зерттеуге 
бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет