Абылайхан (1711-1781)



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#120951
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1e7058c118f900a1653571c7cb2abf7d, 101548, metod-rekomen.-po-reabilit.-rus.

Анықтама №12/2

  • Анықтама №12/2
  • Жұмағұлова Өміргүл Ақанқызы Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми диссертация залына "Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің оралымы" атты тақырыпта жазылған кандидаттық диссертациясының 1 (бір) данасын, авторефераттың 2 (екі) данасын 2010 жылдың 2 ақпанында тапсырды.
  • Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.
  • Мөр орны Кітапханашы: /қолы/ А. Бақберген

Анықтама 11/2

  • Анықтама 11/2
  • 25 ақпан 2012 ж.
  • Осы анықтама азамат Құлшанов Нүркенге берілді.
  • Құлшанов Нүркен шын мәнінде Қазақ ұлттық аграрлық
  • университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
  • Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясына көрсету үшін берілді.
  • Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.
  • Мөр орны Кадр бөлімінің бастығы: /қолы/ С. Сабырова

2-тапсырма. Жоғарыда берілген анықтамалар бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • 2-тапсырма. Жоғарыда берілген анықтамалар бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
  • 1. Анықтамалар кімге берілген?
  • 2. Анықтамалар не үшін берілген?
  • 3. Қайда тапсыру үшін берілген?
  • 4. Анықтама кімнің атынан берілген?
  • 3-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыздар.
  • Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік
  • қамсыздандыру, пәтер тұрғыны, тапсыру үшін, тұрғын үй,
  • өз күшінде, жарамды, 1 данасы, диссертациялық кеңес.

4-тапсырма. Қатесін түзетіңіздер.

  • 4-тапсырма. Қатесін түзетіңіздер.
  • Анықтама
  • Осы анықтама жолдас Жантасов Сәкенге берілді. Ол шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды. Анықтама кітапхана берілді.
  • Оқу бөлімі А. Жарқынбек

5-тапсырма. Анықтаманың мазмұндық-құрылымдық жүйесін дұрыс орналастырыңыздар.

  • 5-тапсырма. Анықтаманың мазмұндық-құрылымдық жүйесін дұрыс орналастырыңыздар.
  • Осы анықтама С.Сапарға берілді.
  • Анықтама №62/1
  • 21.02.2011 ж.
  • Банкке тапсыру үшін берілді
  • Бухгалтерия бөлімінің бастығы /қолы/ Ж. Танабаева
  • С. Сапардың шын мәнінде айлық жалақысы 147 565 (жүз қырық жеті мың бес жүз алпыс бес) теңгені құрайды.
  • Анықтама 10 күнге жарамды

Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыздар.

  • 1. Анықтама Санжар Нұржанұлының мекен-жайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекен-жайы: Талдықорған қ., Әйтеке би к-ci, 5-үй, 18 пәтер.
  • 2. Анықтама ұлттық кітапханаға Дәулетова Маржанның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (1-курс) оқитынын растау үшін қажет.
  • 3. Анықтама Толымбеков Асқардың әйелі және екі ұлы бар екенін растау үшін Тұрғын үй департаментіне қажет.
  • 4. Анықтама Алтаева Жазираның Алматы қаласы Түркісіб аудандық салық комитетінде бас инспектор болып қызмет атқаратынын растау үшін қажет.

Үйге тапсырма.

  • Үйге тапсырма.
  • Белгілі бір мекемедегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында анықтама жазыңыз.
  • Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық деректер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуын қадағалаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет