Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


«Фольклорлық ілкі мәтіндердің көркем шығармаларда өзектену



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

«Фольклорлық ілкі мәтіндердің көркем шығармаларда өзектену 
тәсілдері» 
атты тарауда
 
ата-бабаларымыз бір ауыз сӛзбен ғана түйіндеп 
айтып, мирас етіп қалдырған 
түйінді сӛздері
бүгінгі таңда қаншалықты 
қолданыста, қандай қызмет атқаруда, қаншалықты маңызды, қолданылу 
себебі, танымдық деңгейі деген мәселелерді анықтау үшін ақын, 
жазушыларымыздың 
кӛркем 
туындыларындағы 
фольклорлық 
ілкі 
мәтіндердің берілу тәсілдері мен қызметін сараланды. Фольклорлық ілкі 
мәтіндердің қазіргі кӛркем шығармаларда берілу тәсілдері мынандай түрде 
кӛрініс берді: 
1. Трансформаланған ілкі есімдер мен ілкі айтылыстар.
Трансформацияға 
түскен ілкі есімдер мен ілкі айтылыстар күнделікті қолданыста түрлі
мағыналық ӛзгерістерге түсіп, оған бағалауыштық, эмоционалдық 
коннотациялар 
үстемеленген. 
Мысалы, 
Д.Досжан 
қолданысында 
«Шығайбайдың» сараңдық қасиетінің оң бағалануы оқырманға әсер ету, ой 
салу қуаттылығын арттырады. Жазушы ӛз шығармаларында ел, қоғам 
байлығына «Шығайбайдай» қарауға үндейді. Жазушы қолданысында 
«Шығайбай» сараңдықтан гӛрі ұқыптылықты, жауапкершілікті, жанашырлық 
сияқты қасиеттерді репрезентациялайды: «
Ел боламыз десек – ертерек ашық 
–шашық жататын етегімізді қымталық! Мына ӛзіміз де нарық дәуірінің 
тиын санап, сӛз сауған, қу бастан ет қырнаған шық бермес Шығайбайына 
айналайық!... Кешікпей. Бүгіннен бастап». 
(Д.Досжан. Жан құмары, 80 б.). 
Сондай-ақ, «Қожанасыр», «Алдар кӛсе» образдары да кейбір кӛркем 
шығармаларда канондық нұсқасынан алшақтаған. Мысал келтірсек: 

Шығармашылық еңбектің бар мехнатын ӛзі арқалап, соның бар құрметін 
қожайынға сыйлай салған қожанасырлығына тұңғыш рет зығырданы 
қайнады.
(Т. Ахметжан. Сұлу мен суретші).
С.Елубаев қолданысындағы «Қожанасыр» ілкі есімінің мазмұнынан 
оқырманның алар мәдени ақпаратының тереңдігіне бойласақ: 
Бір күні 
Қожекеңнің үйіне ұры түседі. Ұрлайтын ешнәрсе таба алмай ренжіп есікке 
беттейді. Сонда қуыста жатқан Қожанасыр атып тұрып «Қуыс үйден құр 


шықпа, бауырым!» деп үстіндегі жалғыз шапанын ұрының иығына жапқан 
екен. Қарап отырсаңыз, Қожанасыр сопының осы бір әрекетінде адамға 
деген ұлан-ғайыр ілтипат, кӛл-кӛсір мейірім, періште пейіл, періште 
тазалық жатыр. Бұндай жандар шынында кісінің ала жібін аттамақ 
тұрмақ, ӛзгелер үшін ӛзінің соңғы мүлкін құрбан етуге бар. Бұндай жандар 
ашкӛздік, қызғаныш, күншілдік, ӛзімшілдік, жаулық деген кесапаттардан 
ада. Бұл - әулиелек. 
(С. Елубаев. Қиямет-қайым ғасыры, 48 б.) 
2. Тақырыпат түрінде жұмсалған ілкі есімдер.
Тақырыпаттың ақпараттық 
сипаты ерекше, оқырман назарын бірден аударушы тілдік құрал. Мысалы, 
Қ.Түменбаевтың
 «Депутат Аязби»
 
атты әңгімесі мен Ә.Таразидің 
«Қарабай»
әңгімелерінде ілкі есімдер тақырыпат ретінде қолданылып, реминисценция 
түрінде берілген. (Қ. Түменбаев. Депутат Аязби, 196-197 бб.; Ә.Тарази. 
Қарабай, 36-37 бб.) Тақырыпат мәтіннің бүкіл мазмұнын ӛз бойына 
жинақтап тұр
.
3. Кӛптік мағынада жұмсалған жағымсыз эмоция тудыратын ілкі есімдер. 
Бұл тәсіл, біріншіден, бейнеленіп отырған образдардың кӛбеюін кӛрсетеді, 
екіншіден, жалпылама мағына үстеу арқылы белгілі бір кейіпкердің жиынтық 
қасиетін ғана кӛрсетіп қоймайды, қоғамда белең алып отырған ӛзгерістерден 
де ақпарат береді. Мысалы: «
Кейқуаттар»(ҚЖ), «Шығайбайлар»
(ӚЯ), 
«
Ұлтандар»
(ЕР), «
Бекежандар»
(РН) т.с.с.
 
4. 
Жалқыдан-жалпыға ӛткен прецедентті антропонимдер. 
Кейбір ілкі 
есімдер сӛз тудырушы жұрнақтар әсерінен жекеден -жалпыға ӛткен, мысалы: 
Кейқуат -кейқуатшылдылық; Бекежан -бекежандық, Қожанасыр -
қожанасырлық, Шығайбай – шығайбайлық. 
5. Екі түрлі мәнге ие болған прецедентті топоним. Мысал үшін: 
1. Бірқатар мысалдарда 
«Қособа»
- қызғану деген мағынада кӛрініс береді. 
Бекежанның қызғанышынан Тӛлеген ӛлімге ұшырағандықтан 
«Қособаның» 
қызғаныш салдарын сипаттайтын ұғымға
айналғанын аңғарамыз. 
2. Сондай-ақ, біреуді нысанаға, межеге алатын тұс 
«Қособа»
деген атауға ие 
болған. 
6. Сұраулы сӛйлем арқылы түзілген ілкі мәтіндер. 
Сұраулы сӛйлемдердің 
риторикалық қызметі тыңдаушыға әсер етеді. «Риторикалық сұрау жауапты, 
хабар алуды кӛздемейді. Бұндай сӛйлемдер қарсылық білдіру, кекету сияқты 
мақсаттың прагматикалық мақсатын арттырады. Сӛйлеушінің қарсылық 
білдіруден гӛрі дәлел, негіздемені келтіре отырып, сұраулы сӛйлем түрінде 
мақсатын жеткізуді сӛйлеу актісінің ықпал ету күшін арттырады» [105, 153 
б.].
 
Кеткен бе деймін ұлы елім азып, 
Қозы мен Баян ұрпағы қайда? 
(Қазыбек Иса. Аякӛз айшықтары, 33 б.) 
Қане, сондағы 
Қодарсыз, Бекежансыз
бостандықта табысқан 
сүйіспеншіліктер? Әдіре қалған жоқ па, әлдеқашан. (Г. Шойбекова. Ай 
сәулесі мен кӛлеңкесі, 74 б.) 
8. Теңеу арқылы берілген ІЕ. 
Кӛркем шығармаларда теңеу арқылы берілген 
ілкі есімдер басымдылыққа ие. Теңеуді кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-


әрекеттерін сипаттауда үстеме мағына беретіндіктен, ұтымды кӛріктеу тәсіл 
ретінде мейлінше мол қолданылған.
 
Оның екпіні – 
Самұрық құстың 
Қанатымен дауыл тұрғызып, 
Екпініндей еді. 
Нӛсер тӛктіретін
Қайда қазір сол тілім?
 

(М.Темірхан. Ӛкініш) 


9. Экспрессивті-бағалауыштық метафора арқылы берілген ІЕ. 
Метафора 
арқылы бейнелі образ жасалынады, бір заттың атауы жалпы сыртқы 
ұқсастық, сәйкестіке қарай екінші бір заттың, құбылыстың атауына 
қатысады, түзілген мәтінге орай жағымды/жағымсыз реңкті мағына 
үстемелейді.
 
«Жалғыз кӛз Дәуде»
қорқытты мені, Қасымда сол күн 
Қорқыт 
түнеді 
(Б.Бекетова. Жұлдыз боп кеткен жырларым, 50 б.) 
10. Контрасты шендестіру тәсілі арқылы берілген ілкі айтылыс. 
Шендестіру тәсілі кӛркем мәтіндерде жиі кездесетін әмбебап тәсіл ретінде 
қарастырылады. Ілкі айтылыс арқылы бір-біріне кереғар құбылыстарды 
суреттеудегі ақын шеберлігін тӛмендегі мысалдан байқай аламыз: 
 
Сарыарқам – жасыл жайлауым! 
Босағаңда – балам, мүлкім де 
Кӛрінген белге кӛшемін: 
Тӛрімде - сенің тӛсегің!: 
Жүгімнің шешсем байлауын Ӛзгенің үйі бұл күнде, 
Ӛз үйім - ӛлең тӛсегім.

Ӛз үйім - ӛлең тӛсегім
(Е.Раушанов. Бозаңға біткен боз жусан, 228-229 бб.) 
11. Контекстуалдық антонимдерді пайдалану тәсілі. 
Ӛмірдегі қарама-
қайшылықтарды айқын кӛрсету кӛркем мәтіннің прагматикалық әсерін 
күшейте түседі. Контекстуалдық антоним – қазіргі таңда тың тілдік тәсіл 
болып табылады. Бұл тәсіл адресаттың эмоциясына тосын әсер етеді, сол 
себепті әсер ету әлеуеті жоғары. 
 
Ер Қодарға қыз Баян болды ғашық...
...Үш ұлысқа 
Қарекең
той жасады, 
Ғашығына еркімен келді қашып. Жомарттығы
әлемге мойындалып.
 
(Ғ. Жандыбаев. Жаңаша махаббат, 4 б.) 
12. Ауыспалы мағынада қолданылған, бағалауыштық сипаты басым, 
ертегілер мен батырлар жырынан алынған прецедентті зоонимдер. 
13. Прецедентті бірліктердің концепт түзу арқылы берілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет