Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
1 тапсырма
С.Сарғасқаев. Ұстаз. Жазушының бұл кітабында жас 
ұстаздың алғашқы қадамы, еңбек жолы әңгімеленеді. Келесі үзіндіні оқып 
өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз және өзініңіздің бірінші рет жұмысқа 


62 
орналасуыңызды әртістік элементтерді қолданып, әңгімелеп беріңіз немесе 
қысқаша шығарма жазыңыз. 
«Оқып жүргенімізде көптеген аудандардың мектептеріне практикаға 
барғанымыз бар. Сонда жаңадан жұмыс істеп жүрген жас мұғалімдер өздерінің 
алғаш қалай келгенін әңгімелейтін: «ой, несін сұрайсың, біз алғаш келгенде, 
оқу бөлімі қошаметпен жылы қарсы алды. Күтпеген едік ондайды»». 
«Оған неге таң қаласыңдар? Дүниедегі ең құдіретті, құрметті мамандық 
иесі бұлай қарсы алуға тұрмай ма? Туған ана мен сүйікті ұстазын тани білген 
адамдар әсте осылай болар»,-деп тақылдап, біздің өзімізді ұялтқандар да 
кездескен. 
Басқасын қайдам, аудандық оқу бөлімі кеңсесінің табалдырығынан 
көтеріле бергенде: «Қызылтауға жіберсе екен»–деген бір тілек көңіліме сап ете 
түсті. 
Күні кеше имене басып табалдырығын аттаған, он жыл оқып білім алып, 
өнерге үйренген, алғаш еңбек жолына тәй-тәй қадам басқан, Жамал 
Төлендіқызы апайдай ұстаздан тәрбиеленген өзім де Қызылтауға енді ұстаз 
болып баруым кезінде арман еді-ау... Адам кейде мақтануды да сүйеді. Оның 
өзі бір сәт көңілді марқайтады да. Кеше шәкірт болған мектебіңе, бүгін ұстаз 
болып есігін ашсаң, ондай мақтаныштың несі айып. Адам сұлулығы бет-ажар 
көркінде емес. Адам өз бақытын түсіне білсе, соған қанағаттана білсе, 
жүрегінің қалауымен өмір сүре білсе, нағыз сұлулық сонда екенін де түсініп, 
жүрегіме түйдім ғой. Сол жүрек әмірімен, енді мүғалім атанып келіп отырмын 
ғой... Бұл жас мұғалімнің ішкі жан-дүние сезімі [68]. 
2 тапсырма.
С. Боранбаевтың «Ұстаз» әңгімесіндегі балалардың, 
ұстаздың іс-әрекетіне баға беріңіз.
«Несін жасырайын біздің бесінші сыныпқа тарих пәнінен сабақ беретін 
мұғаліміміз Айткен ағаймен көпке дейін үйренісе алмай-ақ қойдым.
Өзі ұстамды да, салмақты еді. Оқыс қылықтарыңды қиядан байқай 
қоятын. Тіпті, не мектепте, не далада оқыстау ойнап, ожарлау сөйлесең де бәрін 
көріп, бәрін еститін. Көрерін көріп, естерін естіп кете берсе бір сірә ғой. Жоқ 
олай етпейді. Айқайлап ақырып-жекірмейтін, салмақтап сөйлеп-ақ сазаңды 
беретін. Сондықтан оның алдына екінші рет кінәлі болып барудан өзің де 
қашып жүретінсің. Ол, әсіресе үйге берілген тапсырманы сұрағанда аяғыңды 
қия бастырмайтын. Дайындықсыз келіп көр сабаққа. Онан жалтару да, бірдеңе 
етіп сылтау айтып құтылу да мүмкін емес. Ойлағаныңның бәрін біліп қояды. 
Бірақ жақсы жағын да айта кету керек қой, сабақты жақсы дайындалып келсең, 
сені рахаттана тыңдап, жайнап отырар еді... Бұл шәкірт ойы» [69]. 
3 тапсырма. Келесі педагогикалық жағдаятты оқып, пікір айтыңыз.
Алтыншы сынып оқушысы Әділ, өркөкірек, дөрекі, білектің күшіне 
сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде бос уақытын мектептің зоологиялық 
бұрышында өткізіп, асыранды қояндарды күтіп, санын көбейте бастады. Бір 
күні сынып жиналысында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде 
пікірлері екіге бөлінді. Пән мұғалімдері мен тәлімгер оның әлі түзеле 
қоймағанын дәлелдесе, кластас құрбылары оны жақтап, түзелгенін, қоғамдық 


63 
жұмыстарға қатысып, сабақ үлгерімі де жақсарғанын айтып, үлгілі 
мінездемесіне «қанағаттанарлық» бағасын қоюды талап еткен. Бұл жағдайда 
сынып жетекшісі не істеген болар еді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет