Абдолла Ишан мешіті



бет12/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Байдалиев Д.Д.. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. Тараз, 2007, 108 б.

  2. Байдалиев Д.Ж, Байдалиев Д.Д. Жуалы-батырлар мекені. Тараз: Формат-Принт, 2018, 89б.


Бектөбе қалашығы
Ұлы Жібек жолының халықаралық сауда жолы ретінде дамуы, қалалардың пайда болуы мен қалыптасуына айтарлықтай әсер етті. Орта ғасырларда Тараз өңіріндегі ірі саяси-экономикалық орталықтардың бірі ретінде белгілі Бектөбе қалашығы тарихи маңызды ерекше ескерткіш.
Ескерткіш Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан. Облыстық жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.
Бектөбе қалашығы пішіні төртбұрышты келген, аумағы 400х350 м қамтитын биіктігі 6 м төбе түрінде сақталған. Қалашықтың барлық төрт бұрышында мұнаралардың ізі және айналасында ұзын қорғанды қабырғаның қалдықтары сақталған. Ұзын қабырғалар мен қалашықтың орталық бөлігі арасында аласа төбешіктер түріндегі құрылыстардың құландылары аңғарылады. Төбенің шығыс, солтүстік және батыс жағында қалаға кіретін қақпаның орындары байқалады. Осы қақпаларды бір-біріне жалғап тұрған даңғыл жолдардың іздері бар. Қаланың орталық бөлігі солтүстік-батыс бұрышта орналасқан. Биік төбе түріндегі қалашықтың орталық бөлігі қазіргі таңда қорымға айналған.
Бектөбе қаласы жазба деректерде Жувикат деген атаумен кездеседі. Х ғ. тарихшысы Нершахидың айтуы бойынша VІІ ғ. Жувикат қаласын Бұхарадан келген келімсектер салған. Алайда қалашық аумағында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі құрылыс ерекшеліктері жергілікті сипатта салынғандығын көрсетіп отыр.
Ескерткіш нысанында ХІХ ғ. бастап ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қаланың құрылыс нысандары анықталып материалдық деректер, көптеген қыш ыдыс қалдықтары табылған. Табылған жәдігерлер негізінде қалашық шамамен VІІ-ХІІ ғғ. өмір сүргендігі анықталған.
Ж. Дәдебаев «Тараз өлкесі» атты еңбегінде: «Жувикет (Жувикент) Тараздан батысқа қарай 17 шақырым қашықтықта болған көне қала. Бүгінде Бектөбе деп аталады. Жувикет қаласы 893 жылы Саманид Исмаил ибн Ахмед жасаған шабуылдан қирады» - деп анықтама береді.
Қанша уақыт өтсе де тіршілігі үзілмеген мұндай ескі қоныс тұрақтар мен қаланың орындары жергілікті халықтың байырғы ата қонысы болып саналады. Соныдықтан да бұл мекен қасиетті нысан ретінде өз қызметін жалғастыра берері сөзсіз.


Әдебиеттер:
Каллаур В.А. Древние местности Аулие-Атинского уезда на древнем караванном пути на запад от Аулие-Ата к границе Чимкентского уезда // ПТКЛА, 1904, № 9. – С. 48-55.
Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан: Жамбылская область. / ред. К М. Байпаков. – Алматы, 2002. – 350 с.
Дәдебаев Ж., Тараз өлкесі: монографиялық пайымдаулар, ойлар мен толғаныстар. – Алматы: «Дәуір», 2013. – 453 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет